ПӘнді оқытуға арналған әдістемелік ұсыныстар мен нұСҚаулар


ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



бет3/3
Дата15.09.2017
өлшемі313,23 Kb.
#32867
1   2   3

1. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ




Пәнді оқытудың мақсаты – берілген саланың болашақ инженер-механигіне білікті жылу техникалық дайындық беру.

Пәнді оқытудың міндеті – бітірушінің инженерлік ойлауын, оның жалпы кәсіптік деңгейін қалыптастыру.
2. ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

1 Тақырып. Кіріспе. Техникалық термодинамика. Мүлтіксіз газдар мен олардың қоспалары. Қазақстан Республикасының шаруашылық кешеніндегі энергетика және оның мәні. Жылу қондырғылары және оның ел энергетикасындағы ролі. Отын қорлары және отандық тепе-тьеңдік. Жылуды энергетикалық және технологиялық пайдалану.

Техникалық термодмнамика пәні мен әдісі. Негізгі анықтамалары. Термодинамикалық процесс. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Газдың ішкі энергиясы және энтальпиясы. Мүлтіксіз газ. Күй теңдеуі. Мүлтіксіз газдың газ тұрақтысы. Мүлтіксіз газдардың негізгі заңдары. Мүлтіксіз газдың ішкі энергиясы және энтальпиясы. Мүлтіксіз газдың жылу сыйымдылығы. Изобараның және изохораның жылу сыйымдылықтары. Жылу сыйымдылығының температураға тәуелділігі. Мольдік жылу сыйымдылығының газ атомына тәуелділігі. Адиабата көрсеткіші. және оның температураға тәуелділігі. Газ қоспасы туралы ұғым. Дальтон заңы. Қоспалардың берілу тәсілдері. Құрамдас бөліктерінің пациалдық көлемі, қоспаның орташа молекулалық массасын және оның газ тұрақтысын анықтау. Массалық және көлемдік үлестер арасындағы байланыс. Қоспаның құрамдас бөліктерінің парциалдық қысымын анықтау. Мүлтіксіз газдар қоспаларының жылу сыйымдылығы.
Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Қазақстан Республикасының шаруашылық кешеніндегі энергетика және оның мәні. Жылу қондырғылары және оның ел энергетикасындағы ролі.

2. Техникалық термодмнамика пәні мен әдісі.

3. Термодинамикалық процесс. Қайтымды және қайтымсыз процестер. 4. Газдың ішкі энергиясы және энтальпиясы.

5. Изобараның және изохораның жылу сыйымдылықтары.

6. Дальтон заңы. Қоспалардың берілу тәсілдері.

7. Қоспаның құрамдас бөліктерінің парциалдық қысымын анықтау.

8. Массалық және көлемдік үлестер арасындағы байланыс.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(5-16 бет); 2 (5-20 бет); 3 (5-35 бет)]
2 Тақырып. Термодинамиканың бірінші заңы. Термодинамиканың бірінші заңының формуласы. Талдау өрнегі. Ішкі энергия дененің күй функциясы ретінде жұмыс және жылу процесс функциясы ретінде PV-диаграммасы. Мүлтіксіз газдың энтропиясы. Энтропия күй функциясы ретінде. Меншікті газдың энтропиясының өзгеруі. Ts координат жүйесі, осы диаграммада жылуды анықтау. Мүлтіксіз газдардың термодинамикалық процестері. Олардың талдаулық зерттеулері және (P,V) және Ts диаграммаларындағы графиктік кескіндері.
Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Термодинамиканың бірінші заңының формуласы.

2. Ішкі энергия, дененің күй функциясы, PV-диаграммасы.

3. Меншікті газдың энтропиясының өзгеруі. Ts координат жүйесі.

4. Диаграммада жылуды анықтау әдістері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(16-28 бет); 3 (35-53 бет); 4 (55-58 бет)]


3 Тақырып. Термодинамиканың екінші заңы. Айналма термодинамикалық процестер немесе циклдер. Тура және кері циклдер. Қайтымды және қайтымсыз циклдер. Тура және кері циклдердің тиімділігін бағалау. Карноның тура қайтымды циклі. Жылуды беру және алу процесінің орташа интегралдық температурасы. Карноның жалпылама циклі. Термодинамиканың екінші заңының мәні және оның формулалары мен жазбалары. Энтропия өзгеруі және қайтымды, қайтымсыз процестер кезіндегі оқшауланған термодинамикалық жүйенің жұмыс қабілеті.

Энегия жөніндегі ұғым. Термодинамиканың екінші заңын статистикалық түсіндіру. Ғалымның «жылулық өлімі» туралы Клаузлус теориясын сынау.
Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Айналма термодинамикалық процестер немесе циклдер.

2. Тура және кері циклдер.

3. Карноның тура қайтымды циклі.

4. Карноның жалпылама циклі.

5. Энегия жөніндегі ұғым.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(20-35 бет); 2 (21-40 бет); 3(53-72 бет)]
4 Тақырып. Нақты газдар мен булар. Ылғалды ауа. Нақты газдардың қасиеттері. Ван-дер-Ваальс теңдеуі және оны талдау. Келтіріліген Ван-дер-Ваальс теңдеуі. Сәйкестік күйлері. Вукалович-Новиков теңдеуі, Болголюбов-Майер теңдеуі.

Су буы. Негізгі анықтамалары. PV, TS диаграммаларындағы буға айналу процесі. Судың және су буының параметрлерін анықтау; су және су буы кестесі; hs-диаграммасы. Үштік нүкте. Гиббс фазалары ережелері туралы ұғым. Клайперон-Клаузлус теңдеуі. Кестелердің және hs-диаграммасыныңы көмегімен су буының негізгі термодинамикалық процестерін есептеу.

Ылғалды ауа. Ауаның толық және салыстырма ылғалдылығы. Шықтану нүктесі температурасы; ылғалды ауаның –диаграммасы. Ылғалды ауаның негізгі процестері (қыздыру, кептіру, араластыру).

Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Ван-дер-Ваальс теңдеуі.



2. Вукалович-Новиков теңдеуі, Болголюбов-Майер теңдеуі.

3. Су буы. Негізгі анықтамалары. PV, TS диаграммаларындағы буға айналу процесі.

4. hs-диаграммасы.

5. Үштік нүкте. Гиббс фазалары ережелері туралы ұғым.

6. Клайперон-Клаузлус теңдеуі.

7. Ылғалды ауаның негізгі процестері (қыздыру, кептіру, араластыру). Ұсынылатын әдебиеттер: [1(28-45 бет); 2 (41-62 бет); 4 (59-85 бет)]
5 Тақырып. Ағын термодинамикасы. Газдың және будың ағуы. Дроссельдеу. Негізгі ұғымдар. Ағынға арналған термодинамиканың бірінші заңы. Итеру жұмысы және техникалық жұмыс. Бернулли теңдеуі. Сопло және диффузор. Сопло адиабаталық ағу.

Адиабаталық ағу кезіндегі газдың ағуы. Соплода ағу кезінде газдың шиеленісті жылдамдығы және шиеленісті параметрлері. Шиеленісті жылдамдық арқылы өту шарты. Лаваль сопло. Кестелердің, hs-диаграммасының көмегімен тарылатын соплоға және Лаваль соплосына арналған су буының ағуын есептеу.

Ағудың нақты процесі.

Газды және буды дроссельдеу. Адиабаттық дроссельдеу кезінде жұмысшы дененің параметрлерінің өзгеруі. Джоуль-Томпсон нәтижесі. Инверсия температурасы. Дроссельдеу процесін кескіндеу.


Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Ағынға арналған термодинамиканың бірінші заңы.



2. Итеру жұмысы және техникалық жұмыс. Бернулли теңдеуі.

3. Сопло және диффузор. Сопло адиабаталық ағу.

4. Лаваль сопло. Кестелердің, hs-диаграммасының көмегімен тарылатын соплоға және Лаваль соплосына арналған су буының ағуын есептеу.

5. Газды және буды дроссельдеу.

6. Джоуль-Томпсон нәтижесі. Инверсия температурасы. Ұсынылатын әдебиеттер: [1(45-60 бет); 2 (52-70 бет); 3 (72-90 бет)]


6 Тақырып. Сығымдағыштар. Жылулық қозғалтқыштарының, жылу энергетикалық және тоңазытқыш қондырғыларының циклдері. Поршеньді сығымдағыш. Жұмыс принципі. Бір сатылы сығымдағышты жетектеуге шығындалатын жұмыс. Индикаторлық диаграмма. Изотермалық, адиабаттық және политроптық сығымдау. Көп сатылы сығымдағыш. Сығымдағышта жүретін темодинамикалық процестерді pv және Ts диаграммаларында кескіндеу. Ортадан тепкіш және остьтік сығымдағыштар жөніндегі ұғым. Желдеткіштер және газ ауа үрлегіштер.

Жылулық қозғалтқыштардың мүлтіксіз циклдері. Поршеньді ІЖҚ-ның циклдері және оларды талдау; П.Ә.К. сығымдау дәрежесінің әсері. Газқұбырлы қондырғылар (ГҚҚ) циклдері және оларды талдау. ГҚҚ-ның п.ә.к.-тін жоғарлату әдістері. Нақты қозғалтқыштардың циклдері жөніндегі ұғым.

Бу күштік қондырғылар циклдері. Ренкин циклі және оны зерттеу.

Ренкин циклінің жылулық п.ә.к.-не бастапқы және соңғы параметрлерінің әсерлері. Ренкин циклін pv және Ts координаталарында кескіндеу. Бу күштік қондырғылардың үнемділігін арттыру жолдары; регенеративтік цикл; буды аралық қыздыру. Бу газдық циклдер, жылуландыру негіздері.

Тоңазытқыш қондырғылары циклдері және оларды талдау. Ауа тоңазытқышы қондырғысының циклі. Тоңазытқыштық коэффицент және суық қондырғыштық.

Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Поршеньді сығымдағыш. Жұмыс принципі.



2. Индикаторлық диаграмма. Изотермалық, адиабаттық және политроптық сығымдау.

3. Сығымдағышта жүретін темодинамикалық процестерді pv және Ts диаграммаларында кескіндеу

4. Поршеньді ІЖҚ-ның циклдері және оларды талдау; П.Ә.К. сығымдау дәрежесінің әсері.

5. Газқұбырлы қондырғылар (ГҚҚ) циклдері және оларды талдау.

6. Бу күштік қондырғылар циклдері. Ренкин циклі және оны зерттеу.

7. Тоңазытқыш қондырғылары циклдері және оларды талдау. Ұсынылатын әдебиеттер: [1(60-86 бет); 2 (65-89 бет); 5 (20-35 бет)]
7 Тақырып. Энергияны түрлендірудің жаңа тәсілдері. Энергияны тура түрлендіргіштер. Отын элементтері. Күн батареясы. Жылу электр генераторлары. Жылу эмиссиясының түрлендіргіштері. Магнитогидродинамикалық (МГД) генераторлары. Құйынды нәтиже.
Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Отын элементтері. Күн батареясы.



2. Жылу электр генераторлары.

3. Магнитогидродинамикалық (МГД) генераторлары.

4. Жылу эмиссиясының түрлендіргіштері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(87-93 бет); 3 (120-135 бет); 5 (5-8 бет)]


8 Тақырып. Жылу және масса алмасу негіздері. Тасымалдау процестерінің физикалық негіздері. Массалар мен энергиялар ағындарының анықтамасы. Тасымалдау процестерін өрнектейтін теңдеу. Әртүрлі орталарда тасымалдаудың кинематикалық коэффиценттері, диффукзия коэффиценті, жылу өткізгіштік және тұтқырлық коэффиценті. Тасымалдау коэффиценттерін анықтау және олардың ортаның құрылымы мен қасиеттеріне тәуелділігі. Тасымалдау прцестерінің шекаралық шарты. Тасымалдау процестерінде ұқсастық теориясын қолдану, сипаттық критерийлер және модельдеу мәселелері.

Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Массалар мен энергиялар ағындарының анықтамасы.



2. Әртүрлі орталарда тасымалдаудың кинематикалық коэффиценттері, диффукзия коэффиценті, жылу өткізгіштік және тұтқырлық коэффиценті.

3. Тасымалдау прцестерінің шекаралық шарты.

4. Тасымалдау процестерінде ұқсастық теориясын қолдану.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(90-115 бет); 2 (112-123 бет); 4 (45-70 бет)]


9 Тақырып. Жылу және масса өткізгіштік. Фурьенің дифференциалдық теңдеуі. Жылу өткізгіштіктің дифференциалдық теңдеуі. Әртүрлі қабырғалардың жылу өткізгіштігі және стационарлық режим кезінде қабырға арқылы жылу беру. Стационарлық емес жылу және масса өткізгіштік жөніндегі негізгі мәліметтер. Жылу және масса беру процестерінің математикалық аналогтары.
Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Фурьенің дифференциалдық теңдеуі. Жылу өткізгіштіктің дифференциалдық теңдеуі.



2. Стационарлық емес жылу және масса өткізгіштік жөніндегі негізгі мәліметтер.

3. Жылу және масса беру процестерінің математикалық аналогтары.

4. Әртүрлі қабырғалардың жылу өткізгіштігі және стационарлық режим кезінде қабырға арқылы жылу беру.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(102-126 бет); 3 (135-160 бет); 4 (126-150 бет)]


10 Тақырып. Конвективтік жылу және масса тасымалдау. Табиғи және еріксіз конвекциялар шарттарында сұйық ағуының ерекшеліктері. Жылу тасығыштардың ерекшеліктері. Сұйықтар мен газдар ағуының әрқалай түрлерінің әрқалай түрлері және ағында импульсті тасымалдау. Шекаралық қабат тероиясының негіздері.

Ағудың әрбір шарттарында конвективтік жылу және масса алмасуды анықтауға арналған сиапттық критерийлер және негізгі формулалар сұйықтың қайнау және будың конденсациясы кезіндегі жылу алмасу. Екі фазалы орталардың ағындарындағы жылу алмасудың ерекшеліктері және газ ағуының жоғарғы жылдамдықтары кезіндегі жылу алмасу.


Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Жылу тасығыштардың ерекшеліктері.



2. Шекаралық қабат тероиясының негіздері.

3. Ағудың әрбір шарттарында конвективтік жылу және масса алмасуды анықтауға арналған сиапттық критерийлер және негізгі формулалар сұйықтың қайнау және будың конденсациясы кезіндегі жылу алмасу.

4. Ағудың әрбір шарттарында конвективтік жылу және масса алмасуды анықтауға арналған сиапттық критерийлер және негізгі формулалар сұйықтың қайнау және будың конденсациясы кезіндегі жылу алмасу. Ұсынылатын әдебиеттер: [1(127-136 бет); 2 (120-145 бет); 3 (60-85 бет)]


11 Тақырып. Сәуле шығарып жылу тасымалдау. Негізіг ұғымдар мен анықтамалар. Сәулелі жылу алмасу заңы. Мөлдір ортада дененің сәуле шығарып жылу алмасуы. Денелердің сәулеге күю коэффицентін анықтау. Сәуле шығарушы газдардың қабырғамен жылу алмасуы. Экранедар.
Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Сәулелі жылу алмасу заңы.



2. Денелердің сәулеге күю коэффицентін анықтау.

3. Сәуле шығарушы газдардың қабырғамен жылу алмасуы. Экранедар.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(120-130 бет); 4 (130-160 бет); 6 (80-98 бет)]


12 Тақырып. Жылу беру және жылу алмасулық аппаратттары. Жалпақ және цилиндр қабырғалар арқылы жылу беру коэффиценті. Жылу алмасатын аппараттардың түрлері. Рекупиративтік жылу алмастырғыштар. Жылулық баланс және жылу теңдеуі. Орташа температуралық тегеурін. Жылу тасушылар температурасы, жылу алмасу беті. Рекупиративтік жылу алмастырғыштарды есептеу негіздері.

Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Жалпақ және цилиндр қабырғалар арқылы жылу беру коэффиценті. 2. Жылу алмасатын аппараттардың түрлері.



3. Жылулық баланс және жылу теңдеуі.

4. Жылу тасушылар температурасы, жылу алмасу беті.

5. Рекупиративтік жылу алмастырғыштарды есептеу негіздері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3(180-200бет); 4 (150-180 бет); 5 (12-15 бет)]
13 Тақырып. Жылулық қозғалтқыштар. Бу трубиналары және газ трубиналы қондырғылар. Бу трубинасының схемасы және жұмыс принципі. Трубина сатылары, күштік аппараттардағы және доғалық арнасындағы процестер; жылдамдық үшбұрыштар, Эйлер формуласы. Активті және реактивті қысым сатылары; реактивтік дәрежесі. Жылдамдық сатылары. Әртүрлі сатылар ұзындығы бойынша будың жылдамдығы мен қысымының өзгеруі. Жылдамдықтар қатынасы және оның сатысының п.ә.к.-не әсері, трубинада сатылар санының көп болуының қажеттігі. Бу трубиналарының салыстырмалық және абсалюттік п.ә.к., жылулық баланс. Конденсатор және оның жылулық балансы; салқындату еселігі. Бу трубиналарының қолданылатын обылыстары және даму болашағы.

Көп сатылы бу трубинасы құрылымының мысалы; қуатты реттеу; майлау жүйесі. Трубиналардың сипаттық параметрлері; трубиналардың шектік қуаты жөніндегі ұғым. ЖЭО арналған трубиналардың ерекшелігі.

ГҚТ схемасы және негізгі элементтері. Меншікті жұмыстың максимумы бойынша және п.ә.к. максимумы бойынша ТҚҚ сығымдағышында қысымды жоғарлату дәрежесін таңдау. ГҚҚ-ның тиімді п.ә.к.; оған трубина алдындағы газ температурасының, трубина және сығымдағыш п.ә.к.-терінің әсерлері. Жылуды регенерациялайтын қазіргі кездегі ГҚҚ-ның сипаттық парметрлерінің мәндері. Көп білікті ГҚҚ-да сығымдау кезінде аралық салқындату және ұлғаю кезінде аралық қыздыру. ГҚҚ-ның арақашықтықтары, кемшіліктері және болашағы. Реактивтік қозғалтқыштар. ГҚҚ құрылымы, жанасу камерасы, қуатты ерттеу тәсілдері. Бу-газ қондырғылары; жоғары тегеурінді бу генераторларының схемасы. Бу машиналары.
Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Бу трубинасының схемасы және жұмыс принципі.



2. Трубина сатылары, күштік аппараттардағы және доғалық арнасындағы процестер; жылдамдық үшбұрыштар, Эйлер формуласы.

3. Жылдамдықтар қатынасы және оның сатысының п.ә.к.-не әсері, трубинада сатылар санының көп болуының қажеттігі.

4. Бу трубиналарының салыстырмалық және абсалюттік п.ә.к., жылулық баланс.

5. Көп сатылы бу трубинасы құрылымының мысалы; қуатты реттеу; майлау жүйесі. Трубиналардың сипаттық параметрлері.

6. ГҚТ схемасы және негізгі элементтері.

7. Жылуды регенерациялайтын қазіргі кездегі ГҚҚ-ның сипаттық парметрлерінің мәндері.

8. ГҚҚ-ның арақашықтықтары, кемшіліктері. ГҚҚ құрылымы, жанасу камерасы, қуатты ерттеу тәсілдері.

9. Бу-газ қондырғылары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3(201-220 бет); 4 (180-230 бет); 6 (99-125 бет)]


14 Тақырып. Поршеньді іштен жану қозғалтқыштары. Поршеньді іштен жану қозғалтқыштарының (ІЖҚ) схемасы, олардың сипаттамалары. Карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштар. Төрттектілі және екітектілі қозғалтқыштар.

Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Поршеньді іштен жану қозғалтқыштарының (ІЖҚ) схемасы, олардың сипаттамалары.



2. Карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштар.

3. Төрттектілі және екітектілі қозғалтқыштар.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3(230-268 бет); 2 (245-320 бет); 6 (120-130 бет)]


15 Тақырып. Қайтымды энергетикалық ресурстар. Энергорессурстарды үнемдеудің, шығынды азайтудың негізгі бағыттары. Қайталанатын энергетикалық рессурстар (ҚЭР). Жалпы жағдайы; ҚЭР сипаттамасы.

Қайта өңдеу қондырғылары, қайта өңдеу әдістерін жетілдіру. Мүмкіндігі төмен ҚЭР пайдалану жолдары. ҚЭР пайдаланудың экономикалық тиімділігі.


Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Энергорессурстарды үнемдеудің, шығынды азайтудың негізгі бағыттары.

2. Қайталанатын энергетикалық рессурстар (ҚЭР).

3. Қайта өңдеу қондырғылары, қайта өңдеу әдістерін жетілдіру.

4. ҚЭР пайдаланудың экономикалық тиімділігі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(268-320 бет); 2 (320-385 бет); 6 (130-145 бет)]


3. Зертханалық жұмыстардың мазмұны

1 Тақырып. Кіріспе. Техника қаупсіздігі. Жұмысшы денелердің параметрлерін анықтау аспаптары және әдістері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(5-16 бет); 2 (5-20 бет); 3 (5-35 бет)]



2 Тақырып. Изобарлық жылу сыйымдылықты анықтау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(16-28 бет); 3 (35-53 бет); 4 (55-58 бет)]



3 Тақырып. Су буының құрғақтық дәрежесін және энтальпиясын анықтау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(87-93 бет); 3 (120-135 бет); 5 (5-8 бет)]



4 Тақырып. Цилиндрлік қабат әдісімен жылу өткізгіштікті анықтау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(102-126 бет); 3 (135-160 бет); 4 (126-150 бет)]




4. Практикалық сабақтардың мазмұны

1. Еңіс – бағытталған ұңғымалардың кескінін есептеу.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(5-16 бет); 2 (5-20 бет); 3 (5-35 бет)]

2. Қашау жұмысының көрсеткіштерін тау жыныстардың беріктігіне байланысты анықтау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(16-28 бет); 3 (35-53 бет); 4 (55-58 бет)]

3. Бұрғылау қондырғысы циркуляциялық кешенінің құрал-жабдықтары. Шығарып тастауды болдырмайтын құрал-жабдық.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(20-35 бет); 2 (21-40 бет); 3(53-72 бет)]

4. Бұрғылау кемелері. Теңіз тұрақты платформалары. Теңіз ұңғымаларының конструкциясы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(28-45 бет); 2 (41-62 бет); 4 (59-85 бет)]

5. Бұрғылау ерітіндісінің берілген көлемін дайындау үшін материалдарға қажеттілікті есептеу.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(45-60 бет); 2 (52-70 бет); 3 (72-90 бет)]

6. Бұрғылау қондырғысының циркуляциялық жүйесі элементтерін зерттеу.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(60-86 бет); 2 (65-80 бет); 3 (90-120), 6 (5-30)]

7. Бұрғылау режимінің параметрлерін есептеу.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(90-115 бет); 3 (136-150 бет); 4 (85-125 бет)]

8. Ұңғымалар конструкциясын таңдау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(90-115 бет); 3 (136-150 бет); 4 (85-125 бет)]

9. Теңіз ұңғымалары ернеуініңі құрал-жабдықтары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(102-126 бет); 3 (135-160 бет); 4 (126-150 бет)]

10. Қармағыш аспаптар және олармен жұмыс жасау. Апат кезіндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(127-136 бет); 3 (150-180 бет); 5 (8-12 бет)]

11. Ұңғы параметрлерін бақылаудың телеметрикалық жүйелері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(120-130 бет); 4 (130-160 бет); 6 (80-98 бет)]

12. Өзгермелі термодинамикалық жағдайдағы мұнай мен газдың физикалық қасиеттерін есептеу.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3(180-200бет); 4 (150-180 бет); 5 (12-15 бет)]

13. Өндіруші ұңғымадағы сораптық – компрессорлық құбырлар бағанындағы қысымның таралуын есептеу.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3(201-220 бет); 4 (180-230 бет); 6 (99-125 бет)]

14. Ұңғыманың ұңғы аймағына әсері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3(230-268 бет); 2 (245-320 бет); 6 (120-130 бет)]

15. Ұңғымаларды газлифттік пайдалану.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(268-320 бет); 2 (320-385 бет); 6 (130-145 бет)]



5. СӨЖ мазмұны

Студенттерге өз бетінше оқуға арнайы ұсынылатын тақырыптар

1. Қазақстан Республикасының шаруашылық кешеніндегі энергетика және оның мәні. Жылу қондырғылары және оның ел энергетикасындағы ролі. Отын қорлары және отандық тепе-тьеңдік. Жылуды энергетикалық және технологиялық пайдалану.

Құрамдас бөліктерінің пациалдық көлемі, қоспаның орташа молекулалық массасын және оның газ тұрақтысын анықтау. Массалық және көлемдік үлестер арасындағы байланыс. Қоспаның құрамдас бөліктерінің парциалдық қысымын анықтау. Мүлтіксіз газдар қоспаларының жылу сыйымдылығы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(5-16 бет); 2 (5-20 бет); 3 (5-35 бет)]

2. Мүлтіксіз газдардың термодинамикалық процестері. Олардың талдаулық зерттеулері және (P,V) және Ts диаграммаларындағы графиктік кескіндері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(16-28 бет); 3 (35-53 бет); 4 (55-58 бет)]

3. Энтропия өзгеруі және қайтымды, қайтымсыз процестер кезіндегі оқшауланған термодинамикалық жүйенің жұмыс қабілеті.

Энегия жөніндегі ұғым. Термодинамиканың екінші заңын статистикалық түсіндіру. Ғалымның «жылулық өлімі» туралы Клаузлус теориясын сынау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(20-35 бет); 2 (21-40 бет); 3(53-72 бет)]

4. Ылғалды ауа. Ауаның толық және салыстырма ылғалдылығы. Шықтану нүктесі температурасы; ылғалды ауаның –диаграммасы. Ылғалды ауаның негізгі процестері (қыздыру, кептіру, араластыру).

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(28-45 бет); 2 (41-62 бет); 4 (59-85 бет)]

5. Кестелердің, hs-диаграммасының көмегімен тарылатын соплоға және Лаваль соплосына арналған су буының ағуын есептеу.

Ағудың нақты процесі. Инверсия температурасы. Дроссельдеу процесін кескіндеу.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(45-60 бет); 2 (52-70 бет); 3 (72-90 бет)]

6. Ренкин циклінің жылулық п.ә.к.-не бастапқы және соңғы параметрлерінің әсерлері. Ренкин циклін pv және Ts координаталарында кескіндеу. Бу күштік қондырғылардың үнемділігін арттыру жолдары; регенеративтік цикл; буды аралық қыздыру. Бу газдық циклдер, жылуландыру негіздері.

Тоңазытқыш қондырғылары циклдері және оларды талдау. Ауа тоңазытқышы қондырғысының циклі. Тоңазытқыштық коэффицент және суық қондырғыштық.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(60-86 бет); 2 (65-80 бет); 3 (90-120), 6 (5-30)]

7. Жылу эмиссиясының түрлендіргіштері. Құйынды нәтиже.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(87-93 бет); 3 (120-135 бет); 5 (5-8 бет)]

8. Тасымалдау прцестерінің шекаралық шарты. Тасымалдау процестерінде ұқсастық теориясын қолдану, сипаттық критерийлер және модельдеу мәселелері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(90-115 бет); 3 (136-150 бет); 4 (85-125 бет)]

9. Стационарлық емес жылу және масса өткізгіштік жөніндегі негізгі мәліметтер. Жылу және масса беру процестерінің математикалық аналогтары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(102-126 бет); 3 (135-160 бет); 4 (126-150 бет)]

10. Ағудың әрбір шарттарында конвективтік жылу және масса алмасуды анықтауға арналған сиапттық критерийлер және негізгі формулалар сұйықтың қайнау және будың конденсациясы кезіндегі жылу алмасу. Екі фазалы орталардың ағындарындағы жылу алмасудың ерекшеліктері және газ ағуының жоғарғы жылдамдықтары кезіндегі жылу алмасу.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(127-136 бет); 3 (150-180 бет); 5 (8-12 бет)]

11. Сәуле шығарушы газдардың қабырғамен жылу алмасуы. Экранедар.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(120-130 бет); 4 (130-160 бет); 6 (80-98 бет)]

12. Жылу тасушылар температурасы, жылу алмасу беті. Рекупиративтік жылу алмастырғыштарды есептеу негіздері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3(180-200бет); 4 (150-180 бет); 5 (12-15 бет)]

13. Көп сатылы бу трубинасы құрылымының мысалы; қуатты реттеу; майлау жүйесі.

ГҚҚ-ның арақашықтықтары, кемшіліктері және болашағы. Реактивтік қозғалтқыштар. ГҚҚ құрылымы, жанасу камерасы, қуатты ерттеу тәсілдері. Бу-газ қондырғылары; жоғары тегеурінді бу генераторларының схемасы. Бу машиналары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3(201-220 бет); 4 (180-230 бет); 6 (99-125 бет)]

14. Карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштар. Төрттектілі және екітектілі қозғалтқыштар.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3(230-268 бет); 2 (245-320 бет); 6 (120-130 бет)]

15. Қайта өңдеу қондырғылары, қайта өңдеу әдістерін жетілдіру. Мүмкіндігі төмен ҚЭР пайдалану жолдары. ҚЭР пайдаланудың экономикалық тиімділігі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(268-320 бет); 2 (320-385 бет); 6 (130-145 бет)]

Әдебиеттер

Негізгі:

1. Қуанышев Ғ.Ы. Техникалық термодинамика. – Алматы, 2002. – 140 б.

2. Идирисов Н.И. Методические указания по термодинамике и теплопередаче. – Алматы: КБТУ, 2005. – 85 б.

3. Қабашев Р.А., Қадырбаев А.К., Кекилбаев А.М. Жылутехникасы. – Алматы: Бастау, 2008. – 425 б.

4. Рындин В.В. Теплотехника. – Павлодар, 2007. – 460 б.

Қосымша:

5. Рындин В.В. Методические указания и контрольная работа по теплотехнике для студентов заочной формы обучения технических специальностей. – Павлодар: ПГУ им. С. Торайгырова, 2003. – 18 б.



6. Квон Св.С. Теплотехника. Оқу құралы. – КарМТУ, 2003. – 153 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет