Бақылау сұрақтары:
1.1 Теріс эмоциялар және денсаулықты қалай түсінесіз?
1.2 Аурулардың пайда болуы мен денсаулықты нығайтудың психологиялық факторларын талдаңыз.
1.3 Психикалық белсенді заттарды қолдану мен зиянды әдеттер денсаулықты әлсіріретуші фактор ретінде не айтасыз?
Дәріс 7.Тұлғаның және топтардың қарым-қатынасы
1.1 Қарым-қатынас түсінігі, қарым-қатынастың түрлері, формалары, қызметтері.
1.2 Тұлғааралық қарым-қатынас сипаттамалары
Адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуінің психологиялық ерекшеліктері.
1. Әлеуметтік психологияның беделді ғалымы А. Маслоу байланыс, махаббат, мойындау, өзіндік актуализация қажеттіліктерін базалық, яғни адамның алғашқы қажеттіліктеріне жатқызды.
М.И. Лисинаның зерттеулерінің көрсетуінше, алғашқы жеті жыл өмірде келесі қажеттіліктер пайда болады:
1) мейірімді зейін;
2) бірлесе іс атқару;
3) үлкендердің сыйлы қатынасы;
4) өзара түсіністік пен жанашырлық.
А.И. Божович зерттеуінде баланың өкпелеуін, негативизімін, агрессивтілігін қарым-қатынас қажеттілігінің қанағаттан дауымен байланыстырып дәйектейді.
А.В. Мудрик оқушылардың қарым-қатынасын зерттей отырып жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңде ол жаңа ақпараттар, эмоционалды байланыстар және әлеуметтік тұлғалық бекітілу қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталатынын көрсетеді.
Педагогикалық үдерістің компоненті ретінде өзара әрекеттестік педагогпен оқушының бірлескен бастан кешулері қарым-қатынас жағдайының жаңғыртылуы ерекше педагогикалық мәнге ие байланыс.
Г.М. Андреева қарым-қатынастың коммуникативті, интерактивті, перцептивті;
А.А. Бодалев аффективті, перцептивті, праксикалық;
Б. Ф. Ломов ақпараттық, аффективті және реттеушілік;
Я.Л. Коломинский когнитивті, аф-фективті және мінез-құлықтық құрылымдарын бөліп көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |