Тасымал:
Тасымал-сөздің жолға сыймаған бір немесе бірнеше буынның келесі жолға бөлініп жазылуы.
Орфография
Орфография (лат. orthographia, грек ὀρθός – дұрыс, γράφειν – жазу) – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Орфография дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді. Орфография емле мағынасында да қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін де көрсетеді.
Орфоэпич
Орфоэпия (гр. 'orthos' – дұрыс, epos – сөз, сөйлеу) – сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Тілдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады. Мысалы, құлұн, өнөр, түңгү, Амаңгелді, көг гүл, айталады, ағиық, т.б.
Л-дауыссыз,үнді__А-дауысты,жуан,ашық,езулік'>Фонетикалық талдау
Б- Дауыссыз, ұяң
А-дауысты,жуан,ашық,езулік
Л-дауыссыз,үнді
А-дауысты,жуан,ашық,езулік
Л-дауыссыз,үнді
Ы-дауысты,жуан,қысаң,ашық
Қ-дауыссыз,қатаң
Ба-ла-лық
Ба-ашық буын
Ла- ашық буын
Лық- бітеу буын
7 әріп 7 дыбыс
Сын есім
Сын есім — заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, иісін т.б. қасиеттерін білдіретін сөздер.
Қазақ тілінде сын есімдердің сұрақтары – қандай? Қай?
Бұл айтылғандар – сын есімнің мағыналық жағы.
Тұлғалық жағынан сын есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Негізгі сын есімдерге – түбір сын есім жатады. Түбір сын есмі жұрнақсыз, басқа сөздермен бірікпей, қосарланбай, тіркеспей, жеке тұрып-ақ сындық мағына береді. Мысалы, көк,сары, кең, жылы, терең, таза, алыс.
Сын есімнің туынды түріне сын есімдердің бірігуі, қосарлануы, зат есім мен сын есімдердің тіркесуі арқылы және сын есімге, басқа сөз таптарына түрлі жұрнақтар қосылуы арқылы жасалған сөздер жатады. Мысалы, 1. Көкпеңбек еріндері қимылдайды. 2. Төбеміз кішкене-кішкене жақпар тастар. 3.Ақ, сары, қара, ала көк, ауыз жолды, көп балалы, жібек көйлекті.
Салалас құрмалас сөйлем
Салалас құрмалас сөйлем[1] — құрамындағы жай сөйлемдері салаласа байланысқан құрмаластың түрі. Салалас құрмалас сөйлем баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір-бірімен тең дәрежеде байланысады. Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері өзара мағыналық тұтастықта болып, интонация (жалғаулықсыз) және жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Жалғаулықсыз (іргелес байланысқан) салалас мезгілдес, себептес, қарсылықты, түсіндірмелі, шартты, салыстырмалы түрлерге жіктеледі. Салалас құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын жалғаулық шылауларға қатысты салалас құрмалас сөйлемдер бірнеше топқа бөлінеді: мезгілдес (Мысалы, Құнанбай Ұлжанның қасына барды да, Мәкіш бен Абайдың жүзіне қарады (М.Әуезов))[2], себептес (Оның бұл сөзді не үшін егіле айтқанын Тайман сезген жоқ, өйткені ол Сәуленің өзінің болашақ келіні екенін білмейтін-ді (Ә.Әбішев)), қарсылықты (Алыстан әлдекімдердің күбірлеген дауысы естіледі, бірақ қай жақтан естілетінін шамалай алмаймын (С.Мұқанов)), талғаулықты (Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар немесе құлағымен есіткен айтар (Ә.Әбішев)), кезектес (Нұрғали біресе Тәкеге қарап кіжінеді, біресе Аманға қарап мүләйімсиді (Ғ.Мұстафин)).
Достарыңызбен бөлісу: |