Пәнге кіріспе. Психология пәні, міндеттері және әдістері Лекция жоспары


Психологияның әдіснамалық принциптері



бет3/10
Дата15.06.2023
өлшемі153,48 Kb.
#178809
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ï?íãå ê³ð³ñïå. Ïñèõîëîãèÿ ï?í³, ì³íäåòòåð³ æ?íå ?ä³ñòåð³ Ëåêöèÿ

3. Психологияның әдіснамалық принциптері.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі. Бұл қағиданың мәні, біріншіден, барлық психикалық құбылыстар, оның ішінде психика объективтік шындықты бейнелейтін себептік жағдайларға байланысты болып табылады. Екіншіден, бұл қағиданың мәні мен барлық психикалық құбылыстар мидің қызметімен байланысты қарастырылады. Үшіншіден, қарастырылып отырған қағида психикалық құбылыстарды зерттеуде бұл құбылыстардың себебін міндетті анықтауды қажет етеді.
Қазіргі психологияда сана мен іс-әрекет бірлікте қарастырылады. Сана мен іс-әрекеттің бірлігі қағидасы сонымен қатар ғылымның бастапқы қағидаларының бірі болып табылады. Аталған қағиданың мәні мынада: іс-әрекетті адам санасының пайда болу шарты, қалыптастыру факторы және қосымша нысаны деп түсінуіміз керек. Екіншіден, іс-әрекетті сананың белсенділігінің түрі ретінде түсінеміз. Сана мен іс-әрекеттің бірлігі қағидасы сана адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің реттеушісі болып табылады.
Генетикалық (тарихи) қағида, біріншіден, барлық психикалық құбылыстар әруақытта да сандық және сапалық өзгерісте және даму үстінде қарастырылады. Екіншіден, бұл қағиданың мәні мынада: кез келген психикалық құбылысты дұрыс және толық сипаттау сол жағдайда мүмкін, егер де қазіргі жағдайда бір уақытта оның өзіндік ерекшеліктері анықталса, психикалық құбылыстардың пайда болу тарихы немесе себептері, оның кейіннен өзгерістерінің мүмкіндіктері шешіледі.
Психология ғылым ретінде жай ғана әртүрлі психикалық құбылыстарды сипаттау емес, сонымен қатар оларды жинақтау, түсіндіру және мәнін, белгілі заңдылықтарды ашу, соның негізінде психикалық құбылыстардың себептерін анықтау және болашақта олардың пайда болуын болжау.
Психологияны ғылым ретінде сипаттауда психологиялық білімдердің кейбір ерекшеліктерін атап өткен жөн. Біріншіден, бұл құбылыстар туралы білім, әрқайсысымызға тән, әрбір адамның түйсіктері бар, оның есінде әрқашан әртүрлі елестер сақталады, әрбір адам әртүрлі сезімдерді басынан кешіреді және т.б. Психология ғылымында осы құбылыстар туралы жинақталған және дерексіз білімдер берілетіндігі жөнінде айта аламыз. Психологиялық білімдердің бірінші ерекшелігі бұл жинақталған және дерексіз білімдер әрқайсымызға тән психикалық құбылыстар болып табылады. Екіншіден, психологиялық білімнің күнделікті және ғылыми мағынасының сәйкес келуімен сипатталады. Тұрмыста дамдар психологияның терминдерін және ұғымдарын кеңінен пайдаланады. Бұл ұғымдардың шекарасы айқын көрсетілмегендіктен, әртүрлі адамдар бір терминдер мен ұғымдарды әртүрлі мағынада қолданады. Ғылыми ұғымдар белгілі мағынада, мазмұнда бірдей қолданылады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет