ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері» 5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет12/22
Дата25.08.2017
өлшемі2,95 Mb.
#27049
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

2. Термохимиялық мәліметтер. Барлық дегидрлену реакциялар – эндотермиялық.

Дегидрлену реакцияларының тепе теңдігі. Эндотермиялық дегидрлену реакциялары үшін жоғары темепература ыңғайлы. Нольге жақын немесе ∆G0 теріс шамалары реакцияның практикалық мүмкінділігіне және тепе тендіктің ығысуына көрсетеді. Парафиннің молекулалық массасы жоғарылаған сайын тепе тендік дегидрлену жаққа ықтималды болады. Фенил орынбасарларының бар болуы және көмірсутекті тізбектің тармақталуы сутектің элиминирленуіне жағдай жасайды.

Термодинамикалық факторлардың процес жағдайларының таңдауына әсері. Дегидрлену процестерін 200 ден 600-6500С температура аралығында жүргізеді. Дегидрлену процестерін жүргізу үшін қысым атмосфералыққа жақын болу керек, кейде процесті вакуумда жүргізеді. Кейде реакциялық қоспаны газбен немесе су буымен сүйылтады, бұл реагенттердің парциалды қысымының төмендеуіне және конверсияның тепе теңдік дәрежесінің өсуіне әкеледі.

3. Бутадиен – 1,3 (дивинил) СН2 = СН – СН = СН2 – түссіз газ, – 4,30С температурада сұйыққа конденсирленеді. Синтетикалық каучуктердің негізгі мономері болып табылады:



Екісатылы дегидрленумен бутадиен-1,3 өңдірісі.

С4 және С5 парафиндердің дегидрленуінде изомерлі парафиндер қоспасы түзіледі, мысалы, бутанна бутен-1, цис- және транс-бутен-2 түзіледі:



Қосалқы крекинг, изомерлену және кокстүзілу реакциялары жүреді. Бұл процестің айналу схемасы:



Катализаторлар - құрамында 10-40% Cr2O3 және 2-10% сілтілік металдардың оксидтері бар, Al2O3 негізінде оксидті алюмохромды катализаторлар. Оптимальды температура 560-5900С (бутанның дегидрленуі) және 530-5600С (изопентанның дегидрленуі).



Бірсатылы дегидрленумен бутадиен-1,3 өңдірісі. Бірсатылы процесте екі қайтымды сатылар реттік жолмен жүреді:

Бірсатылы процес үшін жоғары температура және реагенттердің төмен парциалды қысымы қажет. Катализатор дегидрленудің екі реакциясын да жылдамдату керек.



Изопрен СН2=С(СН3) – СН=СН2 (2-метилбутадиен -1,3) – 340С температурада қайнайтын түссіз сұйық. Табиғи каучуктің негізгі құрылымдық бөлігі болады.

Алу әдістері:



1. изобутенмен формальдегидтен синтездеу

2. пропилен димері арқылы синтездеу. Қышқылдық катализаторлар қатысында 2-метилпентен-2 изомерленеді, ол пиролиз кезінде СН4 айырады:





Стирол С6Н5 – СН = СН2 145,20С температура 0,1 Мпа қысымында қайнайтын түссіз сұйық. Қыздырғанда немесе инициатор әсерінен полистирол түзіп полимерленеді:

Электро және радиотехникалық қондырғыларды дайындау үшін қолданылады. Маңызды қолданудің бірі – стиролды синтетикалық каучуктерді алу үшін қолдану.

Этилбензолды каталитикалық дегидрленуге ұшыратып, стиролды алады:

C6H5CH2CH3 → C6H5CH=CH2 + H2

Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: дегидрлену реакцияларының жіктелінуі, дегидрленудің теориялық негіздері, бутадиен және изопрен өндірісі, стирол өндірісі.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:



  1. Дегидрлену процесінің теориялық негіздері

  2. Изопентанның дегидрлену реакциясын келтіріңіз

  3. альфа-метилстиролды қандай әдіс көмегімен алуға болады? Реакция теңдеуін келтіріңіз

  4. Стиролдың қолдану аймағы?

Ұсынылған әдебиеттер:

1 Лебедев Н.Н. Химия и технология основного органического и нефтехимического синтеза. –М.: Химия, 1988. 459-478б.

2 Белов П.С. Основы технологии нефтехимического синтеза. –М.: Химия, 1982. -278с.
Дәріс 21 - Винилді мономерлер және диендер өндірісінің теориялық негіздері

Дәріс жоспары:



  1. Винилхлоридтің және винилацетаттың өңдірісі

  2. Акрилонитрил өңдірісі

  3. Акрил және метакрил қышқылдарының өңдірісі

1. Винилхлоридті алу үшін шикізат ретінде этан, этилен және ацетилен қолданылады. Өндірісте винилхлоридті ацетиленді гидрохлорлаумен алады

Ацетилен және этилен қоспасын хлорлау:



Этиленді оксихлорлау:



Этанды бірсатылы хлорлау, содан соң алынған дихлорэтанды крекинглеу:



Этилен палладий комплексінің қатысында сірке қышқылмен әрекеттесіп, винилацетатты түзеді:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет