УМКД 042-16.1.40/01.2013
|
______________2013 жылғы
№ 2 басылым
|
17 беттің -шісі
|
5В 012100, 5В090100, 5В011700 мамандықтарына арналған
«Шәкәрімтану»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
СЕМЕЙ
2013
Кіріспе
1 ҚҰРАСТЫРҒАН
Құрастырушы___________ « ___» _________20__ж. Секей Ж., филол.ғ.к.,
қолы
«Журналистика және практикалық қазақ тілі» кафедрасының доцент м.а.
2 КЕЛІСІЛДІ
2.1 Журналистика және практикалық қазақ тілі кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.
Хаттама №___ «___» ___________20__ ж.
Кафедра меңгерушісі _______________ Каримова Б.Ж.
2.2 Гуманитарлық-заң факультетінің оқу-әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.
Хаттама №___ «___» ___________20__ ж.
Төрайым _________________ Григорьева Г.Б.
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді.
Хаттама №___ «___» ___________20__ж.
ОӘК төрайымы _________________ Искакова Г.К.
4 «____» __________ 20__ж. шыққан ПОӘК-нің
№ 2 БАСЫЛЫМЫ
Мазмұны
1 Қолданыс аясы
2 Нормативтік сілтемелер
3 Жалпы ережелер
4 Оқу пәнінің мазмұны
5 Студенттің өздік жұмысының тақырыптары
6 Пәннің оқу-әдістемелік картасы
7 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
8 Әдебиеттер
1 ҚОЛДАНЫС АЯСЫ
«Шәкәрімтану» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс 5В 012100, 5В090100, 5В011700 мамандықтарының студенттеріне арналған.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы «Шәкәрімтану» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:
- 5В 012100, 5В090100, 5В011700 мамандықтарының «___» _____ 201__ ж. (№ ___ хаттама) бекітілген элективті пәндер каталогы;
- СТУ 042-СГУ-5-2012 «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар» университет стандарты;
- ДП 042-1.07-2012 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.
3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:
Шәкәрім Құдайбердиевтің көркем ой-танымы, шығармашылық мұрасы - ұлттық әдебиетіміздегі дәстүр мен жаңашылдықтың, әдеби дамудың зор белесі. Шәкәрімнің ақындық шалқарын, тарихи - философиялық мұраларын бірлікте алып қарастыру арқылы арман - мұратын анық танып алмай Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығын, ақындық дәстүрін өз биігінде межелей алмаймыз. «Шәкәрімтану» жоғарғы оқу орындарында арнайы курс ретінде енгізілуі біртуар ақынның шығармашылық еңбегінің өміршеңдігі мен өз шығармашылығында шығыс пен батысты ұстазы ұлы Абайдың дәстүрімен жарастыра білуінде. Аталмыш пән Шәкәрім шығармаларынын рухани қуатын зерделей отырып бүкіл бір ұлттың болмысын, көркемдік дүниетанымын саралауға жол ашуымен құнды. Шәкәрімнің шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда ғалымдардың пікірлерін үнемі дәйектеуден гөрі студенттің ой-тұжырымдар жасауы өзіндік ғылыми құндылық болып табылмақ. Бұл орайда студенттерге қойылар талап шәкәрімтану турасындағы әр алуан пікірлерді бір жүйеге келтіріп, бүгінгі ұлттық мүдде тұрғысынан қарастыру маңызды. Шәкәрімтану ғылымына арналған бақылау - пысықтау тапсырмаларының тақырыптық мазмұнын ашуда студенттер көрсетілген әдебиеттер тізімімен ғана шектелмей, қосымша деректер мен ақпарат көздерін ұтымды пайдаланған жағдайда ғылыми құндылығы артады.
3.2 Пәнді оқыту мақсаты:
Арнаулы курс Шәкәрімнің даналық ғаламаты мен ақындық айналасын, олардың шығармашылық қуатын, сол арқылы бүкіл бір халықтың әдеби өміріне жаңа өрнек, тың леп әкелгендігін үйретуді алғы мақсаты етіп қояды. Абайдан кейінгі қазақ поәзиясының ұлы ақын салған дәстүрмен дамуы әдебиетіміздегі шын мағынасындағы ақындық мектептің қалыптасқандығын айқындайды. Әсіресе, бұл ерекшелік Семей өңірі ақындарына тән әдеби құбылыс. Абайдың ақын шәкірттері Шәкәрім, Акылбай, Мағауия, Көкбай, Әріп, Уәйіс, Әрхам, Кәкітай сынды ақындардың өмірі мен шығармашылығын танып білу - ұлы Абайдың даналығын түсінуге алып барар бірден - бір жол.
3.3 Пәнді оқыту міндеттері:
Шәкәрімнің қазақ әдебиетіндегі орнын айқындау;
Ұлттық сөз өнеріне қосылған Шәкәрім шығармаларын талдаудың ғылыми принциптеріне теориялық тұрғыдан дәйекті дәлелдеу;
Шәкәрімнің шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда қоғамдық ой-санамен қабаттастыра зерделеу;
Студенттердің рухани жетілуіне және оның қоғамдық-саяси, әлеуметгік көзқарасын қалыптастыруға Шәкәрім мұрасының әсерін пайымдауға үйрету көзделеді.
3.4 Оқыту нәтижелері:
Пәнді оқыту нәтижесінде студент мыналарды білуі керек:
Шәкәрімтану ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады;
Шәкәрім шығармашылығының өзіндік ерекшеліктері туралы терең білім алады;
Шәкәрім шығармаларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-әстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады;
Теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді;
Зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады;
Кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.
3.5 Курстың пререквизиттері:
- Әдебиеттануға кіріспе;
- Қазақ халық ауыз әдебиеті;
- ХХ ғ.қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі (1900-1940);
3.6 Курстың постреквизиті:
- Әдебиет теориясы;
- Қазақ әдебиеті сынының тарихы
3.7 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме:
Кесте 1
Курс |
Сем-естр
|
Кредит
|
Дәріс (сағ)
|
Семинар (сағ)
|
Лаб. (сағ)
|
ОЖСӨЖ
(сағ)
|
СӨЖ(сағ)
|
Барлығы
(сағ)
|
Бақылау түрі
|
ІІІ
|
6
|
2
|
15
|
15
|
-
|
15
|
45
|
90
|
емтихан
|
4 ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ (МОДУЛЬ)
Кесте 2
Тақырыптар атауы және олардың мазмұны
|
Сағат саны
|
1
|
2
|
Дәріс сабақтары
|
|
Модуль 1. Ш.Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығы
|
|
Тақырып 1. Ш.Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығы. Ш.Құдайбердіұлы - жазушы, ақын, философ, тарихшы, композитор. Абайдың дәстүрін жалғастыруда озат ойымен ерекшеленуі, өмірінің қилы кезеңдері, сыршыл да лирикалық өлеңдерінің ой тұңғиығымен ерекшеленуі. «Еңлік-Кебек», «Қалкаман-Мамыр», «Нартайлақ» поәмаларының сюжет ерекшелігі. «Түрік, кыргыз, казак һәм хандар шежіресінің», «Қазақ айнасы" шығармаларының Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жариялануы. Шәкәрімнің кайта ақталып, елімен қауышуы.
|
1
|
Тақырып 2. Шәкәрімнің шығармашылық өмірбаяны: зерттелу, жүйелену мәселелері.
Ақынның шығармашылық мұрасы арқылы өмірбаянын нақтылау, ғылыми айналымға түсіру шәкәрімтану ғылымының өзекті мәселелері екендігі. Ақынның өмір жолын өнернамасы арқылы түзу оның өмірі мен өнері тығыз бірлікте екенін танытады. Бүгінгі күнге дейінгі зерттеулер мен естеліктердегі Шәкәрімнің шығармашылық ғұмырнамасын жүйелеу, қалыпқа келтіру мәселелері. Ақын поэмаларының жанрлық бітімі, көркемдік әлемі жайлы деректер толық қамтылуы қажет. Ол жайындағы зерттеулер. Ахат Шәкәрімұлының "Менің әкем - халық ұлы - Шәкәрім" естелігіндегі Шәкәрімнің шығармашылық ғұмырбаянын көрсетуі. Қ.Мұхамедханұлының акынның шығармашылық ғұмырбаянын бірінші болып ғылыми айналымға түсіруі.
|
1
|
Тақырып 3. Шәкәрім және сопылық әдебиет.
Шәкәрім танымында сопылықтың ықпалы басым екендігі. Шәкәрім жаратушыны сүюге шақыруындағы мақсат- адамдарды рухани жетілдіріп, қоғамды жақсарту. Оның сопылық мақамдағы өлеңдері қазақ поэзиясына жаңа ұғым, небір жаңа ойлау жүйесін, жаңа терминдер енгізіп, қазақ тілінің бай табиғатын кеңейтіп, сөздік қорына өзіндік үлесін қосты. Шәкәрімнің шалқар шабытын айқындайтын тұсы да осы жаратушы, адам, дін, өмір, өлім, жан, ақыл ой-дүниелері. Шәкәрім өзіндік қолтаңбасын көрсететін, ой тереңдігін, өлең өлшемінің өзгешелігін танытатын дара да, тұлғалы ақын.
|
1
|
Модуль 2. Абайдың ақындық мектебі
|
|
Тақырып 4. Абайдың ақындық мектебі және Шәкәрім. Абайдың ақындық мектебі. Абайдың Шәкәрімге шығармашылық ықпал, бағыт беруі. Ұстаз үлгісімен шығармалар жазуы. Шәкәрім және Абайдың ақындық мектебінің бір арнада зерттелуі. Абайға еліктеп жазған поәтикалық шығармалары, оған ұстаздың сыны
|
1
|
Тақырып 5. Шәкәрім және шығыс әдебиеті.
Шәкәрім аудармалары - қазақ поәзиясының зор табысы. Ақынның шығыс әдебиет үлгілерін - аударуы қазақ көркем аударма саласын байыту тұрғысындағы жаңа белес. Шәкәрімнің «Ләйлі - Мәжнүн», «Қожа Хафиз сөзінен» туындыларын аударудағы шығыс поәзиясын ұлттық мінезге құрудағы суреткерлік шеберлігі. Румидің «Бояулы суырының» мазмұндық жүйесін сақтай отырып жаңаша жырлауы. «Оятқан ерте мені Шығыс жыры» деп жырлауының өзінен ақын шығармашылығына Шығыс әдебиетінің тигізген үлкен әсерін көреміз. Хафизді ұстаз тұтуы.
|
1
|
Тақырып 6. Шәкәрім және орыс әдебиеті.
Шәкәрімнің орыс және батыс әдебиетінің озық үлгілерімен таныстығы қазақ әдебиетін жаңа сапаға көтеруіне негіз болуы. Шәкәрімнің Пушкин шығармаларымен жете таныс больш, «Дубровский», «Боран» повестерін өлеңмен аударуы, төл туынды дәрежесіне көтеруі. Шәкәрімннің дүниетанымына батыс әдебиетінің әсері. Шопенгауэр еңбектерімен танысып оған сын пікір айтуы. Американдық жазушы Бичер Стоу Гарриеттің (1811-1896) «Том агайдың лашығы» романымен таныс болып өз пікір жалғастығын білдіруі. Шәкәрім батыс әдебиет үлгілерін өз шығармаларына арқау етуі, қазақ көркем ойын жаңа мазмұнга көтеруі.
|
1
|
Модуль 3. Шәкәрім – лирик ақын
|
|
Тақырып 7. Шәкәрім лирикасы.
Шәкәрімнің ақындық кемелдігін танытатын өлеңдеріндегі тақырып пен замана шындығы, Ақын өлеңдеріне арқау болған ел жайы, уақыт тынысы. Автор лирикасындағы табиғат, көңіл - күй бояулары мен азаматтық үн. Ұлы Абай өлеңдерімен дүниетанымдық әрі көркемдік сабақтастықтары. Шәкәрім өлеңдеріндегі лирикалық әсемдік пен лирикалық қаһарман мінезі. Лирикасындағы сыршылдық пен ойшылдық жарасымдылығы. Өлең өлшемі мен мазмұндық тұтастық ерекшеліктері. Шәкәрім лирикасының даналық әрі әкспрессиялық қуаты.
|
3
|
Тақырып 8. Шәкәрім поәмаларының тарихи, көркемдік негіздері.
Шәкәрім поэмалары ХҮШ ғ. II жартысындағы қазақ даласындағы тарихи әлеуметтік жағдайлар шындығын қамтуы. «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» поэмаларындағы кейіпкерлер өз заманындағы ата дәстүрінің сақшылары, өз бас бостандығы мен махаббаты үшін күресушілер. Дастандарының көркемдік негізі болып Абайдың ақындық дәстүріне тән эпикалық кең тыныстылық, сыншыл реалистік көркемдік әдістерінің алынуы.
|
2
|
Тақырып 9. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» дастаны мен «Еңлік-Кебек» поәмасы.
Шығарманың негізгі фабулалық шешімі болып Әнет бабаның тығырыққа тірелген ел үшін шерменде болуы. Поэмадағы романтикалык сарын. Әнет баба бейнесі. Диалог арқылы образдық бітімнің ашылуы. Мамыр бейнесі. Поэмадағы тарихи және көркем шындықтың өріліп берілуі. Поэмадағы билер шешімі мен дала билігі. Поэмадағы Мамыр мен Қалкаманның тағдыры лейтматив болуы. «Еңлік-Кебек» поэмасы Абай өсиетімен, жол нұсқауымен жазылуы. Поэманың пролог іспетті өлең жолдарымен басталуы. «Елдің Арқаға аууының сипатын ашуы, сюжеттік шиеленіске Тобықты мен Матай арасындағы жесір дауының алынуы. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасының жазылуына Шәкәрімнің шығармашылық кеңес беруі. Еңлік пен Кебек бейнесі. Поэмадағы мифтік бояу. «Еңлік-Кебек» поэмасының трагедиялық табиғаты, романтикалык махаббаттың корғаушы символы ретіндегі Кебек бейнесі.
|
2
|
Тақырып 10. Шәкәрім мақалалары.
“Айқап”, “Қазақ” газет-журналдарында жарияланған мақалалары. “Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын”, “Би һәм билік туралы”, “Қазақша ай аты жоқ”, “Ашық хат”, “Семей обылысына қараған барша қазақ ағайындарына ашық хат”, “Сын һәм сынауды сынау”, «Сөз таласы» мақалаларының өткірлігімен, сонылығымен ерекшеленуі.
|
1
|
Тақырып 11. Шәкәрімнің прозалық шығармалары.
Шәкәрімнің прозалық туындылары - тарихи, ғылыми, философиялық шығармалары, шежірелері - “Қазақ-қырғыз һәм хандар шежіресі“Қазақтың түп атасы кім? - шежіре тарихты жыр қылған ұзақ сүрелі өлеңдер” Қазыбек би сөзі: Шәкәрім ақсақал айтуынша (Таң. -1925. -№ 3. –101 б.) деген толғамдарындағы ағартушылық, демократиялық, гуманистік көзқарастарын уағыздауы.
“Мұсылмандық шарты” трактаты, “Бәйшешек бақшасы”, “Шын бақтың айнасы” әңгімелер топтамасының тәрбиелік- тағылымдылық мәні. “Әділ-Мария” романы, “Мәнді сөздер”
афористік топтамасының қазақ проза тарихының дамуындағы рөлі.
|
1
|
Семинар сабақтары

5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
5.1 «Қалқаман-Мамыр» поэмасындағы тарихи шындық және көркемдік шешім.
5.2 Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегіндегі «ар ілімі» концепциясы мен дүниетаным.
5.3 Шәкәрімнің «Қодардың өлімі» туындысы хақында.
5.4 Шәкәрімнің «Мұтылғанның өмірі» дастаны
5.5 Шәкәрім лирикасындағы азаматтық сарын
5.6 Шәкәрім лирикаларындағы Шығыс өрнектері
5.7 Шәкәрім және Толстой
5.8 Шәкәрім шығармаларындағы ауыз әдебиеті үлгілері
5.9 Шәкәрім және мысал жанры
5.10 Қазақ өлең жүйесін түр жағынан дамытудағы Шәкәрім ізденістері
5.11 Шәкәрімнің шығармашылық ғұмырбаянының зерттелу тарихы
5.12 Батыс жазушылары Шәкәрім аудармаларында
5.13 Шәкәрімнің адамгершілік лирикасы
5.14 Шәкәрім мұрасы Мағауин зерттеуінде
5.15 Шәкәрім және Гете
5.16 Шәкәрім шығармаларының дәстүрлік, көркемдік негіздері Әбдіғазиұлы зерттеуінде
6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ
Кесте 3
Тақырып
|
Көрнекі құралдар, ОТҚ, плакаттар, стендтер
|
Өз бетімен дайындалу сұрақтары
|
Бақылау түрі
|
Дәріс сабағы
|
Тәжірибелік сабақ
|
Зертханалық сабақ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1. Ш.Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығы.
|
1. Ш.Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығы.
|
|
Дыбыстаспалар портреттер, кітап көрмесі, карточкалар
|
Дебат сабағы және өлең жаттау, әдеби- тарихи, әдеби-көркемдік сараптамалар жазу.
|
Өлең жаттау
|
2. Шәкәрімнің шығармашылық өмірбаяны: зерттелу, жүйелену мәселелері.
|
2. Шәкәрімнің шығармашылық өмірбаяны: зерттелу, жүйелену мәселелері.
|
|
Суреттер, бейнетаспалар, перфокарталар, альбомдар, портреттер
|
Дебат сабағы және өлең жаттау, әдеби – теориялық талдаулар жазу.
|
Мәтіңдерді мәнерлеп мазмұндау
|
3. Шәкәрім және сопылық әдебиет.
|
3. Шәкәрім және сопылық әдебиет.
|
|
Бейнетаспалар, кадаскоп, портреттер, суреттер, карточкалар
|
Интерактивтік сұхбат сабағы және өлең жаттау, әдеби-көркемдік талдаулар жазу.
|
Кейіпкер-лерге әдеби мінездеме беру.
|
4. Абайдың ақындық мектебі және Шәкәрім.
|
4. Абайдың ақындық мектебі және Шәкәрім.
|
|
Баспасөз материалдары, таблицалар, суреттер, дыбыстаспалар
|
Интерактивтік сұхбат сабағы және мәтіндерді мазмұндау, әдеби- көркемдік талдаулар жазу.
|
Әдеби теориялық талдау
|
5. Шәкәрім және шығыс әдебиеті.
|
5. Шәкәрім және шығыс әдебиеті.
|
|
Фотоматериал-дар, портреттер, кітап көрмесі, таблицалар, суреттер, карточкалар
|
Конференция сабағы және әдеби-көркемдік, әдеби- тарихи сараптамалар, рефераттар жазу.
|
Ғылыми талдау мақала жазу
|
6. Шәкәрім және орыс әдебиеті.
|
6. Шәкәрім және орыс әдебиеті.
|
|
Портреттер, кітап көрмесі, суреттер, бейне, дыбыстаспалар, карточкалар
|
Понарамалық сабақ және әдеби талдау мақалалар мен әдеби шолулар жазу.
|
Шығармаларына реферат жазу.
|
7. Шәкәрім лирикасы.
|
7. Шәкәрім лирикасы.
|
|
Дыбыстаспаларпортреттер, кітап көрмесі, карточкалар
|
Проблемалық сабақ және әдеби- теориялық зерттеу рефераттарын жазу
|
Кейіпкер-лерге әдеби мінездеме беру.
|
8. Шәкәрім поәмаларының тарихи, көркемдік негіздері.
|
8. Шәкәрім поәмаларының тарихи, көркемдік негіздері.
|
|
Суреттер, бейнетаспалар, перфокарталар, альбомдар, портреттер
|
Интерактивтік сұхбат сабағы және өлең жаттау, әдеби-көркемдік талдаулар жазу.
|
Мәтіңдерді мәнерлеп мазмұндау
|
9. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» дастаны мен «Еңлік-Кебек» поэмасы.
|
9. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» дастаны мен «Еңлік-Кебек» поэмасы.
|
|
Бейнетаспалар, кадаскоп, портреттер, суреттер, карточкалар
|
Дебат сабағы және өлең жаттау, әдеби – теориялық талдаулар жазу.
|
Өлең жаттау
|
10. Шәкәрім мақалалары.
|
10. Шәкәрім мақалалары.
|
|
Баспасөз материалдары, таблицалар, суреттер, дыбыстаспалар
|
Дебат сабағы және өлең жаттау, әдеби- тарихи, әдеби-көркемдік сараптамалар жазу.
|
Әдеби теориялық талдау
|
11. Шәкәрімнің прозалық шығармалары.
|
11. Шәкәрімнің прозалық шығармалары.
|
|
Фотоматериал-дар, портреттер, кітап көрмесі, таблицалар, суреттер, карточкалар
|
Интерактивтік сұхбат сабағы және мәтіндерді мазмұндау, әдеби- көркемдік талдаулар жазу.
|
Ғылыми талдау мақала жазу
|
7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
Кесте 4
Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы
|
Саны
|
Студенттердің саны
|
Қамтамасыз ету пайызы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Әбдіғазиұлы, Б. Шәкәрім әлемі/ Б. Әбдіғазиұлы.- Алматы: Раритет, 2008.- 407 б.- (Шәкәрім әлемі / Сер.негізгі салған Т.Шанбай).
|
3
|
2
|
20
|
Ізтілеуова, С. Абай, Шәкәрім шығармаларындағы адам тәрбиесі: (жоғары оқу орындары студенттеріне арналған көмекші оқу құралы) / С. Ізтілеуова.- Алматы: Інжу- Маржан, 2011.- 161 б.
|
4
|
2
|
80
|
Молдаханов, Ә.М. Абай, Шәкәрім, Әуезов дәрістері: оқулық / Ә.М. Молдаханов.- Алматы: Дәуір, 2011.- 190 б.
|
2
|
2
|
100
|
Әбдиманұлы, Ө. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі (1900- 1940): оқу құралы / Ө. Әбдиманұлы.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2010.- 156 б.
|
5
|
2
|
100
|
Омаров, Д. Шәкәрім шыңы (ұлы ойшыл көтерілген рухани деңгей): дүниетаным / Д. Омаров.- Алматы: [Дәуір], 2008.- 206 б.
|
8
|
2
|
100
|
8 ӘДЕБИЕТТЕР
8.1 Негізгі әдебиеттер
8.1.1 Базарбаев, М. Таңдамалы. Т.1. Әдебиет және дәуір / М. Базарбаев.- Астана: Нұра-Астана, 2009.- 391 б.
8.1.2 Базарбаев, М. Таңдамалы. Т.2. Көректі ойдан - көркем сөз / М. Базарбаев.- Астана: Нұра-Астана, 2009.- 351 б.
8.1.3 Сейсенұлы, Д. Шәкәрім: ғұмырнамалық деректі хикаят / Д. Сейсенұлы.- Алматы: Қазақстан, 2009.- 255 б.
8.1.4 Шаңбай, Т. Ұғым мәдениеті: (Шәкәрім шығармашылығы аясында) / Т. Шаңбай.- Алматы: Раритет, 2009.- 351 б.
8.1.5 Әбдиманұлы, Ө. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі (1900- 1940): оқу құралы / Ө. Әбдиманұлы.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2010.- 156 б.
8.1.6 Шәкәрім мен Қайым тағдырлас/ Жауапты ред. Ғ.Қабышұлы = Шакарим и Каюм. Сплетение судеб/ Отв. ред.Г.Кабышұлы.- Астана: Фолиант, 2009.- 325б.
8.1.7 Молдаханов, Ә.М. Абай, Шәкәрім, Әуезов дәрістері: оқулық / Ә.М. Молдаханов.- Алматы: Дәуір, 2011.- 190 б.
8.1.8 Ізтілеуова, С. Абай, Шәкәрім шығармаларындағы адам тәрбиесі: (жоғары оқу орындары студенттеріне арналған көмекші оқу құралы) / С. Ізтілеуова.- Алматы: Інжу- Маржан, 2011.- 161 б.
8.2 Қосымша әдебиеттер
8.2.1 Шәкәрімтану мәселелері.Сериялық ғылыми жинақ. Т.3/ Құраст.:Т.Шаңбай.- Алматы: Раритет, 2007.- 375 б.- (Атамекен).
8.2.2 Әбдіғазиұлы, Б. Шәкәрім әлемі/ Б. Әбдіғазиұлы.- Алматы: Раритет, 2008.- 407 б.- (Шәкәрім әлемі / Сер.негізгі салған Т.Шанбай).
8.2.3 Шаһкәрім, Қ. Шығармаларының үш томдық толық жинағы. 1-ші том. Қажыма, ойым, қажыма: Өлеңдер / Құдайбердіұлы Шаһкәрім; Шәкәрім атындағы Семей мемл. ун-ті.- Алматы: Халықаралық Абай клубы, 2008.- 400 б.
8.2.4 Омаров, Д. Шәкәрім шыңы (ұлы ойшыл көтерілген рухани деңгей): дүниетаным / Д. Омаров.- Алматы: [Дәуір], 2008.- 206 б.
8.2.5 Еспенбетов, А.С. Шәкәрім және Сұлтанмахмұт/ А.С. Еспенбетов.- Алматы: Раритет, 2008.- 239 б.- (Шәкәрім әлемі / Сер.негізгі салған Т.Шанбай).
8.2.6 Мақпырұлы, С. Қазақ әдебиеті. І- бөл.: оқулық / С. Мақпырұлы, Т. Сыдықов.- 2-бас.- Астана: Фолиант, 2011.- 291 б.
8.2.7 Ақатай, С. Тереңнен тартқан тамырлар: әдебі мақалалар / С. Ақатай.- қайта басылған.- Алматы: Рrint-Express, 2011.- 415 б.
8.2.8 Қазіргі қазақ әдебиеті: оқулық / Б.Ердембеков, Ж.Аймұхамбет, Р.Тұрысбек, ж.б.- Алматы: Дәуір, 2012.- 215 б.
8.2.9 Адамбаев, Б. Асыл қазына: [ғылыми зерделеу мен зерттеулер] / Б. Адамбаев.- Алматы: Ана тілі, 2009.- 319 б.
8.2.10 Жұртбай, Т. "Күйесің, жүрек...сүйесің...": (Абай: "Жан бостандығы" немесе рухани тәуелсіздік) / Т. Жұртбай.- Алматы: Қайнар, 2009.- 463 б.
Достарыңызбен бөлісу: |