Қозғалыс – материяның өмір сүру тәсілі, оның жалпылық қасиеті, атрибуты. Қозғалыс жалпы алғанда, материяның өзара әрекеттесуі, жалпы өзгеру. Материя тек қозғалыста болады, сол арқылы өзін-өзі айқындайды, білдіреді. Материясыз қозғалыс жоқ, қозғалыссыз материя жоқ – дейді материалистер. Материя қозғалысының қарапайым түрлерінен күрделі формаларына көшуін, төменгі сатыдан жоғары сатыға өрлеуін даму деп атайды. Сондықтан өзгеріс дамуға қарағанда кең, жалпы ұғым.
Материя кеңістік пен уақытта орналасқан.
Кеңістік пен уақытты қарастыруда философияда негізінен екі көзқарас кең тараған:
субстанциялық (Демокрит, Эпикур) әдісте уақыт пен кеңістік бір - біріне тәуелсіз, өзіндік шындық, әрі материяда өзіндік субстанция. Ал материяның кеңістік және уақытпен арақатынасы субстанция аралық қатынас болып табылады.
Реляциялық (лат,-relatio- қатынас) (Аристотель, Лейбниц, Гегель) әдісте кеңістік пен уақытты материалдық объектілердің өзара әрекетін ұйымдастыратын, құрайтын қатынасы ретінде қарастырылады. Қазіргі таңда реляциялық әдісті қолдаушылар басым.
Кеңістік- материя болмысының формасы, материалдық жүйе элементтерінің созылымдылығын, құрамдастығын, бірге өмір сүруін, өзара әрекетін білдіреді.
Кеңістік қасиеттері:
денелер созылымдылығы;
үш өлшемді;
қайта оралу мүмкіндігі.
Уақыт- материя болмысының формасы, барлық материалдық жүйелердің ұзақтылығын, күй-жағдайларының біртіндеп өзгеруі мен дамуын білдіреді.
Уақыт қасиеттері:
ұзақтылық пен бірқалыпты өзгеру;
бір өлшемді;
қайта оралмау;
бір бағыттылық.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:болмыс, онтология, материя, кеңістік, уақыт, бейнелеу, синергетика және т.б.
Дәріс№12.
Сананы философиялық ұғыну.
Достарыңызбен бөлісу: |