Пәннің жұмыс бағдарламасы (syllabus)


Дәріс №6. 6.Дүниежүзінің ауылшаруашылық географиясы



бет25/34
Дата30.04.2020
өлшемі266,42 Kb.
#65251
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34
Байланысты:
zhusipbaeva r.s. umkd geografiya 2019

Дәріс №6.

6.Дүниежүзінің ауылшаруашылық географиясы.

6.1. Ауыл шаруашылық типі

6.2. Ауыл шаруашылығының салалары

1Ауыл шаруашылығы типі дегеніміз – бұл белгілі бір аграрлық қатынастардың тұрақты жиынтығы,тауарлық-мамандануы және шаруашылықты жүргізу жүйесі.

Ауыл шаруашылығының ерекшеліктері - табиғи жағдайлардың ауыл шаруашылығының орналасуы мен салаларына, оның өнімділігіне әсері. Сонымен бірге ауыл шаруашылығында жер еңбек құралы және еңбек объектісі, себебі жердің топырағының құнарлылығына байланысты ауыл шарушылығы өнімділігі мен экономикалық тиімділігі анықталады. Ауыл шаруашылығының салалары - өсімдік шаруашылығы, ол өз кезегінде астық шаруашылығы, техникалық дақылдар мен картоп шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, бақша және жүзім шаруашылығы салаларынан тұрады, мал шаруашылығы – ірі қара мал шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, қой шаруашылығы, құс шаруашылығы.

- экстенсивті өндіріс, өнім көлемі негізінен өндірістің көлемін ұлғайту арқылы жүргізіледі. Мысалы, егіншілік жерлерді, мал басын көбейту, т.б.

- интенсивті өндіріс, өнім көлемі өндірістің өнімділігін арттыру арқылы жүргізіледін.Мысалы, егіншіліктің түсімін жаңа тұқым арқылы арттыру, малдың сүттік немесе еттік өнімділігін жоғарылату.

Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің ежелгі әрі кең тараған саласы. Дүние жүзінде ауыл шаруашылығымен және оған шектес орман шаруашылығымен, аңшылықпен, балық аулаумен айналысатын салаларда 1,1 миллиард адам еңбек етеді. Ауыл шаруашылығының барлық жерде таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Олар үлкен екі топқа біріктіріледі. Біріншісі — дамыған тауарлы ауыл шаруашылығы. Оған ауыспалы егістігі бар интенсивті егіншілік, мал азығын дайындау қоса жүргізілетін интенсивті мал шаруашылығы, сондай-ақ, тыңайған жері және жайылымдық мал шаруашылығы бар экстенсивті егіншілік жатады.

Екіншісі — дәстүрлі тұтынушы ауыл шаруашылығы. Ол артта қалған соқалы-теселі егіншілікті, жайылымдық мал шаруашылығын, көшпелі және жартылай көшпелі мал өсіруді, сондай-ақ, бұдан да қарапайым терімшілікті, аңшылық пен балық аулауды қамтиды.

2.Ауыл шаруашылығының басты саласы — өсімдік шаруашылығы. Оның ішінде дәнді дақылдар — дүниежүзілік ауыл шаруашылының негізі, дүние жүзінде өңделетін бүкіл жер аумағының 50%-інен астамын қамтиды. Дәнді дақылдардың дүниежүз. өндірісі бірте-бірте өсіп келеді. Жылына 1,9 миллиард. тоннаға дейін астық жиналады. Дәнді дақылдар, яғни астық шаруашылығын құрайтын үш дақыл — бидай, күріш және жүгері жалпы түсімнің 80%-ін береді және адамдардың бүкіл тамақ энергиясының 50%-ке жуығын қамтамасыз етеді. Бидай — дәнді дақылдардың ең негізгісі және дүние жүзіндегі адам баласының жартысының басты азығы. Ол 70-ке тарта елде өсіріледі. Бірақ жалпы өнімнің басым бөлігі (миллион тонна есебімен): АҚШ (75), Канада (30), Австралия (16), Ресей (45), Қазақстан (17), Украина (20), Қытай (95), Үндістан (50), Франция (32) елдерінің үлесіне тиеді. Күріш — адамзат баласының бидайдан кейінгі негізгі тағамы. 20 ғасырдың аяғында күріш өсірумен жүзге жуық ел айналысқанымен, оның дүниежүзілік түсімінің 90%-ін Азияның “күрішті” елдері береді. Ірі күріш өндіретін елдер (миллион тонна есебімен): Қытай (180), Үндістан (110), Бангладеш (20), Таиланд (21), Индонезия (45). Дүние жүзіндегі суармалы жерлердің 60 — 65%-іне күріш егіледі. Жүгері өндіру Мексикада басталып, кейін дүние жүзінің басқа аудандарына да тарады. Қазіргі кезде жүгеріні негізгі өндіруші елдер — АҚШ, Қытай және Бразилия. Әлемдік рынокқа дүние жүзінде өндірілетін астықтың, негізінен, бидай мен жүгерінің 10 — 15%-і түседі.

Майлы дақылдар астық дақылдарынан кейінгі 2-орында. Дүние жүзінде соя жинаудан 1-орынды АҚШ (50%-тен астамы), жер жаңғағы жөнінен — Үндістан, зәйтүннен — Италия алады. Дүние жүзінде жыл сайын 100 миллион тоннадан астам қант өндіріледі. Оның 60%-і қант құрағынан (Бразилия, Үндістан, Қытай, Куба), 40%-і қант қызылшасынан алынады. Қант құрағы Америкада, тропиктік және субтропиктік аудандарда көп өсіріледі. Қант қызылшасы — қоңыржай белдеудің дақылы. Оның басты өндірушілері — Ресей, Украина, Бат. Еуропа мен Солт. Америка елдері. Сергітпе дақылдардың (шай, кофе және какао) барлығы дерлік тропиктік елдерде өсіріледі.

Өсімдік шаруашылығындағы талшықты дақылдардың ең маңыздысы — мақта. Мақта талшығының дүниежүзілік өндірісі — 20 миллион тонна Егісінің аумағы және жинау жөнінен мақта өсірудің негізгі ауданы — Азия. Басқа талшықтардан — зығырдың, әсіресе, сизаль мен джуттың таралу ареалы анағұрлым шектелген. Дүние жүзі бойынша зығыр өндірудің 75%-і Ресей мен Беларуське, джут өндіруден Бангладешке тиеді. Табиғи каучуктің 85%-і — Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде, әсіресе, Малайзия, Индонезия және Таиландта өндіріледі. Ауыл шаруашылығының негізгі саласының бірі — мал шаруашылығы. Мал шаруашылығынан алынатын өнімдердің негізгі бөлігін қоңыржай белдеудің елдері береді. Дүние жүзінде мал басының жалпы саны 4 миллардтан асады. Балық аулау адамзаттың ең ежелгі кәсіптерінің бірі. Қазіргі кезде ол — кемінде 15 миллион адамның күнкөрісін қамтамасыз етіп отыр. Дүние жүзі бойынша ауланатын балық пен өндірілетін теңіз өнімдері жылына 100 миллион тоннадан алады (2000). Оның шамамен 90%-ін теңіздер мен мұхиттардан, 10%-ін тұщы судан ауланатын балық құрайды. Балық аулау барлық жерде таралғанымен, бүкіл дүние жүзінде ауланатын балықтың 50%-тен астамы 6 елдің — Жапонияның, Қытайдың, Ресейдің, АҚШ-тың, Чили мен Перудің үлесіне тиеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет