Пәні: Биология Сыныбы: 11



бет1/4
Дата22.06.2017
өлшемі435,3 Kb.
#19855
түріСабақ
  1   2   3   4
Пәні: Биология Сыныбы: 11 «б» Күні:12.11.2015

Cабақтың тақырыбы: Мәдени өсімдіктердің іріктемелерін пайдаланып қолдан сұрыптаудың нәтижесін, түр критерийлерін, өзгергіштікті зерттеу

Сабақтың мақсаты:

1. Қолдан сұрыптаудың адамның араласуымен жүзеге асатынына оқушылардың көзін жеткізу; қолтұқымдар мен іріктемелердің түрлері қанша көп болғанымен, шығу тегі бір екендігін түсіндіру; қолдан сұрыптауда адамның керегіне қажетті белгілерін өзгерте алатындығын дәлелдеу.

2. Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыпталуды салыстыру және ерекшеліктерін анықтап, Ч.Дарвиннің эволюциялық  ілімі туралы білімді дамыту; Қоршаған орта заңдылығын ғылыми тұрғыда түсіндіру.

3. Оқушылардың шағын ізденушілік – өзіндік салыстыру  жұмыстары арқылы  шығармашылыққа, жүйелікке және жауапкершілікке тәрбиелеу; логикалық дүниетанымдық көзқарасты дамыту



Сабақтың түрі: Ұжымдық ойлау. Зерттеу сабағы

Сабақтың пәнаралық байланысы: география, экология

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Кейс-стади» әдісі бойынша топтық жұмыс, диалог, перфокарта, мәтінмен, ақпарат құралдарымен жұмыс, шығармашылық жұмыс , рефлексия арқылы кері байланыс.

Керекті құрал-жабдықтар:  ноутбук, презентация, суреттер, үлестірмелі тапсырмалар, 6-7 сынып оқулықтары.

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды 3 топқа бөлу

Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру.

Сабақ мақсаты мен жоспарымен оқушыларды таныстыру.

Өткен тақырыпқа жалпы шолу

2. Кіріспе кезеңі «Ой қозғау»

1. Сұрыпталу дегеніміз не?

2. Қолдан сұрыптау туралы не білеміз?

3. Табиғи сұрыпталу дегеніміз не?

4. Санасыз сұрыптау деген не?

5. Қолдан сұрыптаудың нәтижесі қандай?

6. Әдістемелік сұрыптау деген не?

Топқа тапсырма:

І. Түрішілік күреске мысал

ІІ. Түраралық күреске мысал

ІІІ. Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларымен күреске мысал



Жеке тапсырмалар. Перфокартамен жұмыс;

Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыпталуды салыстырып, жұмыс жүргізу.



Тапсырма№1 :  Қолдан және табиғи сұрыпталуды анықтау:

- жабайы қоян

- қояндардың түрлері

- иттердің жыртқыш тістері

- иттердің аязға төзімділігі

- иттердің адамзатқа үйренуі

- иттердің иіскеу сезімі

- Прежевальскийдің жабайы жылқысы

- Жылқылардың қолтұқымдары

- Жылқының тұяқтары

- үй тауықтарындағы жұмыртқасалғыштық

- тауықтардың жұмыртқамен көбеюі

- Алма ағашының жынысты көбеюі

- мәдени алма ағашының ірі және тәтті дәмдері

- ақ қоянның бүркеніш реңі

- қоянның таза ақ жүнді қолтұқымы



Тапсырма№2:  Бақ-бақ өсімдігінің  жер бетін басып кетпей,  тіршілігін жою себептері мынадай:

- жемістері шөппен бірге малға азық

- жемістерімен құстар қоректенеді

- өсімді мүшелерімен өсімдікқоректі жануарлар қоректенеді

- адамдар, көліктер, тракторлар басады

- басқа биік өсімдіктер әсер етеді

- өсімдіктердің өз бәсекелестігі

- тұқымдары шөлде, жартастарда  тіршілігін жояды

- тұқымдары қолайсыз жағдайға түседі

- өсімдіктер аяз бен құрғақшылықтан жойылады

- өсімдіктер аурудан өледі (вирус, бактерия)

Сұрақ: қандай тіршілік үшін күрес түріне жатады?



Тапсырма№3

Берілген сұрақтарды түсініп оқып, сұрыптаудың қай түріне жататынын әр-қайсысының тұсындағы торкөздің ішіне бас әрпін кою арқылы жауап кайырындар.

"Т" — табиғи сұрыпталу, "Қ" — қолдан сұрыптау.

1.Сұрыптау кезінде организмдегі белгілердін төзімділігін арттырады.

2. Жаңадан лайда болғап белгілер организм үшін зиянды,

3. Адам егіншіліклен жоне мал шаруашылыгымен айналыса бастаған соң колға алынды.

4. Нәтижесінде жана түр түзіледі.

5. Нәтижесінде қолтүкымдар мен іріктемелер алынады.

6. Жүруі білінфйді, кәзге көрінбейді.

7. Қажстті деп талңан белгіні өзгерту үшін жоспар күрады.

8. Тірщілік паііда болганнан бері үздіксіз, үзілісеіз жүріп отырады.

9. Пайда болган белгілер организмге пайдалы.



3.  Зерттеу бөлімі

Мақсаты: а)Қолдан сұрыптаудың адамның араласуымен жүзеге асатынына оқушылардың көзін жеткізу; ә) қолтұқымдар мен іріктемелердің түрлері қанша көп болғанымен, шығу тегі бір екендігін түсіндіру; б) қолдан сұрыптауда адамның керегіне қажетті белгілерін өзгерте алатындығын дәлелдеу.

Құрал-жабдықтар: итмұрын (шиповник) мен қолдан өсірілген раушан (роза) гүлдерінің кеппеөсімдіктері немесе түрлі түсті суреттері, қырыққабат іріктемелерінің суреттері, тауық, кептер қолтұқымдарының суреттері

Орындалатын тапсырмалар:

  1. Итмұрынның гүлін, жапырағын, мәдени раушан гүлдерінің іріктемелерін салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарап, қай мүшесі қандай мақсатпен өзгергенін талдау.

  2. Қырыққабат іріктемелерінің суретінен жабайы тегі мен қолдан шығарылғандардың өзгерген мүшелерін қарап, шыққан тегінің бір екендігіне көңіл аудару

  3. Тауықтар мен кептерлердің қолтұқымдарын жабайы тектерін салыстырып, сырт көріністерінің ерекшеліктерін байқап, қолдан сұрыптаудың нәтижесін, мақсатын тереңірек түсіну.

№1 тапсырманы орындау тәртібі:

1а.Итмұрынның қай мүшесі қандай мақсатпен өзгергенін талдау.

Сұрақтар:


  • Итмұрын қандай жерлерде өседі?

  • Биіктігі қандай?

  • Итмұрынның гүлінің түсі қандай?

  • Ботаникадан оқығандарыңды еске түсіріп,гүл құрылысын талдаңдар(тостағаншасы,күлтесі,аталығы,аналығының саны)

  • Жемісі қай типке жатады(шырынды ма,әлде құрғақ па)?

1б. Раушан іріктемелерін талдау.

  • Раушанды қандай жерлерде өсіреді?

  • Биіктігі итмұрынмен салыстырғанда қандай?

  • Гүлдерін итмұрын гүлімен салыстырғанда күлте санына,түсіне көңіл аударыңдар.

  • Жапырақтарында итмұрынмен ұқсастықтары бар ма?

  • Жемісін итмұрын жемісімен салыстырыңдар.Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтыңдар.

2.Қырыққабат іріктемелерін суреті бойынша талдау

  • Қырыққабаттың жабайы тегі қай жерде өседі?

  • Жабайы қырыққабат неше жылдық?

  • Жабайы қырыққабат қаудан түзе ме?

  • Гүл құрылысы қандай?

  • Мәдени іріктемелеріне ұқсас белгілерін табыңдар.

3.Тауықтар мен кептерлердің қолтұқымдарын сурет бойынша талдау.

  • Тауықтар мен кептерлердің жабайы тектерімен салыстыру

  • Олардың қолтұқымдарының сырт көріністерінің ерекшеліктерін сипаттау

  • Олардың белгілерінің ағза үшін пайдасы мен зиянын анықтау

4. Қорытындылау. Берілген жұмыстардың түйінін қорытындылау.

Қосымша тапсырмалар:1.Бір кеңістікте тіршілік етіп, бір-бірімен еркін шағылысып ұрпақ беретін, генетикалық жүйе құрап, бір түрге жататын даралар жиынтығы.

2. Ч. Дарвин тұқым куалайтын өзгергіштікті қалай атады?

3. Жеке өзгергіштіктің (айқын емес) қазіргі атауы.

4. Ч. Дарвиннің анықтауы бойынша иттің тегі.

5. Адамның алдына ешкаидай мақсат қоймай сұрыптауы, қолдан сұрыптаудын қай түріне жатады

6. Бір түр мен екінші түрдін арасында болатын тіршілік үшін күрес.

7.Көбейер кезде бір турге жататын құстардың орынға таласуы.

8. Қорек, ылғал, ауа жеткілікті болса да бір түрге жататын тұқымдардын бірі жақсы, екіншісі нашар, тіпті өспей қалуы — тіршілік үшін күрестің қай түрі?

9. Кактустың фотосинтез қызметін атқаратын мүшесі?

10.Қоршаған орта жағдайына бейімделіп, тіршілігін сақтап қалу үшін жазда ұйқыға кететін организм.

11. Табиғи сұрыпталудың нәтижесінде не түзіледі?

12. Бір түрге жататын даралардың сыртқы ж\е ішкі белгілерінің ұқсастығын көрсететін критерий.

18. Әр түрдің нақты алып жатқан орның анықтайтын критерий.

19. Бір түр мен екінші түр дараларының бір-бірімен шағылыспайтынын көрсететін критерий.

20.Организмдердің мінез-қылығының айырмашылығын анықтайтын кри­терий.

Рефлексия

Білемін Не білдім? Нені білу керек?



5. Оқушылардың білімдерін бағалау.

6. Үйге тапсырма: § 20-21 оқып келу, №1-6 тапсырмаларды орындау, тарауды қорытындылау


Каталог: uploads -> doc -> 0d67
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d67 -> Өзің білетін құстарды ата. Қандай үй ұүстарын білесің?
0d67 -> Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі Аубакирова Гүлмира Кеңесқызының «Заттың атын білдіретін сөздер»
0d67 -> Информатика пәнінің мұғалімі Абдукаримов Бақтыбай Амантайұлы ХХІ ғасыр көшбасшысы /зияткерлік сайысы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет