Пәні аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»


Иллюстрациялы материалдар



бет4/7
Дата18.06.2017
өлшемі1,53 Mb.
#19290
1   2   3   4   5   6   7

4. Иллюстрациялы материалдар: слайд
5.Әдебиет:
Қазақ тілінде

Негізгі:

1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым

баспа орталығы.2008.

2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.

Қосымша:

1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.

Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.

Орыс тілінде

Негізгі:

1.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.


Қосымша:

1.Медицинские и социальные аспекты адаптации современных подростков к

условиям воспитания, обучения и трудавой деятельности. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.Л.М. Медицина.-2006.-Голубаев В.В.и др. Практикум по оснаванием педиаторы и гигиены детей дошкольного возраста.- М. Издательский центр»Академия».2000-200с.

2.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными

терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.
6.Қорытынды сұрақтары:


  1. Адамдарға киім қандай қызмет атқарады?

  2. Материалдың физика- гигиеналық көрсеткіші және балалардың киімі қай үлгіге сай келуі керек?

  3. Жазғы киім неге сай болу керек?

  4. Жылы сыртқы киім қандай негізгі қызметті атқарады?

  5. Аяқ киім ағзаны неден сақтайды?



15

1.Дәрістің тақырыбы: Балалар кітаптарына және мектеп оқулықтарына қойылатын гигиеналық талаптар. Балалар компьютермен жұмыс жасағанда қойылатын гигиеналық талаптар. Бала ағзасына қазіргі технологиялық коммуникация және ұялы байланыстың әсері.

2.Мақсаты: Студенттерді балалар кітаптарына және мектеп оқулықтарына, балалар компьютермен жұмыс жасағанда қойылатын гигиеналық талаптармен, бала ағзасына қазіргі технологиялық коммуникация және ұялы байланыстың әсерімен таныстыру.

3. Дәріс тезисі.

Кітап хабар алатын негізгі құрал болып табылады. Мектеп жасында ол оқушылардың іс-әрекеттерініде негізгі түрі болып табылады. Оқулықтардан басқа мектеп оқушылары көркем әдебиеттерді де оқиды, сондықтан оқу олардың жалпы жүктемесінің негізін құрайды.

Мектеп оқушыларының жақыннан көргіштігі көптеген жағдайларға байланысты болатынын, әсіресе оқушылар мен балалар әдебиетінің сапасының төмендігінен болатынын өз заманында Ф. Ф. Эрисман атап көрсеткен болатын. Осы туралы офтальмологтар мен педагогтардың бақылауларында да айтылады. Сондықтан кітаптың өзі де, оқу процесі де регламенттерді қажет етеді.

Қазіргі кезде мектеп оқушыларына қойылатын талаптар «Мектеп оқушыларын өңдеудің санитарлық ережелері № 1405-76» бойынша регламенттеледі. Жаңадан басылып жатқан оқулықтарға санитарлық бақылау екі бағытпен жүргізіледі.



    1. Әрбір оқулықтар басылымына, олардың көптеп шығарылғанына дейін өндірістік мамандандырылуы мен іріктеп тексеру (жағдайлары толық көрсетілген техникалық құжаттар).

    2. Басылымнан шыққан оқулықтарға гигиеналық экспертиза жасау үшін таңдап, іріктеп алу.

Сонымен, бақылау басылып шыққанға дейін және басылып шыққаннан кейін екі рет жүргізіледі.

Оқулықтардың мұқабасын өңдеуге қойылатын гигиеналық талаптар, балалардың көз анализаторларының ерекшеліктеріне негізделген. Оқыған кезде көзге түсетін жүктеме негізгі екі жағдайдан тұрады; көріну жағдайы және оқуға қолайлылығы. Мәтіннің көрінуі қағаз бен баспаның сапасына байланысты болады, оқуға қолайлылығы - баспа белгілерінің көлеміне, олардың суретіне, баспа бояуларының суретіне және терілген әріптердің орналасу жағдайына байланысты болады.

Сонымен оқулықтың гигиеналық сипаты -қағаздың, баспаның шрифтін, баспа жиынтығының, сонымен катар форматтың, кітаптың салмағы мен мұқабасының сапасына баға беруден тұрады.
Оқулықтарға арналған қағаз - баспа белгілері мен фонның арасындағы қарама-қарсы түстердің жеткілікті болуын қамтамасыз ету үшін ақ немесе аздап сарғыш түсті болуы керек. Мәтін қағаздың екінші бетіндегі сөйлем жолдарынан көрініп тұрмауы керек. Қағаз беті тегіс және жарықты шағылыстырмайтындай өте жалтырамауы керек. Кедір - бұдыры жұмсақ қағаз ылғалды тез сіңіреді және ұзақ уақыт бойы сақталатын патогенді механизмдерді, органикалық лас заттарды өзіне ұстап алады. Арнаулы жүргізілген зерттеулер, туберкулез таяқшаларының қағаз беттерінде 5 айға дейін, дифтерия қоздырғыштары 3 айға дейін, гемолитикалық стрептококктар бір ай бойы өмір сүре алатынын көрсетеді.

№ 1 типографиялық және № 1 мен № 2 офсет қағаздары гигиена тұрғысынан ең жақсы болып есептелінеді. № 2 типографиялық қағазды және газетке арналған қағаздардан басып шығаруға тиым салынады.

Оқулықтардың басылымы біркелкі, айқын көрінетін, қою қара түсті болуы керек. Тақырыптар, қортындылар мен ережелерді, жеке сөйлемдерді бөліп корсету және формулалардың элементтерін жазу үшін түрлі-түсті баспа әріптерін қолдануға болады.

Балалар кітаптарының шрифтер мен өндеуіне қойылатын гигиеналық талаптар шрифтке (гарнитураға) және оның көлеміне баға беруден тұрады. Бұл сұраққа көптеген гигиеналық, психологиялық тәжірибелік бақылаулар арналған. Оқылудың жылдамдығына және ұзақтығына, әсіресе балалардың оқып — үйренуінің алғашқы кезеңінде (В. А. Головин 1939 ж) кітаптың шрифтермен өңделуінің үлкен маңызы бар екені анықталған. Осы мәселені шешуде М. Н. Попова (балалар мен жасљсшрімдер гигиенасы институтынан) және М.Н. Ушакова (баспа басылымдары жабдықтарындағы Бүкілодақтық ғылыми зерттеу институты) елеулі еңбектерін қосты,

Оқу ісі кезінде шрифтардың гарнитурасының жас ерекшеліктеріне әсерін оқып, білуге арналған зерттеулердің нәтижесінде әліппе оқулығына белгілі психологиялық - педагогикалық талаптарға сәйкес арнаулы шрифт; келбетінің қарапайымдылығы, әріптердің анықтығы, әріптер аралығының мөлшерінің жеткіліктілігі, түр-түсінің қанықтығы қажет екендігі анықталады. Осы талаптарға ен жоғарғы дәрежеде, кертік гарнитура сәйкес келеді екен. әліппе оқулығының гарнитурасы шрифтердің кертік гарнитурасы тобына жатады. әліппе әріптерінің штрихтары өте жуан және әріптер аралықтарының кашықтығы сақталуы керек.


      1. сынып оқушыларының оқулықтары мен әліппесі үшін эліппелік немесе журналдық кертік гарнитурасын алған жон. Кейінгісін 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін арналган оқулықтарға да қолдануға болады.

      2. сыныптан бастап 10 сыныпқа дейінгі оқулықтарға арналған мектептік гарнитурасы қолданылады. Оның және әріптердің аяқ жағында онша анық емес кертік таңбалары болатынында. Әріптердің шрифтері мектеп гарнитура- сында жіңішкерек келеді.

3-ші сыныптан бастап және одан жоғары сыныптарға арналған оқулықтарда қосымша мәтіндерді (ескертпе, түсініктеме, корсеткіштер, создіктер және т.б.) басу үшін көлбеу типографиялық шрифті (курсивті) қолдануға рұқсат етіледі. Өрнектелген шрифтерді оқулықтардың мәтінін басуда (жазу үлгісінен басқа) қолдануға болмайды.

Одақтық республикаларда шығарылған әліппелер көбінесе әдеби және мектептік гарнитурасымен басылды, кертік гарнитурамен басылғандар өте аз болды. Әлігшелік гарнитуралар қолданылмады десе де болады. Сондықтан авторлар зерттеулердің барысында ұсыныстар жасап, оны «Мектеп оқулықтарын өңдеудің санитарлык, ережелері » түрінде бекітті.

Шрифтердің биіктігінің де гигиеналық үлкен маңызы бар. Мұнда оқушы жас болған сайын шрифт ірілеу болуы керек деген заңдылық бақылайды. Балалар оқыған кезде әріптерді бөлшектеп қарастырады, сондықтан оның жеке элементтерінің колемдері және әріптін өзінің тұтас алғандағы мөлшері жеткілікті болуы керек. Сонымен қатар, жылдам коз жүгіртіп оқыған кезде әріптердің биіктігі 4 мм-ден жоғары болуы керек, өйткені мұндай жағдайда оның колемі көздің торлы қабатының сары дағының орталық нүктесінен асып тұрады да анық көру мүмкіндігін томендетеді. Оқуға дағдылана бастаған соң үлкен шрифтерден кішісіне қарай көшу керек, өйткені үлкен шрифтер оқу жылдамдығын азайтады.

Сонда да XIX ғасырдың аяқ кезінің өзінде шрифтердің биіктігі туралы айтылған алғашқы ұсыныстар негізінен болжамдар мен қисынды қорытындыларға негізделген болатын. Мысалы, А. Вебер 1881 жылы мәтіннің көзден ең жайлы ара қашықтығы 35см және мұнда көлемі 0,7мм әріптерді айыруға болады деп есептеді. Бірақ шрифтің мұндай көлемі көзге үлкен жүктеме түсіреді және өте жылдам оқу үшін шрифтің биіктігі 1,5мм болуы керек. Кейіннен Г. Кон (1887ж), А. Ф. Никитин және Г. В. Хлопин (1907ж) қызметі дұрыс , қалыпты жағдайдағы адамның көзі 1 м қашықтықта диаметрі 0,25-0, ЗОмм екі нүктені айыра алатынын осындай ара қашықтықта олардың арасында сондай мөлшердегі әріптердің штрихы да көзге жеңіл қабылданатындығын негізге ала отырып, есептеп шығару арқылы әріптің ең қолайлы биіктігін анықтады. Осыған сәйкес, олар шрифтің биіктігінің ең азы 1,5 мм, ал дұрыс оқуға қажетті биіктігі 1,75 мм деп есептейді.

Бірақ бұдан кейінірек жүргізілетін зерттеулер шрифтің биіктігін жас мөлшеріне байланысты болу қажеттілігін көрсетті, ал бұл њсыныстардын бәрі ересектерге арналатындығын анықтады. Шрифтің биіктігі мм немесе кегльмен белгіленеді (кегль типографиялық пункттен өлшенетін литер ауданының биіктігі),

Әріп штрихтарының биіктігі сөйлем жолындағы «Н» - әрпінің биіктігімен өлшенеді. Әліппеде ол 48 бен 20 кегль арасында болады, немесе 8 ден 3,5 мм дейін, бірінші сынып оқушыларының оқулықтарында - 16 кегль (2,8 мм), екінші сынып оқушылары 16-14 кегль (2,3 мм) үшінші және төртінші сыныптар үшін 14-12 кегль (2,0 мм). Бесінші сыныптан бастап жоғары қарай оқулықтың негізгі текстінің шрифтері 10 кегль (1,75 мм) болып келеді. Көзге үлкен жүктеме түсіретіндіктен және оқушылардың тез қажуына әкеліп соғатындықтан гигиенистердің пікірі бойынша, жоғарғы сынып оқушыларының өзіне 10 кегльден төмен шрифті қолдануға болмайды деп есептеледі.

Одан ұсақ шрифтермен — петитпен (8 кегль) орта және жоғары сынып оқушыларының оқулықтарында қосымша тексеруді басуға рұқсат етіледі. Петитті оқулықтар тізімін жазғанда, сөздіктер, нұсқауларды басқанда кеңінен қолдануға болады 7-8 сыныптардағы тақырыптарға арналған мәтіндерді петит қолдану арқылы 4 жылдан артық басуға болмайды, ал 9-10 сыныптарга арналған оқулықтарға бір бетте 16 жолдан артық болмауы керек. 8-9 сыныптарға арналған оқулықтарға сұрақтар мен тапсырмаларды, әрбір сұрақтардың тексті екі жолдан, ал петиттің барлық тексті - 16 жолдан аспаған жағдайда баспаға петитті қолдануға рұқсат етіледі.

Оқылу жылдамдығы сонымен қатар, сөйлем жолдарының ұзақтығына да байланысты болады және 1887 жылдың өзінде Г.Кон сөйлем жолының ең қолайлы ұзындығы 100 мм-ден, ал үлкен форматтар үшін — 110 мм-ден аспауы керек деп есептеледі. Г.В.Хлопин мектеп оқушылары үшін сөйлем жолдарының ұзындығы 100-ден -108мм-ге дейін болуын ұсынды. Кейінірек (Л.М.Шварц. 1931 жылы, А. А. Реформатский. 1933 жылы) көздің бұлшықет алпаратының жүктемесін азайту үшін қысқа сөйлем жолдары дұрыс деп есептеледі. Бірақ, бұл мәселелердің бәрі шрифтің биіктігі мен оқушының жасына байланысты бөлінбеген еді.

Биыл жағдай алғаш рет, Маскеудегі халық ағарту бөлімінің мөлшерімен есептеліп, онда сөйлем жолдарының ұзындығы оқушылардың жасына байланысты 1 сынып оқушыларында 80 мм-ден басталып, 10 сынып оқушыларында 108 мм болуы керек екендігі анықталды. Бірақ, сол кездегі тәжірибенің зерттеулерде керісінше байланыстар туралы айтылып жүрсе де көрсетілген мелшерлердің ешқандай физиологиялық негізі жоқ еді.

Сонымен, ең соңында 1938 жылы СМ.Громбах осы уақытқа дейін сақталынып келген негізгі ережені жасады: яғни кішкентай балалар үшін ұзын сөйлем жолдары, ал ересек балалар үшін - қысқа сөйлем жолдары алынады. Одан кейінірек А.В.Михайлованың (1959 жылы) бақылаулары осы заңдылықты толық дәлелдеп шықты. Бұл заңдылық төменгі сынып оқулықтарынын оқу дағдыларынан аздығынан, сөйлем жолдарының біріншісінен екіншісіне өтуі олар үшін қиындау болып келетіндігімен дәлелденеді. Сондықтан, осындай сөйлем жолдарына көшіп отыру жиі болатындықтан, қысқа жолды тексеруді оқыту оларға қиынға түседі.

Жоғарғы сыныптарда оқу дағдылары қалыптасқан соң, қысқа сөйлем жолдарында оқу жеңілдейді және сөйлем жолдарын қысқартуға рұқсат етіледі. " '

Сондықтан оқу дағдысы аз төменгі сынып оқушылары үшін 20,16,14 кегльден тұратын ірі шрифтармен басылған оқулықтарда сөйлем жолдарының ұзындығының ең қолайлы мөлшері 126-130 мм болып есептеледі, 5 сыныптан бастал 10 кегльден тұратын шрифтармен басылған кітаптарда сөйлем жолдарының ұзындығы 113 мм бастап, 98-95 мм дейін азайтылады.

Осыған байланысты бастауыш жэне орта сыныптардағы мектеп оқушыларына арналған оқулықтарға екі бағанадан тұратын мәтін жиынтықтарын қолдануға рұқсат етілмейді. Бір сөйлем жолынан екіншісіне жиі көңіл аудару, мектеп оқушыларында жылдам қажу пайда болғызады. Екі бағаналы баспаны тек қана 8-10 сынып оқушыларына қолдануға және олардың ішінде әсіресе, ұзақ уақыт үзіліссіз оқуды қажет етпейтін оқулықтарға (анатомия, физиология, география, жэне т.б.) рұқсат етіледі. Мәтіннің үш бағаналы баспасын оқулықтарға басуға тиым салынады.

Қолайлы оқу үшін сөйлем жолдарының және әріптердің арасының өзара қашықтығының да (интерлияның және апрош) маңызы өте зор. 1-4 сынып оқушыларында интерлиньяж 2,8 мм, жоғарғы сынып оқушыларында апрош 4-11 мм, 3-4 сынып - 3 мм, 5 сыныптардан бастап жоғары қарай - 2 мм болуы керек. Кон пластинкасымен өлшенген баспа жиынтығының тығыздығы шрифтің биіктігіне байланысты 1см 10-15 белгіден кем болмауы керек.

«Мектеп оқулықтарын өңдеудің санитарлық ережелері» оқулықтардың эксперименттік және сынамаға арналған түрлерінен басқа барлық түрлеріне арналады. Оның талаптарының сақталуын бақылап отыру оқулықтар басып шығаратын баспасы бар территорияға қызмет ететін санитарлық- эпидемиологиялық станцияға міндеттеледі. Баспадан шыкқан оқулықтар «санитарлық ереженің » талаптарына сәйкес келмесе СЭС сол оқулықтардың басылып шығуы мен таралуына тиым сала алады немесе кемшіліктерді жойғанша өндірістің жұмысын тоқтатады.

Бақылау сұрақтары:

Балалар кітаптарына және мектеп оқулықтарына қойылатын гигиеналық талаптар.

- Балалар компьютермен жұмыс жасағанда қойылатын гигиеналық

талаптар.

- Бала ағзасына қазіргі технологиялық коммуникация және ұялы

байланыстың әсері.
4. Иллюстрациялы материалдар: слайд
5.Әдебиет:
Қазақ тілінде

Негізгі:

1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым

баспа орталығы.2008.

2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.

Қосымша:

1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.

Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
Орыс тілінде

Негізгі:

1.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.


Қосымша:

1.Медицинские и социальные аспекты адаптации современных подростков к условиям воспитания, обучения и трудавой деятельности. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.Л.М. Медицина.-2006.-Голубаев В.В.и др. Практикум по оснаванием педиаторы и гигиены детей дошкольного возраста.- М. Издательский центр»Академия».2000-200с.

2.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными

терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.


6. Қорытынды сұрақтары:

1.Балалар кітабына және оқулықтардың сапасына қандай талаптар қойылады?

2. Оқулықта қандай қағаз қолданады?

3. Жеке компьютерде тиімді жұмыс жасау ұзақтығы қанша?

4. Балалар ағзасына ұялы сымтетік қандай әсерін тигізеді?

5. Оқу жүйесі неге негізделген?

6. Балалар кітабы және оқулықтары қандай негізгі талаптарға сай болу керектігін атаңыз.


16

1.Дәрістің тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдер мекемелерін жобалаумен салуға қойылатын гигиеналық талаптар.

2. Мақсаты: Студенттерге балалар мен жасөспірімдер мекемелерін жобалаумен салуға қойылатын гигиеналық талаптар туралы түсінік беру.
3. Дәріс тезисі.

Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде сақтық санитарлық бақылау жұмысын дұрыс жүргізгенде ғана балалардың өсіп, дамуына қажетті қолайлы жағдаи жасауға болады. Ол үшін қаланың жалпы жоспарын өңдеп, келісу және тұрғын аудандар мен ықшам аудандардың жобаларын жеке талдап қарау жұмыстарын міндетті түрде санитарлық қызметтің қатысуымен жасаған кезде ғана дұрыс нәтижеге жетуге болады.

Қаланың жалпы жоспарын өңдеу кезінде СЭС, балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің қазіргі жағдайлары туралы санитарлық сипаттамалар негізінде санитарлық жоспар-тапсырма жасайды. Бұл тапсырмада міндетті түрде орындалуы қажет (мысалы, бала-бақшаны өндіріс орнының санитарлық қорғаныс зонасынан шығару, немесе материалдық- техникалық базасы санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін мектептерді қайта салу т.с.с).Қаланың жалпы жоспарын келісімге салу кезеңінде ең алдымен елді мекенінің балалар мен жасөспірімдер мекемелерімен қамтамасыз етілу жағдайы туралы сұрақты шешу қажет. 2.07.01-87 «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі құрылыстарды жоспарлау», құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНменЕ) бойынша мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (МДМ) саны, қалалық демографиялық. құрылысына байланысты болады және халықты МДМ қамтамасыз ету деңгейі 85% мөлшерінде алынады (жалпы түрдегі - 70% , арнаулы түрдегі - 3% және салауаттандыру түрі -12%). Демографиялық мәліметтер болмаған жағдайда, жаңадан салынатын елді мекендерге бұл көрсеткіш 1000 адамға - 180 орын есебінен алынады және құрылыс салынып жатқан тұрғын территориясында -1000 адамға 100 орыннан артық болмауы керек. Мектеп қажеттілігі мектеп жасындағы балаларды толық емес орта мектеппен (1-9 сыныптар) 100% және толық орта мектеппен (10-11 сыныптар) 75% дейін қамтамасыз ету есебінен алынады Жаңадан салынатын елді мекендерде -1000 адамға 180 орыннан кем болмауы керек. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерін орналастыру туралы сұрақтар да (тұрғын аймақтарды жобалау, жер учаскесімен қамтамасыз ету) осы кезеңде қарастырылады. Сонымен қатар, санитарлық-гигиеналық корсеткіштері бойынша немесе қала салу жағдайына байланысты қайта салуды қажет ететін объектілер анықталады. Санитарлық тапсырманың барлық шарттарының орындалу барысы тексеріледі. Сақтық санитарлық бақылаудың келесі кезеңі тұрғын аймақтың жобасының детальды жоспарын санэпид қызметімен талдап келісу болып табылады. Мұнда есепке алынған халықтың санына объектілердің жеткіліктілігі, олардың ықшам ауданда орналасуы, қызмет ету ауданы жер учаскесінің ауданы, ғимараттың бағытталуы, басқа ғимараттардан' ара қашықтығы, кұрылыс салу мерзімі соңғы рет дұрыстап тексеріледі Осы жњмыстарды жасауда төменде көрсетілген мөлшерлік талаптар сақталуы керек:

Қызмет ету ауданы көрсетілген мөлшерден жоғары болмауы керек-1.қаладағы мектепке дейінгі мекемелерде - 300 м ., кішкене қалалар мен ауылды жерлердегі мектепке дейінгі балалар мекемелерінде - 500 уг жалпы білім беру мектептерінде -750м, бастауыш сыныптарға арналған жалпы білім беру мектептерінде 500м.

2.Жер учаскесінде ауданы 1 орынға : Мектепке дейнгі мекемелердің сыйымдылығы: 100 орынға болғанда 40м 100 орынан жоғары болғанда 35 м 500 орынан жоғары болғанда 30м Жалпы білім беру мектептерінің сыйымдылығы:

-40-тан 400 орынға дейін - 50 м2 600-ден 800 орынға дейін - 40 м2


-800-ден 1100 орынға дейін - 16 м2
3.Ғимарат пен оның учаскесінің ара қашықтығы:

-қалада, қызыл сызыққа дейін - 25 м

-ауылдық жерде, қызыл сызыққа дейін - 10 м

-тұрғын үйлерге дейінгі ара кашықтық инсоляция, жарықтандыру мөлшері

бойынша.
4.Санитарлық мөлшер мен ережелер бойынша мектеп жасына дейінгі мекемелердң, жалпы білім беру мектептерінің, мектеп-интернатгардың ғимараттарының орналастырылуы мен бағытталуы болмелерде үздіксіз үш сағаттық инсоляция ұзақтығын қамтамасыз етуі керек. Жобаның детальды жоспарлануы негізінде ықшамаудан құрылысының жобасы өңделеді Осыдан соң сақтық санитарлық бақылау жұмысы бірінен кейін бірі жүретін негізгі төрт кезеңнен тұрады:

1. Жер учаскесін бөліп алуды келісу. 2 Құрылыс жобасын қарау. 3.Құрылысқа бақылау жүргізу.4.Объектіні қабылдап алу.


4. Иллюстрациялы материалдар: слайд
5.Әдебиет:
Қазақ тілінде

Негізгі:

1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым

баспа орталығы.2008.

2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.

Қосымша:

1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.

Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
Орыс тілінде

Негізгі:

1.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.


Қосымша:

1.Медицинские и социальные аспекты адаптации современных подростков к

условиям воспитания, обучения и трудавой деятельности. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.Л.М. Медицина.-2006.-Голубаев В.В.и др. Практикум по оснаванием педиаторы и гигиены детей дошкольного возраста.- М. Издательский центр»Академия».2000-200с.

2.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными

терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.
6.Қорытынды сұрақтары:


        1. Қай маман ескертпелі санитарлық қадағалауды жүргізеді?

  1. Балалар мекемесіне қандай гигиеналық талап қойылады?

  2. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерін жайландыруға қандай гигиеналық қағйдалар бар?

  3. Балалар мекемесінің аймағын неге негіздеп көгалдандырады?

  4. Балалар мекемесінің аумағын қанша пайыз көгалдандыру керек?

17

1. Тақырыбы: Мектепке дейінгі мекемелердің жобалануы мен салынуына қойылатын гигиеналық талаптар.



2. Мақсаты: мектепке дейінгі мекемелердің жобалануы мен салынуына қойылатын гигиеналық талаптармен таныстыру.

3. Дәріс тезисі:

Мектепке дейінгі мекемелер өндіріс объектілері мен үлкен магистралды кешелерден аулақ, жеке бөлінген жер учаскесінде тұрғын аудан ішінде орналастырылуы керек. Жер учаскесін жылдың барлық мезгілінде балалардың әртүрлі іс-әрекеттеріне арналған мекеме ғимаратының жалғасы ретінде қарау керек. Жер учаскесінде төмендегідей функционалдық зоналар болуы керек: топтық алаңдар, жалпы дене шынықтыру алаңы, бау-бақша алаңы, шаруашылық алаңы және көгалдандыру алаңы. Топтық алаңдар - топтық жекелендіру ережелерін сақтау үшін жасалады. Олар негізінен топтық бөлімдердің жалғасы алынатындықтан, олардың саны балалар мекемелеріндегі топтар санына сәйкес келуі керек. Учаскеде сәбилер топтық алаңдары үшін және мектеп жасына дейінгі балалардың топтық алаңдары үшін секторларға бөлінеді. Сәбилерге арналған алаңдар шуыл көзінен аулақ, ғимаратқа кіретін есікке мейлінше жақындатын орналастыру керек. Алаңдарда ауданы 40 м/кв, төбесі жабық, көлеңкелі қалқалар орналастырылады. Мұнда ойыншықтар мен құрал саймандарға арнап бірге салынған шкафтар болуы керек.

Сәбилерге арналган топтық алаңдардың жері шөптесін өсімдіктермен көгалдандырылуы керек, ал мектеп жасына дейінгі топтарда одан басқа ауданы 60 м/кв дейін тапталган жер болуы керек. Балалардың жасына қарай топтық алаңдар манежбен, тақтай-төсеулермен, өткеншектермен, баспалдақтармен, төбешектермен және т.б. жабдықталынуы керек.

Учаске ауданының 50% көгалдандырылуы керек. Мұнда тікенекті, жемістері улы өсімдіктер болмауын қадагалау қажет. Учаскеде мектепке дейінгі топтар үшін бір балаға 0,6 м/кв есебінен бау-бақша орналастырылады. Ауылдық жерлерде бұдан басқа құстар мен жануарлар өсіру үшін ауданы 30 м/кв алаңшалар қарастырылады.

Учаскеде көлемі 15 м/кв кем болмайтын жалпы дене шынықтыру алаңдары қарастырылады, ал балалардың ясли-бақша кешендерінде - жалпы ауданы 400 м/кв екі алаңша алынады. Алаңшалардың төсеніші топырақ, ағаш, асфальт, резенкелі-битумды болуға рұқсат етіледі, аздап шөптесін өсімдіктермен когалдандырылған болуы мүмкін. Дене шынықтыру алаңшасынын параметрі бойынша ұзындығы 100-150м жүгіретін жол орналастырылады.

Шаруашылық алаңшасы асхана мен кір жуатын орынға жақын, топтық алаңдардан барынша алшақ орналастырылуы керек. Ауданы мектепке дейінгі мекеменің сыйымдылығына және елді мекендердегі коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету деңгейіне байланысты анықталады. Алаңшада қоқыс салғыштарға арнап орын бөлінеді. Қажетіне қарай ауданы 50 м/кв көп емес көкөніс сактайтын орын жасалады.

Мектепке дейнгі мекемелер биіктігі этаждан жоғары емес жеке тұрғын ғимараттарға орналастырылуы керек. Балалар баспалдақпен 2 этаждан жоғары көтерілгенде, тыныс алу, жүрек қан-тамыр жүйесіне кері әсер ететіні арнаулы зеттеулер арқылы дәлелденген. Ғимараттың жоспарлануы орталықтандырылған, блокталған және павильонды болуы мүмкін. Соңғысы ясли-бақша кешендерін жобалауда және оңтүстік аудандарда асханаларды, кір жуатын орындарды топтық бөлмелерден ерекше жекелендіру қажет болғанда қолданылады. Учаскедегі сияқты ғимаратта да топтық жекелендіру заңдылығы сақталуы керек, әсіресе сәбилер топтары біршші этажға орналастырылып, жеке кіретін есіктермен қамтамасыз етілуі керек. Сәбилерге арналған топтық бөлім қабылдау бөлмесіне, ойнау ұйықтау, дәретхана және буфет бөлмелерінен тұрады, бұл бөлмелер өз ара дұрыс баиланыста орналастырылған болуы керек.

Мектепке дейінгі балаларды топтық бөлмелерін бірінші және екінші этажға орналастыруға болады. Мұнда төрт топқа ортақ бір есік болуға рұқсат етіледі. Топтық бөлменіп құрамына: шешінетін, ұйықтауға арналған бөлмелер, топтық бөлме, дәретхана және буфет бөлмелері кіреді. Аталған бөлмелердің биіктігі 3 м кем болмауы керек. Топтық және ойын бөлмелерінің дұрыс бағыты оңтүстік, ұйықтау бөлмесі солтүстіктен оңтүстікке қарай солтүстіктен шығысқа қарай 45 гр болғанда дұрыс деп алынады.

Ойнау, топтық ұйықтау бөлмелерінде есік, терезе арқылы табиғи желдету немесе бұрыштық желдетумен қамтамасыз етілуі керек, ал 4 климаттық аудандарда олардан басқа тамақ дайындайтын бөлмеде, кір жуып кептіретін және өтектейтін бөлмелерде қосымша жасанды желдету қарастырылуы керек. Ересектер және дайындық топтарында ал балалар мен қыз балаларға арналған дәретханалар бөлек болуы керек. 95 немесе одан көп орынға есептелген мектепке дейінгі мекемелерде гимнастика мен әуен жаттығуларына арналған залдар болуы керек.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет