Пәні: Балалардың дамуындағы физиологиялық жас ерекшеліктері. Орындаған: Бейсекеева э тексерген: Секерова т алматы 2023 жыл



бет1/2
Дата11.10.2023
өлшемі59,12 Kb.
#184729
  1   2
Байланысты:
Бейсекеева Эльнара БОӨЖ 1 курс 3 жылдық физиология


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Педагогика және психология институты



БОӨЖ
Пәні: Балалардың дамуындағы физиологиялық жас ерекшеліктері.
Орындаған: Бейсекеева Э
Тексерген: Секерова Т
Алматы 2023 жыл


  1. Жас ерекшелік физиологиясының даму тарихына хронологиялық кесте жасау.

Анатомия мен физиология ғылымдары ерте заманнан бастап дамығанымен балалардың дене құрылысы мен мүшелерінің қызмет ерекшеліктерін зерттеу кейінірек басталған. Себебі, балалардың организмін зерттеу жалпы адам мен жануарлар организмін зерттеуден басталады. ондай зерттеулер тек қана 18-19 ғасырларда ғана белгілі бір жүйеге келтірілді.Сондықтан да негізгі зерттеулер балалар ауруы мен олардың алдын алу мәселелерімен тығыз байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда Н. Ф. Филатов, П. Ф. Лесгафт секілді дәрігерлердің еңбектері аса маңызды орын алады. П. Ф. Лесгафт балалардың дене құрылысының дене шынықтыру тәрбиесіне байланыстылығын анықтап, баланың психологиясын, ақыл-ойын, ішкі сезімдерін дамытумен байланыстырады.
ХІХ ғасырда еңбек еткен ғалымдар балалар анатомиясы мен физиологиясының педагогика мен тәрбие жүмыстарын дамытудағы маңызын алғаш рет дәріптей бастады.
К. Д. Ушинский балалардың дене құрылысы мен мүшелер қызметін білмей тәлім-тәрбие жұмыстарын, балаларға білім беруді бағытталған дұрыс жолға қою мүмкін еместігін айтқан.
Атақты ғалым физиолог И. П. Павлов «Балаларды тәрбиелеу мен оларды дамыту физиологияға негізделуі керек,» — дейді.
Алғаш рет 1939 жылы А. Н. Северцев тұжырымдаған, кейін П. К. Анохин дамытқан (1949) системогенез туралы ілімнің мүшелер мен мүшелер жүйелерінің гетерохронды (гетерос — әр түрлі, хронос — уақыт) түрде болу негізінің жасқа байланысты физиологияның дамуына ықпалы күшті болды. Л. К. Анохиннің бұл пікірі бойынша, бала организмінің алғаш рет түрлі кезеңдерде дамуы оның құрылымдарының бір-біріне уақытша байланысты өзгеруі арқылы жетілетіндігін байқатады. Функциялық жүйелердің әр уақытта пайда болуы мен әртүрлі дамуы ең алдымен дененің бейімделу қасиеттерін негіздейді. Бұлай бейімделу нәтижелері биологиялық жүйелердің қызметінің беріктігін, мықтылығын көрсетеді. Ал мүның өзі онтогенездің түрлі кезеңдерінде көптеген жағдайлардың әсер етуінен пайда болады. П. К. Анохиннің әріптесі А. А. Маркосян 1969 жылы биологиялық жүйелердің бірліктігі тірі организмдердің қасиеттеріне негізделген жекеленіп дамудың жалпы заңдылығы екенін тапқан. Биологиялық жүйелердің бірінің қызметін екіншісі жартылай болса да орындай алуы, қайталауы, мүмкіндігінің қажеттіліктен артық болуы, оның жеке болімдерінің түрақты қалпына тез келуін қамтамасыз етеді.Биологиялық жүйелердің беріктілігі онтогенездік даму барысында бірнеше кезеңдерден өтіп, бейімделу реакцияларын дамыта түседі.Өсіп, дамып келе жатқан организмнің сыртқы ортамен байланысы күрделенген сайын бейімделуі де жоғары сатыға дами түседі.
Жеке басының дамуы кезіндегі мүшелер қызметінің қалыптасу зандылықтарына орыс ғалымдары И. П. Павлов, В. М. Бехтерев, И. А. Аршавский, А. Г. Хрипкова,
т. б. олардың еңбектерінің арқасында баланың жасына лайық шартты рефлекстердің қалыптасуы, бағдарлау реакциясының дамуы, сөйлеу қабілетінің қалыптасып дамуы, түрлі эмоциялық жағдайлардың байланысы, өзгермелі сыртқы ортаның жағдайларына бейімделу заңдары анықталды, балалар мен жастарға арналған оқулықтар шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет