Тақырыбы: «Алгоритмдер және орындаушылар»
Келесі есептерді шешіңіз:
1. Алгоритм фрагменті блок-схема түрінде берілген (5.7-сурет). Алгоритмнің орындалу нәтижесінде S айнымалысы қандай мәнді қабылдайтынын анықтаңыз.
2. Берілген cos(x)=x теңдеуін шешу алгоритмін қақ бөлу әдісі бойынша блок-схема арқылы көрсетіңіз. Алгоритмді жазғанда келесі айнымалыларды қолданыңыз: A және B – іздестіру шекарасы, LK және PK – шешімнің кішірейтілген интервалының сәйкес сол және оң координаттары, E – дәлдік.
3. Өз орындаушыңызды ойлап табыңыз және оны мына схема бойынша бейнелеңіз: ортасы, орындаушының бұйрықтар жүйесі (бұйрықтар қалай беріледі, орындалады, «жасай алмаймын»). Нақты орындаушы үшін бірнеше есеп құрастырыңыз.
4. A (x,y) нүктесінің берілген аймаққа жататынын анықтайтын алгоритм құрыңыз (5.8-сурет).
5. Келесі шектеулерді ескере отырып, мына формула: у = (1 - х2 + 2,5х3 + х4)2 бойынша есептеу алгоритімін жазу керек: 1) тек қана қосу, алу және көбейту амалдарын қолданып; 2) әрбір өрнекте тек қана бір арифметикалық амал болуға тиіс.
2. Оқу материалындағы өзіңізге ұнаған ең жақсы күнделікті жоспардың мысалын келтіріңіз (өзіңіз дайындаңыз немес оқу бағдарламасын таңдаңыз):
3. Тақырып бойынша бір сабақтың конспектісін даярлаңыз.
4. Осы алгоритмдеу және бағдарламалау бағыты бойынша қорытынды жұмыстың мысалын келтіріңіз (кез-келген формада – бақылау, өз бетінше жұмыс, тест т.б..). Қорытынды жұмыс бір сабақ көлемінде өткізіледі және баға критерийі болуы тиіс.
№3 өздік жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |