Пәні бойынша БӨж мамандығы: 6В01303 «Бастауыш білім беру педагогикасы» Тақырыбы


Әңгіме жанрын оқыту барысында көркем шығарманы талдау



бет2/9
Дата20.05.2024
өлшемі459,05 Kb.
#202528
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
шыгар маз

1. Әңгіме жанрын оқыту барысында көркем шығарманы талдау

Әңгіме-оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшелігі оқиғаны баяндау тәсілі, композициясы, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шырықтау шегі мен шешімі балады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Әңгіме жанры туралы толық түсінік берілген соң, оның авторы туралы мәлімет беріледі. Әңгіме жанрын оқытқанда оқушылардың қабылдау, сезіну қабілеттерін дамытумен бірге оларға әңгімені ғылыми негізде талдай білу үйретіледі. Бұның өзі жазушының эстетикалық және тарихи көзқарасымен, ерекшеліктерімен тығыз байланысты болып келеді.


Шығарманың идеялық мазмұнын ғылыми тұрғыда талдап ашуда жазушының эстетикалық талғамын, дүниетанымын, көзқарасын танып білудің мәні бар. Ал, ол жазушылардың өмірінен мәлімет беру арқылы жүзеге асырылады. Соған орай, мектептерде оқылатын шығармалардың идеялық,
композициялық, жанрлық негізіне қарай жазушының өмір сүрген дәуірінің белгілі бір кезеңіне (қоғамдық көзқарасы) оқушылардың назары аударылып, ерекше мән беріліп оқытылады.
Жазушы өмірінен мәлімет берілген соң, әңгіме мәтінімен жұмыс жасалады. Ал әңгіме жанры, оның өзіндік ерекшелігі, сюжет, композиция, тақырып, идея, кейіпкер, образ, портрет т. б. әңгіме жанрына қатысты әдеби теориялық ұғымдар жайлы түсінік оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігіне сай әр сыныпқа жіктеліп беріліп отырады. Оқушының есінде қалмаған немесе оларға әлі таныс емес ұғымдар болса, онда сабақ барысында қысқаша мағлұмат беріп, түсіндіріп кеткен жөн. Ал, мәтінмен жұмысты екіге
бөліп қарастыруға болады:
1) Мәтін мазмұнын меңгеру;
2) Мәтінге талдау жасау.
Мәтіннің мазмұнын меңгертуде сөздікпен жұмыс, мәнерлеп оқу сияқты түрлі жұмыстар жүргізіледі. Мәтінмен жұмыстың бұл түрі бірінші сағатта, яғни, кіріспе сабақта жүзеге асырылады. Ал мәтінді талдау, көбіне соңғы қорытынды сабақта жүргізіледі. Себебі, мәтіннің мазмұнын меңгермейінше, оған талдау жасау мүмкін емес. Мәтінді талдау барысында мәтінге жоспар құру, оны эпизодтарға бөліп, ат қою, т. б. жұмыстар жасалады.
Мәтінді талдаудың бірнеше түрі бар: образды, проблемалы, тұтас (автор ізімен), тақырыптық. Өтілетін әңгіменің ерекшелігіне қарай осылардың біреуін, не бірнешеуін қатар алып қолдануға болады. Талдау барысында қойылатын талаптар, сұрақтар, тапсырмалар оқушының жас ерекшелігіне сай болуы қарастырылады.
Әңгіме мәтінмен танысу, көбіне, сыныпта жүргізіледі. Бірақ, екеуі бір- бірімен тығыз байланыста болады. Мысалы, әңгімені, тіпті шағын көлемде болса да, түгелдей сыныпта оқуға уақыт жетпейді, сондықтан мұғалімнің қалауы бойынша ең негізгі, маңызды бөлімдер сыныпта оқылады да, қалған бөлімдер үй тапсырмасы ретінде беріледі. Әңгімені оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзді айқын, түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілуінің ашық болуын да талап етіледі. Сыныпта әңгімені дауыстап оқуда бұлар айқын көрінеді. Сондай- ақ, дауыстап оқу мен іштей оқуды алмастырып отырған жөн.
1- 2 сынып оқушылары дауыстап оқығанды, ал 3-4 сынып оқушылары іштей оқығанды қалайды. Мәтінді оқу барысында оқушыларға түсініксіз сөздер, сөз тіркестері, бейнелі сөздер кездесуі мүмкін. Бұларды оқушы өзі тауып аңғарған жөн. Бұл сөздерді түсіндіруде мұғалім сол ұғым төңірегінде сөйлеп, ол сөзге синонимдік қатарлар келтіріп, оқушының өзі түсінгенге дейін
жіктелуі керек. Сөздік жұмысы нәтижелі болуы үшін оқушыларға сөздік дәптер бастатып, жазғызып отыруға болады. Сондай- ақ әр оқушыға «сөздік қоржынын» жасатып, әр сабақта оны толтырып отыру талап етіледі. Қоржынды алфавит бойынша қалташаларға бөліп (А, Ә, Б, т. б.) кеспе қағаздарға үйренген сөздерін жазып, қалташаларға орналастырып отыруы тиімді болмақ. Барлық сөздің оқушы есінде қалуы мүмкін емес, керек уақытта қарап, пайдаланып отырады.
Енді қорытынды сабақтарда орындалатын жұмыс түрлеріне мәтінге жоспар құру, оны талдау, әңгіме кейіпкерлерімен жұмыс, әңгімеден алған әсерлерін жазу, т.б. шығармашылық жұмыстар жүргізіледі. Бұл жұмыстар барысында тәжирбиелік және зерттеу әдістері басшылыққа алынады. Себебі: әңгіме мәтінін талдау шығармашылық жұмыстарды қажет етеді. Қандай әңгімені оқыса да, оқушылардың ол туралы өзіндік әсері, пікірі туындайды. Біріне қатты ұнаған әңгіме екіншісіне мүлдем ұнамауы мүмкін. Өйткені әр оқушы көркем шығарманы өз дүниетанымы, сезімі, білім дәрежесіне қарай қабылдайды.
Көркем шығарманы оқып-үйренуде елеулі орын алатын жұмыстардың бір түрі мәтін жоспарын құру болып табылады.
Шығармаға жоспар құруда белгілі бір мақсат көзделеді. Ол мақсат әңгіменің мазмұнын ұқтыру, композициялық ерекшелігін таныту немесе автордың айтайын деген ойын білдіріу болуы мүмкін. Оқушыларға жоспарды үзінділерден гөрі, тұтас шығармаларға құрғызған қолайлы. Мысалы, бағдарлама бойынша Қ.Жұмаділовтың “Қозыкүрең ” әңгімесіне мынадай жоспар құруға болады:
1. Қонаққа бару.
2. Қонақта.
3. Қызық әңгіме.
4. Майданға ат апару.
5. Қозыкүреңнің қашуға дайындығы.
6. Қозыкүреңнің елге оралуы.
7. Қозыкүреңнің елді аралап көруі.
8. Сыйлық.
Шығармаға жоспар құрылғаннан соң, сол жоспар көмегімен әңгіме талданады. Басты оқиғаларды ашатын сұрақтармен қоса, әңгіме идеясына жақындата түсетін сұрақтарды қарастырған жөн.
I бөлімді қысқаша мазмұндатқан соң, оқушылармен бірге, отырып, оған «Қасқырлар мекені», «Қасқырлар ойнағы» немесе «Сорлы қозының тағдыры» деген ат қойғызып, мұғалім талдауды мына түрде жүргізеді.
— Қасқырлар тіршілігі қалай суреттелген ?
— Арлан қасқыр мен қаншық қасқырдың іс-әрекетін баянда.
— Тіршілік үшін күрес, сол жолдағы қаталдық қандай жолмен берілген?

Шағын болса да, әңгіме идеясын ашуда ерекше орын алатын II бөлімге де ат қою керек. Балаларға көмеке беру әрі әңгіме идеясына жақындату мақсатында мұғлім бірнеше тақырп ұсынады. Мысалы, «Адамдар қиянаты», «Табиғатқа шабуыл» т.б. тақырып таңдаған соң, мынадай сұрақтар қойылады.


— Қасқырлар ұясын адамдар неге талқандады ?
— Олардың іс – әрекеті дұрыс па ?

III бөлімге мынадай тақырыптар ұсынылады: «Көксерек пен Құрмаш», «Көксеректің ұрлығы» т.б. талдау сұрақтары:


— Ауыл иттерінен неге Көксерек қандай және не себепті жәбір көрді?
— Ауыл адамдары неге оны жек көреді, жазалады?
— Көксерек неге адамдар ортасына үйрене алмады?
IV бөлімге «Арлан», «Айқас», «Ұяласымен табысу» сияқты аттар қойылды. Талдау сұрақтары:
— Көксерек Құрмаш ықыласына не себепті көнбеді?
— Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты ?
— Көксеректің ауылдан кету себебі ?
V бөлімге «Шабуыл», «Қараадырдағы мазасыздық», «Қасқыр- қашанда қасқыр» деген аттар қойылып, мына сұрақтар беріледі:
— Қос қасқырдың Қараадыр еліне істеген жауыздығын қалай түсіндіресің ?
— Адамдар шабуылы, Көксеректің жалғыз қалуының себебі неде?
VI бөлімге «Жауыздық», «Құрмаш өлімі» сияқты аттар ұсынылып, мына сұрақтар қойылады:
— Көксеректің ауылға қалай тап болуы?
— Көксеректің Құрмашқа жасаған жауыздығын қалай түсіндіресіңдер ?
Бұл сұрақтар әңгіме мазмұнын, онда көрінетін басты мәселені ашу мақсатында қойылады. Әңгіменің алғашқы беттерінен- ақ оқушылар назараын жазушы көтерген мәселелерге осылай аударта отырып, қортынды талдауға мына сұрақтар арқылы жүргізуге болады:
1. Жазушы әңгімені неге «Көксерек» деп атаған?
2. Әңгіме негізін ашатын негізгі оқиғалар қайсысы?
3. Әңгіменің басты кейіпкерлері кімдер ?
4. Көксерек жауыздығы қасқырлар әлемінің тіршілігіне жатама?

Бұл сұрақтардың барлығы оқушылармен бірлестікте, қызу талас үстіне жүргізіледі. Оқушылармен пікірлеспей, санаспай, мұғалім өзінің дайындап әкелген талдауын алға тарту, өз пікірін білдіру оқушыларды жаттандылыққа, мұғалім мен оқулық сөзін қайталап шығуға ұрындырады. Әдебиетші мұғалім алдындағы оқушыға оқырман ретінде қарап, оқырман ретінде тәрбиелеуі керек. Әр бала жеке тұлға. Ол- психологиялық жағынан болсын, дүние танымы, білімі жағынан болсын бір-біріне ұқсамайтын адам. Талдау, ең алдымен, сол жеке адамның жеке пікіріне сүйене отырып жүргізіліуі тиіс. Әдебиеттану ғылымы әдеби талдауды ең басты мынадай ғылыми талдаудың негізгі принциптеріне басты назар аудартады:


a) Әңгімеге авторлық көзқарас.
Ә) Әңгімедегі мазмұны мен форма бірлігі.
б) Суреткердің көркем тәсілі, дүниетанымы, көзқарасы, олардың арасындағы байланысты ашу.

Қорыта айтсақ Әдеби талдауда осы принциптерді басшылыққа алу оқылып жатқан көркем туынды туралы, оның авторы туралы үстірт пікірлер мен жалған бағалардан сақтандырады. Әдеби талдаудың қай дәрежеде болуы мұғалімнің талдау әдістерінен қалай меңгергеніне де байланысты болып келеді. Мұғалімнің терең әдеби білімі, кең ой-өрісі, көркем туындыны объективті түрде бар бітім-болымысымен қабылдай білуі де талдауға асер етеді. Талдауда композиция, сюжет, жазушы стилі, көркем туынды негізінде жатқан идея ерекше назарға алынады. Сол себепті талдау барысында түрлі жұмыстар жүзеге асады. Атап айтсақ, кейіпкерлерге мінездеме беру, олардың іс- әрекеттерін салыстыру, әңгімедегі ерекше ұнаған эпизодтармен жұмыстар жүргізу, т.б. сондай-ақ білім берудің басты талабы — оқушыларды шығармашылық тұлға ретінінде қалыптастыру. Сондықтан баланың жас ерекшелігіне назар аудара отырып, әдеби талдауды да әр сыныпқа сай, жүйелі түрде жүргізу- ұстаздар алдындағы маңызды міндеттердің бірі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет