Пән «Ұн технологиясы»



бет6/6
Дата19.09.2023
өлшемі37,79 Kb.
#181545
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
daris 1 un tehnologiyas

1- сурет Бөлшектің ауа ағынындағы күйі
G-ауырлық күші және Р -кедергі күші. Вертикал ауа ағынында бұл екі күш әр кезде бір біріне қарама қарсы бағытта болады, сондықтан келесі үш жағдай тууы мүмкін:
Р > G-бөлшек жоғары қарай қозғалады;
Р = G-бөлшек тепе теңдікте;
Р < G -бөлшек төмен қарай қозғалады.
Сонымен, Р/G бөлшектің қозғалыс бағытын анықтайды және ауа ағынында бөлшектерді ажырату мүмкіншілігінің барын айғақтайды. Бөлшектің ауа ағынында қалықтау күйіне сәйкес келетін ауа ағынының жылдамдығын критикалық немесе қалықтау жылдамдығы деп атайды.
Аэродинамикалық елеу үдерісінің тиімділігіне келесі факторлар әсерін тигізеді: меншікті жүктеме, астық қоспасының құрамы, ауа ағынының орта жылдамдығы, каналдың көлденең қимасындағы ауа ағынының таралу біркелкілігі. Меншікті жүктеме артқан сайын тазарту тиімділігі төмендейді.
Ауаменелеу каналындағы ауа ағынында бір ғана бөлшек емес, әр түрлі қалықтау жылдамдығына иебөлшектерден тұратын астық қоспасы болғандықтан, ауа ағынының сәйкес жылдамдығын таңдап алып, қоспаны келесі екі фракцияға бөлуге болады: жеңіл (ауа ағынымен бөлінетін) және ауыр (төмен түсетін). Қоспаны аэродинамикалық қасиеттері бойынша елеу тәсілін кешендітүрде басқа да әдістермен бірге қолдануға болады.
Ауаменелеу каналдары технологиялық тағайындалуына байланысты қима пішіні (тікбұрышты, цилиндрлі), өлшемдері, елеу режимдері, ауа циклдары (тұйықталған немесе тұйықталмаған) бойынша ажыратылады.
Ұн және жарма зауыттарында астық құрамындағы жеңіл қалдықтарды бөліп алу үшін келесі ауа сепараторлары қолданылады: А1-БВЗ, Р3-БАБ және Р3-БСД.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет