(22) теңдеу сипаттаушы теңдеу деп аталады. Ал оның сол жағы -ға қарағанда көпмүшелік болады. Оны сипаттаушы көпмүшелік дейді. -ның мәндері (22) сипаттаушы теңдеудің түбірі болғанда (21) системаның нөлден өзгеше шешімдерін табуға болады. Мұндай шешімдерді А-матрицасының меншікті векторлары, ал (22) теңдеудің түбірлерін А-матрицасының меншікті мәндері деп атайды. Әрбір меншікті векторға бір меншікті мән сәйкес келеді, керісінше бір меншікті мәнге бірнеше меншікті векторлар сәйкес келуі мүмкін.
Егер (22) теңдеудің түбірлері әртүрлі болса, онда осы түбірлерге сәйкес келетін (21) системаның шешімдерін табамыз.