19
(Ш.Ыбыраев). Сондай-ақ космогониялық мифтер (дүниенің
жаратылысы туралы миф), антропогондық мифтер (адамдар, оның
жаратылуы жайлы айтылатын миф),
эсхатологиялық мифтердегі
қоғамдық сананың кӛркемдік танымда жаңғыруы да назар
аудартады (Ш.Ыбыраев. Қазақтың мифтері мен мифтік аңыздары
туралы. Қараңыз: Кітапта: Қазақтың мифтік әңгімелері. Алматы,
2002. 3-11 беттер). Авторлық тұғырнама кӛркем шығармадағы
автордың бейнесімнен ажырағысыз ұғым. Автордың бейнесі әдеби
туындыдағы суреткердің ӛз тұлғасының кӛріну қалпы. «Автордың
идеялық нысанасы, кӛзқарасы, ұғым-түсініктері, наным-сенімдері.
Кӛркемдік принциптері, суреткерлік шеберлігі бәрі-бірі кең, толық
мағынасында, әрине, шығарманың ӛн бойынан, бүкіл құрылыс-
бітімінен, идеялық-кӛркемдік сипатынан танылады. Бұл – оның
шығармашылық тұлғасы, жазушылық,
суреткерлік сипаты -
ӛзгешелігі, ал оның ӛнер иесі ғана емес, ӛз тағдыры, ӛз мінез-құлқы
бар жек адам ретіндегі бейнесін алсақ, ол жекелеген жанрда
(мысалы, ӛмірбаяндық, мемуарлық) болмаса, айқын кӛрініс
таппайды» (З.Ахметов). Рас, автордың бейнесі туындыларда әр
түрлі дәрежеде, деңгейде түрлі қырынан аңғарылады. Мысалы,
эпикалық шығармаларда автор негізінен алғанда оқиғаны
баяндаушы. Оның бейнесін оқырмандар оқиғаны айту мәнері,
кейіпкерлерді мүсіндеу ӛзгешелігі, суреткерлік мұраты, белгілі бір
этикалық мәселелерге кӛзқарасы, эстетикалық
нысанансы арқылы
ғана елестете алады. Ал драмалық шығармаларда автор оқиғаның
даму барысынан мүлдем сырт тұрады. Поэзиялық шығармаларда
автор, негізінен лирикалық тұлға ретінде танылады.Авторлық
тұғырнама қаламгер туындысында кӛзқарасы, ұстанымы, кӛркемдік
концепциясы тұрғысында ӛзінен-ӛзі ап-айқын болып тұрады деген
ұғым тумауы керек. Ол кӛркем шығарма болмысы мен мәтін
астарына терең үңілу барысында айқындалатын күрделі
шығармашылық үдеріс. Мысалы, қазақтың классик суреткері
Мағжан Жұмабайұлы «Шолпанның күнәсі» атты туындысында
ӛзінің авторлық тұғырнамасын ашық аңғартпаса да,
қаламгерлік
ұстанымын ішкі монологпен былайша ӛрнектейді: «...Тегінде
адамның жүрек сырын шеттің ұғуы мүмкін нәрсе емес қой. Теңіз
терең емсе, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел
толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да
шықпақ емес. Шықса шер мен сырдың кӛлеңкесі, сәулесі ғана
20
шықпақ. Дүниеде адамнан қиын жұмбақ жоқ. Адам – шешуі жоқ
жұмбақ. Шешуі деп атауға болатын болса, адамның шешуі жалғыз
ӛлім». Ал Ричард Бах атты қаламгердің «Шағаланың аты –
Джонатан Ливингстон» шығармасындағы авторлық ұстаным,
авторлық тұғырнама адамдықтың
кәмелеті - ұстаздық деген
тұрғыдан кӛрінеді. Мәселен, автор бір шағаланың баянын айту
арқылы адамзаттық мәндегі кӛкейкесті мәселені алға тартады.
Шағала ұшудың мәні жемге жету үшін ғана болса, мен неге ұшуым
керек дейді. Жылы жаққа кетпейді. Топтанып ұшпайды. Бәрінен
безінеді. Басқаны аңсайды. Қалған шағалалар оны есі ауысқан деп
тауып, безініп кетеді. Күндердің күнінде сол шағала ұшқаннан
ұшып, жеті қат кӛкті кӛктей ӛтіп соңғы нүктеге жетеді. Ол –
Жаратушы. Сонда ол сұрайды: «Ӛмірдің мәнісі осы ма? Мен бәрін
кӛрдім, бәрін білдім. Енді не істеу керек?». Жаратушы оған жерге
қайту керектігін сездіреді. Оралады. Бұрынғы жартасқа
отырып,маңаайына кӛз салады. Қараса, дәл ӛзіндей бір бір жас
шағала бәрінен оқшауланып, зәу кӛккеұмтылып жүр. Сонда ол енді
жас шағалаға ӛзінің білгенін үйрету керек екенін түсінеді (Е.Жүніс.
Құс қанатынан бір сӛз // Қазақ әдебиеті. 2009. 20.03).
Кӛркем туындыдағы авторлық тұғырнама – адамзаттық
сипаттағы мәңгілік мәселелерді кӛтеруімен де
дара тұратын
эстетикалық категория жүйесі. Оған сан ғасырлық сӛз ӛнерінің
дәстүрлі кӛркемдік күретамырына үңіле отырып кӛз жеткізе
түсеміз. Мәселен, жыраулар «Жыраулар поэзиясы – біздің
ұлтымыздың, мәдениетіміздің тарихындағы айрықша бір құбылыс.
Жыраулар поэзиясы – ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы
– әлемдік дәрежедегі құбылыс деп айтар едім. Ӛйткені мұндай биік
ӛредігі кӛркемдік, мұндай ой жүйесі, мұндай ақындық шеберлік,
ақындық рухтың шалқуы ӛте сирек кездесетін құбылыс»
(М.Мағауин). Немесе сал-серілер шығармашылығы. «Даланы
күңірентіп Ақан ән шырқаса, би билігін, кемпір ӛрмегін, сұлу
кесиесін қойып, аңырап тыңдай қалады» (Мағжан). «Қашанда
серілік сертінде тұрған, сұлулыққа іңкәрлікпен қарап, дүниеден баз
кешкен, періште болмысты ақын рухы ақындықты киелі құран
сӛзіне айналдырғаны анық» (Б.Кәрібаева). Ал
Абайдың поэзиясы
«жан дүниеңді баурап алатын қазақ сӛз ӛнерін қайта тірілте
отырып, замана үнін естіртті....Ӛз оқырманын тапты, оны тәрбиелей
бастады. Қазақтың жаны мен қанына қозғау салды» (Б.Кәрібаева),
21
Ж.Аймауытұлының «Ақбілек», М.Жұмабайұлының «Оқжетпестің
қиясында», «Қорқыт», М.Әуезұлының «Қилы заман», «Хан Кене»,
І.Есенберлиннің «Қатерлі ӛткел», М.Мағауиннің «Құмырсқа
қырғын», «Жармақ», Т.Әбдікұлының «Парасат майданы» т.б.
туындылар табиғаты соны айқын аңғартады. Мәселе, кӛркем мәтін
әлеміне еніп, авторлық тұғырнаманы терең екшеу мен пайымдай
білуде. Демек, шығарманы пайымдауда герменевтика мәтінді
ұғындыру және оның қағидаларын түсіндіру жӛніндегі ілімге иек
арту шарт. Герменевтика - гуманитарлық ғылымдардың
методологиялық негізі (З.Қабдолов. Б.Майтанов).
Сондықтанда да
түсіну ұғымы, түсінудің сипатында интуитивті тану мен
интерпретация (зерделеу) шарттылығын мәтіндік талдаудың
құрамдас бӛлігіне айналуы мейлінше қажет. Бұл орайда автор және
шығарма сынды әдеби-теориялық күрделі мәселе мәтіндік талдауда
шығарнамны пайымдау мен қабылдаудам ерекше орын алады.
Авторы мәртебесі реалды тұлға, автор образы, кӛркемдік қызмет
субъектісімен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: