ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері» 5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет21/22
Дата01.04.2017
өлшемі2,95 Mb.
#13013
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

2. Экструзияның технологиялық процесі сатылы пластикация мен материалдық цилиндр аймағында айналмалы шнекті материалдың орын ауысуынан тұрады. Келесі аймақтарды бөледі – қоректену (І), пластикация (ІІ), балқыманы дозалау (ІІІ).

Қоректену аймағы (I). Бункерден түскен түйіршіктер шнектің І аймақ бұранда аралық кеңістігін толтырады және тығыздалады.

Пластикация және балқыту аймағы (II). ІІ аймақ басында цилиндр бетіне жанасатын полимерді балқыту жүреді. Балқыма біртіндеп жиналады және ені бойынша кемуші тығынға әсер етеді. Шнек кескінінің тереңдігі материалдың І аймақтан ІІІ аймаққа жылжуына байланысты кемитіндіктен пайда болған қысым тығынды цилиндрдің ыстық қабырғасына тығыз ығысуына мәжбүрлейді, полимердің балқуы жүреді. Балқыманың қысымының P негізгі жоғарлауы І және ІІ аймақ шекарасында жүреді. Бұл шекарада тығыздалған материалдан түзілген тығын шнекпен жылжиды: І аймақта бұл қатты материал, ІІ аймақта – балқушы. Осы тығынның болуы балқыма қысымының көтерілуінің негізгі қорын құрады. Сондай-ақ қысымның жоғарылауы шнек кескінінің тереңдігінің кемуі есебінен болады. Цилиндрдан шығысында артық қысым тор қарсы күштерін, ұшының каналдарында балқыма ағымын жоюға және бұйым қалыптауға жұмсалады.

Дозалау аймағы (III). Балқыған массаның гомогенденуі жалғасады, ол қатты полимер қалдықтарын соңғы рет балқытқанда, балқыған бөліктің температурасы мен тұтқырлығы орташасынан байқалады. Бұранда аралық кеңістікте балқыма ағындар қатарына ие, олардың негізгілері болып қума және циркуляциялық табылады. Қума (шнек осі бойымен) ағын шамасы экструдер өнімділігін Q, ал циркуляциялық - полимердің гомогендік немесе компоненттер ығысуын сапасын анықтайды. өз кезегінде ағын балқыманың үш ағынынан тұрады: тура, кері және кему ағыны. Тура ағын шнектің қалыптаушы фильера бағытымен қозғалысынан пайда болады.

3. Технологиялық шамаларға полимерді өңдеудің температурасы, балқыма қысымы, ұш аймақтарының температуралары және қалыптасқан экструдатты салқындатудың температуралық режимдері. Біршнекті экструдердің негізгі технологиялық сипаттамалары болып L, D, L/D, шнектің айналу жылдамдығы n, шнектің геометриялық профилі (сур.2) және сығылу (компрессия) дәрежесі – жүктеу аймағында червяктың бір виткасының көлемінің дозалау аймағындағы бір витоктың көлеміне қатынасы табылады.


Сур. 2. Шнектің аймақтық конструкциясының сызбасы.

Қысқа шнекті экструдерлерде L/D= 12-18, ұзын шнектілерде L/D> 30. Ең көп тараған L/D = 20-25 болатын экструдерлер. Экструдер жұмысының көрсеткіші болып оның эффективтілігі - өнімділіктің тұтынатын қуатқа қатынасы табылады.

Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: экструдерлер типтері мен құрылғылары, экструзия кезінде өтетін процестер, негізгі параметрлері.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:



  1. Полимерлердің экструзиясын қандай мақсатпен жүргізеді?

  2. Пластикация зонасында қандай процестер жүреді?

  3. Экструзия процесі қандай параметрлермен сипатталады?

  4. Біршнекті экструдердің құрылғысын келтірініз

Ұсынылған әдебиеттер:

1 Белоусов, А.М. Теоретические основы процессов получения и переработки полимеров. – Бийск: Изд-во Алт. гос. техн. ун-та, 2006. С. 188-198

2. Е.А. Брацыхин. Технология пластических масс. – М.: Химия, 2008. С.275-282.
Дәріс 29 - Термопластарды өңдеудің теориялық негіздері

Дәріс жоспары:

1. Қысыммен құю процесінің маңызы

2. Технологиялық процес ерекшеліктері



1. Қысыммен құю процесін термопластардан бұйымдарды алу үшін қолданылады. Оны 80-140 МПа қысымда поршенді немесе винтті типті құю машиналарында жүргізеді. Құю машиналарда жүретін процестер: гранулдаланған бұйымдардың дозалауы, олардың тұтқыраққыш күйге айналуы, балқыма дозаның құю формасына инжекциясы, формада қысымның әсерінен қатаюуы, форманың ашылуы және дайын бұймды итеріп шығару. Термопласттарды өндегенде құю формасын қалыпты температурада ұстайды, ал реактопластарды өндегенде оны қату температурасына дейін қыздырады.

Сурет 1. Құю машинасы: 1 -материальды цилиндр; 2 – жылту элементтері; 3-винт (шнек); 4-суыту каналдары; 5-бұйым үшін бункер; 6-гидродвигатель; 7-редуктор; 8-шашырату түйінінің гидроцилиндрі; 9-манометр; 10, 17-қозғалмайтын плиталар; 11 – бағыттаушы бағаналар; 12-құю форма; 13-қозғалғыш плита; 14-дөнгелек-рычагты механизм; 15-қосылу түйінінңі гидро-цилиндрі; 16-гайкалар; 18-упор; 19-сопло.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет