Программаның мүмкіндіктерін қарастырайық: Шабуыл жасау типі және ашу үшін архив таңдалады.
Жұмыс параметрлері таңдалады:
Набор закладкасы
Программа теру облысын таңдауға мүмкіндік береді (символдар тобы). Бұл теру уақытын біршама қысқартады.Набор батырмасымен берілген пайдаланушының наборын пайдалануға болады. Бастапқы құпия нөмірді беру арқылы терілетін құпия нөмір санын шектеуге болады. Ал егер құпия нөмірдің жартысы белгілі болса маскамен шабуыл өте тиімді. Сәйкес шабуыл типін таңдаса болғаны маска өрісі шығады. Онда белгілі құпия нөмірдің жартысын мынадай түрде еңгізуге болады P?s?W?r? , белгісіз символдардың орынына сұрақ белгісін қою керек. Кез-келген басқа символды да пайдалануға болады, тек оны маска өрісіне еңгіземіз.
Ұзындық закладкасы
Құпия нөмір ұзындығын таңдауға мүмкіндік береді.
Сөздік закладкасы
Файл-сөздікті таңдауға мүмкіндік береді.
Автосохранение закладкасы
Жұмыс нәтижесін сақтау үшін файл атын және автосохранения закладкасын таңдауға мүмкіндік береді.
Опции закладкасы
Жұмыс приоритеті таңдалады (фондық және жоғары), ағымдағы құпия нөмірді теру туралы ақпараттың жаңару интервалы.Интервалдың жоғарлығы жылдамдығын тездетеді, бірақ ақпараттығын төмендетеді.
Теру арқылы шабуыл (brute force attack) 1. Құпия нөмірді ашатын программаны пайдалана отырып кодталған файлға шабуыл жасау try_me.rar (try_me.arj, try_me.zip – нұсқаның қандай болуына байланысты). Теру облысы – барлық басылатын символдар, құпия нөмір ұзындығы 1-ден 4-ке дейін символ. Pentium класындағы компьютерде орындалу уақыты шамамен 3-4 минут. Pentium II класындағы компьютерде – 50 секунд. Анықталған құпия нөмірдің дұрыстығын тексеру файлды ашып, оның мазмұнымен танысу арқылы жүреді.
2. 1 пункті орындағаннан кейін теру облысын ұзарту арқылы қайтадан ашу және уақыт айырмашылығын тексеру (мысалы, егер құпия нөмір 6D1A – болса, онда оның орынына ағылшын әріптерін немесе сандарын таңдау арқылы).