Пәні: Яссауитану Қабылдаған: Адиева Ләззат Орындаған



бет11/15
Дата19.03.2022
өлшемі85,16 Kb.
#136237
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Яссауитану БӨЖ рек

Яссауилік
Ахмет Яссауиден кейiн онын сопылык жолы мен ой-пiкiрлерi мүриттерi (шәкiрт) аркылы бірте-бірте Орта Азиянын әртүрлі аймактарына тарады. Оның жолын ұстанған ізбасарларының тарикаты яссауилік деп аталғаны секiлдi, олардын дауыстап зікір салуына байланысты жахрия және тарикат өкілдерінің басым көпшілігін түріктер құрагандыктан силсилаи машайыхы турiк деп те аталған. Ахмет Яссауидiн ен атакты халифалары Мансур Ата, Сайд Ата, Суфи Мухаммед Данишменд және Хакім Ата болып табылады. Яссауилік тарикаты көбінесе Хакім Ата және онын шәкірттерi арқылы жалғасты.
Сүлеймен Бакыргани деп аталған Хакім Ата (олген ж. 582/1186) сопылык жолда бiлiм алғаннан кейін Яссыдан шығып Хорезм аймағына барады. Бұл жерде дiндi насихаттап, халықты тура жолға шақырады. Ұстазы Ахмет Яссауи сиякты хикмет жолымен түркi тiлiнде өлендер оқыған Хакім Атанын кейбір өлендері «Бакырганнын кiтабы» деген шығармасы аркылы бүгiнгi күнге дейін жеткен. Сондай-ак «Акыр заман кітабы», «Хазреті Мариям кітабы» және «Митражнама>> сиякты баска да поэзиялык шыгармалары бар. Хакім Атаның өмірі мен аныз-әңгiмелерi, авторы белгiсiз түрiк тiлiнде жазылган «Хаким Ата кітабында» баяндалған. Оның «Барча яхшы бiз яман, барча бугдай бiз саман» яғни «бәрi жаксы бiз жаманбыз, бәрі бидай (сиякты кунды) біз сабанбыз>> және «Әр адамды кыдыр деп бiл, әр тундi Кадiр деп біл» - деген сөздері халык арасына кеңінен тарады. Ол Өзбекстаннын Каракалпакстан автономиялык каласында жерленген. республикасындағы Қонырат
Хакім Атанын ен атакты халифасы Зенгі Ата (Өлген ж. 656/1258) болып табылады. Ташкентте өмір сүрген Зеңгі Атаның мал багып (шопан болып) күн көргендiгi және ұстазы Хакім Ата кайтыс болғаннан кейiн онын жесір калган әйелі Анбар анамен уйленгендігі туралы деректерде айтылған. Зеңгі Атанын атакты терт халифасы: Ұзын Хасан Ата. Сәйид Ата, Садыр Ата және Бадыр Ата болып табылады. Бұлардын iшiнде Сайид Ата мен Садыр Атанын Дешті Қыпшақтағы Сарайшық қаласына барып, ол жерде Алтынорда әміршісі Өзбек Ханды Ислам дiнiне шакыргандыгы, сондай-ак Садыр Атанын әулиелiк керемет көрсетуiнiн нәтижесiнде Өзбек ханмен бiрге 70. 000 адамнын мұсылман болғандығы туралы айтылған.
Ахмет Яссауидiн тағы бір мүриті (халифасы) Сопы Мухаммед Данишменд Отырарда текке кұрып халыкты тура жолға шакырды. Данишмендтін ең атақты шәкірті Сүзүк Ата (кейбір деректерде лакап аты Сукчук немесе Сүксүк деп жазылған) деген атпен танымал болган Шейх Мустафа болып табылады. Шейх Мустафанын халифасы Ибрахим Ата, ал Ибрахим Атанын баласы Исмайыл Ата болып табылады. Әкесі дүниеден өткенде он жаста болған Исмайыл Ата дiни-сопылык бiлiмiн Хорезм, Бухара және Самарканд калаларында алғаннан кейiн Ходжендке барып Шейх Маслахат Ходжендиден руксат алып, өзінің туған жерi Қазығұртка барып халыкты тура жолға шакыра бастайды. Онын улы әрі халифасы болып табылатын Кожа Ыскак әзiнiн XIV ғасырдың ортасында жазган «Хадикатул-арифин (Ғалымдардын бакшасы) атты түрiк тiлiнде жазылган шыгармасында кесi Исмайыл Ата мен баска да кейбiр сопылардын козкарастары және яссауия тарикатынын устанган жолы жайлы мағлұматтар баяндалған. Исмайыл Ата мен ұлы Қожа Ыскактын кабiрлерi Казыгурт ауданына жакын жердегі Тұрбат ауылында орналаскан. Жогарыда айтылып өткен Сүзүк Атанын Таразда басшылык еткен «Маликуз зуххад» есiмдi адамға халифалыкты бергендiгi, бул жолдын Әбу-н Нур Сулейман Ашк бин Давуд және Жамалиддин Мухаммед Қашғари аркылы жалгаскандыгы айтылған.
Жоғарыда аттары аталган Зенгi Атанын муридi және халифаларынын бiрi Садыр Атадан кейiн ретімен Элемин Баба (кейбір деректерде Эймен немесе Алмин). Шейх Али Шейх және Маулуд Шейх халыкка дінді насихаттап, тура жолга шакыру жұмысын жалғастырған. Маудуд Шейхтен кейiн яссауилік тарикатынын силсиласы екi тармак болып жалғасады. Бiрiншiсi Кемал Шейх Икани ал екiншiсi болса Хадим Шейхтен басталады. Кемал Шейхтен кейiн силсиланын осы тармагы былай жалғасады: Шейх Алиабади (Сейіл Ахмед), Шемседдин Өзгенди, Абдал Шейх (Шейх Увейс). Шейх Абдулваси және Шейх Абдулмуһаймин. Сонгы аталган кiсi XVI ғасырда Ташкентте өмір сүрген. Бұл силсиладағы Шемседдин Өзгенди "Шемс-и Аси" атымен Хикмет стилінде өлендер айтқан. Хадим Шейхпен басталған яссауилiктiн екiншi тармагы болса екіге белiнiп жалғасқан: Бiрiншi тармак Хадим Шейхтін халифалары Шейх Джемаледдин Кашкари Бухари, Сулейман Газневи және Сейіт Мансур Балхимен (өлген ж. 965/1557) жалгасып Османлы дәуiрiнде Стамбулға зияратка барган накшбанди және яссауи тарикатынын шейхі Ахмед бин Махмуд Хазиниге дейiн жалгасады. Хазинидін шығармаларынын кейбiрi мыналар: «Жауахирул əбрар мин эмуажил бихар», «Манбаул збрар фи риязил әбрар», «Хужжатул абрар», «Тасаллатул кулуб», «Жамнул муршидин» және «Диуан». Бұл тар мактагы Джемаледдин Кашгари Бухариден кейiн баска бiр тармак та Шейх Худайдал Букари Газиреги (елген ж. 939/1532). Маулана Вели Кухи зери, Қасым Шейх Азизан Керминеги (елген ж. 986/1578-79) және Пірім Шейх аркылы жалғасып Алым Шейхлакап атты Мухаммед Алым Сыддыкиге (елген ж. 1043/1633) дейін жалғасады. Сонгы аталған кісі 1033 жылы (1624) аяқтаған «Ламахат мин нафахатил кудс» атты парсы тілінде жазылған шыгармасында Ахмет Яссауиден бастап өз кезенiне дейiн өмір сүрген көптеген Яссауи шейхтерi туралы манызды мәліметтер берген. Алым Шейхтін халифасы болған Маулана Османга мүрит болып халифалык алган букаралық Маулана Мухаммеди Имла (олген ж. 1162/1749 1750) Яссауилікпен коса накшбандиядан да руксат (ижазат) алған еді. Ғалым Шейхтін халифаларының бiрi Мухаммед Шериф Букари (елген ж. 1109/1697) парсы тiлiнде жазылган «Хужжатуз закиринли раддил мункирин» атты шығармасында бiр жағынан жария зiкiрдiн (жахри - дауыстап зiкiр салу) дұрыс екенін дәлелдеуге тырысса бiр жағынан да бұрынгы яссауи тарика тынын шейхтерi туралы мәліметтер берген.
Ол кiсi яссауилікпен коса накшбандиядан да руксат алған еді. Хикмет дәстүрi бойынша түрік тілінде өлендер жазған Құл Шерифтің де осы кiсi екендiгi туралы болжам бар. Өзiнен кейiн силсила ретімен Фетхуллах Азизан және Лутфуллах Азизанмен жалғасып Шейх Худайдад бин Таш Мухаммед Бухариге (1216/1801) дейін жалғасады. Сопылыкка катысты бірнеше шығарма жазған Шейх Худайдалтын <<Бустанул мухиббин» атты түрiк тiлiнде жазылған шығармасында яссауи лік тарикатынын әдептері туралы манызды мәліметтер берген және жария зiкiрдi (дауыстап зiкiр салу) дұрыс деп айткан. Онын халифасы Омар Ишан яссауилікпен коса накш-бандиліктің мужеддидия тармагын ұстанған. XIX ғасырдың басына дейін жалғасқан және әлсіреген немесе накшбандилiк iшiнде ассимиляцияға ұшыраса да силсиласы белгілі болған яссауилік, XIX ғасырдан кейін жазба деректерде ушыраспайды. XIX гасырлын сонында орыстар Орталык Азияда билік жүргізе бастағаннан кейiн В-түссiз гайып болды.
Жоғарыда аттары аталған Яссауи шейхтерiнен баска, деректерде емiрi немесе силсиласы туралы жеткiлiктi мәлімет жок баска да яссауилік тарикатынын мүшелерi бар. Ахмет Яссауиди халифалары Баба Мәшiн және Яшлыг Юнус Ата, Ысмайыл Атанын мурит Отлуг Юнус Ата, Бахаеддин Накцибендпен кездескен Кусем Шейх. Халил Ата және Пехливан Ата, Эмiр Кулалдын улымен кездескен Как Ата, түркiстандык Тонгуз Шейх, тек түрікше сөйлегенi үшiн Түрікшіл Ата деп аталган ташкенттiк бiр яссауи тарикатынын шейхi осылардын бір белігі гана. Өмірде болган бiр шейхтен сопылык бiлiм алмай тусiнде Ахмет Яссауиден немесе кейінгі Яссауи шейхтерiнiн бiрi Увейси аркылы халифалык алганын айткан адамдар да болган. ХV ғасырда Шехрисебз жакта омiр сүрген және Хазрет Бешир деп аталған Сайiд Ахмед Бешири (өлген ж. 868/1463) мен XVI ғасырда Шығыс Түркістанда өмір сүрген және Жаркентте кайтыс болған Мухаммед Шериф Бузургвар (өлген ж. 963/1556-57) осылардын катарына жатады. Сәйiд Ахмед Беширидiң өмiрi және аңыз-әңгiмелерi Насыр бин Касым Түркістанидін «Хешт хадика>> немесе «Хадикул жинан» атты парсы тілінде жазылған шығармасында жинакталган. Мухаммед Шериф Бузургвардын аныз әнгімелерi болса Мухаммед Сыддыктын түрiк тiлiнде еленмен жазылған «Тезкире-и Мухаммед Шериф Бузугвар» атты шығармасында және дәл осы атаумен бiрак авторы белгiсiз баска бiр түрiкше шығармада жинақталған. Кейбір деректерде татар және болгар жерiнде өмір сүрген Біраш бин Абраш Сопы. Уфа жакта жерленген Хусейн Бег, Әзірбайжаннын Ниязабад каласында кесенесі бар Авшар Баба және Түрікменстанда өмір сүрген Гөзлү Ата секiлдi кiсiлердiн яссауия тарикатынын шейхi немесе даруiшi екендiгi де айтылады. XV гасырдын сонында жазылган деп айты латын Вилайетнаме атты шыгармада анадолылык сопылардын бiрi Қажы Бекташ Уәли тікелей немесе тiкелей емес Ахмет Яссауидін халифасы деп көрсетілген болса да, бул шыгармадан бұрын XIV гасырда жазылган Эфлакидін «Манакыбул арифин» атты шығармасында және XV гасырда жазылған «Ашыкпашазаде Тарихында>> Кажы Бекташ Уәлидін вефаня тарикатынын шейхi Баба Расуллакап атты Баба Ильясы Хорасанидін халифасы екенi туралы ашык айтылған. Сондай-ак ХVII гасырда жазылған «Әулие Челеби Саяхатнамасында>> иссауия тарикатынын даруiшiдеп жазылған Гейіклі Баба және Әміржі Султаннын (Әмiрi Чин Осман) одан да ескі және сенiмдi деректер Элван Челебидін «Менакы бул кудсиесі» мен «Ашыкпашазаде Тарихында» вефаия тарикатынын шейхi Баба Ильястын басты халифаларынын бiрi екенi жазылган. Одан кейiнгi және сенiмдiлiгi аз «Вилайетнаме» және «Саяхатнама» сиякты кейбір деректерде Анадолыдағы кейбiр вефаия тарикаты мүшелерінін яссауия тарикатынын мүшесі сиякты көрсетiлуi, ХIII гасырда вефаия шейхы Баба Ильяси Хорасанидiн Анадолы Селжук Мемлекетіне карсы бастаған көтерілісінін әлеуметтік психологияға тигізген әсерінен туындаған болуы мүмкін. Бабаилер кетерiлiсi деп аталған бұл козғалысты мемлекет токтатканнан кейiн вефаия тарикатынын мүшелері, әсіресе бабаилерге катысы бар сопылар, көтерілісші деген аттан алыс тұру үшін тарикаттарынын атын жасыруы немесе Ахмет Яссауидін жолында жүргендерін айтуы мумкін. Кейiнгi гасырларда да осы сездер Вилайетнаме және Саяхатнама секiлдi кiтаптарға енген. Сондықтан да сенiмдi деректер және түпнұска силсиланамалар табылмаганша Анадолы және Балкан аймақтарында яссауилік бар деп айту ете киын. XIX ғасырдың сонында Орталық Азиянын Фергана ангарында және Кыргыз аймактарында кездесетiн лачилер мен шашты ишандардын да яссауилікке катысы дəлелденбеген. Олар Орталык Азия календерилерiнiн сонгы калдыктары болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет