Пәні: Ана тілі
Тақырыбы:Көктем.
Мақсаты: а)Көктем ұғымы туралы мәліметті түсіндіру.
Ә)Оқушылардың сөздік қорын молайту.
Б)Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Міндеті: - Көктем туралы мәлімет беру
- Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту
-Оқушыларды өз ойын нақты айтуға үйрету
Күтілетін нәтиже:
Жаңа сабақты меңгереді
Көктем айларын ажырата алады
Өз ойын ашық айта алады
Сабақтың әдісі:Әңгімелеу, түсіндіру, сто техналогиясы.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.
Көрнекілік: Сурет, гүл, проектор.
Пәнаралық байланыс:Дүниетану.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру
Сәлеметсіздерме балалар.
-Отырыңыздар.
-Сыныпта кім кезекші?
-Сыныпта кім жоқ?
-Бүгінгі күннің жады қандай?
Рахмет ,отыра ғой.
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәттілік тілейміз біз
II.Өткенді қайталау
« Гул теру » ойыны бойынша үй тапсырмасын тексереміз.
1. Кенже қызы қандай шеттеуікке қызықты?
Шешесі шеттуіктерді қалай бөліп берді?
Алтын түсті шеттеуіктің дәні болды ма?
Атасы не айтты?
Әкесі балаларына не әкелді?
IV.Жаңа сабақ
Қар , мұз, еріп,
Су көбейіп,
Сай – салада ағады,
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып
Жер гүл шашақ тағады.
Қой маңырап,
Төл жамырап,
Жайлау малға толады,
Бөбектерім айтындаршы,
Бұл қай кезде болады? (Көктем)
V.Оқулықпен жұмыс
Топтастыру әдісі:
Көктем
Жер көгереді Қар ериді
Күн жылынады
Құстар келеді
Қ.Аманжоловтың « Көктем » өлеңімен танысамыз.
Қасым Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген.Қасым Аманжолов Жазушы.Ол алғаш ауыл молдасынан сауат алған.Оның өлеңдері өте көп.Соның бірі « Көктем » өлеңі мен танысамыз.
Сөздік
Бұйра бұлақ еркелеп – бұлақтың бұйраланып , сарқырап ағып жатқаны.
VI.Сергіту сәті
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспанда күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын.
VII.Дәптермен жұмыс
271- жаттығу Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаз.Тақтаға орындаймыз.
... үн, ... бұлақ, ... өзен, ... тау.
272- жаттығу.
Дүкенде
Елтірі – қозы лақтың терісі.
Қара көл елтірі түрі көп
Қара түр елтірі көп.
Көк түр елтірі тұр,
Сұр түр елтірі тұр.
VIII.Қорытынды
Сұрақ - жауап
Балалар бүгін қандай тақырып өттік?
Көктем қандай ?
Көктемнің неше айы бар?
«Көктем » өлеңінің авторын ата
IX.Үй жұмысы:
« Көктем » өлеңді мәнерлеп оқып, қысқаша мазмұнын айту.
Достарыңызбен бөлісу: |