Дәріс №5. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ. АЖ СИПАТТАУ ӘДІСТЕРІ.
Кіріс пен шығыс операторлары.
Агрегаттардың ақпараттық байланыстарының минималдылық принциптері.
Агрегат кездейсоқ үрдіс ретінде.
Кіріс пен шығыс операторлары
Жүйені құрайтын объектілер арасында қандайда бір байланыс туындайды – материалдық және ақпараттық. Ресурстардың материалдық ағымы өзінің сипатын ақпараттық ағымда алады.
Басқарылатын және басқармалы жүйелер арасында байланыс арналары бар болуы керек. Мұнда жүйенің негізгі түсінігі түзу байланыс, кері байланыс және бақылау компоненттерімен толықтырылады. Басқару субъектісінен басқарылатын объектіге басқармалы сигналдардың берілуі түзу байланыс, басқару объектісінің жағдайы мен функционалдауы туралы сигналдардың берілуі - кері байланыс деп аталады. Кейбір жүйелерде кері байланыс арналары болмайды. Тек түзу байланысы бар жүйелердің қауіпсіздігі шектеулі.
Агрегат теориялық және практикалық көзқараспен қиын жүйелердің элементтерін формальды түрде сипаттауға арналған жеткілікті жалпы схема болып қызмет етуіне қарамастан, осындай және одан ла қиын конструкцияларды оқуға қызығушылығын көрсетеді.
Келесі құрамы бар қиын жүйелер класын қарастырайық: жалпы жағдайда жүйені элементтерге бөлу деген бар, осы кезде әрбір алынған элемент агрегатты көрсетеді. Ары қарай мұндай түрдегі қиын жүйелерді агрегатты немесе А-жүйелер деп атайық.
А-жүйенің әрбір элементі жалпы жағдайда агрегат болғандықтан агрегат құрамының толық кешені болуы қажет емес; ол агрегаттың жеке жағдайын көрсететін қарапайым объект болуы да мүмкін. Сонымен қатар А-жүйелері арасында агрегат болып табылмайтын бірде-бір элемент болмауы мүмкін емес.
А-жүйеде болатын барлық ақпарат сыртқы (берілген жүйенің элементтері болып табылмайтын объектілерден тыс түсетін) және жүйенің өзінің агрегатын өндіретән ішкі болып бөлінеді.
А-жүйесі мен сыртқы ортамен ақпарат алмасу жүйенің полюсі деп аталатын агрегат арқылы жүреді. Сонымен, кіріс полюстері (х)-хабартар түрінде түсетін енгізу ақпаратты толықтай немесе жартылай сыртқы ақпарат болып табылады. Кіріс полюстерімен қатар басқарушы полюстер қарастырылады. А-жүйенің басқарушы полюстері деп ерекше енетін арналар бойынша түсетін (g)-хабартар үшін агрегаттар толықтай немесе жартылай сыртқы ақпаратты көрсететін агрегатты айтамыз.
А-жүйенің шығыс полюстері деп (у)-хабартар түрінде түсетін шығатын ақпаратты толықтай немесе А-жүйенің жартылай шығатын ақпараты болатын агрегатты айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |