ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ
Роботтытехника және автоматиканың техникалық құралдар кафедрасы
Өлшеу құралдарының сенімділігі және сапасы пәні
5В071600 – Аспап жасау мамандығы үшін
№ 1 емтихан билеті
1. Аспап n = 5 блоктан тұрады. Блоктардың t уақыт ішіндегі сенімділіктері P1(50)=0,98; P2(50)=0,99; P3(50)=0,998; P4(50)=0,975; P5(50)=0,985. Сенімділіктің экспоненциалды заңы әділ. Аспаптың бас тартпай жұмыс істеу ықтималдығын және бас тартулардың таралу тығыздығын есептеңіздер. Сонымен қатар аппаратураның орташа жұмыс істеу уақытын анықтаңыздар. Сенімділіктің таралуы экспоненциалды заңына бағынады.
2 Сынаққа 100 бір типті бұйымдар қойылды. 4000 сағат ішінде 50 бұйым істен шықты. 4000 - 4100 сағат уақыт аралығында тағы 20 бұйым істен шықты. T=4000 сағат кезінде P(t), f(t), λ(t) анықтау қажет.
3. Суретте өлшегіш көпірлік сұлба келтірілген. Датчик кедергісі келесі өрнек арқылы анықталады Rg =R1 +R1. Бастапқы сәтте келесі теңдік орындалады R1· R4= R2· R3. Бірінші симметрия (R1= R2, R4= R3) кезіндегі I0 - токтың датчик кедергісіне тәуелді өзгеру формуласын қорытып шығарыңыздар.
Баға қою тәртібі:
Бірінші сұраққа 0 ден 24 баллға дейін;
Екінші сұраққа 0 ден 10 баллға дейін;
Үшінші сұраққа 0 ден 6 баллға дейін қойылады.
Құрастырған лектор Бигалиева Ж.С.
«25» сәуір_2020 ж. № 9 хаттама
Ф ҚазҰТУ. 706-10. Емтихан билеті
Достарыңызбен бөлісу: |