Пәні: тақырыбы


АУДАРМА ТҮРЛЕРІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ҚИЫНШЫЛЫҚТАР



бет3/4
Дата20.11.2022
өлшемі70,26 Kb.
#159074
1   2   3   4
Байланысты:
аударма теориясы 22

2. АУДАРМА ТҮРЛЕРІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ҚИЫНШЫЛЫҚТАР
2.1 Аударма теориясында кездесетін ерекшеліктер мен айырмашылықтар
Кез-келген адам өзінің білім деңгейін, танымын кеңейту мақсатында, ең алдымен, әлем әдебиетімен танысуға тырысады. Бірақ, барлық адамның әлемдік туындыларды түпнұсқа тілінде оқуға мүмкіндігі жоқ екендігі белгілі. Осы орайда аудармашылардың орасан еңбегі айқын көрінеді, нәтижесінде біз әлемнің теңдессіз мәдени мұрасына қол жеткізе аламыз. Әдеби туындыларды аударудың маңызы зор, себебі, ол әлемдегі түрлі ұлттардың өзара қарым-қатынас жасап, мәдениетін байытып, өркендетуіне мүмкіндік береді. Оқырман аударылған шығарманы оқу барысында оны көркем әдебиет деп біледі, сондықтан мәтінде түпнұсқадағы негізгі ойды, түпнұсқа тіліндегі әсерлілікті барынша жеткізіп, оқырманға ерекше әсер қалдыру үшін аудармашыға жазушылық дарын да қажет. Көркем аударманың ерекшелігі – көркем мәтіннің мазмұнының тереңдігінде және аудармашы көбіне түпнұсқа тіліне барабар келетін жаңа мәтінді жазып шығады деп айтуға болады. Көркем аударма үдерісінің нәтижесінде түпнұсқаның мазмұны мен пішіні арасындағы бірлік пен тұтастықтың сақталуының маңызы жоғары. Түпнұсқаның мазмұны мен пішіні арасындағы байланыс, келісім мен жарасым аудармада сақталмаған жағдайда әдеби шығарманың көркемдік табиғаты, автордың шығармашылық даралығы мүлде бұрмаланып, түпнұсқа бір басқа, аударма бір басқа – екеуі екі бөлек туынды болып шығады. Мұндай жағдайда аудармадан түпнұсқаның мазмұнын да, көркемдік – бейнелеу ерекшеліктерін де табу қиынға түседі. Ал, көркем аудармада түпнұсқаның мазмұны мен пішінін дәл жеткізу немесе біршама дәл жеткізу аударма ісіндегі ең бір қиын, күрделі әрі аудармашы шығармашылығының мағынасы мен мәнін анықтайтын айрықша маңызды көрсеткіш болып табылады . Бір ұлт тілінде жазылған көркем шығарманы екінші бір ұлт тілінің көркемдік бейнелеу құралдары арқылы дәл жеткізу, аудару оңай емес. Ал, түпнұсқа белгілі бір ұлттың ұлы ақынының шығармасы және оның ұлттық сипаты барынша анық болса, онда оны өзге тілге аудару аудармашыдан үлкен жауапкершілікті ғана емес, сонымен қатар, үлкен дарындылықты да талап етеді. Аудармашының шеберлігіне қатысты В. Набоков “Аудармашылық дарын – айрықша дарын. Ол өз тілінің айшығы мен ажарын, көркемдік бейнелеу мүмкіншілігін, бейнелілігін еркін меңгерген дарынды ақын болумен бірге, түпнұсқаның мазмұны мен мәнін, тіл байлығын, ұлттық бояуын жете білетін шебер маман дәрежесіне көтерілуі шарт. Сонда ғана ол аудармашы ретінде түпнұсқаның мазмұны мен пішінін толық игеріп, өз аудармасында олардың арасындағы байланысты, келісім мен жарасымды, тұтастықты сақтауға мүмкіндік табады” – дейді . Ғалымның пайымдауын толығымен қолдаймыз, себебі, аударма сапасы төмен болса, түпнұсқадан бөлек, басқа шығарманы оқып отырғандай әсер қалдыратыны анық. Мәтінді ұғынуға көптеген себептер әсер етеді: мәтіннің астарлылығы, ұлттық–мәдени ерекшеліктер, болмысы және тұрмыс салты, т.б. сондықтан аудармашы мәтінді осы талаптарды ұстана отырып бейімдеуі керек. Егер аударма сөзбе-сөз болатын болса, ол түпнұсқа мәтіндегі әсерлілікті ғана емес, тіпті негізгі ойды да жеткізе алмауы мүмкін. Аударылған мәтіннің түпнұсқа мәтініне толықтай сәйкес келмеуі жиі кездеседі. Бұның себебін аударма шығармаға қойылатын негізгі талаптармен түсіндіре аламыз. Аудармашы оқырмандарға автордың түпнұсқа шығармасы арқылы айтып-жеткізгісі келген негізгі ойы мен мүддесін аударылатын тілдегі тілдік құралдардың көмегімен мейлінше түсінікті етіп жеткізуге тырысады. Осылайша аудармашы түпнұсқа мәтініндегі автордың ойын оқырмандарға өз мүмкіндігін, қабілетін пайдалана отырып жеткізеді. Сондықтан, көркем әдебиет стилі түрлі салалар мен стильдерді өз бойында жинақтап, байланыстыратындықтан аудармашы тек тілді білумен ғана шектеліп қоя алмайды, түпнұсқа мазмұнына қатысты аялық білімінің болуы шарт. Дегенмен, аудармашы мамандар арасында түпнұсқа мәтінін оқырмандарға жеткізуге қатысты қарама – қайшы пікірлер де қалыптасқан. Оның бірі автордың ойын жеткізу үшін аударылатын тілдің тілдік құралдарын пайдалану арқылы түпнұсқаға өзгерістер енгізу болса, екіншісі – өзге мәдениет пен дүниетанымды түсінуді оқырманның өз еншісіне қалдырып, мәтінді сөзбе-сөз аудару. Соңғы ұстанымға сүйенудің нәтижесінде аударма кейде тым қисынсыз болып шығуы мүмкін. Аудармашылардың осындай қарама-қайшы пікірлерінің себебінен, кейде көркем мәтін аудармасын жоққа шығаратын тұжырымдар айтылып жатады. Нақтырақ айтатын болсақ, көркем аудармаға қол жеткізу мүмкін емес. Оның себебі, бір аудармашы түпнұсқа мәтінін өзіндік жеке дүниетанымына, ішкі сана-сезіміне сәйкес бір нұсқада аударса, өз кезегінде келесі аудармашы оны мүлдем өзгеше қабылдап, басқа нұсқада аударады. Осыдан келе көркем аударманың болашағына сәйкес кері болжамдар пайда бола бастады. Дегенмен, адамзат ертеден өзара түсіністікке ұмтылғандықтан, аудармашылар арасында да көпжылдық тәжірибе алмасу нәтижесінде әлемдік көркем туындылар әлі де қол жетімді . Көркем аударма поэзиялық тұрғыдан болсын, прозалық тұрғыдан болсын–өнер туындысы. Өнер – шығармашылықтың жемісі. Шығармашылық нақтылықпен қатар келе алмайды. Әдебиетте жаратылыстану ғылымдарындағы секілді нақтылық міндетті емес. Әр оқырман мәтінді оқу барысында автордың көздеген мақсатын, діттеген ойын өзінше түсінеді. Көркем аударма ұлттың ежелден бері қалыптасқан бай тілдік құралдарын пайдалана отырып, түпнұсқа мәтінін оқырманға жеткізеді, осылайша ол екі ұлттың тарихи және мәдени мұрасын, мол тәжірибесін қатар қойып, ұштастырады. Сондықтан аударылатын мәтіннің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты аударма барысында түрлі қиындықтар туындайды. Дегенмен, көп жағдайда автор мен аудармашының туындылары арасында айырмашылықтарға қарағанда, ұқсастықтар көп.

2.2 Аударманың даму тарихы


Қазіргі тіл білімі арқылы меңгерілетін көптеген күрделі мәселелердің арасында тіл аралық қатынастар қызметінің лингвистикалық аспектілерін «аударма» немесе «аударма қызметі» деп аталатын меңгеру саласы маңызды орын алады.Аударма – бұл, әлбетте, адам кәсібінің өте көне түрі. Адамзат тарихында адам топтарының тілдер айырмашылықтары бар қалаптасуымен қатар «әр түрлі тілдер» ұжымдарымен қатанасуға көмектесетін «билингвтер» де пайда болды. Жазба тілінің шығуымен осындай ауызекі «тілші-толмач» аудармашыларға жазбаша түріндегі де ресми, діни және іскери түрдегі әр түрлі мәтіндерді аударатын аудармашылар қосыла бастады.Басынан бастап аударма маңызды әлеуметтік адамдар арасындағы тіл аралық қатынасты жасайтын қызметті атқарды.Жазбаша аудармаларды тарату адамдарға басқа халықтардың мәдени мұраларына қол жеткізуді кеңейтіп, мәдениет пен әдебиеттерін байытуға, әсерін тигізуге мүмкіндік берді.Шетел тілдерін білу - бұл тілдердегі кітаптардың түпнұсқасын оқуға мүмкіншілік береді, бірақ бір ғана шет тілін меңгеріп алудың өзі әркімнің қолынан келмейді. Алғашқы аударма теоретиктері ретінде өздерінің тәжірибесін қорытындылауға ұмтылған аудармашылардың өздері болды, бірақ та кейде кәсіби бойынша әріптестерінің тәжірибесі де осыған қосылды. Өздерінің «аудармашылық ісін» көрсетуге барлық кезеңнің атақты аудармашылары болған еді, дегенмен олардың білдірген көзқарастары қазіргі талаптарға сай ғылыми дәлелді болмағанымен жүйелі теоретикалық тұжырымдамаларға енгізілмесе де, бір қатар осындай пікірлер мен көзқарастар күні бүгінге дейін өзіне қызығушылықты арта түседі.Сонымен, антик кезеңінің аудармашылары түпнұсқаға аударманың жақындық деңгей мәселесін кеңінен талқылауға түсірген. Библия мен басқа шығармашылардың ерте кездегі киелі мен негізгі болып саналатын аудармаларында түсініксіздікке немесе аударманың толық ұқпауына әкеліп соққан түпнұсқаны дәлме-дәл аудару мен тастап алуға талпыныстар басым болды. Сондықтан кейінірек кейбір аудармашылар түпнұсқаға қатысты үлкен бостандыққа ие болуға аудармашылар құқығын теориялық жағынан әріпті емес, мағынасы немесе жалпы көрінісін, түпнұсқа «ерекшелігін» көрсету керектігін айқындауға тырысты. Аудармашы көздеуге тиісті мақсаты туралы бастапқы пікірлердің өзіндеақ біздің заманымыздың дәлме-дәл немесе еркін аударманың болуы мен түп нұсқа ие болатын оқырмандарға әсерін тигізетін жақтарын сақтауға керектігі туралы көптеген теоретикалық даулы қайшылықтарды табуға болады.Кейінірек кейбір аудармашылар «жақсы» аударма немесе «жақсы» аудармашы дәрежесіне ие болатын бірқатар талаптарды көрсету арқылы «аударманың қалыпты теориясының» кейбір түрлерін қалыптастыруға тырысты. Француз гуманисі, айқын және аудармашы Этьенн Доле (1509-1546 жылдары өмір сүрген) оның ойынша, аудармашы бес шақты аударманың негізгі принциптерін сақтауы қажет деп көрсеткен, бұлар: 1. Аударатын мәтіннің мазмұны мен автордың мақсатын еркін түсіну; 2. Қандай тілден қай тілге аудару тілдерін біркелкі жетік білу; 3. Сөзбе-сөз, дәлме-дәл аудару жақтарынан бас тарту, себебі бұл түп нұсқаның мазмұнын өзгертеді де, оның көркемдік формасын жойып жібереді. 4. Аудармада жалпы қолданылатын сөйлеу түрін пайдалану; 5. Түпнұсқаның иісті «ырғағынан» шығып жалпы әсерін тигізетін сөздерді дұрыс қолдану мен тізбектеу.1790 жылы «Аударма принциптері» атты ағылшын А.Тайтлердің кітабында аударманың негізгі талаптары былайша көрсетілген: 1) аударма түпнұсқа идеясын толық беруге тиіс; 2) аударма стилі мен мазмұндамасы түпнұсқа сияқты болулары қажет; 3) түпнұсқа шығармасы сияқты аударма да, жеңіл оқылуға тиіс.Аударманың ғылыми негіздері жиырмасыншы ғасырдың ортасында қалыптасып, сол кезде аударма мәселесі тілшілер назарында бола бастайды. Бұл кезде дейін лингвистика ғылымы меңгеретін мәселелерге аударма мәселесі ешқандай жағымен енбейтін болып саналатын. Аудармашылардың өздері «аударма өнерінде» аударманың лингвистикалық аспектілері шағын, таза техникалық рөл атқаратындығын тұжырымдаған.Әрине, аудармашы түпнұсқа тілімен қатар аударма тілін жетік білуі тиіс, бірақ та тілдерді білу аударманың тек қана қосымша жағы, негізі емес, болып саналады. Осындай білімнің рөлін композиторға ноталарды білу рөлімен салыстыруға болады.Өздері жағынан, тілшілер аударма қызметін тіл білімі зерттеу объектісіне енгізуін көздемесе де, бірақ та ол лингвистикалық факторлармен айқындалды.Тіл білімінің басты назарынада тіл ерекшеліктерін меңгеруі болса, оның қайталанбас құрылымын грамматика жүйесі мен басқа тілдерден айырмашылығы болатын жеке тілдердің әрбір сөздік құрамының ерекшеліктерін ашуы болды. Бұның барлығы тіл ерекшелігі болып, оның ұлттық «рухы» мен әр түрлі тілдерде жазылған екі мәтіннің біркелкілігінің принциптік болмауын болжады.Аударма түпнұсқаны тиісті, дәлме-дәл түрде жеткізуді санағандықтан, аударма арқылы таза лингвистикалық себептермен атақты ақын мен жазушының шығармашылық ерекшеліктерін көрсетуі мүмкін еместігін дәлелдей отырып, мүлдем іске аспайтын кәсіп болып есептелінген.Тілшілердің аудармаға қатыстығын айқын түрде белгілі неміс жазушысы мен аудармашы Август Шлегелге жазған хатында В.Гумбольдт былай көрсетеді: «Қандай да болсын аударма, меңінше, орындалмайтын істі шешуге талпыныс болып саналатыны сөзсіз. Себебі әрбір аудармашы түпнұсқасын өз халқының тілі мен ерекшеліктері арқылы сақтауға қолға алып, немесе өз халқының ерекшеліктерін түпнұсқа арқылы беруде «су астындағы екі тастың біреуіне соғылуы тиіс».Осындай кейінірек «аударыла алмайтын теориясы» деп аталатын көзқарастарды көптеген лингвистер, оның ішінде, аудармашылық рөль атқарып жүргендердің өздері қолдады.» Аудара алмайтын теориясы» аудармашылар «орындалалмайтын» іспен айналыса бергендіктен, аударма тәжірибесіне ешқандай әсерін тигізген жоқ.Дегенмен, бұл теория аударманың лингвистикалық талдау жолында қайтсе де, кедергі етті. Жиырмасыншы ғасырдың ортасында тілшілер аударма ісіне қөзқарастарын өзгертуге мәжбүр болды да, оны жүйелі түрде меңгеруге кірісті.Біз білеміз, бұл кезеңде, алдымен саяси, коммерциялық, ғылымитехникалық және де «іскери» мәліметтердің аудармасы алға қойыла бастады, мұнда автор стилінің жеке ерекшеліктері меңгерілмей қалған еді. Осыған байланысты аударманың негізгі қиыншылықтары мен аударма процесінің барлық сипаттамасы бұл үрдеде қатысытын тілдер қолданыс тәртібі мен құрылымда болатын қайшылықтармен айқындалатындаға нақты қолдау тапты. Ал, егер де, тілдер қатынастығы туралы сөз етілсе, оны меңгерумен, әрине, тілшілер айналысуы тиіс.Осыдан басқа, аударма дәлдігіне қойылатын талаптардың рөлі нақтылай түседі. Деректемелерді аударуда «бүтіндей» аударманың дұрыстығымен, түпнұсқа мен аударманың оқырманға біркелкі әсерін тигізетіндікпен шектелуі мүмкін емес.Аударма барлық деталдарды, әрбір сөздің мағынасына дейін, түп нұсқаға жақынырақ ақпараттарды жеткізуін қамтамасыз етуі тиіс.Аударма процесінің тілдің алғашқа негізі айқын көрініс табады.Бұл процестің лингвистикалық болмысы неде нақты лингвистикалық факторлармен ол қандай дәрежеде анықталады, ақпаратты дәл жеткізуде осындай факторлар қалайша шектеу жасайды екендіктерін анықтау қажет етіледі.Көптеген елдерде аудармашылар керектігін әжептәуір қанағаттандыру үшін, аударма мектептері, факультеттер мен институттар құрылды. Тәртіп бойынша, аудармашыларды даярлау шетел тілдері берілетін оқу-мекемелері: университет пен институт негізінде өткізілді және де тілдер оқытушыларына аудармаға үйрететін оқу құралдары мен тиісті бағдармалар жасау міндеті артылды.Тілші-мамандары жоғары кәсіби аудармашылар дайындайтын тиімді курстар құру үшін керекті ғылыми негіз жасауға тиісті болды. Көптеген аударма мамандарын даярлау аудармашы кәсібінің: «Аудару үшін екі тілде сөйлеу мәнін білу шарт» атты салттық формуласының керексіздігін көрсетті. Бұл формулада көрсетілген факторлар өз бетінше шеберлікпен аудара білуді қамтамасыз етпейді екен, тек қана екі тілді жай білу ғана емес, оларды «аудара білудей» білу керек, яғни бір тіл единицасының екінші тіл единицасына ауысу жағдайы мен тәртібімен тіркесу арқылы білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет