Сервердегі активті бейнелер Бұрын қолданыста болған активті бейненің құрылуында (html 2.0 үшін) IMG тегіндегі ISMAP атрибутының қолданылуы талап етіледі. IMG тегі бейнеге қатысты, оны бастапқы және соңғы тегі арасына файл – картаның сілтемелеріне орналастыру қажет. Сізге HTML – файлына мынадай жолдарды енгізу керек:
ISMAP атрибуты браузерге берілгендер бейнесі активті екенін көрсетеді. Егер оның қандай да бір облысында тышқан шертпесі пайда болса, онда ISMAP атрибуты көмегімен серверге координат шертпесін құрайтын хабарлама жіберіледі.
Клиенттегі активті бейнелер Алдыңғы бөлімде жазылған бейнелерге қарағанда, клиенттегі активті бейнелер сервердің программалық жабдықтарына тәуелсіз жұмыс істейді және сіз өз файлдарыңызда басқа серверге ауыстырсаңыз да функционирленуін тоқтатпайды. Бұндай бейнелерге 2 нәрсе қажет: HTML 3.0 қолдайтын браузер және HTML файлында жазылған карта туралы ақпарат.
Серверде де, клиентте де жұмыс істейтін активті бейнелер Сіздің серверде де, клиент – машинасында да жұмыс істейтін бейнемен жұмыс істегіңіз келетін шығар.
Серверде де, клиентте де активті бейнелер құрғаннан кейін оларды бір HTML файлында біріктіру қиын емес. Ол үшін HTML документіне сервердегі активті бейне үшін жасауға арналған сол жазуды апару қажет. IMG тегіне USEMAP= атрибутын қосуды ұмытпаңыз. USEMAP= атрибуты ISMAP тегіне қарағанда жоғары приоритетті болып табылады. Егер браузер клиентте жұмыс істейтін активті бейнені қолдаса, онда бұл атрибутты ол мойындайды. Бұндай бейнелерді білмейтін браузер USEMAP= атрибутына әсет етеді.