Пәндердің оқу- әдістемелік кешенінің



бет51/92
Дата25.12.2023
өлшемі0,81 Mb.
#199223
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   92
Байланысты:
УМКД Философия каз.3 кредит

Гуманистік бағыт ХІV ғ.-ХV ғ. орта шені, оның орталығы Италия болды. Гуманизмнің негізгі сипаты:

  • адам тағлымы, оның ұлылығы мен құдіреті;

  • антишіркеулік және антисхоластикалық бағыттылығы;

  • ортағасырлық Құдаи, теоцентрлік көзқарастан адамның өзіндік құндылығы, адами, антропологиялық зерделеуге өту;

  • антропоцентризм, адамгершілікті дәріптеу, өмірлік оптимизм;

  • гуманистік философия көркем формаға, әдебиетке жақын болды.

Көрнекті философ - гуманистер сонымен бірге ақын жазушылар болды.
Данте Алигьери (1265-1321)- ортағасырдың соңғы және сонымен бірге Жаңа заманның бірінші ақыны. Шығармаларын италиян тілінде жазды. Атақты шығармалары: "Құдіретті комедия" (Тозақ, Арылу, Жұмақ), "Той", "Жаңа өмір". Өз шығармаларында Данте:

  • христиандықты дәріптеді, бірақ оның қайшылықтары мен догматтарын астарлы сынға алды;

  • адамды мадақтады;

  • адамды құдаи жаратылым деуден алшақтай берді;

  • адамды құдаи және табиғи бастамалардың гармониялық үйлесімдігі деп ұғыну;

  • адамның бақытты болашағына сенім, адам табиғатының ізгіліктігін дәріптеу.

Франческо Петрарка (1304-1374) - бірінші гуманист, жаңа еуропалық лириканы жасаушы. Шығармалары : "Өлеңдер кітабы", "Менің құпиям".

  • адам өмірге бір-ақ рет келеді, өмір - жайсаң;

  • адам Құдай үшін емес, өзі үшін өмір сүруі керек;

  • адам табиғи, әрі рухани тұрғыда еркін болуы тиіс;

  • адам өз-өзіне, өз күшіне сүйене отырып, бақытқа жете алады;

  • о дүниелік өмір жоқ, адам тек адамзат жадында мәңгілікте қалады;

  • адамның ішкі дүниесі мен сырт бейнесінің сұлулығының гармониясы.

Лоренцо Валла (1507-1557) - "Ақиқи игілік тұрғысындағы ләзаттану туралы" деген трактаттың авторы.

  • Шіркеуді терістеді, схоластиканы жасандылығы үшін сынады;

  • адам мүмкіншілігі мен парасатына сенді;

  • адам мәселесін жете зерттеді, оны әлем орталығы деп ұғынды;

  • әйел мен еркек теңдігін жақтады;

  • белсенді іс- әрекетке, күреске, дүниені өзгертуге шақырды;

  • аскетизмді терістеді, ең жоғарғы игілік деп ләззаттануды ұғынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет