Пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет5/79
Дата07.02.2022
өлшемі155,84 Kb.
#96430
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
a3625ae7-4a63-11e4-973d-f6d299da70eeУМКД ОҚУ-ӘД. КЕШЕН 2014
stud.kz 2823
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. М.Березин.,Б.Н.Головин. «Общее языкознание» М.,1979
2. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974
3. Т.Қордабаев, Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2004

№4 дәріс тақырыбы: Тіл және қоғам. Дыбыс тілінің пайда болуы


1.Тілдің анықтамасы.


2. Тілдің табиғаты.
3. Тілдің қоғамға, қоғамның тілге тигізетін әсері.

Тіл теориясы – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына – қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады. Тіл – биологиялық та, психикалық та құбылыс емес, әлеуметтік құбылыс.


Тілдің құрылымы мен функциясы. Қоғамның әлеуметтік құрылысының тілге тигізетін әсері, ең алдымен, тілдің қызметінен анық көрінеді.Өйткені тілді қолданушы әлеуметтік топтар, таптар оған немқұрайды қарамайды.Оны өз талап – тілектеріне, өздерінің әлеуметтік жағдайларына сәйкес қолдануға тырысады.
Қоғамсыз тіл болмайды, тілсіз қоғам да болмайды деген қағида қазіргі заман тіл білімінде берік орын тепкен, талассыз тұжырым деуге болады.
Дыбыс тілінің пайда болуы. Дыбыс тілінің шығуына байланысты олар айтқан дыбысқа еліктеу, одағай сөз, келісім теорияларының қай – қайсысы да ғылыми тұрғыдан алғанда сын көтермейтіндіктеріне қарамастан, барлығы да тіл – адамға құдайдың берген сыйлығы дейтін діни көзқарасқа қарама – қарсы тілді адам баласының өз табысы, өз жемісі етіп көрсетті. Дыбыс тілі алғашқыда неден басталды, қандай болды? Деген сұрау адам қоғамы тарих үшін де, тіл ғылымы үшін де соншалықты маңызды, өте қажетті болғанымен, оған ешкім де еш уақытта нақтылы жауап бере алмайды.
Ғалымдар дыбыс тілі жеке дыбыстарға сараланатын сөз түрінде бірден пайда болған емес, жалпы жан иелерінде болатындай әр түрлі диффузды дыбыстарды адам тектес маймылдар да шығара білген болу керек, өз үйірлестеріне бір нәрсені хабарлау үшін қолданылған сондай диффузды, яғни мағыналық жағынан да, материалдық жағынан да бөлшектеп саралауға болмайтын одағай дыбыстарды олар дыбыс тілінің бастамасы ретінде қолданған болар да, келе-келе солардың негізінде дыбысты тіл пайда болған болар деп жорамалдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет