Пәні Технология Тақырыбы



Дата18.02.2018
өлшемі49,75 Kb.
#37862

Пәні

Технология

Тақырыбы

Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі. Етті дастарханға тарту реті.Еттің тағамдық құнарлылығы. Ет сапасын анықтау.

Сілтеме

Технология оқулығы 8-сынып Е.Ермилова ,И.А.Товченик

Жалпы мақсаттар

Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарын үйрету

Оқыту нәтижесі

Ұлттық тағамдардар ,етті дастарханға тарту, еттің тағамдық құндылығын және сапасын анықтауды біледі.

Негізгі идеялар

Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық сезімді қалыптастыру, қазақ халқының ұлттық тағамдарының қасиетін ұғындыру .





Жүргізетін жұмысым


Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

2 минут


І. Психологиялық дайындық

I Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушылардың сабаққа қатысын қарау.

ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру



Мұғаліммен сәлемдесу

Оқушыларды 2-топқа бөлініп, отырғызу.

Оқушылар бағалау критерийлерін құру.

Топ ережесін естеріне түсірeді.

Топ басшысын сайлау.


5 минут


ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

«Сұрақтар қорапшасы»

Қорапшаға әр топқа түрлі түстерден жасалған конверттер салынады.

Әр конвертте 3 сұрақтан болады.

Әр топ басшысы қорапшадан конверт алады, өздеріне берілген сұрақтарға жауап береді.

7 минут


ІІІ Жаңа сабақ

Жаңа сабақты бейнетаспадан көрсету

Қолда өсірілген малдың етінде орта есеппен 52,8-73,7 пайыз – су, 15-20 пайыз – белок, 5,8 – 29,4 пайыз – май, 0,8 – 1,1 пайыз – күл, құс етінде 50 – 64,4 пайыз су, 18,2 – 19,8 пайыз – белок, 15,5 – 31,2 пайыз – май, 0,9 – 1,1 пайыз – күл болады. Әрбір мал түлігі етінің бір-бірінен айырмашылығы биохимиялық құрамы мен дәмінде. Сиыр етінде гистамин көп, мал етіне қарағанда, құс етінде коллаген, эластин аз. Ол жеңіл қорытылады. Етте толып жатқан минералды заттар, атап айтқанда, темір мен дәрумендер бар. Әсіресе, бауыр темірге, А1, В2, В6, В12 дәрумендеріне бай. Оның үстіне, өте маңыздысы, еттің құрамына экстрактивті деп аталатын заттар кіреді, олар қайнатқан кезде сорпаға ауысады. Экстрактивті заттар тәбетті қоздырады, ас қорытатын сөлдердің бөлінуін күшейтеді. Етті көп жеу организмде экстрактивті заттарды, атап айтқанда, несеп қышқылын құрайтын пурин негіздерін, сондай-ақ, азотты метаболизмнің түпкі өнімдерін көбейтіп, ауыртпалық түсіреді. Жеңіл дене еңбегімен шұғылданатын ересек адамға аралас тамақтанған ретте, күніне 150-200 грамм ет немесе ет өнімін жеу жеткілікті.Қазақша ет – малдың етін қазанға асып, піскен соң түсіріп алып, сорпасына жайма нан салып пісіріп, оны табаққа салып, үстіне ет турап, тұздық құйып жейді. Қонақтардың түріне қарай малдың әртүрлі арнайы мүшелері қазанға салынады. Ет – қазақтың ең басты, қадірлі тамағы. Қонақ келгенде, аруақтарға ас бергенде, той жасағанда ет асады.


Бас тарту – сыйлы, алыстан келген қонақтарға мал сойып (қой), етпен бірге бас ұсынады. Сиырдың жарты шекесі, қойдың басы тұтас, жылқының басы кеңсірігінен шабылып, тұтас немесе екіге бөлініп асылады. Қойдың, сиырдың басын үйітіп, тісін бір-екі жерден қағып, жуып тазалап алып барып қазанға салады.

Оқушылар жаңа тақырып бойынша түсінік алады

7 минут


IҮ. Оқулықпен жұмыс

«Ойлан ,Жұптас,Талқыла»

Оқулықта берілген мәтінді бөлініп оқып көршісіне түсіндіру.


Берілген мәтінді мұғалім басшылығымен межелі жерге дейін оқу

Мұғалімнің қосымша сұрақтарына жауап беру:

2 минут

V. Сергіту сәті

Оқушышылар орындарынан тұрып ,сергіту сәтін орындайды

8 минут

VI Топпен жұмыс

1-топ еттің сапасын анықтайды

2-топ еттің тағамдық құнарлылығы туралы

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларына дайындалып постер қорғайды.

Топтар бір - бірінің жұмысын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.



5 минут


ҮІІ. Ойтолғау

Қызығушылықты ояту

Ет ,тамақ түрлеріне байланысты мақал –мәтелдер айту



Әр топтан оқушылар шығып білетіндерін айтады.

6 минут

ҮІІІ. Сабақты бекіту

«Крестик-нолдіктер» әдісі

Сабақты бекіту мақсатында 2 топтың білімін сұрақтар қою арқылы тексеру



Топтар бір –біріне сұрақтар қояды

3 минут


ІХ. Бағалау критерийі

Ұпай сандары есептеліп, жеңген топ анықталды .



6 – 9 ұпай – «5»

5 – 7 ұпай – «4»



3 – 5 ұпай – «3»




Х .Рефликсия

- Бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Қандай тапсырма қиын болды?

-Қай тапсырма оңай болды?


Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып «Көңіл күй» кілемшесіне жапсырады.

Үйге тапсырма

Қой етінен дайындалатын шалаөнімдер тақырыбына дайындалып келу.

Пән мұғалімі

Кадирғалиева Гулнар Ерғалиевна


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет