Пәннің мақсаты: Мақсаты: болашақ мұғалімнің мектептің тұтас педагогикалық үдерісін және білім беру мекемесіндегі тәжірибелік іс-әрекетін жүзеге асыра отырып басқарудағы кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыру Пәннің міндеттері
Пәннің мақсаты: Мақсаты: болашақ мұғалімнің мектептің тұтас педагогикалық үдерісін және білім беру мекемесіндегі тәжірибелік іс-әрекетін жүзеге асыра отырып басқарудағы кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыру
Пәннің міндеттері:
Білім берудегі менеджменттің теориялық-әдіснамалық негіздері мен тұтас педагогикалық үдеріс және мектептің педагогикалық ұжымын басқарудың ерекшеліктері жөніндегі болашақ мұғалімдердің білімін қамтамасыздандыру.
Болашақ мұғалімдерді білім берудегі менеджменттің мәні және негізгі міндеттерімен таныстыру
Айрықша кәсіптік қызмет түріндегі педагогикалық менеджмент туралы айқын әрі саналы көзқарасты қалыптастыру
Менеджер қызметінің нысаны ретіндегі тұтас педагогикалық үдеріс тұрғысынан білім беру мекемесін басқару қабілетін-дағдыларын қалыптастыру
Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер (коды, атауы): Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер: АҚ14 Біледі: • Білім беру менеджментінің теориялық-әдістемелік негіздерін;
• Жүйелілік, гумандылық, құзыреттілік, технологиялық ыңғайлар негізінде мектепті басқарудың ерекшеліктерін;
• Мектептегі тұтас педагогикалық үдерісті басқару негіздерін;
• Мектептің педагогикалық ұжымын тиімді басқарудың талаптарын;
Қолданады: • Іс жүзінде білім беру мекемесінде игерілген теориялық білімді;
• Білім беру мекемесінің біртұтас жүйесі аясында диагностикалық, талдамалық және жобалау қызметтерін жүзеге асырады;
• Түрлі басқару қызметтерін жобалауды және жүзеге асыруды;
• Ашық педагогикалық жүйе ретіндегі тұтас педагогикалық үдеріс тұрғысынан басқару қызметінің сапасын бағалайды
Пререквизиттер:Педагогика-психология мамандығына кіріспе, Педагогика, Өзін-өзі тану
Постреквизиттер: Басқару психологиясы, Қолданбалы конфликтология, Қолданбалы психология, Педагогикалық этика, өндірістік-педагогикалық практика.