Пән: Радиобайланыс және телевидение



бет6/16
Дата16.10.2023
өлшемі2,68 Mb.
#185894
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
курстық жұмыс Фархат-1

2.2 Антенна кабельдері

Стандартты 10 метрлік кабель көп жағдайда антенна мен қабылдауышты қосу үшін қолайлы.Егер қабылдауыш антеннадан үлкен қашықтықта орналатын болса,онда ұзын кабель керек.


Антенна кабельдерінің ұзындығы 100 м және одан да көп болады.Кабель неғұрлым ұзын болса,сигналдың жоғалуын барынша азайту үшін соғұрлым қалың әрі ауыр,болады.Ұзындығы стандартты кабельдерге қарағанда өте ұзын кабельдер едәуір қымбат тұрады.
Кабель неғұрлым қысқа болса,соғұрлым жақсы.Ұзындығы 30 метрден асатын кабельдер өте сирек қолданылады.


2.3 GPS базалық станциясына арналған программа және басты комьютер (сервер). Антенна координатын есептеу

Компьютерде орнаатылған базалық станция үшін бағдарламалық қамтамасыздандыруды (оны сервер деп атайды) жеке қабылдауышты,жеке базалық станцияны немесе желідегі барлық станциялардағы барлық қабылдауыштарды басқара алады (5-сурет).Жеке станция жағдайында қабылдауыш көбінесе, компьютерге тікелей қосылады.Желі жағдайына сервер,әдетте,басқару орталығында орналастырылады да,қабылдауышпен телефон, жергілікті немесе ғаламдық желі немесе интернет арқылы қосылады (әрбір қабылдауыш үшін компьютер керек емес).


GPS қабылдауыштар базалық станцияларда үнемі жұмыс істейді.Өңделмеген деректер, әдетте, қабылдауыштарда берілген ұзындықтарға файл ретінде тіркеледі.Бағдарламалық жасақ серверде қабылдауыштарды басқарады және файлдарды жүйелі аралық арқылы автоматты түрде жүктейді.Қабылдауыштар, сондай-ақ деректерді серверге тіркеудің орнына бір мезгілде үздіксіз беріп не тіркейді.Базалық станциялардың программалардың жасауы серверде өңделмеген деректердің толықтығын тексереді,өңделмеген деректерді қысады, оларды RINEX форматына консерсиялайды, RINEX-файлдарды қысады,өңделмеген деректер мен RINEX-файлдарды мұрағаттайды оларды пайдаланушылар үшін деректерге қатынауды қамтамасыз етілген FTR-серверге жібереді.Бағдарламалық жасау,сондай ақ қабылдауыштардың жағдайы мен функциясын (жұмыс істеуін), деректер сапасын,коммуникация жүйесін,жалпы желінің жұмыс істеуін бақылайды,егер және қашан қажет болса,хабарламалар мен есептерді генерациялайды.



5-сурет. Базалық станция сервері
Жүйе инспекторлары станциялардағы қабылдауыштарды және жалпы желіні толық бақылай алады.Олар,тіпті,қашықтан болса да жүйеге кіріп,желі мен қабылдауыштардың жұмысын тексереді,әртүрлі операцияларды қосады және толықтырады,жұмыс режимі мен параметрін конфигурациясын өзгертіп,қабылдауыштарға бағдарламаларды жүктей алады.Жақсы жобаланған базалық станциялар немесе желі бір-ақ рет орнатылған өте қуатты құрал болып тыбылады және оларды қолдану оңай келеді.
GPS базалық станциялар желісі,әсіресе,жаңартау белсенді зоналарда және жарық бойымен жер қыртысының қозғалысының мониторингісі үшін жиі қолданылады.Шағын желілер дамба,көпір,ғимарат,мұнай платформасы,көшкін,мұздықтар,және т.б. сияқты табиғи және жасанды нысандардың тұрақтылығын бақылау үшін қолдануы мүмкін.
Серверде орнатылған бағдарлама антенна координатын анықтау үшін желідегі базалық тізбек ұзындығын үнемі немесе бірдей уақыт аралығында есептей алады.
Қосымша мен талаптарға байланысты баяу,ұзақ мерзімді,тез,қысқа мерзімді ығысу немесе тіпті,діріл анықталуы мүмкін.
Антенна тұрақты жағдайда қауіпсіз орынға орнатылатындықтан,теориялық тұрғыда жылжымауы (ығыспауы) керек.базалық станциялар үшін жауапты кейбір ұйымдар антенна орнының тұрақтылығын жүйелі тексеруді жөн санайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет