Микроорганизмдердің жасушаларының құрамында аз мөлшерде кейбір ферменттердің активті орталарының құрамына кіретін микроэлементтер болады (мыс, цинк, марганец, молибден, никель: Cu, Zn, Mn, Mo. Ni және т.б элементтер).
Су — бактерия клеткаларының құрамындағы негізгі заттардың бірі. Ылғалды жерде ғана клеткада өте күрделі химиялық процестер жүреді. Қоректік заттар сумен бірге клеткаға түссе, керексіз заттар сол су молекулаларына ілесіп сыртқа бөлініп шығады.
Құрғақ заттың ең негізгі бөлігі — белоктық заттар. Оның мөлшері құрғақ заттың 80% тең. Қоректік орта азотты заттарға бай болғанда бактериялар клеткасындағы белокта едәуір мөлшерге артады.
1. Микроорганизм клеткасының органикалық заттары: белоктық құрылымды заттар.Олар жануар және өсімдік ақуыздары секілді амин
қышқылдарынан тұрады.Олардың ішінде маңыздысы нуклеопротеидтер- ядро мен рибасоманың міндетті компоненті болатын нуклеийн қышқылдарымен байланысқан ақуыздар.Кейбір ақуыздар, ферменттер
биохимиялық реакциялардың катализаторы болып табылады.
2.Нуклеин қышқылы ДНҚ-ядро мен нуклеотидтер, РНҚ- ядро, цитоплазма және рибосома құрамында болады. 3.Көмірсутегі олар жасушаның түрлі мембранасының құрамына кіреді.Әр түрлі заттар синтезі үшін және энергетикалық материал ретіндеқолданылады.Микроорганизмдер жасушасында көмірсутектер полисахаридтер түрінде кездеседі –гликоген, гранулеза, декстрин, клетчатка
4.Липидтер - цитоплазматикалық мембрана құрамына кіреді, сонымен
қатар қосымша нәрлі заттар түрінде жинақталады. Микроағзалар
жасушасында дәрумендер, пигменттер және басқа органикалық заттар
болады.
Жасушаның минералды заттары: сульфат, фосфат, карбонат, хлорид, және т.б түрінде кездеседі. Микроорганизм клеткасының органикалық заттары: Зерделі физико-химиялық әдістердің көмегімен жасушадағы 2,4 млн. көп түрлі белок молекуларының 1850 түрі анықталды