Пәні: «Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі» Тобы: ТҚ-42 Күні



Дата20.04.2020
өлшемі1,69 Mb.
#63126
Байланысты:
Жұмыс орны
Еңбек тәртібін бұзу

Пәні: «Еңбек қорғау және техника

қауіпсіздігі»



Тобы: ТҚ-42

Күні: 16.03.2020

Тақырыбы: Жұмыс орны

Жұмыс орны дегеніміз – жеке жұмысшының немесе жұмысшылар тобының еңбек ететін аймағы. Онда технологиялық үдерістің операцияларын орындауға қажетті материалдық – техникалық өндіріс құралдары орналастырылады.

Жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру жұмыстары өндірістік санитария мен еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесінің талаптарына сай жүргізілуі тиіс. Бұл ретте жұмыс орнын жоспарлау жүйелеу, оны қажетті жаңа жабдықтармен жабдықтау, өндіріс құралдарын кеңіс орналастыру, жабдықтардың тиімді әрленуі мен нормаға сәйкес жарықтандырылуы қажет.

Жұмыс орнын жоспарлап жүйелеу төмендегідей шараларды қамтиды:

а) жұмыс кезінде адамның кедергісіз еркін қозғалуына мүмкіндік жасау;

ә) өндірістік жерді үнемді пайдалану және заттың тасымалдау жолын барынша ықшамдау;

б) жабдықтарды технологиялық үдерістің тізбектілігіне сәйкес орналастыру, оператордың қауіпсіз еңбек етуіне жағдай жасау.



Жұмысшылар жұмысты көбінесе отырып немесе тұрып жасайды. Әдеттегі жұмыстық қалып деп дененің алға қарай еңкеюі 10-150 аспайтын, артқа немесе қапталға қисаюды талап етпейтін жұмыс қалпын айтады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жұмыс орны дегеніміз?

  2. Жұмыс орнын ұйымдастыру шаралары?

  3. Адам денені ұстауы, жұмыс кезіндегі орташа қозғалу радиусы қандай?

  4. Жұмыс орнындағы құралдар мен өңделетін заттар оларды пайдалану жиілігіне қарай қалай орналастырылады?

  5. Тұрып жұмыс істеу кезінде қолдың жұмыс аймағы қанша?





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет