Пәннің мақсаты: «Журналист этикасы және сөйлеу мәдениеті» пәні мамандық сырларын үйренуші білімгердің теориялық білімдерін тереңдетіп, тіл мәдениеті, сөйлеу мәдениеті туралы еңбектер негіздерімен таныстырады. Жеткізілетін ойдың көркемдік бояуын сақтауды жан-жақты зерттеп, талдап, салыстырып, сөйлеудің, ой мазмұнын ашудың түрлі тәсіл, амалдарына үйретеді. «Журналист этикасы және сөйлеу мәдениеті» курсы білімгердің шығармашылық деңгейін жан-жақты дамытуға үлкен мүмкіндіктер береді. Мұнда телерадиожурналистика саласы бойынша жүргізілетін пәндермен сабақтастыра отырып, болашақ мамандарға теориялық және тәжірибелік бағытта жүйелі білім беру көзделеді.
Міндеттері: Журналист этикасы – қоғамда, әлеуметтік ортада БАҚ өкілінің ұстанымымен, қызметімен, сондай-ақ, белгілі тұлғалар, ұжымдық топтармен арадағы қарым-қатынастармен тікелей байланысатындықтан оның кәсіби шеберлігіне де ықпал етуші негізгі фактор бола алады. Қоғам және халық арасындағы үлкен жауапкершіліктің өзі журналиске моральдық-этикалық және имани игі қасиеттерді игеруін талап етеді.
Бұл курсты меңгеру журналистің кәсіби шеберлігін арттыруға үлкен ықпал етеді. Журналистің әлеуметтік ұстанымы мен кәсіби этикасын үйрену арқылы сөйлеу мәдениетінің түп негізіне тоқталу және сөз дипломатиясының мән-мазмұнын аша болашақ журналистердің тілге қатысты міндеттерінің әлеуметтік мәні айқындалады. Олар:
Пән бойынша теориялық білімдерді игерту;
Теориялық білімді практика жүзінде қолдана білу, тіл мәдениетіне қатысты еңбектермен, шығармалармен жүйелі танысып, толық мағлұмат алуға үйрету;
Сөз мәдениетіне қатысты әдеби нұсқаларға талдау жасай білуге үйрету;