Пәнге кіріспе. Психология пәні, міндеттері және әдістері Лекция жоспары



бет7/10
Дата15.06.2023
өлшемі153,48 Kb.
#178809
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ï?íãå ê³ð³ñïå. Ïñèõîëîãèÿ ï?í³, ì³íäåòòåð³ æ?íå ?ä³ñòåð³ Ëåêöèÿ

Лабораторыялық тәжірибе. XIX ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін тәжірибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вундт (1832 – 1920) психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты (1879). Психологтар алғаш рет көру, есту иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды. Кейін келе олар секундтың 1/1000 үлестеріне дейін дәл өлшейтін құралдар ойлап шығарып, кейбір психикалық процестердің пайда болу тездігін өлшеудің жолын тапты. Сексенінші жылдары ес қүбылыстарын зерттеу лабораторияда тұңғыш жүргізіле бастайды. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т.б. өлшенілді. Орыс психологы Н.Ланге (1858 – 1921) эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. Тоқсаныншы жылдарда француз психологы А.Бине (1857 – 1911) алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардың І–ші дүние жүзілік конгресінде (Париж, 1889) талқыланды. XX ғасырдың басында психология ғылымының қарамағында ондаған лабораториялар болды. Осындай жақсы жабдықталған психологиялық лабораториялардың бірін XX ғасырдың басында орыс психологы Г.И.Челпанов (1862 – 1936) ұйымдастырды. Бұрынғы КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясына қарасты Психология ғылыми–зерттеу институты мен Ресей ғылым академиясына қарасты психология институтының (Мәскеу) лабораториялары жоғары техникамен жабдықталған үлкен ғылыми–зерттеу мекемесі болып отыр. Киев, Тбилиси қалаларындағы психология институттарында да осындай лабораториялар бар.
Лабораторияда жүргізілетін эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайларға байланысты болады:
1. Байқалатын объекті жөнінде эксперимент жүргізушінің күн ілгері болжамының (гипотезасының) болуы тиіс;
2. Тәжірибе түріне лайықты жұмыс жағдайын жасау (жазып отыру, инструкциялар т.б. жазу–сызу құралдарымен қамтамасыз ету);
3. Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша, арнаулы әдістемеге сай жүргізу;
4. Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп, оларға сандық және сапалық жағынан дербес талдау жасау;
5. Алынған мәліметтерге байланысты негізгі және шінара қорытындылар шығара отырып, тәжірибе жүргізуде ашылған кейбір ғылым деректерді (егер зерттеу жұмысы мектеп жағдайында жүргізілген болса) оқу–тәрбие процесінің сапасын жақсарту үшін пайдаланса, бұл тәжірибенің негізгі мақсатының орындалғаны болып табылады.
Қазіргі кезде ғарышты игерумен, медицинаның қарқынды дамуымен байланысты қасындағы отырған адамның психологиялық күйін, физиологиялық қалпын біліп қана қоймай, арнаулы аспаптар арқылы алыста тұрған адамның да ішкі күйін біле аламыз. Соның бірі – радио-рефлексометр. Бұл аспап арқылы аспанда ұшып жүрген ғарышкерлердің рефлекстерін бақылап отыруға болады.[1, 15-17 беттер].
Табиги эксперимент. Табиғи экспериментті психологияға тұңғыш енгізген және оны өзінің зерттеулерінде көп пайдаланған көрнекті орыс психологы А.Ф.Лазурский (1874 – 1917) болды. Бұл әдістің байқау әдісінен айырмашылығы, мұнда тәжірибе жүргізуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандай болмасын бір әрекет ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса, сол ойын үстіндегі оқушылардың психологиялық ерекшеліктері жазылып, кейін оған мұқият талдау жасалынады. Табиғи эксперименттің кейбір түрлері арқылы (оқыту, констатациялау эксперименттері т.б.) мұғалімдер оқушылардың кейбір қасиеттерін тәрбиелеуге, жетілдіруге, сабақ үлгіруі мен тәртіптілігін арттыруға мүмкіндік алады.
Бір тәжірибеде III – IV сынып оқушыларының ақыл–ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің ара қатынасын анықтау үшін зерттеуші балаларға оқыған текстеріне ат қоюды, осы текстегі суреттер бойынша әңгіме құрастыруды талап еткен. Тәжірибе жүргізуші осы тәсілдер арқылы текстің мазмұнын оқушылардың қысқаша және жалпылай баяндай алуын, сурет бойынша елестер туғыза алу мүмкіншілігін, сондай-ақ нақтылы образдарды қайта жанғырту текстің мазмұнын толық түсінуге қандай әсер ететіндігін байқаған. Осы зерттеуде оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ақыл–ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің ара қатынасы үнемі өзгеретіндігі, балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған сайын олардың ойлауы тереңдеп, жалпыланып қана қоймай, ондағы образдардың біртіндеп толық және мағыналы бола түсетіндігі де байқалған. [1, 17-18 беттер].
Әңгімелесу әдісі бақыланып отырған адамның зерттеушіге берген жауаптарынан құралады. Қойылатын сұрақтарды алдын ала ойлап алған жөн. Сұрақтар әңгіме етілетін тақырыпты толық қамтуға тиіс, ал қойылған сұрақ балаларға түсінікті болуы керек. Әңгімені бір адаммен емес, бірнешеуімен тіпті тұтастай сыныппен өткізуге болады. Әңгіменің мұндай түрі зерттеліп отырған оқушылардың жауабын бір–бірімен салыстырып отыруға мүмкіншілік туғызады.[2, 17 бет].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет