Ишпақай – біздің жыл қайыруымыздан бұрынғы 674 жылы қаза тапқан скифтер көсемі, қазақ даласының перзенті, ғұламасы.
Майқы би Мәнұлы – Хижра жыл санауынан 711 жыл бұрын туып, 800 жылы дүниеден қайтқан. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» өз заманында бүткіл қазақ атаулыны билеген, билеу үстіне әділдік орнатқан, қара қылды қақ жарған адам болыпты.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: ар-ождан, тіл, діл, қазақ мәдениет, ауыз әдебиеті және т.б.
Дәріс№10
XX ғасыр және XXІ ғасыр философиясы. Қазіргі философия идеялар мен тұжырымдамалардың динамикалық жиынтығы ретінде.
Мақсаттары мен міндеттері: Қазіргі заман батыстық философияның негізгі бағыттарының қалыптасуы және ерекшеліктерін қарастыру
Жоспар: 1. XIX-XX ғ.ғ. Батыс философиясының мәні мен негізгі бағыттары. Сциентизм және антропологизм
2. Позитивизм және оның тарихи формалары.
3. Экзистенциализм философиясы: негізгі мәселелері мен қайшылықтар.
Әдебиеттер тізімі: 1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
3. Современная западная философия. Словарь. М., 1998.
История современной зарубежной философии. Спб. 1997.
А.Ф.Зотов, Ю.К. Мельвиль. Западная философия ХХ в. М., 1998.
Современная зарубежная философия. М., 1978.
Рассел Б. История западной философии. М., 1993.
Долгов К.М. От Кьеркегора до Камю. М., 1990.
Спиркин А.Г. Философия. М. 2005.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Классикалық неміс философиясы әлемдік философияның дамуына зор ықпал етті. Ол онтологиялық және гносеологиялық мәселелерді, яғни болмыс мән танымжәне өзге де философиялық мәселелерді иедалистік тұрғыда зерттеп дамытты.
Алайда, XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап классикалық философия дәстүрі әртүрлі сынға ұшырап, екі жарым мың жылдық тарихы бар филосоиялық мән мен таным мәселесінің орнына өмір жеке адам құбылыс психологиялық және тағы басқа мәселелерді қарастыру белес алды. Осы дәуірде классикалық филосоиясын әсіресе Гегелдік философияны сынаудың екі бағыты көзге түсті:
Сол жақтан сынау материалистік философия өкілдері
Оң жақтан сынау идеалистік бейклассикалық философия өкілдері
Сонымен бірге Кантқа қайта оралу, Гегелге қайиа оралу деген ұранмен неокантшылдық, неогегелдік философиялық мектептер пайда болды.
Неокантшылдық мектеп Марбург мектебі
Бадендік мектеп (Фрейбург) мектеп
Неогеглшілдік мектеп
Иррационализм – табиғатта қоршаған дүниеде логикалық қисынды байланысты жоққа шығарды, Гегелдің диалектикасымен даму идеясын біртұтастық пен заңдылық жүйесін мойындамады.
Өмір философиясы. Ницше.
Өмір философиясы XIX ғасырдың аяғында Германия мен Францияда пайда болды.
«Өмір философиясы» терминінің мәні:
Өмірдің мағынасы мен құндылығы жөніндегі көзқарастар мен қағидалар жиынтығы
Тіршілік – өнер көріністерінің формалары, өмірді бастан кешірудің әдісі
Практикалық, яғни әлеуметтік – этикалық мәселелер
Өмірді тек интуиция арқылы тануға болады.
«Өмір» ұғымын түсінудегі «Өмір философиясының» негізгі нұсқалары:
Өмірді биологиялық натуралистік ұғыну, өмірді тірі организм болмысы тұрғысында қарастыру. Ақыл, парасатты терістеу, иррационализм (Ницше, Клагес)
Космологиялық метафизикалық нұсқасы. Өмірді ғарыштық күш деп, өмір ұйытқысының мәні өзін үздіксіз жаңартатын және формаларды жасайтын өмірлік қарқын деп ұғыну. (Бергсон)
Мәдени тарихи нұсқасы. Өмірді өз бітімінен, қойнауынан танудың арнайы әдістерін қарастыру (Дильтей, Зиммель, Шпенглер)
XIX - XX ғ.ғ Батыстық философияның мәні мен мағыналы бағдарлары. Қазіргі заман философиядағы сциентизм. Позитивизм – XIX ғ. батыстық философиядағы алдыңғы бағыттарының бірі. О.Конт – позитивтік философияның және әлеуметтанудың негізін салушы. Позитивтік ғылыми білім философияның негізі ретінде. Конттың эволюцияның екіұдайлылығы туралы ілімі, ителлектуалдық дамудың үш сатысы туралы. Позитивизмнің үш тарихи сатысы.
Прагматизм. Ч.Пирс, У.Джемс. Дж.Дьюи.
Неопозитивизмнің негізгі мәселелері (Л.Витгенштейн) және постпозитивизм (К. Поппер, И. Лакатос П. Фейерабенд, Т. Кун).
Экзистенциализм – тіршілік турылы философия. Экзистенциализмнің өкілдері мен қайнар көздері: Ф.Ницшенің өмір философиясы, М.Хайдеггер. Э. Гуссерлдің феноменологиясы, С. Кьеркегордың діни-мистикалық ілімдері. Экзистенциализмнің негізгі мәні мен мәселесі: (адам болмыс және әлем болмысы, өмір мен өлім мәселесі, бостандық мәселесі т.б.). Психоанализ. Феноменология және герменевтика. Философскиялық структурализм: методологиялық принциптер.