ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені психологияны оқыту әдістемесі


Лабораториялық сабақтарға қойылатын талаптарға мыналар жатады



бет6/7
Дата27.12.2016
өлшемі0,97 Mb.
#5683
1   2   3   4   5   6   7

Лабораториялық сабақтарға қойылатын талаптарға мыналар жатады:

Бірінші талап: сабақ үлкен қомақты болмауы тиіс. Сабақта міндетті түрде көп әдістемелерді қолданудың не күрделі, көлемі үлкен әдістемелерді және әр түрлі зерттеу процедурасын қолданудың қажеті жоқ. Тек қана студенттердің осының көмегімен сенімді мәлімет алу мүмкіндігі туралы немесе қандай да бір теорияның ақиқаттығына көз жеткізу үшін ғана қолданған жөн.

Екінші талап: оқытушының міндетті түрде студенттер алған тестік немесе басқа да фактілер жөнінде теориялық интерпретация жасауы. Егер тест студенттердің өздеріне жасалса, жекелеген студентер бойынша алынған көрсеткіштерді көпшілік алдында талдауға болмайды, бұл сол адамды кездесоқ ренжітуге не сол адамның өзінің бойындағы «кемшілікке» қатысты уайымдауына негіз болуы мүмкін. Тестілеу немесе сауалнама нәтижелері көпшілік алдында талдануы мүмкін, бірақ мұның барлығы жасырын болуы қажет. Студенттер онсыз да талдау барысына өздері қорытынды шығара немесе оқытушыға сұрақ дайындай отырып зейін сала бақылайды.

Үшінші талап - оқытушы талдаудан қорытындыны осы зерттеу процедурасының мүмкіндіктеріне ғана қатысты жасамай, зертте объектісіне айналаған психологиялық феномендердің өзінің мазмұны бойынша жасауы тиіс. Басқаша айтсақ, студенттер әдістемелер мен зерттеу бағыттарын үйрене отырып, олар сонымен қатар психология теориясы бойынша да білім алуы тиіс.
Негізгі ұғымдар: зерханалық жұмыстардың функциясы, зерханалық жұмыстар, зерханалық жұмыстың әртүрлілігі, тәжірибе мен демонстрация, зерханалық сабақтарды жүргізуге қойылатын әдістемелік талаптар.
Бақылау сұрақтары:

1.Психологияны оқытудағы зерханалық жұмыстардың функциясы.

2.Зерханалық жұмыстар мен олардың өзіндік ерекшеліктері. Зерханалық жұмыстың әртүрлілігі.

3.Психология сабағындағы тәжірибе мен демонстрация.

4.Психология пәні бойынша зерханалық сабақтарды жүргізуге қойылатын әдістемелік талаптар.
Әдебиеттер:

1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.

2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.

3.Жарықбаев Қ.Б Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы.,1987.

4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.

5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.

6.Попова М.В Психология как учебный предмет в школе.-М.,2000.

7.Подвойская М.А Уроки психологии в школе.Конспекты занятий и дневник практического психолога.-М.,1993.

Модуль 4. Психологияны оқытудағы тексеруді ұйымдастыру мен бағалау.

Тақырып: Психология пәні бойынша білім алушылардың өзіндік жұмыстарының ұйымдастырылуы.

Дәрістің мазмұны:

1.Оқу үрдісіндегі өзіндік жұмыстың негізгі функциясы.

2.Өзіндік жұмыстың ұйымдастырылуының жүйелік тұрғысы. Өзіндік жұмыс құрылымы.

3.Психология бойынша ғылыми әдебиетті оқу және кітаппен жұмыс. Психологиялық әдебиетпен жұмыс жасау әдістемесі.



Оқу іс-әрекеті туралы айтқанда, зерттеушілер дәстүрлі түрде оқушының сыныптағы жұмысын еске алады. Алайда, мектеп оқушысының оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы - сыныптық жұмысымен қатар, оқу пәні бойынша, оның сыныптан тыс және өзіндік жұмысын да қамтиды. Аз зерттелген және оқушының студенттің өзіндік жұмысы оқу іс-әрекетін психологиялық талдау тұрғысынан неғұрлым қызықты, өзіндік жұмысы болып табылады. Дәл осы өзіндік жұмыстан оның мотивациясы, мақсаттылығы және де өзіндік ұйымдасуы, өзіндік беті, өзін-өзі бақылауы және т.б. психологиялық сапалары байқалады. Үйренушінің өз бетінше жұмысы оның оқу процесіндегі позициясын қайта құрудың негізі ретінде қызмет етеді.

Өзіндік жұмыс, бұрыннан белгілі болғандай, мектепте, жоғары оқу орнында оқытудың маңызды және кеңінен талқыланатын проблемаларының бірі болып табылады. Мектепте және жоғары оқу орнында оқытудың қазіргі күнгі әдістемелерінде ол міндетті түрде оқытушының ұйымдастырушы рөлімен теңестіріледі. Дидактикада өзіндік жұмыс деп оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс немесе мұғалімнің қатысуынсыз, бірақ оның тапсырмалары бойынша, даралық және ұжымдық іс-әрекетінің алуан түрлерін түсінеді (А.А. Миролюбов).

Осы проблеманың жалпы педагогикалық және әдістемелік сұрақтарын жеткілікті жан-жақты түсіндіруде оның психологиялық жағы оқу іс-әрекеті позициясынан ең азырақ көрсетілген болып қалады. Осы проблеманы қарастыру үшін бастапқы жағдайларды анықтайық.

Біріншіден, мектеп оқушысының өзіндік жұмысы оның сабақ үстінде оқу іс-әрекетін дұрыс ұйымдасуының салдары болады, оның өзі оны өз бетінше кеңейтуді, тереңдетуді және бос уақытта жалғастыруды мотивтендіреді. Осыған сәйкес, мұғалім ұйымдастыратын және басқаратын оқушының оқу жұмысы (мұғалім тапсырмасы бойынша сыныптық және сыныптан тыс) оқу пәнін игеру бойынша өзіне берілген, өз бетінше іс-әрекетінің бағдарламасы ретінде болуы керек. Бұл мұғалім үшін өзінің оқу әрекеттерінің жоспарын айқын саналау ғана емес, сондай-ақ оқушыларда оқу пәнін, жаңа оқу тапсырмаларын орындау барысында игерудің кейбір схемасы ретінде қалыптасуын саналы түрде ұғынуды білдіреді.

Екіншіден, берілген түсініктемеде өзіндік жұмыс - үй жұмысына қарағанда неғұрлым кең түсінік, яғни, мұғалімнің келесі сабаққа дайындауы: сыныпта, үйге берген тапсырмаларын орындауы. Өзіндік жұмыс оқушының мұғалім қандай да бір формада берген, сабақтан тыс жұмысын қамти алады. Бірақ тұтастай, бұл оқушының қандай да бір материалды меңгерудің дайын немесе өзі өндірген бағдарламасынан таңдап алып, қатарласа шұғылдануы.

Үшіншіден, өзіндік жұмыс үйренушінің оқу іс-әрекетінің өзгеше түрі ретінде қарастырылуы тиіс, ол оның жоғарыда аталған барлық ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл оның оқу іс-әрекетінің жоғарғы формасы, оның сыныптағы жұмысымен байланысты өз-өзіне білім беру формасы.

Үйренушінің өзі үшін өзіндік оқу жұмысы психологиялық тұрғыдан нені білдіреді? Ең алдымен, ол таңдау бойынша еркін, іштей мотивтендірілген іс-әрекет ретінде саналы түсінілуі тиіс. Ол үйренуші тарапынан оған енетін бірқатар әрекеттердің орындалуын ұйғарады: өз іс-әрекетінің мақсатын саналы түсіну, оқу міндетін қабылдау, оған тұлғалық мағына беру (А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориясы терминдерінде), осы міндеттерді орындауға өзінің басқа қызығушылықтары мен шұғылдану формаларын бағындыру, оқу әрекеттерін уақыт бойынша бөлуді өз бетінше ұйымдастыру, оларды орындауды өз бетінше бақылау.

Енді өзіндік жұмыстың өзгешелігін сыныптан тыс жұмыспен салыстыра отырып қарастырайық (мектептен тыс, сабақтан тыс жұмыс). Оның анықтамасын оқытудағы сабақтан тыс жұмысты ұйымдастырудың негізгі талаптарымен салыстырайық. Бірінші талап оқушының сабақ үстінде алған білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тереңдетіп, кеңейтіп және жетілдіруі тиіс екені белгілі, бірақ жаңа білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды жеткізудің негізгі мақсаты емес. Екінші талап жұмыс материалының өзінің формаларының, процестерінің және материалының әуестігі болып табылады. Тағы да оқушылардың осы процесте өз еркімен және белсенді араласуы, бұқаралық ұйымдастырудың формасы ретінде маңызды талаптар болып табылады.

Егерде өзіндік жұмысты оқушының оқу іс-әрекетінің ең жоғарғы өзгешелік түрі ретінде анықтаса, онда осы талаптардың әр қайсысымен салыстыра отырып, оның маңызды ерекшеліктерін айқындауға болады. Мысалы, нағыз өзіндік жұмыс өз бетінше оқу іс-әрекеті сияқты «ақпараттық вакуум» негізінде пайда болуы мүмкін. Ол оқушыда бір жаңа, белгісіз, өзі үшін маңызды, керек нәрсені білуге, игеруге деген қажеттілік қалыптасқан кезде пайда болады, ал оқу үрдісінде осындай қажеттілікті қанағаттандыру тәсілі жоқ. Бұл, өз кезегінде, мұғалімнің жұмысының оларда осындай қажеттілік пайда болуына алғы шарт қалыптастыруға бағытталуын болжайды.

Басқаша айтканда, осылайша түсінілген өзіндік жұмыс бейнесінің сыныптан тыс, үй жұмысынан ажырататын ерекшелік оның негізінде әрқашан да оқушы үшін жаңа материал, жаңа танымдық міндеттер жатады. Жоғарыда аталған сыныптан тыс жұмысқа қойылатын талаптардын екіншісі, сондай-ақ, өзіндік жұмыстың, іс-әрекеттің өзгеше түрі ретіндегі ерекшелігімен сәйкес келеді. Бұл жерде тек ұйымдастыру формасы ғана емес, жаңа материалды игерудің өзі, яғни, еңбек қауыртты, мақсатты бағытталған, оқушыны баурап алатын тартымды болуы керек.

Оқушылардың өз еркімен, белсенді қатысуын талап ету, пәнаралық байланысты енгізудің орындылығы сияқты, оқу іс-әрекетінің түрі ретінде өзіндік жұмысқа да қатысты. Сыныптан тыс жұмысқа қойылатын бұқаралық талабы, яғни, оқушылардың мысалы, үйірмелерге, театр-студияларға қатысу сипаты өзіндік жұмыс үшін өзгеретіні көрсеткішті. Ол басым жағдайда оқушының даралық жұмысын ұсынуымен алмастырылады. Бірнеше балалардың өзара ауыз бірлігі бойынша, іштей келісім, тілегі бойынша, мұндай жұмыс ұжымдық та бола алады, мұның өзі оның пәндік, тұлғалық жақтарынан нәтижелілігін арттырады. Осылайша түсінілген өзіндік жұмыс - оқушының сыныпта және сыныптан тыс сабаққа дайындалу кезіндегі алған білімдерін толықтыратын, содан кейін кеңітетін және тереңдететін даралық жоспар бойынша жұмыс формасы деп ұйғаруға болады.

Жұмысты ұйымдастыру және өзін-өзі ұйымдастыру. Айтылғандардың барлығы арнайы осы құбылыстын психологиялық табиғатын есепке ала отырып өз бетінше жұмысты қаншалықты мұғалім қаншалықты ұйымдастырса оқушының де өзін-өзі соншалықты ұйымдастыруы қажеттілігін атап көрсетеді. Осындай ұйымдастыру процесінде оқу пәнінің өзгешелігі назарға алынуы тиіс: математика, тарих, шет тілі, т.б. Сонымен бірге, өзіндік жұмысты ұйымдастыру бірқатар сұрақтарды туындатады, олар оқушының өзінің осы іс-әрекет формасының субъекті ретіндегі дайындығын куәландырады.

М.И. Дьяченко мен Л.А. Кандыбовичтің жалпыланған мәліметтері бойынша, студенттердің 45,5% өзіндік жұмысты ұйымдастыра алмайтындарын мойындайды; 65,8% мүлдем өз уақыттарын дұрыс бөліп, пайдалана алмайды; 85% оны дұрыс бөліп, пайдалануға болатынын мүлдем ойламайды. Тіпті шамалы өзіндік жұмыс алғанның өзінде студенттер оқу материалын есту арқылы және оқу мәтіндерін оқығанда және конспектілегенде баяу қабылдайтындарын айтады. Қажетті оқу ақпаратын қабылдау, мағыналау, қайта өндеу, түсіндіру және белгілеу оларда елеулі қиындықтар тудырады. Олай болса, оқушыларда өз бетінше жұмысқа деген психологиялық дайындықтың қалыптаспағандығын, олардың ұйғарған әрекеттерді жүзеге асыра алмайтындығы жөнінде айтуға болады. Егер бұған бірқатар оқу пәндеріне деген жоғары деңгейдегі танымдық қызығушылықтың жеткіліксіздігін қоссақ, онда бірінші сұраққа теріс жауап алатынымыз айдан анық. Осы жерде екінші сұрак туындайды: - Тиімді өз бетінше жұмысқа дайындық, содан кейін қабілеттілік тек үй тапсырмасын орындау тәсілін ғана емес, іс-әрекеттің жаңа формасын анықтай ала ма? Оған оң, бірақ екі жақты жауап аламыз. Себебі, біріншіден, ондай қабілеттің қалыптасуы мақсатты ұйғаруды, өзіндік сана-сезімді, ойлаудың рефлексияланғандығы, өзіндік тәртіпті, өзін жалпы іс-әрекет (мысалы, мақсатты ажырату, қоя білу және жүзеге асыру іскерлігінің, әрекеттің жалпыланған тәсілдерін өндіру, нәтижелерді сәйкес бағалау іскерліктерінің қалыптасуы) субъекті ретінде дамытудың өзін-өзі жетілдірілу тұрғысынан жалпы тұлғалық дамуды ұйғарады. Екіншіден, бұл қабілеттілік тек жаратымды оқу мотивациясы мен оқуға қызығушылық танытқан оқушыларда ғана тиімді және өздігінен қалыптасады. Зерттеулердің нәтижелері тіпті студенттердің өздерінде (бірінші курс студенттерінің 77% және екінші курс студенттерінің 12,8%) оқуға деген көзқарас теріс екенін көрсетті.

Жалпы оқушылардың өзіндік жұмысы - оқу іс-әрекет тұрғысынан, сыныптық оқу іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруға негізделеді. Соның ішінде бұл мұғалімнің сыртқы қадағалауынан оқушының өзін-өзі қадағалауына және де сыртқы бағалаудан оның өзін-өзі бағалауының қалыптасуына өтуі мен олардың байланысына қатысты және бұл, өз кезегінде, мұғалімнің бақылау мен бағалауды жетілдіруін ұйғарады. Осыған сәйкес: - Мектеп оқушысында нағыз өз бетінше жұмысқа қабілеттілік қалыптасуы мүмкін бе? - деген сұраққа жауап педагог пен оқытылушының біріккен іс-әрекетінен, оның субъектіне ерекше талап қоятын және интеллектуалдық қанағаттану сезімін беретін іс-әрекеттің ерекше формасы ретіндегі осы жұмыстың ерекшелігін саналы аңғаруға байланысты.
Негізгі ұғымдар: өзіндік жұмыстың негізгі функциясы, өзіндік жұмыстың ұйымдастырылуы, өзіндік жұмыс құрылымы, ғылыми әдебиетті оқу және кітаппен жұмыс, психологиялық әдебиетпен жұмыс жасау әдістемесі, үй жұмысы, өзіндік жұмыстың түрлері (иллюстративті материалдың қатарына кіретін жұмыстар, өзіндік бақылау және өзіндік қорытынды, реферат жұмыстары).
Бақылау сұрақтары:

1.Оқу үрдісіндегі өзіндік жұмыстың негізгі функциясы.

2.Өзіндік жұмыстың ұйымдастырылуының жүйелік тұрғысы. Өзіндік жұмыс құрылымы.

3.Психология бойынша ғылыми әдебиетті оқу және кітаппен жұмыс. Психологиялық әдебиетпен жұмыс жасау әдістемесі.


Әдебиеттер:

1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.

2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.

3.Жарықбаев Қ.Б. Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы., 1987.

4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.

5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.

6.Попова М.В Психология как учебный предмет в школе.-М.,2000.

7.Подвойская М.А Уроки психологии в школе.Конспекты занятий и дневник практического психолога.-М.,1993.

Модуль 4. Психологияны оқытудағы тексеруді ұйымдастыру мен бағалау.

Тақырып: Психологияны оқытудағы тексеруді ұйымдастыру мен бағалау.

Дәрістің мазмұны:

1.Оқу іс-әрекетіндегі педагогикалық бақылаудың негізгі функциялары (бағыттаушы, белгілеуші, бақылаушы).

2.Педагогикалық бақылаудың ұйымдастырылған принципі.

3.Білім алушылардың білімін тексеру және бағалау бойынша іс-шараларды жоспарлау


Педагогика мен педагогикалық практикада бақылау кең мағынасында бір нәрсені тексеру, тар мағынасында кері байланыс принцпі ретінде түсіндірледі.

Педагогикада бақылау мына анықтамамен беріледі «Оқушылардың оқу әрекетін қадағалау сыртқы кері байланысты (бақылау, мұғалімнің бақылауы) және ішкі кері байланысты (оқушының өзін өзі бақылауы) қамтамасыз етеді». Сыртқы кері байланыс бұл оқушының оқу материялын меңгеруін тексереді (бақылау жұмысы, жазба жұмыс, емтихан, сынақ, және т.б.). Оларды мұғалім ұйымдастырады. Ішкі кері байланыс – бұл оқушының қандай да бір сұрақ келісімі бойынша өзін тексеріп, оны оны қандай деңгейде меңгергеніне көз жеткізуі, басқа сөзбен айтқанда олар өздерін тексеріп бағалайды.

Педагогикалық психологияда «бақылау» оқу әрекеті ретінде қолданылады және ол оқу әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бақылау оқу әрекеті ретінде оқу әрекетінің соңғы нәтижесі бойынша материалдық меңгерілу сапасын тексеру емес, оқу әрекетінің барысымен жүріп, оқушының қажетсіз ойлау амалдарын (белсенді бақылау әрекеті) оқылып жатқан жарияға мән мен мазмұны жағынан сәйкес келуін белсенді тексеру. Оқу әрекетінде білімді меңгеру процесін басқару механизімдерін талдай отырып Н.Ф.Талызина бақылауды, оны реттеудің міндетті құрамдас элементі ретінде қарастырады.

Егер басқарушы әрекеті бағдарламаға сай жүзеге асып жатса, онда түзетуге қажет қосымша әрекеттің қажеті болмайды. Бірақ бағдарламадан сәл ауытқу пайда болса, педагог бірден түзету шараларын қолданады.

Сондықтан студентті алғашқы күннен бақылаудың оқу әрекетіне үйрету қажет әғни өзін-өзі қадағалауға үйрету. Ол арнайы үйретілмейді, оны оқу әрекетінің жағдайын үйрету керек. Оқу әрекеті, студент өз әрекетінің әр кезеңін біртіндеп орындауға, оны қадағалауға мүмкін болатындай ұйымдастырлуы қажет.

Оқу әректіндегі педагогикалық бақылаудың негізгі функцияларына (қызметтеріне) мыналар жатады.



  • Өткен материалдарды студенттің меңгеру сапасын тексеру және осы сапаны бағалау.

  • Барлық студенттің оқу бағдарламасын меңгеруінің жалпы орташа деңгейін анықтау және алға қойылған мақсат пен оқу нәтижесін салыстыру арқылы оқу процесінің тиімділігін бағалау.

  • Байқаған кемшіліктерді жоюға байланысты негізгі түзету шараларын және жеткен жетістіктерді көтеру шараларын жоспарлау (тәжірбиені оқып , тарату, оқытудың тиімді әдіс тәсілдері , СӨЖ ұйымдастыру және т.б.).

Педагогикалық бақылаудың тиімділігін арттыру үшін мына шарттар орындалуы қажет.

  • Бақылаудың әділдігі.

  • Екі жаққа да белгілі обьективті критерилерге негізделген болуы керек.

  • Бақылау және оның нәтижесі бәріне жария болуы қажет, бұл олардың қатесін түзеп, негізді қортынды жасауға мүмкіндік береді.

Ағымдағы педагогикалық бақылау деп оқытушынан күнделікті әрекетін айтуға болады. Ол кері байланыс негізінде алған мәліметтерге қандайда болмасын түзетулер енгізеді. Бұл дәріс барысында түскен түрлі белгілер негізінде оқытушының түзету енгізуі. Лабораториялық және практикалық сабақтарда ол студенттің белсенділігінің, айта алмау себесін іздейді және осы сабақта алған кемшіліктер жойылады. Бұл түсініксіз жайттарды түсіндіру және семинар, пікірталас, т.б.

Беделді оқытушылардың тәжірбиесі студент білімін қатал әрі әділетті бағалау әдістемесіне қатысты бірнеше қортындылар жасауға итермелейді.



  • Оқытушының студент өзіне сенімді болса, онда ол жақсы дайындалған, әрі жүйелі дайындалды, оған жоғары баға қойылуы керек деген ойы.

  • Кез келген шығармашылық қызметтер әрі тәжірбиелі оқытушы емтиханға оқыту процесін реттеудің тиімді құралы деп қарауы.

  • Оқытушы алдын ала студентке қандай талаптар қоятынын ескертеді.

  • Принциптілікке негізделе отырып бағалау.

Психолог Д.Толлингерова өз еңбегінде оқу әрекеті барысында жіберлетін қателер түрін, оларды ескеру технологиясын қарастырады. Ол қателерді бірнеше түрге бөледі.

  • көпке тән қателер;

  • жекелеген қателер;

  • қажет және кездейсоқ қателер;

  • жіберуге болатын және жіберуге болмайтын қателер;

  • «ақылды» қателер.

Қателерді бұлай бөлу оқытушының әрекетін ғана бақылауға бағытталған емес, бұл ең алдымен студентердің де өзін-өзі қадағалауға бағыталған.

Көпке тән қате - деп көпшілік оқушылар жіберетін қатені айтады.



Ал жекелеген қателер жеке индивидте кездеседі. Көпшілік қате оқытушының әдістемелік әрекетінен туындайды. Ал жеке қателер оқушының дұрыс емес әрекетінен шығады.

Сөйтіп көпшілік қате оқытушының өзінің әрекетін түзеудің қажетті белгісі болып табылса, жеке қателар оқушы әрекетінің қатесін түзету үшін берілген белгі болып табылады.

«Жіберуге болатын» қателар дегеніміз пәнді меңгеруге қатысы жоқ, пәнді игеру барысына қатысы бар қателер.

«Жіберуге болмайтын» игерудің толық емес екендігін көрсетеді және мәнді қате деп есептелінбейді. Жіберуге болмайтын қателерді түзету оқу процесінде пайдадан гөрі зиян әкеледі.

Себебі мәнсіз қателерге аса назар аудару түзету жұмысына пәндік әрекет сипатын береді. Мәнсіз қателер бақылаушы, түзетуші әрекетінің объектісіне айналмаса, ол өздігінен жойылып кеткен болар еді.

Қажет қателер оқу әрекетінен заңды түрде шығып отырады. Қажет қателерді алдын ала жоспарлап, олардың кездесуіне әдейі бағдар жасалады.

Кездейсоқ қателерді түзеу оқытушының өзінің қадағалаушы, түзетуші әрекетінің жоспарлауының көмегімен байланысты туындайды.

«Ақылды» қателер – деп оқушының ізденімпаздық интеллектуалдық әрекетінің, ойлаушы шығармашылық ақыл-ой процесінің болуын айтады.

«Жіберуге болмайтын қателер» оқу материалы жұмыс істеуге пәндік әрекет тен мақсатты дұрыс түсінбегенде болатын қателер.

Бұл қателер оқушының білімсіздігі мен білмеуінен туындамайды. Ол оқушының шығармашылық ойлауын, интеллектуалдық әрекетіне байланысты болады. Оқытушы осындай қателердің пайда болуына жағдай жасайды.

Қателерді типтерге бөлуі психология оқытушысына қадағалау және бағдарлаудың тиімді белгілерін береді.

Бақылау функциясының оқу әрекетінің міндеттерінде екі факторға байланысты өзгеріп отырады. Міндеттердің сипатының өзгеуіне байланысты, репродуктивті міндеттердің шығармашылық міндеттерге айналуы.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық бақылаудың негізгі функциялары, бағыттаушы, белгілеуші, бақылаушы, педагогикалық бақылаудың ұйымдастырылған принципі, нормативті бағалау, нәтижені бөлу негізіндегі бағалау, білім алушылардың білімін тексеру және бағалау бойынша іс-шаралар.
Бақылау сұрақтары:

1.Оқу іс-әрекетіндегі педагогикалық бақылаудың негізгі функциялары (бағыттаушы, белгілеуші, бақылаушы).

2.Педагогикалық бақылаудың ұйымдастырылған принципі.

3.Білім алушылардың білімін тексеру және бағалау бойынша іс-шараларды жоспарлау


Әдебиеттер:

1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.

2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.

3.Жарықбаев Қ.Б Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы.,1987.

4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.

5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.

6.Попова М.В Психология как учебный предмет в школе.-М.,2000.

7.Подвойская М.А Уроки психологии в школе.Конспекты занятий и дневник практического психолога.-М.,1993.

Модуль 4. Психологияны оқытудағы тексеруді ұйымдастыру мен бағалау.

Тақырып: Психологияны оқытудағы білімді тексерудің түрлері мен формалары.

Дәрістің мазмұны:

1.Тексерудің түрлері. Сауалнама (ауызша, жазбаша, еркін, жоспарланған, фронтальді, жекелік). Практикалық тапсырмалардың орындалуы.

2.Студенттер мен оқушылардың білімін тексерудің формалары: коллоквиум, сынақ, емтихан, бақылау жұмысы, пәнаралық бағалау, тест, рейтингті бағалау, қорытынды тексеру және білім және білікті бағалау.

3.Психологиядағы тақырыптарды өтудегі бақылау жұмыстарының әдістемелік нұсқаулары. Бақылау жұмыстарын өткізу әдістемелері.


Оқу нәтижелерін бақылау (аралық және соңғы) жекелей әңгімелесудегі оқу материалын меңгеру тереңділігі күнделікті тексеруден көрінеді, сонымен бірге топтық сабақтарда, бақылау жұмыстарында, курстық және дипломдық жұмыстарда, сынақ және емтихандар.

Оқу іс-әрекетін педагогикалық бақылаудың негізгі қызметтері:

- студенттердің өткен оқу материалдарын игеруінің сапасын тексеру және осы сапаны бағалау;

- барлық студенттердің оқу бағдарламасын игеруінің жолын орташа деңгейін анықтау және оқу процесінің тиімділігін бағалау;

- анықталған кемшіліктердің алдын алу бойынша негізгі түзету шараларын жоспарлау және қол жеткен жетістіктерді көбейту (оқу іс-әрекетін ұйымдастырудағы жағымды тәжірибелерді оқу және тарату, оқыту әдістерінің тиімді тәсілдерін тарату, студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру).

Семинар, сынақ, емтихан өткеннен кейін, бақылау, курстық және жазба жұмыстарын тексергеннен кейін, оқу процесін түзету бойынша шаралар жүргізіледі, олар оның сапасын көтеруге бағытталады.

Педагогикалық бақылау жүйесі тиімді қызмет ету үшін керек шарттар:

- бақылаудың объективтілігі (оқытушылар мен студенттер келісілген критерийлер бойынша бағаланатынын алдын ала білуі);

- бақылау нәтижесіндегі баға сенімсіздік тудырмайды (бақылаушылар жағынан да, бақыланушылар жағынан да, себебі олар екі жаққа да белгілі объективті критерийлерге негізделген);

- бақылау және оның нәтижесінің жариялығы (студент, оқытушы, декан немесе кафедра меңгерушісі) көре алады, студенттер өзін белсенді, жағымды жұмысқа бағыттайды.

Оқу іс-әрекетін емтихандық әдістемемен бақылауды қарастырайық!

«білім + іскерлік = емтихан».
Күнделікті педагогикалық бақылаудың тиімділігін қамтамасыз ететін әдістемелік тәсілдер.Күнделікті педагогикалық бақылауға оқытушының күнделікті әрекеттерін жатқызуға болады, ол «кері байланыс» каналдары бойынша алған мәліметтер оқу процесіне түзетулер енгізеді.

Бұл оқытушының дәріс барысында аудиториядан белгі негізіндегі түзету әрекеті болуы мүмкін, мысалы, дәріс мазмұнына қызығушылықтың төмендеуі байқалса -



  • дәріс мазмұнына жаңа бір нәрсе қосу;

  • сөйлеу мәнерін өзгерту.

Студенттердің оқу материалын игеру дәрежесіне бақылауды оқытушы әр түрлі топтық сабақтарда жүзеге асырады. Зертханалық және практикалық сабақтарда білмеу және істей алмау себептерін анықтауға тырысады және осы сабақта материалды игерудегі кемшілікті жояды. Бұл түсінбегенді қосымша түсіндіру түрінде болады. Практикалық талдау түрінде де жүреді. Теориялық білімін шындықта (практикада) пайдалану арқылы. Мысалы, сабақ конспектісін құру.

Семинар, пікірталас және басқа топтық сабақтарда интерактивті әдістерді пайдаланып өткізілетін (іскерлік ойын, «дөңгелек үстел», «миға шабуыл») оқытушы түзетуді топтық талдау барысында жүргізеді. Ол мұны итермелеуші сұрақтармен, қосымша есептермен жасайды. Оны шешуде студенттер өздерінде бар білімді пайдалана алатындай жасайды.

Топтық сабақтар жалпы деңгейді бақылауға көмектеседі, студенттердің бағдарлама материалдарын игеру барысын және игеруге қиын мәселелерді анықтайды. Келесі сабақтарда түзету жұмыстарын ұйымдастыру үшін.

Студенттердің дәріске зейіндерін белсендендіру үшін не істеу керек?



  • ал, енді ең маңызды ойды жазамыз;

  • айтып жазғызу;

  • мысал келтіру.

Тәсілдер жағымды, іске жинақтайтын болу керек, тыйым салатын, кінәлайтын, сынайтын, мұқататын болмауы керек.

Күнделікті педагогикалық бақылауға студенттердің бірқатар жазба жұмыстарының түрлерін жатқызамыз. Бұл: 1-2бет, көлемі шағын практикалық тапсырмалар (психологиялық талдау, психологиялық мінездеме) «менің досымның мінезі», «менің топтасымның темпераменті», «оқытушы мен оқушылар арасындағы тартысқа психологиялық талдау».

Мұндай жазба жұмыстары студенттердің теориялық білімдерін практикада пайдалануға үйретеді, ал оқытушыға тақырыпты меңгеру барысын бақылауға көмектеседі. Жазба жұмыстарын студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекетінің өмірлік материалдарынан болғаны дұрыс. Мысалы, эксперименттік психологиядан практикум - әдістемелерді іріктеу, жүргізу, талдау, таблица, схема.

Студенттер үшін психологиядан теориялық білімді пайдалану іскерлігі болса, ал оқытушы үшін – студенттердің психологияның теориялық сұрақтарын игеруінің сапасына педагогикалық бақылау формасы.



Бағалау әдістемесі – оқыған пәнін меңгеру сапасы.

Емтиханда студентке баға қою өте күрделі. Баға бір жақты сияқты – студенттерді оқытушы бағалайды, бірақ бұл студент – оқытушыны бағаламайды деген сөз емес.

Екі жақ та мұны біледі және сезеді, екеуі де баға жағымды болғанына ниетті. Студент өз біліміне жақсы және өте жақсы баға алғанын тілесе, ал оқытушы өзінің талап қойғыштық және әділ педагог тілегін сақтайды.

Егер студент үшін ең жоғары баға «5» болса, оқытушы үшін – бұл әділ оқытушы беделі.



  • «талап қойғыш, бірақ мейірімді, бағаны босқа төмендетпейді»;

  • «мейірімді, бірақ талап қойғыш – «бесті» бостан бос қоймайды».

Студенттердің арасында жоғары беделге ие оқытушылар – шығармашылық ойлайтын және көп білетін (терең және әр қырлы білім беретін) және сонымен бірге қатал және әділ (студенттерді жетістігіне қарай бағалайтын).

Емтиханда оқытушы студенттерге екі көрсеткіш бойынша бағаны қою керек.



«білім» – «іскерлік». Білімді практикада пайдалану іскерлігі.

Оқытушы басқалардан жақсы біледі өзінің пәні бойынша студенттер нені білуі және осы білімдер көмегімен нені жасай алуы керектігін.

Студенттің білімін бағалауға талдау:

1) Оқытушының мінез-құлқын алдын ала білу: студент үнемі дайындалса, емтиханда жоғары баға алатынына сенімді. Мұндай сенімділік туындайды, егер оқытушы студентті қателіктерінен ұстамайды. Ойлауды талап ететін сұрақтар қоймайды.

2) Шығармашылық жұмыс істейтін, беделді оқытушы емтиханды студенттерді тартудың құралы ретінде құрастырады (қатал емтихандардан қорқып, жақсы оқиды). Емтихан кейде әңгімелесуге айналады, студент тек жауап бермейді, сонымен бірге өзінің қателіктері бойынша белгілі түсіндірулер алады. Оқытушының мұндай тәсілі студенттерге ұнайды, ол стрессті түсіреді, келешекте қалай оқу керектігі туралы қорытынды жасайды.

3) Оқытушы алдын ала, пәнді оқытудың бірінші күнінде студенттерге қандай талаптар қоятынын айтады. Ол кітапты оқып, бәрін жаттап, есте сақтау еместігін, объективті дүниенің заңдылықтарын білуді түсіндіреді. Студентке шығармашылық керек, жаттандылық емес.

Студент – тек білуі ғана емес, осы білімдерді пайдаланып, бірдеңе жасай алуы талап етіледі.

4) Жақсы оқытушылар тәжірибесін зерттеуден мынадай қорытынды шығады, олардың беделі принципшілдігі. Олар студент емтиханда жоғары баға сұрағанын ұнатпайды. Мұндай қылыққа ол ешқашан алданбайды.

Студент адам өзі туралы жақсы біледі, басқаларға ол туралы қарағанда деп ойлайды.

«Адам өзі туралы басқа адамдардың ол туралы пікірі арқылы біледі».


Негізгі ұғымдар: тексерудің түрлері, сауалнама (ауызша, жазбаша, еркін, жоспарланған, фронтальді, жекелік), практиалық тапсырмалар, білім тексерудің формалары: коллоквиум, сынақ, емтихан, бақылау жұмысы, пәнаралық бағалау, тесет, рейтингті бағалау, қорытынды тексеру және білім және білікті бағалау.
Бақылау сұрақтары:

1.Тексерудің түрлері. Сауалнама (ауызша, жазбаша, еркін, жоспарланған, фронтальді, жекелік). Практикалық тапсырмалардың орындалуы.

2.Студенттер мен оқушылардың білімін тексерудің формалары: коллоквиум, сынақ, емтихан, бақылау жұмысы, пәнаралық бағалау, тест, рейтингті бағалау, қорытынды тексеру және білім және білікті бағалау.

3.Психологиядағы тақырыптарды өтудегі бақылау жұмыстарының әдістемелік нұсқаулары. Бақылау жұмыстарын өткізу әдістемелері.



Әдебиеттер:

1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.

2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.

3.Жарықбаев Қ.Б Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы.,1987.

4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.

5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.

6.Попова М.В Психология как учебный предмет в школе.-М.,2000.

7.Подвойская М.А Уроки психологии в школе.Конспекты занятий и дневник практического психолога.-М.,1993.


Модуль 5. Психология оқытушысының іс-әрекеті мен кәсіби дайындығы.

Тақырып: Психология оқытушысының кәсіби іс-әрекетін ұйымдастыру.

Дәрістің мазмұны

1.Психология оқытушысының кәсіби даярлығы.

2.Психология оқытушысының кәсіби іс-әрекетінің түрлері: оқытушы, ғылыми әдістемелік, зерттеушілік.

3.Психология оқытушысының білім, білік, қабілет және тұлғалық сапалары.


Білім беруді гуманизациялау мұғалімде адамның бірегейлігіне бағдар беруге негізделген; оқушылардың реалды қажеттіліктеріне бағдарлану, ғылым, мәдениет, қоғам және адам арасындағы терең байланыстарды бейнелеу, тәрбие және білім беру міндеттерін интеграциялау.

Білім беру гуманизациялау шеңберінде оқу процесін түсінуде келесі гуманистік педагогика идеяларына қосылатынымызды айта кетейік.

Білім беру мақсаты – әркімге тәуелсіз зерттеуші болуға, өмір бойы оқуға қабілетті болуға көмектесу.

Мұғалім функциясы – ашылу және таңдау процестеріне ықпал ету.

Өмірдің әртүрлі салаларында индивидуалды креативтіліктің дамуы құнды болып табылады.

Оқыту қарым-қатынас жасай алу іскерлігіне сөйлеу және тыңдай алу, шығармашылық ойлау, топпен жұмыс істей алу іскерліктерінің дамуына назар аударуы тиіс.

Оқытуды гуманизациялау нақты психология сабағында психологиялық міндетті шешу жолын іздеуден көрінеді. Ол талқылау процесі, мұнда әрбір пікір қабылданады.

Дұрыс жауап эмоционалды мадақтау мен ашық демеуден көрінуі тиіс. Мүғалімнің қолдауы мен сәтті оқудан алған қанағаттану оқушы үшін дұрыс жылжуға бағдар болып табылады. Оқыту психологияда көп мадақталған оқушылар еш мадақталмаған оқушыларға қарағанда үлкен табыстарға жетеді. Және керісінше, оқуда сәтсіздікке ұшыраған оқушыларда оқу мотивациясы төмендейді. Тіпті сәтсіздік туралы хабардың өзі оқушының оқу сәттілігіне әсер етеді. Сәтсіздік немесе тапсырманы орындай алмағандығына сену оқушылардың өзі туралы ойына әсер етіп, кейіннен ол сәттілік немесе сәтсіздік фактісіне ғана әсер етіп қоймай, оқушының оқу нәтижелерін қабылдауына да елеулі әсер етеді.

Сондықтан психология мұғалімі білімді оқудағы жағымды эмоциялардың маңыздылығын естен шығармауы керек. Сонымен бірге оқушының дұрыс жасап жатқаны туралы ақпарат беретін кері байланыста өте маңызды. Кері байланыс оқушыға өзінің әрекеттерінің нәтижесін білуге өзі мәселесін түсіну және оны келесі жолы жақсырақ етіп шешуге мүмкіндік береді.

Осыған сәйкес мұғалімнің келесі функцияларын көрсетуді жөн көрдік.



1. Мұғалім әңгімелесуші ретінде (эмоционалды демеу функциясы). Мұғалімнің аталған функцияны жүзеге асыруы өзге адамдардың өміріне ортақтаса алудан көрінеді. Мұнда мұғалім белгілі бір деңгейде психотерапиялық функция атқарады. Басқаша айтқанда мұғалім оқушыға, ол үшін маңызды заттарға назарын аударады. Мұнда мұғалімнің оқушыға назарын аудару дегеніміз жасөспірім қызығушылығына алаңдауды білдіреді.

Мұғалім эмоционалды көріністермен жұмыс істеу үшін келесі іскерліктерге ие болуы керек: эмпатия, сыйлау, шынайылық (мұғалім өз сезімдерін ашық көрсету), коммуникация нақтылығы.

Эмпатиялық түсінудің психологиялық деңгейінің ішінде мұғалім-психолог бойында соңғысы болуы тиіс.


  1. Мұғалім оқушының эмоционалды көріністерін ескермесе, онда реніш, тіпті өшпенділік сезімін тудырады.

  2. Мұғалім оқушының эмоционалды көріністеріне реакция көрсетеді, бірақ бұл реакциялар оқушының шынайы сезімдері емес, мұғалімнің оқушыға «жабыстырған» сезімдері болып табылады.

  3. Мұғалім оқушының беткі сезімдеріне нақты түсіністікпен қарайды, бірақ оқушының одан да тереңде жатқан сезімдерін қате интерпретациялайды.

  4. Мұғалім оқушының беткі сезімдеріне емес, тереңде, жасырын жатқан сезімдеріне реакция көрсетіп, оқушыға ол да соны сезінетіндігін көрсетеді.

Оқушыны сыйлаудың көрінуі оны бірегей және құнды екендігін мойындау болып табылады. Мұғалім оқушыларға қатысты қамқорлық көрсетсе, балалар да өзін еркін сезінеді. Психология мұғалімі баланы сыйламауы мүмкін емес жайт. Шынайы болу қабілеті мұғалімнің вербалды және вербалды емес деңгейде шынайы реакция көрсете алуынан көрінеді.

Қарым-қатынастағы нақтылыққа өзараәрекеттестік жақынырақ, қарым-қатынас тілінің нақтылануы арқылы қол жеткізеді.



2. Мұғалімнің зерттеуші ретінде (зерттеушілік функциясы).

Психология мұғалімінің зерттеушілік функциясы 3 аспект арқылы жүзеге асырылады.



Бірінші аспект бұл мұғалімнің педагогикалық шындық шеңберінде өз бетінше психологиялық мәселелерді анықтап және оларды шешумен байланысты. Өзарақатынас динамикасының талдауын жасай алу іскерлігі зерттеушілік функциясының негізі болып табылады.

Сонымен қатар аудиторияның мотивациялық дайындығы принципі жағдайды бірден зерттеу керектігін білдіреді.



Екінші аспект психологияны оқытуда қолданылатын психодиагностикалық әдістер мен шараларды пайдаланумен анықталады. Осыларды қолдана отырып, психолог-мұғалім шынайы зерттеуші рөлінде болады. Осыған сәйкес ол зерттеуге зейінін шоғырландырып, зерттеу шараларын салауатты өткізуі тиіс.

Үшінші аспект мұғалім-психолог оқу процесі барысында тұлғалық өсу «технологияларын» қолданудан көрінеді.

Тұлғалық даму ресурстарын, рефлексияны анықтау мұғалімнен болмашы өзгерістерге үлкен сезімталдылықты талап етеді. Мұғалім-психолог оқушының оқу процесіндегі дамуын бағыттап және түзеп отыруға қабілетті болуы тиіс.



3. Мұғалім оқу жағдайын жасаушы адам (фасилитаторлық функция).

«Фасилитация» және «фасилитартор» (ағылшын тілі facilitate – жеңілдету, көмектесу) ұғымдары педагогикаға гуманистік психологиядан енген. Педагогикада аталған ұғымдардың енуі американдық мектептен оқыту парадигмасына ауысу себеп болады. Оқытудың жаңа парадигмасы бойынша мұғалім тек білім беріп қоймай, сонымен қатар оларды баланың өз бетімен анықталуына жағдай жасауы тиіс. Осылайша фасилитартор-мұғалім – бұл оқушыға жаңа білімді меңгеруге және игеруге себепші мұғалім.



4. Мұғалім сарапшы ретінде (сарапшылық функциясы).

Психолог-мұғалім психологиялық мәселелерде сарапшы болуы тиіс. Мұғалімнің сарапшылық функциясы терең білімге ие мұғалімге деген оқушы қажеттілігінен туындайды. Таным сферасы немесе тәжірбиелік іс-әрекетпен айналысатын мұғалім жасөспірімді өзінің сарапшылық қызығушылықтарына тарта алады.

Сарапшылық функциясын жүзеге асыру қажеттілігі психологияны оқытудағы көзқарастардың авторлық концепциясынан келіп шығады. Егер біз тақырыптық жоспардан және сабақ жоспарынан бас тартып, аудиторияның дайындық деңгейіне бағдарлансақ, онда мұғалім өте білікті болып, арнайы дайындықсыз материалды меңгере алуы тиіс. Бұл – бірінші – тәжірбиеге тұлғалық өсу тенденцияларын енгізу одан да үлкен кәсіби психологиялық біліктілікті талап етеді – бұл екінші.

Психология пәні мұғалімінің жалпы портреті. Біздің пікірімізше, психологияны мектепте оқытатын мұғалімнің бойында белгілі бір қасиеттер болуы шарт.

Осы адам қандай болу керек деген ойымыз гуманистік педагогика парадигмасындағы мұғалім идеалына сәйкес келеді. Енді сол портретті келтіре кетсек.



Тұлғаның жалпы сипаттамасы. Гуманды, әділ, шынайы, демократ, эмпатияға қабілетті, сыныппен және жекелеген оқушылармен тез қарым-қатынас құра біледі.

Сыныптағы мінез-құлық. Икемді (жағдайға қарай үлкен қаталдық немесе жұмсақтық көрсетеді). Өзі беретін пәнін жетік біледі. Сұрақ қоя біледі. Оқушылар білімін тексерудің нақты шараларын бекітеді, сонымен бірге оқушыға көмекке келуге дайын екендігін көрсетеді. Эксперимент жасауға, жаңаны іздеуге талпынады және солай жасай алады. Жалпы оқушылармен рефлексиялық қатынас танытады.

Өзін-өзі қабылдауы. Өзін-өзі жағымды бағалайды, оптимизм, өзін-өзі қабылдау байқалады.

Өзгелерді қабылдауы. Негізінен өзгелерді жағымды қабылдау тән. Өзгелерді шынайы адам деп есептейді. Оқушыларға сенімге ие болуға, сыйлауға және жоғары бағалауға лайықты индивидтер деп қарайды.
Негізгі ұғымдар: кәсіби даярлық, кәсіби іс-әрекетінің түрлері, оқытушы, ғылыми әдістемелік, зерттеушілік, психология оқытушысының білім, білік, қабілет және тұлғалық сапалары.
Бақылау сұрақтары:

1.Психология оқытушысының кәсіби даярлығы.

2.Психология оқытушысының кәсіби іс-әрекетінің түрлері: оқытушы, ғылыми әдістемелік, зерттеушілік.

3.Психология оқытушысының білім, білік, қабілет және тұлғалық сапалары.


Әдебиеттер:

1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.

2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.

3.Жарықбаев Қ.Б Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы.,1987.

4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.

5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.

6.Попова М.В Психология как учебный предмет в школе.-М.,2000.

7.Подвойская М.А Уроки психологии в школе.Конспекты занятий и дневник практического психолога.-М.,1993.


Модуль 5. Психология оқытушысының іс-әрекеті мен кәсіби дайындығы.

Тақырып: Психология бойынша оқыту курсын құрастыру технологиясы.

Дәрістің мазмұны

1.Оқулықтарды, оқу құралдарын және т.б. материалды іріктеу.

2.Курстың мазмұнын таңдау. Мақсат қою. Курстың жұмыс бағдарламасын құрастыру.

3.Студенттердің өзіндік жұмыстарын, оқу жүктемесін және сабақтардың тақырыптық жоспарларын дайындау.

4.Пән бойынша бағалау критерилерін құрастыру.

5.Жеке оқу сабақтарын жоспарлау және конспект құрастыру.


Білім беру жүйесінде жаңа – ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуші техниканың техникалық құралдары, оқытушылар мен оқушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни ақпараттық технология – білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші құрал.

Ақпараттық технология қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық технологияның компьютерлік құралдары қолданылып жүр. Заман талабына сай барлық мектептер компьютермен жабдықталып, ол оқушының іс-әрекетінің интеллектуалды құрылысымен сәйкес келеді.

Компьютермен жұмыс істеу оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, жалпы мәдениетінің деңгейі мен ықыласын көтереді.

Компьютерді психология сабағында қолданудың артықшылығы:



  • мектеп психологияның бірнеше тақырыптарының қамтылуы;

  • оқу материалының жеткізілу көрнектілігі, түсі, дауысы, қозғалысы;

  • оқушылар өмірі үшін қауіпті деп есептелелін мектеп практикасында демонстрацияланбайтын тәжірибелерді көруге болады;

  • оқушылардың пәнге қызығушылығы артады;

Қоғам инновацияның арқасында білім беруде қандай жетістіктерге жететінін және оны студенттерді оқытуда шұғыл қолдануға мүмкіндік болаты жайлы айтпай кетуге болмайды.

Жақында ғана пайда болып білім беруге белсенді, демек оқыту процесіне енгізіліп отырған, бүгінде қазіргі кездегі телекоммуникацияның мүмкіндіктеріндегі жетістіктер жүйесінде онсыз уақытқа сай аяқ басу мүмкін емес жаңа ақпараттық технологиялар. Олардың ішінде, қашықтықтан оқыту (ҚО) - Интернет жүйесі арқылыы білім негіздеріне ұлттық халықаралық білім беру мекемелерінң мәліметтер негіздеріне қол жеткізу.

Қашықтықтан оқыту формасын тәжірибеге ендірудің бірнеше артықшылықтары бар, себебі қашықтықтан оқытудың негізгі сипаты мыналар болып табылады:

1.Икемділік. Оқушылар дәріс және семинар сабақтарына жүйелі қатыспайды, олар өздеріне ыңғайлы уақытта, орында және қарқында жұмыс істейді; Қашықтықтан оқыту қандайда бір себептермен дәстүрлі білім алу мүмкіндігінен айырылған адамдарға білім алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар даралап оқыту мүмкіндігін күшейтеді.

2. Модульдылық. Әрбір жеке курс белгілі бір сала жөнінде тұтас түсініктің қалыптастырады, ол бір біріне тәуелді емес курстар жинағынан – модулдерден-жеке және топтық қажеттілікке жауап беретін оқу бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.

3. Экономикалық тиімділік. Әлемдік білім беру жүйесінің орташа бағасы қашықтықтан оқытудың дәстүрлі білім беру жүйесінен екі есе не одан да арзанға түсетінін көрсетіп отыр.

4.Оқытушының жаңа рөлі. Оған таныымдық процестерді бағыттау, оқытылатын курсты түзету, кеңес беру, оқу бағдарламасын басшылыққа алу және т.б сол сияқты жаңа қызметтер жүктеледі.

5. Білім берудің арнайы бақылауы – қашықтықтан ұйымдастырылған емтихандар, әңгімелесу, практикалық, курстық және дипломдық жұмыстар, және т.б.

Едәуір көп тараған электрондық басылымдардың бірі электрондық оқулық (ЭО) болып табылады, оған мәтіндерден басқа студенттерге оқу материалын қабылдаудың әр түрлі формаларымен меңгеруге мүмкіндік беретін құрылымдық-логикалық сызбалар және көрнекі материалдар кіреді. Оларға сонымен қатар негізгі құқықтық құжаттар, мтерминдердің сөздігі, ақпаратты іздеу модульдері, тест кіруі мүмкін.

Электронды оқулықтың артықшылығына мыналарды жатқызуға болады: тәжірибені шұғыл кері байланыспен қамтамассыз ету; ақпарат іздеуге көмек, гипермәтіндік түсіндірулерге бірнеше қайтара жүгінуде уақытты едәуір үнемдеу. Студенттің дара ерекшеліктерінің қарқынына орай белгілі бір тарау бойынша білімді тексеруге мүмкіндік береді.


Негізгі ұғымдар: Оқулықтар, оқу құралдары, курстың мазмұнын таңдау, мақсат қою, курстың жұмыс бағдарламасын құрастыру, студенттердің өзіндік жұмыстары,оқу жүктемесі, сабақтардың тақырыптық жоспарлары, пән бойынша бағалау критерилері, жеке оқу сабақтарын жоспарлау, конспект құрастыру.
Бақылау сұрақтары:

1.Оқулықтарды, оқу құралдарын және т.б. материалды ірікткеу.

2.Курстың мазмұнын таңдау. Мақсат қою. Курстың жұмыс бағдарламасын құрастыру.

3.Студенттердің өзіндік жұмыстарын, оқу жүктемесін және сабақтардың тақырыптық жоспарларын дайындау.

4.Пән бойынша бағалау критерилерін құрастыру.

5.Жеке оқу сабақтарын жоспарлау және конспект құрастыру.


Әдебиеттер:

1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.

2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.

3.Жарықбаев Қ.Б Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы.,1987.

4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.

5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.

6.Попова М.В Психология как учебный предмет в школе.-М.,2000.

7.Подвойская М.А Уроки психологии в школе.Конспекты занятий и дневник практического психолога.-М.,1993.





  1. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРЫ

1-тәжірибелік Психологияны оқытудың мақсаты, принциптері және білімнің нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі



Мақсаты: жалпы білім беру бағдарламасы мен психологияны оқыту, психологияны оқыту мен орта кәсіби білім берудің білім беру бағдарламалары, психологиялық білімнің негіздерін оқыту; психологияның әдістерімен таныстыру; білім алушылардың кәсіби мамандануына сәйкес келетін, қолданбалы психологиялық білімдерді оқыту; психологиялық білімдерді болашақ кәсіби іс-әрекет шеңберіндегі тәжірибелік міндеттерді шешу үшін қолдануды үйрету; білім алушылардың жалпы психологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Жоспар


1.Жоғары және орта арнаулы педагогикалық білім стандарттары.

2.Пән бойынша оқу жоспарлары мен типтік бағдарламалар.

3.Жұмыс бағдарламаларын құру. Күнтізбелік жоспарлар.
Әдістемелік нұсқау: Стандарттарды пайдалану салалары, құрылу принциптері, мақсаты, міндеттерін оқу. Психологиялық пәндер бойынша жұмыс жоспарларының, типтік бағдарламаларының мазмұны иен құрылымын талдау. Психология бойынша жұмыс бағдарламаларын құру принциптерін анықтау. Оқу материалын күнтізбелік жоспарлауда жаттығу.
Бақылау сұрақтары:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет