ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені «ДӘрілік полимерлер технологиясы» 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдар


Дәріс 24-26 – Полипропилен мен полиизобутиленнің өңдірісі



бет5/7
Дата24.04.2017
өлшемі1,07 Mb.
#14827
1   2   3   4   5   6   7

Дәріс 24-26 – Полипропилен мен полиизобутиленнің өңдірісі

Дәріс жоспары:



  1. Полипропилен өңдірісі

  2. Полиизобутиленнің өңдірісі

Полипропилен — пропилен полимерленуінің өнімі

Пропилен СН2—СН = СН2 қайнау температурасы 47,7 0С газ тәрізді зат. Ол мұнай өнімдерінің крекингісінде көп мөлшерде алынады, сондықтан арзан және қолайлы шикізаті болып табылады.



Пропилен полимерленуі металорганикалық Циглер — Натта катализаторлар, мысалы диэтилалюминийхлориді үшхлорлы титан қоспасы қатысында жүреді. Катализатор компоненттерінің қатынасы оның активтілігі мен стереоспецификалығын — полипропиленде стереоретті изотактикалық полимердің мөлшерін анықтайды. Диэтилалюминийхлорид : треххлористый титан = 3:1 (масса бойынша) қатысында катализатор максималды стереоспецификасын көрсетеді және құрамында изотактикалық полимердің мөлшері 85— 95% полипропиленді алуға мүмкіндік береді. Мұндай полипропиленнің балқу температурасы жоғары 85— 95% және ол жақсы физика механикалық қасиеттерге ие.

Полипропилен өндіру процесі 70—80 °С, еріткіш (бензин) ортасында және 1 МПа қысымда жүреді. Келесі негізгі операциялардан тұрады: 1. Катализатор комплексін дайындау, 2. Пропиленді полимерлеу, 3. Бос мономерді бөліп алу, 4. Катализатор қалдықтарының ыдырауы, 5. Полимерді шаю, сығу және түйіршіктеу (1 сурет).



1 сур. Полипропиленді үздіксіз өндірудің технологиялық схемасы: 1-араластырғыш, 2-полимеризатор, 3-газбөлгіш, 4-ыдырату аппараты, 5,7-центрифугалар, 6-шаю аппараты, 8-кептіргіш

Полиизобутилен



Изобутилен СН2 = С (СН3)2 – түссіз газ, қайнау температурасы 6,9 °С, балқу температурасы—140,4 °С. Өңдірісте изобутиленді изобутанның дегидрогенизациясымен және біріншілік изобутил спиртінің дегидратациясымен алады.



Изобутилен протонды қышқылдар және кейбір элементтер галогенидтерімен қатысында полимерленеді. Өндірісте жоғарымолекулалық полиизобутиленді алу үшін үшфторлы борды қолданады. Изобутилен үшфторлы бор қатысында полимерлену үшін құрамында протонды сутегі бар активатордың аздаған мөлшері қажет. Мұндай активатор ретінде техникалық изобутилен құрамында болатын изобутил спиртін қолданады. Изобутилен полимерленуінің ингибиторы күкірт пен хлорлы сутегі болады.

Изобутилен полимерленуін сұйық этиленде жүргізеді (температура —100 °С жуық). Этилен мономер үшін еріткіш сонымен қатар хладагент болып табылады.

Процесс таспалы (ленточный) үздіксіз полимеризаторда 5 жүреді (2 сурет).



2 сурет. Полиизобутиленді өндірудің үздіксіз процесінің технологиялық схемасы: 1-жылуалмастырғыш, 2-буландырғыш, 3-изобутилен дозаторы, 4-үшфторлы бор дозаторы, 5-полимеризатор, 6-тұрақтандырғыш дозаторы, 7-араластырғыш, 8-полимерді суыту стеллаждары, 9- орауыш пресс, 10 – этиленді үшфторлы бордан тазарту апараты
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: полипропилен, полиизобутилен өңдірісі, фармацияда қолдалынуы, қасиеттері

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:



  1. Пропилен полимеризациясын қандай жағдайда өткізеді?

  2. Полиизобутилен өндірісінің негізгі стадияларын сипаттаңыздар.

  3. Полипропиленнің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

  4. Полиизобутиленің қолдану аймағын атаңыздар

Ұсынылған әдебиеттер:

1. Семчиков Ю.Д. Высокомолекулярные соединения: Учебник для вузов. М.: Академия, 2010, 368 с. С.4-18

2. Е.Е.Ергожин, М.Қ. Құрманәлиев. Жоғары молекулалық қосылыстар. Алматы, 2008. 299-301 б.

3. Полимеры в фармации / Под редакцией А.И. Тенцовой. – М.: Медицина, 1985. С. 90-109.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет