Пәні: Яссауитану Қабылдаған: Адиева Ләззат Орындаған



бет12/15
Дата19.03.2022
өлшемі85,16 Kb.
#136237
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Яссауитану БӨЖ рек

Тариқаты
Жалпы тариқат жолынын ислам дiнiн кабылдаған халықтардың көпшілігіне өздерiнiң дәстүрлі мәдениетін кайтарып бергендігі туралы пікір калыптаскан. Мысалы, орыс ғалымы О. Ф. Акимушкин былай дейді: " Сопылықтың өмір сүруінде оның таңғажайып әлеуметтік пластикасы да маңызды рөл атқарды; губка сияқты, ол дәстүрлі халықтық культтер мен нанымдарды сіңіріп, оларды таза мұсылмандық жолмен қайта өңделген бұқараға қайтарды. Осыған байланысты көптеген ислам ғалымдары Р.Николсоннан кейін сопылықты тек діни философия ретінде ғана емес, сонымен бірге исламның бұқаралық діні ретінде де қарастыруға бейім. [Акимушкин, 1989, c. 5].
Бiрақ тариқат жолы ислам дінінің негізгі қағидаларына ешкандай нускан келтірген жок. Тарикат жолының негiзгi шарты, алдымен шаригат жолын мойындау болып табылады. Кожа Ахмет Йасауи өз хикметтерiнде бул туралы былай дейді:

"Шариғатсыз тарикатка кiргендердің,


Шайтан келiп иманын алады екен.
Осы жолда тiрсiз дуга кылгандары,
Сарсан боп ара жолда калады екен"
[Йасауи, 2000. 6. 104].

Алайда тарикат жолы шариғат жолына караганда курделi де, ауыр. Ол туралы Йасауи хикметтерiнде мындمай жолдар бар:


"Тарикатни Йоллары дүр каттиг азаб,
Бу йолларда неча 'ашик болды тураб"
(Йасауи, 1998, с. 230).

Демек, тариқат жолы ауыр жол. Бул жолға кiрушiлерге косымша мiндеттер мен катан талаптар қойылады. Басты максат- иманды бекiту, Куран сырларынын iшкi магынасын угындыру. Журек көзін ашып, букіл болмыстын кыр-сырын таныту. Сол аркылы пенделiктiн кәмалаттылыгын адамзат когамындагы ішкі гармонияны калыптастыру болатын.


Тарикат жолына кіргендер алдына койылган бул талаптардың барлығы Йасауи iлiмiнде толык негiзделген деп айтуга болады.
Қазіргі күні біз Йасауи "Хикметтерiнде" тарикат жолынын негiзгi талаптары мен қағидалары, пенденiң рухани кемелдiкке жету жолдары баяндалганын көреміз. Ал, бізге жетпеген "Фатава и танбих" (Пәтуалар көрсеткіші), "Танбих ат-даллин" (Аласкандарга ескерту) атты шығармалары болгандыгы жайлы кене жазбаларда деректер бар. Бул кітаптарда кандай мәселелер карастырылганын кітаптардын атына карап білуге болады. Мысалы, "Фатава и танбих" кітабында казiргi казак халкынын әдет-гурып, салт-дәстурi осы кітаптагы Кожа Ахмет Йасауи берген пәтуалар негiзiнде калыптасты деп айта аламыз. Өйткенi, казак халкы өзiнiң әдет-гурып, салт-дәстүрін ислам дiнiнен тыс карастырмайды. Ал, түркі ислам тарихында ондай реформаны жасап, iрi бетбурыс жасаган бiрден-бір тұлға Кожа Ахмет Йасауи. Сондықтан қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде Йасауи iлiмi жатыр деп айтуга толык негіз бар.

Кожа Ахмет Йасауи халық арасына сопылык жолды жаю үшiн мусылманнын бес парызынан тыс, зiкiр ғибадатын, жария зікірдi туркілер арасына әкелдi. Бiрак зiкiр ғибадаты Кожа Ахмет Йасауидін өзі енгізген жаналыгы емес. Куран Кәрiм аяттары мен Пайгамбар хадистерiнде зікір туралы аз Мысалы, Куран Кәрiмде мынадай аяттар бар: айтылмаган. "Менi еске алындар, Мен де сендерді еске аламын және маган шукіршілік кылындар да карсы болмандар"(2:152). "Санаулы кунде Алланы еске алыңдар


Бул аяттарда Ұлы Жаратушы өзін ешкашан естен шыгармауды бұйырады. Сонымен катар, зiкiр гибадатынын намаздан бөлек гибадат екенiн бiлдiретiн аяттар да бар. Ол туралы Құран Кәрімде былай делiнедi: "Ей, Хабибiм, Куран Кәрiммен саган уахи кылган буйрыктарымды окы, намазынды орында! Акикатында намаз адам урпактарын букіл тыйым салынган сездерден, амалдардан сактайды. Зікір Ұлык Аллага жеткiзетiн тура жол. Сендер нелей оймен, кандай амалмен шұғылданып тұрғандарыңды Ұлык Алла бiледi (29:45).
Құран Кәрімнен алынған бұл аяттар зiкiр ғибадатынын ислам дiнiнде бар екендігін дәлелдейдi. Кожа Ахмет Йасауи де зiкiр ғибадаты туралы айтканда өз ойларын Куран аяттарымен бекітіп отырады:

Зәкірлерге Кудай өзi уәде кылды.


"Мені еске алгандарды Мен де еске аламын" - деген аят келдi.

Фардуст атты жәннаттан өкіл келдi.


Келіндер, жиылындар, зәкiр кулдар, зiкiр айталық
[Йасауи, 2000, б. 134].

Сопылык тарикаттарда колданылатын зiкiр ғибадатының негiзгi екі түрі бар. Бiрiншiнсi, "зикр-и джахр" -"жария зікір", екiншiсi, "зикр-и хафи"-"купия зікір". Йасауи жолында бул зiкiрдiн екi түрi де бар. Бiрак көбiне жария зікірді зікір-деп, iштей салынатын түрiн уәзипа деп атайды. Йасауи жолында зiкiрдiн бул екi түрiнде де тіл міндетті түрде катысады. Кейбiр тарикаттарда "құпия зікір" гана салынады. Бiрак ол зiкiрде тiлдiн козгалмауы, зiкiрдiн тек журекпен айтылуы шарт.


Йасауи жолында салынатын зiкiр түрi - жария зікір. Бул жария зiкiрдiн өзi iштей "алка (халка) зiкiр" және "арра зiкiр" болып екіге бөлінеді. Йасауи хикметтерiнде жария зікірдің екi түрi туралы да хикметтер бар:


Астанага башим койып зары кылсам,


Халка курып, кiм зiкiр айтса, йари барсам,
Зікірін айтып, ол сухбатта дурлар терсам,
Жан уа ділда хай зiкiрiн айтын достлар
[Йасауи, 1998, 6. 292].
* Бул аяттын тәпсiрi Исматулла Максумның "Жария зікірдiң дәлелі" кітабынан алынды.

Немесе,
hy халкасы курылды, ай дарушлар келинлар.


Хак суфрасы йайиллы, андин улуш алинлар.
Хал ілімін окубан, хал іліміга йетибан.
Йоклык ичра батибан, барлыклардан алинлар
(Йасауи, 1998, 6. 334-335).

Осы мысалға келтiрiлген шумактардан алка зiкiрi туралы, алка зiкiрiнiң мән-магынасы мен максатын көруiмiзге болады. Зікірдін түпкі мақсаты жүректi тазалап, жүрек көзін ашу. өзгелерге сезілмейтiн iлiм нәрімен сусындату. Осылай Кожа Ахмет Йасауи туркiлер арасына зiкiр гибадатын енгiзу аркылы ислам дiнiнiң мәнін түсінуге, Куран сырларынын теренiне сунгуге мүмкіндік берді.


Йасауи жолының өзге тарикаттардан тағы бір ерекшелiгi болды. Өзге тарикаттарда сопылык жол тандаулылардын еншiсiнде болса, туркiлерде сопылык жол жалпы халыктың ортак сенiмiне айналды.


Алайда, түркілерге сопылық жолдын құдiретін түсіндіру Кожа Ахмет Йасауиге оңай соккан жок. Каншама қиыншылықты, куғынды басынан өткерді. Йасы халкы оны 30 жыл бойына таспен аткылап, жүргізбеді. Жалғыз ұлы Ибраһимдi елтiрдi [Абу Салам кожа, к. 10-15]. Ол сонда да алган жолынан кайтпады. Тек осы оқиғадан кейін ғана халық Йасауи жолының дұрыстығына көзі жетіп, мойынұсына бастады. Кожа Ахмет өзіне алгашкы шәкірттерді калай жиганы туралы мынадай аныз бар. "Күндердiн кунiнде (Кожа Ахметке) бiр аксакалды, баскан жерi кек тiреген бабай кез болды. Ол Ахметке, "Балам, сен кырык мурагер жалдап ал. Мен кiсi басына бiр тенге, бiр мезгiл тамакка тойғызамын. Жұмыстарын сол - ертеде, кеште екi мезгiл қырық күнге дейiн "зiкiр" жахр саласындар", - дейді. Ал бабасының кім екенiн өзi таниды. Сейтiп, кырык мұрагер жалдап алып, күнiне бiр тенге, бір мезгіл тамак iшiп, екi мезгiл ертеде, кеште "зiкiр" жахр салып, кырык күн бiткен соң, кырык бiрiншi күні "тарка" десе, таркамайды. Бiзге тамағынның керегі жок. "зiкiр" жахр салуды коймаймыз. Өз беттерімен "зiкiр" жахр салган сон, муны көрген баска шәкірттер де "зiкiр" жахрга берiледi. Олар жиналган жер халык күшімен үлкен зийарат орны шахарга айналды" [Сапабекулы, 1996, б. 126]. Кожа Ахметтің өзіне шәкірт жинау окигасын аныз осылай баяндайды. Осы окигадан сон Йасауи iлiмi халык арасына жылдам тар онын жолына калайда тоскауыл коюды ойластырады. Сол екi бек ханның егiзiн урлап сойып, еттi хазіреттін сабанханасына жасырып кояды да, ханга арыз кылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет