ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет1/5
Дата25.12.2016
өлшемі0,92 Mb.
#4801
  1   2   3   4   5

ПОӘК 042-18.1.14/01-2013


__________2013 жылғы

№ 1 басылым



53 беттің -шісі




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.1./01-2013

ПОӘК

«Қарым-қатынас психологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары


_______2013жылғы

№ 1 басылым

5В010300 «Педагогика және психология» мамандығына арналған

Қарым-қатынас психологиясы
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2013
Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Тәжірибелік сабақтар



4 Студенттің өздік жұмысы

5 Әдебиеттер

1. ГЛОССАРИЙ

1.1 АМАЛ– бір істі атқарудың тиімді жолын іздестірудегі адамның іс-әрекеті. Амал, тәсілдің көп болуы мүмкін. Бірақ адам істейтін істі аз күш – жігер жұмсап, оңай, тиімді меңгерудің жолын іздестіреді. Оны-ең тиімді амал, тәсіл деп атайды. Амал, тәсіл тәжірибемен тығыз байланысты. Істі игерудің ең тиімді жолын меңгерген адамды әдіскер (іскер) адам дейді.

1.2 ӘДІС (Метод; грек. methodos – теория, ілім, зерттеу жолы) – көздеген мақсатқа жетудің біріңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану – жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты. Тәрбие және оқыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім – тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі . Тәлімдік әдістерге байқау және қателік; жобалау әдісі,рейтинг әдісі,басқару әдісі және т.б. жатады.

1.3 ӘДІСНАМА (Методология; грек. methodos – зерттеу жолы, теория, ілім және ....логия ) – 1)ғылыми таным әдісі; 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориасына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты өзгеріске түсіру. Мұндай анықтамадан екі ғылыми мәселенің бірігуін байқауға болады. Бірінші, зерттеу жұмысының бағытына лайықты жағдай жасап, педагокикалық болмысты танудың кешенді құралдарын айқындау. Екінші, ұстаным, әдіс, құрал, жүргізу амалдары арқылы педагогикалық шындыққа жету тәсілдерін қолдану. Зерттеуші педагогтің нәтижеге жетуі оның ғылыми құрал – жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты; 3)дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игертуге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы. Ә. - әдістер туралы ілім, әдістер теориясы.

1.4 ӘДІСКЕР (Методист) – оқу – тәрбие әдісін жетік меңгерген ұстаз. Оның міндеті – пәннің оқытылу жағдайын бақылайды; озат мұғалім мен мектеп тәжірибесін жинақтап таратады. Ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетеді.

1.5 ӘДІСТЕМЕ (Методика) – 1) әдістер жиынтығы; 2)оқыту немесе ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім; 3)педагогиканың жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін саласы. Жалпы алғанда жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістемелері бар. Ә.дидактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психалогия, педагогика, филология және т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, білім беру жүйесіндегі озат тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғылыми талдаудан өткізіп отырады

1.6 ӘҢГІМЕЛЕСУ, ӘҢГІМЕ (Беседа) – 1)ақыл белсенділігін арттыруға бағытталған оқыту, тәрбие әдістерінің бірі. Оқушы әңгімелесу барысында мұғалім мен жолдастарының қойған сұрақтарына жауап бере отырып, өтілген материалды қайталап, бекітеді және білімін толықтырады. Ә. әдісі оқушыларға эмоциялық, эстетикалық әсер етеді. Ол оқытушының тәжірибесіне, кәсіптік шеберлігіне байланысты; 2) вербальдық (сөйлеу) қарым – қатынас негізінде ақпарат алу әдісі. Психологияның әр түрлі салаларында ( әлеуметтік, медициналық, балалар психологиясы және т.б.) көп қолданылады және сыналушыны психологиялық эксперимент жүргізу жағдаятына енгізудің, кірістірудің негізгі әдісі болып табылады. Психофизикалық эксперименттегі қатаң түрде нұсқау беруден психотерапиядағы еркін сөйлесуге дейін алуан түрде өтеді. Әңгімелесудің тән сипатты түрлері ретінде “экспериментке кірістіру” – іскерлік ынтымаққа тарту, жұмыстық гипотезаларды тексеру мақсатындағы “эксперименттік әңгімелесу”, сұхбат түрлерін саралауға болады.

1.7 БАЙҚАҒЫШТЫҚ (Наблюдательность) – заттың, құбылыстың егжей – тегжейін аңғаратын адам қабілеті. Ол адамның өмір сүрген ортасына, тәлім – тәрбиесіне, мамандығына, кәсібіне де байланысты. Б. Ғылыми жұмыста, шығармашылық істе ерекше орын алады. Б. – танымдық құрылғы мен соған сай шындықты қабылдауды қалыптастыратын қасиет.

1.8 БАЙҚАУ ӘДІСІ (Метод пробования) – белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт зерттелуші адамның психологиялық ерекшеліктерін қадағалау. Байқау, әдетте, зерттелуші адамның әрекетіне араласпай – ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелушінің мимикасын, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез – құлқын байқауға болады

1.9 БАҚЫЛАУ ӘДІСІ (Метод наблюдения) - белгілі бір педагогикалық құбылыстардың өту ерекшеліктерін, оларда тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының көрінуінің, алынатын нәтижелердің тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен тіркеп отыру. Б.ә.тұтас және іріктеме, қосылымды және жай, бақыланатын және бақылауға келмейтін, далалық және лабораториялық және т.б. түрлерге бөлінеді.

1.10 БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫ (Младший школьный возраст ) - баланы бастауыш мектепте оқыту кезеңіне сәйкес келетін даму сатысы. Бастауыш мектеп жасының хренологиялық шектері әр түрлі елдер мен нақты тарихижағдайларда әрқилы; оқыта бастауды белгілі бір елде және белгілі бір уақытта ресми қабылданған орай Б.м.ж. шартты түрде 6 – 7 жастан 10 – 11 жасқа дейінгі аралықта белгіленуі мүмкін.

1.11 БІЛІМ БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ (Методика в образовании) – жекелеген білім процестерінің тәлімдік әрекетіндегі нақты тәсіл, амалдардың сипатталуы. Білім беру әдістемесіне байқау, жобалау, қателік, рейтинг, тест, т.б. әдістер жатады.

1.12 ГЕНДЕР - қазіргі кезде ерлер мен әйелдердің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды, олардың әлеуметтік рөлдерін және т.б. талдаған кезде қолданылатын термин

1.13 ҒЫЛЫМ - 1) білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер; 2)негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы; 3) табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі. Ғ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға бағытталған оның барлық шарттары мен сәттерін : білімдерімен және қабілеттерімен, біліктілігімен, дене тәрбиесімен, ғылыми еңбегінің бөлінісімен және кооперациясымен қоса ғалымдарды, ғылыми мекемелерді, тәжірибелік және лабораториялық жабдықтарды, ғылыми – зерттеу жұмыстарының әдістерін, түсінік және категория аппараттарын, ғылыми ақпарат жүйесін, сондай – ақ , алғышарт, құрал – жабдық ғылыми өндірістің нәтижесі болып табылатын барлық ғылымдарды түгел қамтитын зерттеу қызметінің саласы. Бұл нәтижелер, сондай – ақ, қоғамдық сана нысанының бірі бола алады. Ол объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы нысаны.

1.14 ДАРЫНДЫЛЫҚ (Одаренность) – үлкен нышаннан туындайтын қаблеттіліктің түрі. Д. Адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қаблеттілігі, өнердіңбір түріне туа бейімділігі. Мыс., Дюрер 3жасында өз суретін салған , Моцарт 7 жаста төрт соната жазған. Гаусс 14 жасында өзінматиматика әлеміне танытқан. Қабілетіжан – жақты дамыған адамды дарынды деуден гөрі қабілетті деу орынды. Д. Туа бітетін ерекше қасиет. Ал қабілеттілік әр адамда болатын, еңбектенумен, ізденіспен жетілетін қасиет. Дарынды балалар зейінді, зерек, алғыр,ширақ келеді Олар қиын жұмысты жан – тәнімен беріліп істейді. Д. Атадан балаға, немереге, шөбереге қан арқылы берілуі де мүмкін. Д. – балаға білім беруде туа біткен алғырлық қасиеттің тәрбие жүйесіндегі әдіс - тәсілдермен бірлесе келіп, жеке тұлғаны қалыптастыруда ықпал етуінің нәтижелік көрінісі. Адамның білуге деген ынта – ықыласының бала бойында туа біткен алғырлық қасиетімен ұштасуын ақыл – ой қабілетінен байқауға болады.

1.15 ЕГІЗДІК ӘДІС (Близнецовый метод) – біркелкі (гомозиготалық) және әркелкі (гетерозиготалық) егіздердің психологиялық ерекшеліктері мен дамуын салыстыра зерттеу. Е.ә. адамның психологиялық қасиеттері мен мінез – құлық ерекшеліктерінің қалыптасуына тек пен ортаның ықпал деңгейі туралы мәселені ғылыми тұрғыдан шешу мақсатында жүргізіледі.

1.16 ЖАС - адам дамуының кезеңі, организм мен түлға қалыптасуының тән сипатты заңдылықтарының жиынтығымен сипатталады. Жас – дамудың белгілі бір сатысындағы тұлға құрылымының өзіндік ерекшелігін анықтайтын бірқатар өзгерістер тән болатын сапалықтұрғыдан ерекше кезең болып табылады. Педагогикалық тәжірибе, психологиялық бақылаулар, медициналық практика эмприялық негіздерде әр түрлі жас кезеңдерін саралайды. Жасқа орай дамуды кезеңдергебөлудің қазіргі варианттары шартты түрде алынған, өйткені әрбір көзқарас тұрғысына тән критерийлерге негізделген. Жастың психологиялық сипаттамасы тәрбие мен дамудың нақты тарихи жағдайларына, қарекет пен қарым – қатынас ерекшеліктеріне орай анықталады.

1.17 ЖАС ДАҒДАРЫСТАРЫ (Кризисы возрастные) – онтогенездің қауырт психологиялық өзгерістермен сипатталатын, уақыты жөнінен біршама ұзақ емес (бір жылға дейін), ерекше кезеңдері. Невроздық не жарақаттық сипаттағы дағдарыстардай емес, жас дағдарыстары қалыпты процестерге жатады және тұлғаның қалыпты ,үдемелі дамуы үшін қажет.

1.18 ЖАСӨСПІРІМ – 10 және15 жас аралығындағы жеткіншек . Ж. кезеңінде адамда жан қуатының сапалық жаңа құрылымдары (жыныс мүшелерінің жетілуі, сана – сезімнің артуы, айналасымен қарым – қатынасының жаңа мазмұнға ие бола бастауы, іс - әрекетінің күрделене түсуі, моральдық – этикалық түсініктер және т.б.) қалыптасады. Бұл кезде Ж. дербестікке ұмтылып, әсерге берілгіш келеді. Ж. кезінде дұрыс тәрбиеленбесе бала теріс қылықтарға (темекі тарту, ішімдік ішу, дөрекі,әдепсіз болу және т.б) салынуы мүмкін. Сондықтан Ж. кезеңінде олардың психикалық ерекшеліктерімен санасып әр түрлі қоғамдық пайдалы жұмысқа (оқу, спорт, еңбек) қатыстырып отыру керек.

1.19 ЖЕКЕ АДАМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРі – адамның өзіне ғана тән, оны өзгелерден даралап тұратын психикалық ерекшеліктері. Әр баланың индивидумдық ерекшеліктерін тәрбиеші сол баламен жеке жұмыс жүргізу үшін міндетті түрде білуі қажет.

1.20 ЖОБАЛАУ ӘДІСІ (Метод проектирования) – оқушының бірте – бірте күрделіне түсетін практикалық тапсырмаларды жоспарлы түрде орындату арқылы оқыту жүйесі.

1.21 ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ (Методика исследования) – ғылыми – зерттеу мақсатын шешетін амалдар.

1.22 ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ (Объект исследования) – аясында зерттелетін нәрсе мазмұны бар тәлімдік кеңістік. Педагогикадағы зерттеу объектісіне адамдарды оқыту және тәрбиелеу жатады.

1.23 ЗИЯТ,ПАРАСАТ (интеллект; лат. Intellectus-ақыл,парасат,ес) индивидтің ақыл-ой қабілеттерінің біршама орнықты құрылымы. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, қазіргі кезде оған барлық танымдық процестер кіреді.з. адамның болмысты тануының негізгі нысаны.з.ақпаратты мақсатты бағытты қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті.3. функциялары: а) оқуға деген қабілеттілік; ә) символдармен операция:б) қоршаған болмыстың заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдаларда з.ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңдестіріледі. Теориялық және практикалық з.жеке адамның эмоциялық-ерік ерекшеліктерімен байланысты. Түрлері: абстрактылы 3., ересектер зияты., нақты з., кристалданған з., күнделікті з., жануарлардың зияты, жасанды з. Зиятты диагностикалау з. Коэффициентіне байланысты.

1.24 ЗИЯТ ТЕСТІЛЕРІ-индивидтің ақыл-ой әлеуетін анықтауға арналған психологиялық диагностика әдістемелері. Зият тестілерінің көпшілігінде сыналушыға арнаулы бланкте тестінің міндеттері солардан құрастырылған терминдер мен ұғымдар арасындағы нұсқауда көрсетілген логикалық таптастыру,ұқсастыру, қорыту және т.б. қатынастарды анықтап белгілеу ұсынылады. Сыналушы өзінің шешімдерін жазбаша түрде, не бланкіде бар бірнеше варианттың біреуіне белгі қойып хабарлайды. Есептер кейде суреттерден, геометриялық фигуралардан және т.б. тұрады. Тестілер есептеріндегі дұрыс орындалғандарының санына қарап сыналушының ойдағыдай өткені анықталады, зияттылық коэффициенті шығарылады.

1.25 ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ (лат.inter-өзара, өз ішінде, fertns-әкелуші, ауыстырушы; көне француз тілінен аударғанда: бір-біріне кедергі келтірк дегенді білдіреді)- жалпы мағынада: операциялар не әрекеттер арасындағы, әрекеттің нәтижесін төмендететін не жоққа саятын кез-келген процесс; әлеуметтік психологияда қарама-қарсы эмоциялар, мотивациялар, құндылықтар арасындағы қақтығыс; есте қалдырылған материалға басқа материалдың әсер етуінен оның әлсіреуі. И. ес, үйрену процестерімен байланысты зерттеледі.Естегі ақпараттардың арасындағы қақтығыс бұрынғы тәжірибенің әсерінен жаңа ақпаратты ауыр-жеңіл меңгеру (проактивті И. немесе тежелу), ескі ақпаратты жаңа келіп түскен ақпараттың әсерінен еске түсірудің қиындауынан (ретроактивті И.) туындайды. Интерференция вербалды И., моторлы-акустикалық И., қору интерференциясы, селекциялы И. болып сараланады. И. ұғымы ұмытудың психологиялық теориясының негізінде түсіндіріледі.

1.26 ИНТРОСПЕКЦИЯ(лат.introspectare-ішіне қарау)- өзінің психикалық тәжірибесін зерттеу, ішкі жақты қарау процесі. Адамның өзінің санасының психикалық мазмұнын, ішкі әлемін зерттеуі. И. психиканы толық зерттеуге негіз бола алмайды, тек жасырын психикалық іс-әрекет тікелей бақылауға келмегенде ғана кейбір психолингвистикалық эксперименттерде қолданылады. И. ұғымы өзін-өзі бақылау ұғымымен де түсіндіріледі. Өзін-өзі бақылау ішкі сана құбылыстарын тіркеуге мүмкіндік беретін ішкі өзіңнің психикалық өміріңді бақылау. Интроспекцияны өзін-өзі бақылаудан ажырата білу керек.

1.26 КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ (профессиональная ориентация)- әрбір тұлғаның индивидумдық мүдделері мен еңбек рыногының қажетсінуін есепке ала отырып халыққа кәсіп таңдауда, іріктеуде не кәсіп ауыстыруда көмектесуді қамтамасыз ететін отбасының, оқу орындарының, мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың ақпараттық және ұйымдастырушылық-практикалық іс-әрекеті.

1.27 КЕШЕНДІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ( комплексная система обучения)- оқу материалдарын жүйелі түрде байланыстыра оқыту.(экологиятану, табиғаттану т.б.)

1.28 КОЛЛОКВИУМ (лат.colloguim-әңгіме, әңгімелесу)- 1)- оқу сабақтары нысандарының бір түрі; оқытушылардың оқушылардың білімін тексеру мақсатында әңгімелесуі. Жоғарғы оқу орындарында К.,әдетте, лабораториялық жұмыстың, оқу практикасының алдында студенттердің сол жұмыстарды орындауға қажеттік теориялық білімін байқау үшін жүргізіледі. Қазіргі оқу процесінде коллеквиумдае электрондық оқыту машиналары жиі пайдаланылады; 2) баяндамалар талқыланатын ғылыми жиналы

1.29 КОНСПЕКТ (лат.conspeklus-шолу)-кітап, дәріс, баяндаманың мазмұның қысқаша жазу. К. Оқушының логикалық ойлауы мен сөйлеу мәдениетін жетілдіреді. К.- жазудың күрделі түрі. Сондықтан оқушы жоспар құру дағдыларын меңгерген соң ғана конспект жаздыруға ауысуға болады. Білім алушылар оқу процесінде берілетін білім мазмұнын қысқаша қағазға түсіріп, жазып отырады, яғни конспектілейді.

1.30 КОНТЕНТ ТАЛДАУ (ағылш.contents-мазмұн)- педагогикада пайдаланылатын зерттеу әдісі. М. Мәтін және өзге де тасымалдаушылардың ( бейнежазба, сұхбат, балалардың жұмысы, мектеп құжаттары, т.б.) өзіндік сипаттарын анықтау мен баға беруді білдіреді.

1.31 ҚАБІЛЕТТІЛІК ТЕСТІЛЕРІ (тесты способностей)- жалпы алғанда қайсыбір мақсатқа жетудің әлеуметтік мүмкіндігін өлшеу үшін құрастырылған кез келген тест. Арнайы қабілеттерді, жалпы қабілеттерді және көпжақты қабілеттерді мөлшерлеп анықтауға арналған түрлері құрастырылады.

1.32 ҚАТЫНАС, БАЙЛАНЫС (коммуникация; отношение)- психологияда өзара әрекет моделін, ес процесін, физиологиялық функцияларды, тілді түсіндіреді. Берілген ақпаратты хабарлау.

1.33 ҚИЫН БАЛАЛАР- тұлғалық дамуында көрінеу ауытқулары бар екенін көрсететін балалар санаты. Әдетте, балаларды бұл санатқа қосқанда олардың оқу-тәрбие процесінің дұрыс өтуіне кедергі болатын даралық-психологиялық ерекшеліктерінің сыртқы көріністері негізге алынады. Баланың мінез-құлқындағы кінәраттардың себептері алуан түрлі болады, оның қиын деп бағалануы көбіне нақты психофизиологиялық сипаттамасын көрсетпейді, ол туралы ата-аналар мен педагогтардың пікірін білдіреді. Қазіргі әдебиетте қиын балалар деп, әдетте, мінез-құлықтары жалпы қабылданған нормалардан көп ауытқитын және дұрыс тәрбиелеуге кедергі жасайтын балалар аталады. Сондықтан оларға қатысты тәрбиеленуі қиын балалар деген термин синонимі қолданылады.

1.34 ҚОРЫТЫНДЫ (вывод)- 1) жалпы және сөзбе-сөз мағынасы- сыртқа шығатыңның бәрі, организмнің кез-келген реакциясы немесе жүйенің өнімі; 2) ақпарат теориясында- шығатын сигнал.

1.35 МАҚҰЛДАУ, ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТКІЗУ (апробация; лат.approbatio)- зерттеу барысында болжамның оң не терістігін анықтау мақсатындағы тәжірибелік байқау сынағы

1.36 МЕКТЕП ЖАСЫ (школьный возраст)- балалардың өмірі мен дамуының кезеңі. Бұл кезең 10-11 жылға созылады және үш жас кезеңіне бөлінеді: 1) кіші мектеп жасы (6-7 жастан 11 жасқа дейін); 2) жасөспірімдік кезең (11-12-ден 14-15-ке дейін); 3) ерте бозбалалық шақ (15- тен 18-ге дейін). Бұл кезеңдердің әрқайсысы балалардың анатомиялық-физиологиялық және психикалық ерекшеліктерімен, олардың қоғам өміріне араласу дәрежесімен, оқу-тәрбие жұмысы мазмұнымен, ұйымдастырылуымен сипатталады.

1.37 МІНЕЗ БІТІСТЕРІ (черты характера)- өмір барысында біртіндеп қалыптасатын мінез ерекшеліктері. Бұлар бірнеше топқа бөлінеді. Кісінің айналасына, басқа адамдарға қатынасын білдіретін жағымды мінез бітістеріне адамгершілік,қайырымдылық, адалдық,т. б.осы секілді жағымды мінездермен қатар, қатыгездік, зымияндық, сотқарлық, т.б. ұнамсыз түрлері де кездеседі.

1.38 ОҚЫТУ ДИАГНОСТИКАСЫ (диагностика обучения)- қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін ауытқуларды айту, олардың жұмыс режімінің бұзылуының алдын алу жолдарын айқындау.

1.39 ОҚЫТУДАҒЫ ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКА БАЙЛАНЫСЫ (связь практики с теорией в обучении)- теориялық білімнің іс жүзінде білім, дағды, шеберлік тұрғысынан көрініс табуы. Оқушыларды нақты іс-әрекетке үйретеді, тиісті әрекетке бейімделуге икемдейді.

1.40 ПСИХОДИАГНОСТИКА (психо..және diagnostikos- айырып тануға қабілетті)- адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы.

1.41 ПСИХОЛОГИЯ (грек. psyche-жан, logos-ілім)-тіршілік қарекетінің ерекше нысаны ретінде психиканың даму және функция атқару заңдылықтары туралы ғылым. Тіршілік иелерінің қоршаған дүниемен өзара әрекеттестігі психикалық процестер арқылы, актілер мен күйлер арқылы жүзеге асады; бұлар физиологиялық процестерден, актілер мен күйлерден сапалық тұрғыдан ерекше болғанымен, олардан бөлінуге келмейді.

1.42 САЛЫСТЫРМАЛЫ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ӘДІС (сравнительно-генетический метод)- жазба жұмыстарын, эпистолярлық мемуарларды, адамның басынан өткізген оқиғаларын, естеліктерін зерттеп, оның әр түрлі психологиялық ерекшеліктерін білу. Балалардың немесе үлкендердің психикалық әрекеттерін зерттеу кезінде оларды бір-бірімен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмащылықтарын анықтайды.

1.43 ТЕСТІҢ СӘЙКЕСТІЛІГІ - тест сапасының негізгі критерийлерінің бірі. Т.с. проблемасы тестің талдап-белгіленуі мен іс жүзінде қолданылуы процесінде тұлғаның ден қойылып отырған қасиетінің біліну дәрежесі мен оны өлшеу әдісі арасындағы сәйкестістікті анықтау міндеті қойылған кезде туындайды. Тест неғұрлым жарамды болса, өзі соны өлшеу үшін жасалған қасиет онда неғұрлым анық білінеді

1.44 ТЕСТІЛЕР (ағылш.test-сынау, сынама)- жеке тұлғаның даралық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салғастырмалы шамалармен өлшеуге арналған стандартталған тапсырмалар; психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі. Т. модельдік жағдайлар болып табылады, олар арқылы индивидтің тән сипаты реакциялары анықталып, зерделенетін нышан көрсеткіштерінің жиынтығы деп есептеледі. Тестілерді әр түрлі негіздер бойынша саралауға болады.

1.45 ТЕСТІЛЕУ-белгілі бір мәндер шкаласы бар стандартталған сұрақтар мен есептер пайдаланылатын психологиялық диагностика әдісі. Даралық айырмашылықтарды стандарты өлшеу үшін қолданылады. Тестілеудің негізгі-негізгі үш саласы бар: а) білім беру- оқыту мерзімінің ұзаруына және оқу бағдарламаларының күрделенілуіне байланысты; ә) кәсіби даярлық және іріктеу- өңдірістің өсу қарқынының жеделдеуіне және күрделіленуіне байланысты; б) психологиялық консультация-социодинамикалық процестердің жеделдеуімен байланысты. Т. индивидте қажетті дағдылардың, білімдердің, тұлғалық сипаттамалардың және т. б. дамуының актуальды деңгейін белгілі бір ықтималдықпен анықтауға мүмкіндік береді.
2. ДӘРІСТЕР

ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАЗУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық білімдерін қамтамасыз ету

Міндеттері:

  • Әр тақырыпты меңгерту барысында жүйелі білім беру;

  • Әр тақырып бойынша негізгі ұғымдармен таныстыру және меңгерту;

  • Пәнге қызығушылығын арттыру және өздігінен жұмыс істей білуге үйрету.

Дәріс -жоғары оқу орындарындағы оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.

Ол студенттерге олар үшін жаңа ақпараттарды беруге тиімді.

Дәріс студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі.

Дәріс - студенттерге өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады.

Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық:


  • Сабаққа кешікпеңіз;

  • Дәріс дәптеріңізді және қаламыңызды ұмытпаңыз.

  • Дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз.

1-дәріс. Қарым - қатынас әлеуметтік - психологиялық проблема ретінде

Мақсаты: Қарым – қатынас туралы түсінік беру. Қарым - қатынастың психологиялық және педагогикалық аспектілері жайлы мәлімет беру.

Дәрістің мазмұны:

Қарым - қатынас түсінігін анықтау. Қарым- қатынастың пайда болуы және дамуы. Қарым - қатынас мазмұны. Қарым - қатынас құралдары. Қарым- қатынас процесіндегі әсер ету механизмдері. Қарым - қатынас стилі. Қарым - қатынастың психологиялық және педагогикалық аспектілері.

Психология ғылымының кез келген мәселесі адамның жан дүниесінің сырымен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан салаларымен тығыз байланысты. Бұл табиғи заңдылық болашақ ұрпақтың да өмір жолы мен тағдырының әрқилы қырларымен өзара ұштасады.

Жоғарыда айтылғандай, адамдар арасындағы қарым-қатынас жасаудың, олардың өзара тілдесе білуінің құпия-сыры мен кілті неде деген мәселенің шешімін табу-қазіргі өмір талабы болып отыр.

Егер әлеуметтік психология ең алдымен, адамзаттың іс-әрекетіндегі заңдылықтарын талдайтын болса, онда ғылым эмпирикалық айғақтармен байланысты болады. Бұл айғақ адамдардың бір-біріне әсері мен қарым-қатынасы болып табылады.

Қарым-қатынас –адамдардың бір-бірімен байланыс жасайтын процесі. Адамдар мен жануарлардың өмірін қарастыра келгенде байланыстың 2 түрін қарастыруға болады: табиғатпен байланыс және тірі табиғатпен байланыс. Қарым-қатынас барлық жоғары тірі ағзаларға тиесілі. Ол адамдар деңгейінде нағыз формасына ие болып, саналанған және сөйлеумен тығыз байланыста болады.

Қарым-қатынасты:



  1. Қарым-қатынас мазмұны;

  2. Қарым-қатынас мақсаты;

  3. Қарым-қатынас құралы сияқты аспектілерін бөліп қарастыруымызға болады.

Қарым-қатынастың мазмұны дегеніміз-белгілі бір ақпараттың қарым-қатынас арқылы бір адамнан екінші адамға жеткізілуі. Ал мазмұн дегеніміз-адамның ішкі түрткілері және эмоциялық жағдайлары жайлы мәліметтер.

Қарым-қатынас қызметтері:



  1. Прагматикалық қызметі адамдардың бірлескен іс-әрекетінде жүзеге асады және қарым-қатынастың қажетті-сотивациялық себептерін көрсетеді. Мұнда қарым-қатынас ең маңызды қажеттілік болып табылады.

  2. Қалыптасу және даму қызметі серіктестердің бір-біріне әсер етуінен көрінеді. Қарым-қатынас нәтижесінде адам барша адамдық тәжірибе мен білімдерге ие бола отырып, тұлға ретінде қалыптасуының маңызы зор. Бұл адамның өмір барысында жинақталады.

  3. Дәлелдеуші қызметі адамдардың өзін-өзі тану, дәлелдеу мүмкіндігін туғызады.

  4. Адамдарды біріктіру немесе бөлу қызметі, біріншіден, өзара ақпараттармен алмасады және мақсаттарының біріктіру жолдарын қарастырады, екіншіден, нәтижесінде адамдардың бір-бірінен бөлектенуіне әкеліп соғуы мүмкін.

  5. Ұйымдастырушы және тұлға аралық қатынасы қолдаушы қызметі адамадар арасындағы тұрақты байланысты ұстап тұру, оның әрі қарай даму жоспарын қарастыру.

  6. Ішкі тұлғалық қызметі адамның өзімен-өзі қарым-қатынасқа түкенде туындайды (ішкі немесе сыртқы сөйлеу арқылы). Осы қарым-қатынастың түрі ретінде адам ойлауының әмбебап формасын қарастыруға болады.

Қарым-қатынас механизмі. Қарым-қатынастың әмбебап реттеуші механизмі болып адамның психикасын толықтай анықтайтын бағдар жатады. Психикалық құрылымындағы әртүрлі бағдарлар ұстаған адамадар тез кикілжіңге түседі және олардың қарым-қатынасы да ұзаққа созылмайды. Олардың ұқсастығы түрлі мәселеге деген көзқарастырының, сезімдерінің ұқсас болуы болып табылады. Осының нәтижесінде бірлесіп жұмыс жасау жоспары туындайды.

Коммуникативті стиль. Қарым-қатынасқа түсу әдісі ретінде негізгі он коммуникативті стильді бөліп қарастырады:

  1. Доминантты немесе үстем (коммуникация барысында басқалардың рөлін төмендетуге бағытталған стратегия).

  2. Драматикалық (ақпараттың эмоциялық және асыра сілтеу сипатында болуы).

  3. Даулы (агрессивті және дәлелдеуші).

  4. Тыныштандыратын (әңгімелесушінің үрейін басу).

  5. Әсер етуші.

  6. Нақты (ақпараттың нақтылығына бағытталған).

  7. Ұқыпты (өзгелердің пікіріне қызығушылық таныту).

  8. Жігерлендіруші (көбінесе, вербальды емес қарым-қатынас құралдарын қолдану арқылы).

  9. Ынтымақтастық.

  10. Ашық (өз пікірін ашық жариялау).

Бақылау сұрақтары:

1.Қарым – қатынастың жалпы сипаттамасы

2.Қарым – қатынас қызметі

Әдебиеттер:

1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.

2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.

4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995
2-дәріс. Қарым - қатынас, оның түрлері.

Мақсаты: Қарым – қатынас түрлері жайлы мәлімет беру.

Дәрістің мазмұны:

Қарым-қатынас түрлері: іскерлік қарым - қатынас, жеке өзара қарым-қатынас, топтық қарым-қатынас, көпшілік қарым-қатынас және т.б. Ұзақтығы және аяқталуы бойынша: қысқа және ұзақ уақытты; аяқталған және аяқталмаған немесе үзілген.
Қарым-қатынастың мазмұнына байланысты келесі түрлері бар:

1.Материалдық қарым-қатынас –іс-әрекеттің пәні мен өнімділігін айырбастау, яғни адамдар индивидуалды іс-әрекет жасаудың арқасында оның өнімділігі, өз қажеттіліктерін өтейтін құралдар жайлы пікір алмасады.

2.Кондиционалдық қарым-қатынас –белгілі бір қарым-қатынас кезінде адамдар бір біріне әсер етеді.

3.Танымдық қарым-қатынас - адамдар бір бірімен білімдерімен алмасады.

4.Мотивациялық қарым-қатынас – адамдар мақсаттары, қызығушылықтары, түрткілері, қажеттіліктері жайлы пікір алмасады.

Қарым-қатынастың мақсаты дегеніміз - адамның бойында белгілі бір жағдайға байланысты белсенділігінің пайда болуы.

Мақсатына байланысты қарым-қатынастың келесі түрлері бар:

Биологиялық қарым-қатынас - ағзаны ұстап тұру, мақтау, дамыту үшін қажет. Ол ағзаның қажеттіліктерін қанағаттандыру мен тығыз байланысты.

Әлеуметтік қарым-қатынас-адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы және дамуы.

Қарым-қатынастүрлерi:


1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.
6.Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.
7.Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы.

8. Перцептивтік қарым-қатынас - адамның парапар қабылдауы, оның ішкі дүниесіне бойлау, әрбір жеке сәтінде оның психикалық жағдайын сезіну дағдысы, оның тәртіп себебін түсіну дағдысы. Мұғалім өзінің перцептивтік қарым-қатынас қабілеттерін ұдайы дамытуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет