Пәні: Қазақстан тарихы Тақырыбы: Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы. Мақсаты



бет1/2
Дата19.02.2017
өлшемі5,74 Mb.
#10565
түріСабақ
  1   2
34 мектеп-гимназия

Мұғалім:Ахболатова Майра Берековна

Сыныбы: 10ә

Пәні: Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы.

Мақсаты:

  • Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихымен таныстыра отырып,

шаруашылық пен сауданы дамытушы ғана емес, халықаралық

мәдениет пен қарым-қатынастарды таратушы жол ретіндегі

білімін кеңейту;


  • Оқушылардың жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, жүйелі ойлау мен талдай білуге, еркін сөйлеуге дағдыландыру, тарихи ойлау білу қабілетін шыңдау;

  • Сабақ барысында оқушыларды елжандылыққа, ұлттық рухқа тәрбиелеу; мәдени мұраларды құрметтей білуге тәрбиелеу.


Түрі: Дағды мен іскерікті қалыптастыру.

Әдісі: Интерактивті, сұрақ – жауап

Көрнекілігі: Слайд – суреттер, интерактивті тақта (флипчарт сабақ)

Пәнаралақ байланыс: география, дүниежүзі тарихы

Барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеу. Сабаққа ынтасын қалыптастыру.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Логикалық сұрақ

1.1499ж. Ташкентте туған, шыққан тегі дулат тайпасы. 1551ж қарақшылар қолынан қаза тапқан ғұлама? Мұхаммед Хайдар Дулати

2.М.Х.Дулатидің 1544-1546жылдары Кашмирде билік құрып тұрған кезінде жазылған шығармасы: «Тарихи Рашиди»

3. 1555-1607ж. аралығында өмір сүрген , ғұлама тарихшы, мемлекет қайраткері жалайыр тайпасынан шыққан? Қадырғали Жалайри

4. 1599ж. орыс патша сарайында тұрған, Борис Годуновқа шығармасын арнаған ғұлама тарихшы кім? Қадырғали Жалайри

5. Ильбарс ханның сарайында (Хиуа ханы) көшіруші қызметін атқарған Өтемісқажының еңбегін ата? Шыңғыснама

6. Шыңғысханнан бастап оның ұрпақтарының XIVғ. соңына дейінгі көміскі болып жүрген тарихи оқиғалар туралы жазылған еңбекті ата?



Өтемісқажының «Шыңғыснамасы»

7.Үш өнерді, атап айтқанда әскери өнер, ақындық өнер, тарихшы Әбілқазының еңбектерін ата? «Түрік шежіресі», «Түрікмен шежіресі»

8.Той үстінде айтылатын ән, қыздар жағы бір топ, жігіттер жағы тобы болып айтылатын ән : Жар-жар

9.Үйленуге байланысты әдет-ғұрып жырларын ата? Беташар, сыңсу, қоштасу, тойбастар, жар-жар

10.Кісі өліміне байланысты әдет-ғұрып жырларын ата?

Естірту, көңіл айту, жоқтау

11. Ш.Уәлиханов кімді қазақ-ноғай халқының философы деп атады?



Асан қайғы

12.Есімханның әскербасы, кеңесшісі, жырау: Жиембет

13. «Еңсегей бойлы Ер Есім» атты 7 мың жолдық тарихи жыр жолдарын шығарған жырау: Марғасқа

14. «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді»-деген жолдардың авторы Потанин

15. Үрмелі аспаптарды ата? Сазсырнай, сыбызғы, сыбызғы керней, ұран

16. соқпалы аспаптарды ата? Даңғыра, дауылпаз, дабыл, асатаяқ

17. Ертеден бізге жеткен халық күйлерін ата? «Бозінген», «Ақсақ құлан»,

«Сағыныш», «Аңшының зары»

18. Абылай ханның ақылшы кеңесшісі: Бұқар жырау

19. Эпостық жырларды ата? «Ертарғын», «Қобыланды», «Ер Қосай», «Алпамыс», «Қамбар батыр»

ІІІ. Жаңа сабақ

Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы.

Жоспар:

1. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы және оның тармақтары.

2.Ұлы Жібек жолындағы сауданың, шаруашылықтың дамуына

тигізген әсері.

3. Ұлы Жібек жолының мәдениеттің дамуына тигізген әсері.

4. Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы.

І қатар «Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы»

Слайд-флипчарт бойынша түсіндіру





(электронды оқулықтан үзінді)

Ұлы Жібек жолы тармақтары


Каталог: docs -> kopilka -> history
kopilka -> «Үш тілдің еліне саяхат» (Мектепке дейінгі ұйымның ересек топтарымен ұйымдастырылған оқу іс-әрекет)
kopilka -> Сыныбы: 7 а, б, в уақыты
kopilka -> Сабақ тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның алқашқы n мүшесініңформуласы. Жалпы мақсат
kopilka -> Сабақтың тақырыбы Оттектің аллотропиясы. Озон және озонның жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы. Мақсаты
kopilka -> Металдар және оның құймаларының жемірілуі қоршаған ортаның ластануының нәтижесі. Жемірілуді болдырмау шаралары
kopilka -> №37 жоббм бастауыш сынып мұғалімі
kopilka -> Сабақ № Сабақ тақырыбы «Жарық құбылыстары тарауын қайталау» сабағы. Жалпы мақсаты
kopilka -> Сабақ Тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге есептер шығару
history -> Сабақтың тақырыбы §18. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық азаттық көтерілісі Мақсаты
history -> Сабақтың тақырыбы §18. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық азаттық көтерілісі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет