Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті педагогика және психология институты Жалпы және әлеуметтік педагогика және өзін -өзі тану кафедрасы
Аралық бақылау
(Эссе)
Пәні:“Өзін-өзі тануды оқытудың әдістемесі”
Тақырыбы: Өзін-өзі тану сабағында қолданылатын әдістердің маңызы
Орындаған: Түркпенбаева Қарақат
Топ: 325
Қазіргі уақытта еліміздің көркейіп, дамуы барысында келешек ұрпақ та осыған сай үнемі даму, күрделену үстінде болуы қажет. Өйткені еліміз осы қалыпта қалып қоймай ары қарай дамуына келер ұрпақтың қосар үлесі зор. Ел дамуы үшін оның ішіндегі халық дамыған болуы керектігі сияқты, адам дамуы үшін, ең алдымен оның ішкі жан дүниесі көркем болуы қажет, ал оны көркем ету үшін, адам өзін-өзі таныған кемел адам болуы тиіс. Осыған орай елімізге Сара Назарбаева “Өзін- өзі тану” пәнін алып келді. Бұл пән алғаш рет 2001 жылдан бастап сынақ жоба ретінде Қазақстанның мектептеріне енгізіле бастады. 2010 жылдың басында "Өзін-өзі тану" пәні 10500 білім беру мекемесінің 184-інде оқытылды. Ал 2010-2011 оқу жылынан бастап "Өзін-өзі тану" міндетті пән ретінде енгізілді. Бұл пәннің негізгі мақсаты: рухани адамгершілік білім беру, дамыту арқылы әр-түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес сындарлы шешу; өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау; адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету; өзімен өзі үндестікте өмір сүру; ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу; жасампаздық белсенділік, азаматтық және отансүйгіштік және толеранттық таныту; адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу; қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту. Осы мақсатта мектептерде бастауыш сыныптан, жоғарғы сыныптағыларға да өзін өзі тану сабағы өткізіліп, әр түрлі әдіс тәсілдер орындалады.
Бағдарламаның мазмұны төмендегідей оқытудың дәстүрлі және дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асырылады: «Шаттық шеңбері», «Әңгімелесу», «Әңгімелеу», «Дәйексөз», «Ойын», «Тыныштық сәті», «Өзіммен-өзім», «Сергіту сәті», «Дәптермен жұмыс», «Шығармашылық жұмыс», «Ғажайып сөздер», «Қорытындылау», «Жүректен жүрекке».
Сабақтарды ұйымдастырудағы ең маңызды кезеңінің бірі «Шаттық шеңбері» болып табылады.
«Шаттық шеңбері»-сабақтың бас кезінде қолданылатын әдістемелік тәсіл. Тәрбиеші балалармен бірге, барлығы бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасайтын шеңбер жасайды, әр түрлі ән айтып, өлең оқиды. «Шаттық шеңберінің» педагогикалық мәні - әрбір бала өзіне таныс үлкен достық шеңберіне қабылданғанын сезінеді, өзіне сенімі артып және өзгелердің де сеніміне ие болады.
«Әңгімелесу» — бұл балалардың тақырып мазмұнын түсінуіне мүмкіндік беретін дидактикалық тәсілдің сұрақтар мен жауаптар түріндегі қарым-қатынас нысаны. Балалар әңгімелесу әдісі арқылы тақырыптың мазмұнын саналы түрде меңгереді.
Тәрбиешіні және бір-бірін тыңдауға, тыңдаған шығарманы түсінуге үйренеді.
Әр бала тақырыпқа байланысты қойылған сұраққа жауап беріп, өз ой-пікірін айтады.
Тәрбиеші балалардың ойын, пікірін мадақтап, түрлі жағдайларға баға беруге үйретеді.
«Әңгімелеу»- балалардың көркем әдебиет шығармаларын, өмірдегі жағдаяттар, өсиет-әңгіме, өлеңдерді, күнделікті тұрмыста кездесетін жеке әрекет-қылықтарын тыңдауда жетекші рөл атқаратын маңызды әдістердің бір түрі.
Бала шығарма арқылы адам бойында болуға тиіс құнды қасиеттермен танысып, негізгі ойды түсінуге үйренеді.
Бала адамгершілік жөнінде жаңа ережелер мен ұғымдарды түсініп, бойына сіңіреді.
Шығармадағы кейіпкерлер бойындағы түрлі қасиеттер туралы түсінік алып, олардың жақсы немесе жаман екенін талдауға үйренеді.
«Дәйексөз»— балалардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалды - бейнелі қабылдауына ықпал ететін озін-өзі тану сабақтарының міндетті элементі болып табылады. Сабақтың дәйексөзі ретінде мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, афоризмдер алынады. Дәйек сөз ретінде алынып отырған халық мақал-мәтелдері, нақыл сөздер сабақта айтылатын негізгі ойды білдіреді.
«Ойын»— балалардың танымдық қызығушылықтарын жандандыру және меңгерген ұғымдар мен іскерліктерін бекіту үшін ұсынылатын оқыту әдісі. Ойындар (іскерлік, сюжеттік-рөлді, қимыл-қозғалыс, дамытушылық) баланың ойлау, есте сақтау, қабылдау, қиял сияқты психикалық үрдістерінің дамуына көмектеседі.
Ойын арқылы бала адамгершілік құндылықтар жөнінде тәжірибе жинақтайды, оқылған жағдаятты жақсы меңгереді.
Ойын арқылы балалар өздерінің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға үйренеді.
Ойын сабақ мазмұнына сәйкес алынып, жеке және топтық жұмыстар жүргізуде алға қойған мақсатқа жеткізіп, нақты қорытынды алуға көмектеседі.
«Өзіммен-өзім»-бұл тәсіл баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне септігін тигізеді.Тәрбиеші баланың көңіл-күйін көтеру негізінде төмендегі мәселелерді ескеруі қажет:
балалармен бірге айтылатын тақырыпқа сәйкес ойды, сұрақтарды, мәтінді бірқалыпты үнмен, жағымды эмоциялық көңіл-күй туындайтындай түрде айтуы керек;
мәтін мазмұнын баяндап тұрғанда сазды музыка әуені баяу ойнап тұрғаны тиімді;
әуен сазы, баланың көңіл-күйіне әсер ететіндей, ойлануға, өткенді елестетуге, қиялдауға, моральдық, этикалық ережелердің мінез-құлықтың жағымды жақтарына ықпал етуі қажет. Жаттығу аяқталғаннан кейін тәрбиеші балалармен қысқаша әңгіме өткізеді.
«Тыныштың сәті»-балаларға күн сайын бірнеше минут «тыныштыққа бой алдыра» білу өте маңызды. Бұл әрекетті кез-келген жерде және кез- келген уақытта жасап көруге болады. Балалардың ыңғайлы жағдайда отыруын ескертіп, қадағалап отыру керек. Арқаны тік ұстап еркін отырады. Бүкіл денені босаңсытып, қолды тізеге қояды. Ойды ізгілік күйге бейімдеу дегеніміз өзіне және жақындарына іштей игі тілек білдіру болып табылады.Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді.Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің сезімі мен көңіл-күйін жақсы сезінеді.
«Сергіту сәті» — шаршағанды ұмыттыруға, жалығуды болдырмауға, денеге түскен күшті төмендетуге қажетті өзін-өзі тану сабақтарының компоненті.Бұл жұмыс олардың белсенділігін арттыру үшін қолданылады.Сергіту жаттығулары бір әрекеттен басқа әрекетке ауысуға бағытталған қысқа ойындар түрінде жүргізіледі. Осы тәсілді қолдану топта жақсы көңіл-күй тудырады, ұқыптылықты, ұжымға топтасуға ықпал етеді.
«Дәптермен жумыс». Дәптердегі тапсырмаларды орындаудағы негізгі мақсат - балалардың жағдаяттарға сәйкес ойлау қабілеттерін қалыптастыру, өз іс-әрекетінің нәтижесін білуге баулу.
Сонымен қатар төмендегідей бірнеше міндеттерді шешуді көздейді:
•өзіндік талдау жасай білудің алғашқы дағдыларын қалыптастыру;
•дәл осы мерзімге сәйкес өзінің іс-әрекетін тексере білу;
Тәрбиешілер дәптердегі шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін ата-аналарға арнайы кеңес беруі керек:
•ата-ананы сол күні өткізілген сабақ мазмұнымен таныстыру;
•дәптердегі тапсырмаларды орындаудың ретін түсіндіру және орындалу барысына бағыт беру, оны балаға қарапайым түрде түсіндіру.
«Шығармашылық жұмыс»-өзін-өзі тану сабағының маңызды бөлігі. Сурет салу, макет, коллаж жасау әртүрлі нысанда өз бетінше және ұжымдық әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Шығармашылық тапсырмаларды орындаудағы негізгі мақсат- балалардың қызығушылығын туғызу, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуге үйрету, ойлау қабілеттерін қалыптастыру, өз іс-әрекетінің нәтижесін білуге баулу.
«Ғажайып сөздер»- бұл әдістемелік тәсілде балаларға сабақ бойы айтып үйренген жақсы сөздер мен сөз тіркестерін айтқызып, үйренген адамгершілік құндылықтарын пысықтап, бекіту мақсатында пайдаланылады.
«Қорытындылау»-сабақтың соңында жасалған қорытындыда тақырыпқа байланысты негізгі ой жүйеленеді.
«Журектен жүрекке» шеңбері - сабақ құрылымындағы негізгі міндетті әдістемелік тәсіл. Мұнда:
тәрбиеші балалармен бірге көңіл-күйді көтеруге бағыттап қысқаша тақпақтар, өлеңдер айтады;
шеңбер құра отырып, сөз алмасу арқылы өз ой-пікірлерімен бөліседі, бірінің ойын бірі жалғастыруға жаттығады;
бет әлпеті, қимыл- қозғалыстары арқылы көңіл -күйлерін байқатуға үйренеді;
•бір-біріне жылы тілектерін шын жүректен ұсына отырып, мейірімді қарым-қатынастары орнығады.
Осы келтіргендей “өзін-өзі танудағы” әр әдістің баланың жан жақты дамып, жеке тұлға болуына, ортаға бейімделіп, жақсы қарым қатынасқа үйренуіне, өздеріне дұрыс бағыт тауып, келешекте өздерін кез-келген жағдайда алып жүруіне, іштей, рухани дамуына қосар үлесі көп.