Пәні: Педагогика Тақырыбы



бет9/11
Дата27.04.2022
өлшемі64,54 Kb.
#141055
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
kursovoy pedagogika
111697, емтихан сұрақтары

Қортынды


  1. Т.Қожакеев «Көк сеңгірлер» атты еңбегінде : «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, кезінде біреулер оның балалар мінезіне, жас ұландар психологиясына үйлесімді нәрселерін идеализм, революцияға қарсы иісі аңқып тұрған жат дүниелер деп жоқ жерден қате тауып, мансұқ еткен. Бұл жала, бұл әділетсіздік енді артта қалды», - деп Мағжанның педагогикалық ойларына әділ бағасын берген болатын Мағжанның педагогика саласындағы еңбектері жайлы мынадай қортындыға келеміз: Мағжан психология мен педагогиканы біріктіріп, байланыста ұстаған тұңғыш ғалым. Екіншіден, ұлттық санамызға, болмысымызға жақындастырып, бала тәрбиесінде оның даму заңдылықтарын білу, ұлттық психология ерекшеліктерін есепке алған.

  2. Өз заманның ең білімдар адамдарының бірі Мағжан елінің мүшкіл халіне ерте көңіл бөлді. Оны ол өз поэзиясына, ұстаздық сөздеріне арқауы етті. Ол қазақ халқын өнер-білімге тек өзінің педагогикалық еңбектерімен ғана шақырған жоқ. Ең алдымен өзінің өлеңдерінде халықты сауаттылыққа, оқу оқып, білім алуға үндеді.

  3. Қазіргі кезеңнің өзінде психология ғылымы жаңа дамып, елімізде енді-енді жетіліп келе жатыр десек, ал Мағжанның қазақ арасында психология мәселелерін алғашқылардың бірі болып қарастыруы оның білімдарлығын байқатады. Исі қазақ М.Жұмабаевты ақын есебінде жақсы білсе, енді психология ғылымына да үлес қосқан ақын ретінде де жаңа бір қырынан тануда.

  4. Мағжанның «Педагогика» оқулығын оқи отырып мына қортындыға келеміз: ғалым ұлттық болысымыз мен сана-сезімізге жақын этнопедагогика, психология принциптерін негізге ал отырып жазған. Аталған еңбекті сараптай келе айтатыным өткенғасырдың басында 20-шы жылдарда педагогикалық-психологиялық трактатта айтылған ойлар бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізді дамытуда, әсіресе ұлттық байлығымызды пайдаланып, оны қажетімізге жаратуға таптырылмас мұра.

  5. М.Жұмабаевтың «Бастауыш мектепте ана тілі» еңбегі жан-жақты ойластырылған, сындарлы жүйемен жазылған. Мұнда ол сол кездегі тарихи жағдайдан туатын міндеттерді қарастырды. Сондай-ақ бұл еңбегінде оқытудың сабақтан басқа түрлеріне тоқталады.

  6. Қазақстан бүгіндері демократиясы дамыған, өркениет елдер қатарынан бағыт ұстап отыр. Еліміздің Президенті ұсынған «Қазақстан – 2030» - жолдауында еліміздің болашағы жастар, бүгінгі мектеп оқушылары. Бүгіннен бастап олардың бойына ұлттық рухты сіңіре отырып, Отанымызға шынайы патриоттарын, мәдениетті, білімді, парасатты, бауырмал, ізгі ниетті адал азаматтарын тәрбиелеп шығару қоғамның басты парызы. Жаңа ғасыр мектебін қалыптастыру үлкен ойлылықпен, іскерлікпен шешілетін мәселе. Тәуелсіз ел мектебін құруда Мағжанның тәрбиелік идеяларын қолдануымыз жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет