Байланысты: 5a98e65d-32bb-11e3-9d7d-f6d299da70eeУМКД материал Т-243у МПИ
Жергілікті желілер Мақсаты: оқушыларды жергілікті желінің қызметімен таныстыру.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар: оқушылар жергілікті желіні ұйымдастыру, оның қызметін, түрлерін білуі тиіс.
Жоспары: Кабельді тікелей жалғасу.
Жергілікті желі қызметі.
Жергілікті желі – саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлік желілер компьютерден басқа да желілік құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғы желі арқылы жіберуге арналған ақпаратты түрлендіруге мүмкіндік береді.
Ақпарат – желі арқылы берілетін сигналдарға түрлендіріледі (кодтау процесі), осыдан кейін сигнал қайта түрлендіріледі (декодтау процесі).
Компьютерлер, жергілікті желіге желілік тақша деп аталатын интерфейстік блок – желілік адаптер арқылы қосылады.
Желілік адаптер – компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы.
Ақпарат байланыс тораптары арқылы сандық түрде беріледі. Байланыс желісінің сымды және сымсыз түрлері бар.
Желілік құрылғыларға – концентратор мен коммутаторлар жатады. Олар дерек алмасу сапасын жақсартады және деректерді таратудың әр түрлі бөліктерін біріктіреді.