Пререквизит Қазіргі қазақ әдебиеті
Постреквизит Қазіргі қазақ әдебиетінің тарихы, қазақ әдебиеті сыны
2. Муталиева Раушан Мамырқызы
Қазақ филологиясы кафедрасы А корпусында (мекен-жайы), 356 - аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 1255
телефон: 87779391639
Е-mail: raushan_mutalieva@mail.ru
3. Нысан, мақсат пен міндет Пән нысаны: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ақын-жазушылар шығармашылығы.
Пәнді оқыту мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ақын-жазушылар шығармашылығын идеялық-көркемдік тұрғыда талдау.
Пәнді оқытудың міндеттері: - Ақын, жазушылар шығармалары жөнінде түсініктері болуы;
- шығармаларға идеялық-көркемдік талдау жасауды білуі;
- ақын, жазушы шеберлігін ашуда көркемдегіш құралдарды табуда икемді болуы;
- өлеңдерге, поэмаларға, романдарға, драмаларға талдау жасау бойынша практикалық машықтарды иемденуі қажет.
4. Білім, іскерлік, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар түсінігі болуы тиіс: ақын, жазушылар шығармалары жөнінде түсініктері болуы;
білуі тиіс: көркем шығарманы теориялық тұрғыда талдау талаптарын;
дағды мен икемділігі: ақын, жазушы шеберлігін ашуда көркемдегіш құралдарды табуда икемді болуы;
қолдана білуі: әдебиет тарихын бағыт, ағымдарға қарай анықтап, стильдік ерекшеліктерді айқындай білу;
құзыреттілігі: Әдебиет пен эстетика тұрғысынан көркем шығармаларға, әрі әдеби үрдістің құбылыстарына сыни баға беру.
5 Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары Академиялық сағаттарды сабақ түрлері бойынша бөлу