Пәндердің оқу- әдістемелік кешенінің


Тақырып бойынша негізгі ұғымдар



бет58/92
Дата25.12.2023
өлшемі0,81 Mb.
#199223
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   92
Байланысты:
УМКД Философия каз.3 кредит

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: Өзіндік зат, категориялық императив, Мен және мен емес, аналитикалық пікірлер, синтетикалық пікірлер, Рух феноменологиясы, панлогизм, тезис антитезиз синтез, антропологиялық материализм т.б.


Дәріс№ 8.


XIX ғ. - XX ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы.


Мақсаттары мен міндеттері: Марксизм идеяларының батыстық қоғамның саяси-әлеуметтік тұғырнамаларына әсері. Орыс философиясының мәдени және әлеуметтік бірдейлікті іздестіруіне дүниетанымдық бағдарлар.


Жоспар:
1. Орыс философиясының ерекше белгілері, дәстүрі, қайнар көздері.
2. Батысшылдар мен славянофильдер. Н.Бердяевтің философиялық идеялары: бостандық туралы, адам өмірінің мәні т.б.


Әдебиеттер тізімі:

. 1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.


2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж
3.Философия в 2 частях. Ч. 1 История философии М., 2002
4.Хрестоматия по философии РнД., 1997
5.Спиркин А.П. Философия -М., 2002


Дәрістің қысқаша мазмұны:
Орыс философиясы тарихын мына кезеңдерге бөлуге болады:

  • Ежелгі орыс немесе орыс философиясының славяндық кезеңі (б.з.д. V – б.з. VIII ғ.ғ.);

  • Орта ғасырлық орыс философиясы (IX – XVI ғ.ғ.);

  • Жаңа Заман орыс философиясы кезеңі (XVII – XVIII ғ.ғ.);

  • Орыс Ренессансы дәуірінің философиясы (XIXғ. – XXғ. басы);

  • Қазіргі Заман орыс философиясы (XX ғ. 20 жылдарынан)

Орыс философиясының ерекшелік сипаты:

  • діни, әсіресе православие мен пұтқа табынудың ықпалы күшті болды;

  • философиялық ой ерекше формада - әдеби шығармада, әдебиеттік сында, публицистикада, өнерде, «эзоптық тілде» көрініс тапты;

  • еуропалық философиядағыдай жүйелілік, бірізділік болмады;

  • ойшылдардың көбісі бір мәселе емес, жалпы өзекті мәселелермен айналысты;

  • адам, мораль, әдептілік мәселеге көп көңіл бөлінді;

  • Шығыс пен Батыс арасындағы Ресейдің тарихи даму жолын таңдауы мәселесі;

  • әлеуметтік әділеттілікті, ізгі қоғамды аңсау;

  • орыс космизмі.

2. Ежелгі славян халықтарының дүниеге көзқарасы политеистік сипатта болды. Олар о дүниелікке, аруақтарға, әртүрлі пұттарға, құдайларға сыйынды: Перун – найзағай құдайы, Даждьбог – Күн құдайы, Сварог – от құдайы, Ярил – табиғаттағы жанды күштерге, Велес – мал құдайы және т.т. VIII – IX ғ.ғ. славяндық жазу үлгісі – глаголица пайда болды (Кирилл, Мефодий). 988 ж. Русь христиан дінін қабылдады. Ерте орыс философиялық және діни ойлар Византиялық философияның ықпалында болып, қалыптасты. Сонымен бірге орыстың халықтық мәдениетінің де әсері болды.
Осы дәуірдің көрнекті ойшылдары мен византиялық философияның ықпалымен жазылған шығармалар:

  • Иларион («Заңдар мен Ізгіліктер туралы Сөз»);

  • Владимир Мономах («Өсиеттер»);

  • Климент Смолятич («Пресвитер Фомаға жолдау»);

  • Филипп Пустынник («Жылау»);

  • «Палея түсіндірмесі», «Ара», «Диоптра» («Айна»), «Даниил Заточниктің сөзі».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет