Пәннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені


Логика тілі және оның базалық курстағы орны



бет22/159
Дата26.05.2020
өлшемі255,57 Kb.
#71213
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   159
Байланысты:
П нні электронды О У- дістемелік кешені

2.4. Логика тілі және оның базалық курстағы орны

Логика – ақиқат және дұрыс ойлаудың формасы (қалыбы), заңдары мен ережелері туралы ілім [31, 89-бет].

Ойдың ақиқат әрі дұрыс болуын ұйымдастыратын және қадағалайтын біліми пән логика деп аталады. Ойлаудың пішіні (қалыбы) деп шынайы өмірдегі нәрселердің қасиеттері мен қатынастарын бейнелеу әдістерін атайды.

Логика пәнінде, негізінен, үш түрлі ойлау қалыбы қарастырылады. Олар: 1) «ұғым»; 2) «пайым» және 3) «ойқорыту» деп аталады. Ойлау формаларының әрқайсысына белгілі бір тұлғалық құрылым тән болып келеді. Бұл құрылымдарды өрнектеп көрсету үшін арнаулы белгілемелер (символикалар) жүйесі қолданылады. Осындай белгілемелер тілінде өрнектелген ойды формалданған (қалыптанған) ой деп атайды [31, 89-бет].

Ойқорытулар ережелерінің жиынына байланысты ғылыми пән ретінде логика бірнеше түрлерге бөлінеді: формалданған логика, математикалық логика, ықтималды логика, диалектикалық логика және т. б.

Математикалық логиканың негізін қалаушысы ретінде ұлы неміс математигі Лейбниц1 есептеледі. Ол, XVII ғасырда, бірінші логикалық есептеулерді құруға талпынған. Логиканы есептеулерге жақындатып, логикалық символиканы дәлдеген және жетілдірген.

Лейбниц құрған іргетастың үстіне басқа ұлы математик Джордж Буль2 ғылымның жаңа аймағын – математикалық логиканы құрған. Ол логикалық құрылымдар үшін ерекше алгебра – логикалар алгебрасы (Буль алгебрасы) атты тұтас бір, тың математикалық білім саласын өмірге келтірді. Онда, дағдылы алгебрадан айырмасы, символмен сандар емес, пікірлер белгіленеді.

Қазіргі математикалық логика, оқиғалар ықтималдығы және ақпарат теориясы атты дискреттік математика тараптары Буль алгебрасының мысалдық, көрнектемелері және модельдік қолданбасы болып табылады.

Логика информатиканың математикалық іргесін құрайтын пәндердің қатарына жатады.

Информатиканың базалық курсында оқушылар логиканың математикалық элементтерімен мына аспектілерде танысады:

-процедуралы-алгоритмдеуде;

-есептеуіш техниканың логикалық (схемотехникалық) негізін қарастырғанда;

-логикалы бағдарламалауда.

Бірінші аспектіге процедуралық типті бағдарламалау тілдерінде логикалық шамаларды және логикалық өрнектерді қолдану, сонымен қатар электрондық кестелерде мәліметтер қорымен жұмыс жасау жатады. Алгоритмдік тармақталу құрылымын іске асыратын, шартты операторларда, функцияларда логикалық өрнектер қолданылады.

Компьютердің логикалық элементтері: вентиль, қосындылауыш (сумматор), триггер, т.с.с. электрондық схемалармен танысу, математикалық логиканың екінші аспектісіне жатады.

Оқушылардың назарын аударатын нәрсе: логика тілі (буль алгебрасы) компьютердің ішкі тілінің негізі болып табылады. Бұл екі жағдаймен байланысты, біріншіден – компьютердің ішкі тілі мен логика тілі екілік (0 және 1) алфавиттін қолданады; екіншіден – процессордың барлық бұйрықтары, логикалық – ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС амалдары арқылы жүзеге асырылады.

Пролог логикалы бағдарламалау тілінің элементтері ең бірінші рет В.А. Кайминнің [18] оқулығында енгізілген болатын. Автордың тұжырымдамасы бойынша, мектеп информатикасының негізгі мақсаттарының бірі – оқушылардың логикалық ойқорытуын дамыту, ұсынылған шешімдерді негіздеуге, ой жүгіртуге, фактілермен дәлелдерді келтіруге үйрету.

Логикалы бағдарламалау парадигмасы процедуралы парадигманың альтернативасы (баламасы) екені белгілі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет