К.Н. Леонтьев (1831 – 1891) – діни философияның өкілі. Ол орыс өмірінің негативтік құбылыстарын, әсіресе капитализмді сынады. Ол Еуропадан оқшауланып православиелік-христиандық орталық құру керектігін айтты. Леонтьев тарихи процесті адам өмірімен салыстырды.
Федор Михайлович Достоевский (1821 – 1881) Ресейдің болашағын капитализмнен де, социализмнен де іздемей, орыстың "ұлттық тамырынан" -әдет-ғұрпы, дәстүрінен, дінінен іздеді. Достоевский адам өмірі жолының екі нұсқасын көрсетті:
адамиқұдаи жол, адамның абсолюттік еркіндік жолы. Адам ешкімді менсінбей Құдай болғысы келеді, бірақ бұл қауіпті жол.
Құдаиадами жол, бұл Құдай жолына түсу. Адам жан-тәнімен Құдайға ұмтылады, Құдайға құлшылық – адам мен адамзатты құтқару жолы.
Лев Николаевич Толстой (1828 - 1910) – орыстың ұлы жазушысы, ойшылы. Ол ерекше діни-философиялық доктрина – толстойлықты (толстовство) дүниеге әкелді:
көптеген діни догмаларды, сонымен бірге салтанатты церемониаларды, діни ғибадаттарды, иерархияны сынады, оларды жою керек деді;
дін халық үшін түсінікті, қарапайым болу керек;
Құдай, дін – бұл игілік, махаббат, парасат пен ұждан;
өмір мәні - өзіндік жетілу, өз-өзіңді тану;
Жер бетіндегі ең басты зұлымдық - өлім мен зорлық-зомбылық;
зорлық-зомбылық, біреуді қанаудан бас тарту керек;
адам өмір қалыбында зұлымдыққа зорлықпен қарсыласпау керек;
мемлекет – күні біткен институт, өйткені ол – зорлық-зомбылық құралы;
мемлекеттілікке қарсы болу, саяси өмірге араласпау.
Өзінің діни-философиялық көзқарастары үшін 1901 ж. Л.Н. Толстой анафемаға (қарғысқа) ұшырап, Шіркеуден қуылды.
Орыс позитивистері – П.Л. Лавров, Н.К. Михайловский, М.М. Троицкий.
Ақын-символшы философтар – Андрей Белый, В.И. Иванов, Д.С. Мережковский.
Достарыңызбен бөлісу: |