Ескерту 1. Семестр қорытындысында студент 50% - дан кем емес максималдық семестр рейтингті алса және барлық бақылау түрлерінен оң бағаланса емтиханды тапсыруға жіберіледі. Дұрыс баға алу үшін емтиханда максималдық қорытынды рейтингтен 50% - дан кем емес алу керек.
Ескерту 2. Зертханалық тәжрибелік сабақтардан қалып қойған жағдайда сол сабақтардан тапсырма алып орындап сол жұмыстардан қорғауға болады.
Бағалау критерисі
Қалыптасқан баға
|
өте жақсы
|
Жақсы
|
қанағаттанарлық
|
қанағатсыз
|
Баллы ( max=100 балда)
|
90-100
|
75-89
|
50-74
|
0-49
|
Кафедра меңгерушісі ______________ А Тегза
«_____» _________2011 г.
2011-2012оқу жылына «Індеттану және індетті аурулар» пәннің
оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
Мамандығы
|
Студенттер саны
|
Библиография (автор, атауы, басылым жылы, беттер саны)
|
Басылым түрі
|
Тасушылар
|
Дана
|
Желіде болуы
|
Ескерту
|
Тақ сем
|
Жұп сем.
|
кітапхана
|
кафедра
|
|
|
|
1. Оқулықтар, оқу құралдары, электронды басылымдары
|
|
|
|
|
|
Негізгі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сайдулдин Т.С. «Ветери-нарялық індеттану» Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академия-сының республикалық баспа кабинеті Алматы, 1999 ж-292 бет
|
Оқу құралы
|
|
45
|
|
|
|
|
|
|
Толысбаев Б.Т. Шоқанов Н.Бияшев Қ.Б «Малдәрігерлік микробиология» Алматы, «Алатау» баспасы, 1999 х. 367 бет
|
Оқу құралы
|
|
60
|
|
|
|
|
|
|
Мырзабекова Ш.Б. Ветеринариялық микробиология. Алматы: Білім,2004 ж.-368 бет
|
Оқу құралы
|
|
25
|
|
|
|
|
|
|
Байкадамова Г.А. «Індеттану»:, Қостанай, 2004ж.-80 бет
|
|
|
5
|
3
|
|
|
|
|
|
Қосымша
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сәдібеков А.С.Шоқанов Н. «Микробиология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.-Алматы: Ана тілі,1994ж. -230 бет»
|
Оқу құралы
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
Шоқанов Н. «Микробиология. А.: Арсы, 2003ж№ 264 бет»
|
Оқу құралы
|
|
50
|
|
|
|
|
|
|
Бакулов И: Індеттану және микробиология негіздері. Алматы, 1993ж.-85 бет
|
Оқу құралы
|
|
30
|
2
|
|
|
|
|
|
Байкадамова Г.А. «Эпизоотология и инфекционные болезни животных» УМКд , КГУ им.А. Байтурсынова. Костанай,2008 г.-51 бет
|
ОӘПК
|
|
10
|
2
|
|
|
|
|
|
Барлық даналар
|
|
210
|
7
|
|
|
Барлығы
|
|
Қорытынды даналар
|
|
|
|
|
|
Құрастырушы
Ветеринариялық ғылымдарының кандидаты, доцент _______________________ Г. Байкадамова
10 СӨЖ тапсырмалары
№ п/п
|
Тақырып,тапсырма,жұмыс түрі
|
Сағат саны
|
Әдебиет
|
Бағалау формасы
|
Тапсыру мерзімі, апта
|
Нег.
|
1
|
Сіреспе
|
2
|
3,8,12
|
Конспект Қорғау
|
2
|
2
|
Құтырық
|
2
|
4,8,6,12
|
Конспект Қорғау
|
2
|
3
|
Ботулизм
|
2
|
1,2,03,8
|
Конспект Қорғау
|
4
|
4
|
Ку қызбасы
|
2
|
3,8,12
|
Конспект Қорғау
|
5
|
5
|
Бұзау тас
|
2
|
3,6,8,10
|
Конспект Қорғау
|
6
|
6
|
ІҚМ обасы.
|
3,5
|
3,8,11
|
Конспект Қорғау
|
7
|
7
|
Ешкілердің індеттік плевропневманиясы
|
2
|
3,4,8,12
|
Конспект Қорғау
|
7
|
8
|
Шошқалардың еуропалық обасы
|
3
|
3,6,8,10,8,
10
|
Конспект Қорғау
|
8
|
9
|
Шошқалардың тұмауы
|
3
|
4,8,12
|
Конспект Қорғау
|
8
|
10
|
Ньюкасл ауруы
|
2
|
3,8,12
|
Конспект Қорғау
|
9
|
11
|
Тулярамия
|
2
|
|
Реферат
|
9
|
12
|
Құстардың шешегі
|
2
|
|
Баяндама
|
10
|
13
|
Қояндардың миксоматозы
|
2
|
|
Реферат
|
10
|
14
|
Диплококкты індет
|
|
|
|
|
15
|
вибриоз
|
|
|
|
|
Бағдарламаны дайындаған ветеринариялық ғылымдарының кандидаты, доцент Байқадамова Г.А.
. . 2011ж. №. ____________________
Ветеринариялық медицина кафедрасының мәжілісінде қаралып бекітілген
протокол от _.__________ 2011ж.№
кафедра меңгерушісі М. Байкенов
Індеттанудың_нысандары_мен_әдістері._Инфекция_мен_иммунитет_туралы_ілімді_індеттану_тұрғысынан_қарастыру'>Дәріс тезистері
Тақырып. Пәнге кіріспе. Індеттанудың нысандары мен әдістері. Инфекция мен иммунитет туралы ілімді індеттану тұрғысынан қарастыру
Мақсаты: Инфекция, микроорганизмдердің тіршілік әрекеті мен макро және микроорганизм әрекеттестіктері туралы білімді меңгеру.
Жоспар: 1. Індеттану мақсаттары. Пәннің даму тарихы.
2. Инфекция, инфекцияның формалары мен түрлері.
3 Иммунитет. Иммунитет түрлері.
4. Макро және микроорганизмдердің симбиоз формалары.
Бұл ғылымның бастапқы даму кезеңдерінде дәрігерлер мен табиғат зерттеушілер жұқпалы арулардың себептерін анықтауға баса назар аударды. Гиппократтың (біздің ғасырға дейінгі 460-37 жылдарда), Варрона (біздің ғасырға дейінгі 116-27 жылдарда), Лукрецийдің (біздің ғасырға дейінгі 95-55 жылдарда), Плинийдің (біздің ғасырға дейінгі 23-75 жылдарда), Галеннің (біздің ғасырға дейінгі 131-211 жылдарда) және басқа да сол кезде өмір сүрген ғалымдардың еңбектерінде жұқпалы аурулар қоздырғыштарының тірі орга-ганизмдер болатыны жөнінен ғылыми болжамдар баяндалған екен. Атақты ғалым Авицена (біздің ғасырға дейін 980-1037 жылдарда) жұқпалы аурулардың пайда болуы ауа және су арқылы тарайтын майда, жәй көзге көрінбейтін тірі жәндіктердің әсерінен болады деген батыл пікір айтқан.Микроорганизмдерді алғаш рет ашу Левенгук есімімен байланысты. Оның аспабы заттарды 160-300 еседей үлкейте алатын болған. Осы аспаптың көмегімен Левенгук ет тағам-дарындағы зең саңырауқүлақтарын, тұрып қалған қақ суындағы тірі организмдерді көрді, олардың пішінін, шамасы және қозғалысын сипаттап жазды. Тістің сыртына тұрып қалған өңезін суға езіп қарағанда, ондағы тірі организмдер Левенгукқа қатты әсер еткен. Ол бұл препараттан ерсілі-қарсылы жыбырлап жүрген өте ұсақжәндіктерді көргенін және олардың соншалықты көптігіне таң қалып, олардың мөлшері бүкіл Үлы Британия қүрама корольдігіндегі адамдар санынан әлдеқайда көп болса керек деген пікір айтты. Бұл тірі организмдердің ішінде шар және қысқа таяқша тәрізділері және А. Левенгук көріп бейнесі иректелген түрлері бар екенін ол анық салюнбактериялардың формаларын байқады. Сонда Левенгук өзі жасаған маларымикроскоппен әртүрлі ашытқы саңырауқұлақтарды, бактериялар мен инфузорияларды көрген. Левенгуктің ашқан жаңалығы микроорганизмдер дүниесін зерттеуге, сөйтіп микробтар жөніндегі ғылым - микробиологияның дамуына жол ашты.Өз зерттеулерін Левенгук "Антони Ван Левенгук ашқан табиғаттың «құпия сырлары» деген атпен 1645 ж кітап етіп жарыққа шығарды Алайда ол бұл организмдерді сипаттап жазғанымен олардың табиғатта алатын орнын, әрекеттерін білмеді. Соған қарамастан Левенгук зерттеулері сол кездегі көптеген табиғат зерттеуші ғалымдардың назарын аударды. Сол кездегі ірі ғалымдар Роберт Гук және Нехоми Грга А.Левенгук ашқан жаңалығын дәлелдеп, мойындады. Делфте 1698 жылы орыс патшасы І-Петр тек микроскопты сатып алып қойған жоқ сонымен қоса шыныларды ажарлаушы
шеберлерді де Голландиядан алып кетті. Кейінірек Ресей ғылым академиясы отандық микроскоптар жасай бастады. М.В. Ломоносов алғашқылардың бірі болып микроскопты химиялық зерттеулерге пайдаланды (1744ж).
Індеттану – індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану – індеттің таралу жолдарымен, осыған себепші барлық жағдайлар мен әсерлерді зерттейтін ғылым. Індеттану – індет процесін зерттейтін ғылым.
Індеттану мақсаттары
Індеттанудың екі басты мақсаттары бар: 1) Індет процесінің заңдылықтарын зерттеу (яғни жұқпалы аурулардың пайда болуы,дамуы,таралуы мен жойылуы және осы процестің қарқынына сыртқы орта шарттарының әсеріде себепкер болып табылады). 2) Алдын алу әдістерін ұйымдастыру мен жетілдіру және жұқпалы аурулардың көзін жою.
Жалпы және жекеше індеттану.
Жалпы індеттану індет процесінің барлық немесе көптеген жұқпалы ауруларға тән заңдылықтарын қарастырады.Яғни инфекция, індеттік аспектілер, иммунитет,індет процесі,эволюция,номенклатура және жұқпалы аурулардың топтастырылуы (класификациясы) туралы оқытады.
Жекеше індеттану жеке аурулар кезіндегі індет процесін зерттейді.Яғни жеке жұқпалы аурудың ерекшеліктерін қарастыра отырып,оларды алдын алу мен көзін жоюында жалпы және спецификалық шараларды ұйымдастырады.
Инфекция – жануар организмі мен зардапты микробтың бір-біріне әсерінен туындайтын ерекше жағдай.Микробсыз инфекция жоқ, микроб инфекцияның негізгі себебі.
Макро және микроорганизмдердің симбиоз түрлері.
Мутуализм – екі симбионттың, яғни макро және микроорганизмнің бір-бірінің тіршілігіне қолайлы жағдай туғызуы.
Комменсализм – симбиоз кезінде симбионаттардың бірі екіншісіне зиян келтірмей-ақ соның есебінен тіршілік етуі.
Паразитизм – симбионттың бірінің екіншісіне тоғышарлық етуі. Тоғышар микроб иесінің есебінен күн көріп қана қоймайды, өзі тіршілік ететін организмді зақымдап, зиян келтіреді.Егер қоздырушы және жануар организмі кездессе,онда клиникалық көріністері бар жұқпалы ауруға емес, инфекцияға немесе инфекциялық процеске әкеліп соқтыруы мүмкін.Сайып келгенде, инфекция және инфекциялық процесс ұғымдары ұқсас емес.
Инфекциялық процесс – инфекция кезінде макро және микроорганизмдердің өзара қарым-қатынастарының өзгеріске ұшырауы.Бастапқыда инфекциялық процесс дамыса,содан соң қосымша механизмдердің әсерінен - індет процесі дамиды.Инфекция төрт негізгі түрлермен сипатталады.
Инфекция түрлері
Айқын инфекция немесе инфекциялық ауру – инфекцияның ең айқын көрінісі.Патологиялық процесс айқын клиникалық және патологоанатомиялық белгілермен сипатталады. Жасырын инфекция (симптомсыз, латентті, жасырын, иннапарантты) – инфекциялық процесс сыртқа білінбейді.
Иммундеуші субинфекция – енген микробтың өсіп-өнбей тіршілігін тоқтатуының нәтижесінде организмнің дертке шалдықпай,онда иммунитеттің қалыптасуы.Мұның нәтижесінде организмнің қызметі бұзылмайды және ол ауру қоздырушысының бастауына айналмайды.Сонымен клиникалық сау малда бактериологиялық немесе вирусологиялық реакциялар байқалады.Иммундеуші субинфекция микроб алып жүру тәрізді табиғатта кеңінен тараған.
Микроб алып жүру – макроорганизмнің денесіндегі микроб өніп-өссе де,оның ауруға шалдықпауы.Макро және микроорганизм біркелкі тепе-тең күйінде болады.Микроб алып жүрушілер- бұл инфекция қоздырғышының жасырын көздері болып табылады.
Инфекция түрлері Инфекцияның көптеген түрлері болады.Оларды қоздырғыш түрлеріне, оның организмге ену жолдарына,инфекцияның жергілікті ошақтарына байланысты жіктейді.
Инфекцияның жіктелуі Жіктелу белгілері: организмге қоздырғыштың ену жолдары; жұғу тәсілдері; организмде қоздырғыштың таралуы; қоздырғыштың саны; көріну түрлері; қоздырғыштың топтары, берілу механиздері;
Инфекция түрлері: экзогенді және эндогенді (аутоинфекция), криптогендік, табиғи (спонтандық), жасанды (эксперименттік), жергілікті (ошақты), жайылған (генерализденген), қарапайым (моноинфекция), аралас (ассоциативті), айқын, жасырын (симптомсыз), субинфекция, реинфекция, секунаралық, суперинфекция, вирусемия, бактериемия (аэробты,анаэробты,іріңді), хламидиялық, микроплазмалық, риккетсиоздық, саңырауқұлақтық, алиментарлық (қоректік), респираторлық (аэрогендік), топырақтық, контактылық, трансмиссивтік.
Иммунологиялық икемділік және оның табиғи төзімділік (резистенттілік) пен иммунитетті құруындағы ролі.
Табиғи төзімділік (резистенттілік) және жұқпалы ауруға қарсы иммунитет - бұл жұқпалы аурулардан жануарлар организмінің әр түрлі қорғаныс механизмдері.
Иммунологиялық икемділік –бұл организмнің өзінікі мен бөтенді ажыратып,генетикалық бөтен антигендік ақпарды өңдеп, оған иммунологиялық жауап реакцияларын беру қабілеті.
Табиғи төзімділікке жататындар: көптеген микроорганизмдер үшін терінің барьерлік қызметі; эпителидің бактерицидті қасиеті; май және тер бездерінің секреттері; сілекейдің, көз жасының лизоцимі; асқазан-ішек секреттерінің бактериоцидтігі және т.б ; лимфа түйіндерінің барьерлік қызметі; жергілікті қабыну реакциясы; фагоцитоз (организм ұлпаларындағы лейкоциттермен және макрофактармен микроорганизмдерді жою) ; асқазан- ішек жолдарының қалыпты микрофлорасының қорғаныс қасиеті; гуморальді факторлар (қалыпты антиденелер, комплект, пропердин, С-реактивті ақуыз, бактериолизиндер).
Иммунитет. Инфекциялық патологияда иммунитеттің келесі анықтамалары келтірілген.
Жұқпалы ауруға қарсы иммунитет - бейімділікке қарама-қарсы жағдай,организмнің инфекция қоздырушысының зардапты әсеріне төтеп беретін мүмкіндігі.
Жалпы биологиялық түсінікте иммунитет - бұл организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау мақсатындағы қабілеттілігі. Берілген қабілеттілік гендер жиынтығының бір хромосомасына бекітілген. Негізінде жұқпалы ауруларға қарсы иммунитеттің арнайы механизмдері болмайды, сондықтан да берілген ұғым шартты болып келеді. Иммунитет және жұқпалы ауруға қарсы иммунитет – созылмалы биологиялық эволюцияның нәтижесінде пайда болған , организмнің қорғаныс белгісі.
Туа біткен иммунитет – белгілі бір түрге жататын жануардың тұқым қуалаған биологиялық қасиеттері қалыптастырылады.Бұл иммунитет кейбір жануарлардың түрлерін белгілі бір ауруларға қарсы төзімді етеді.Туа біткен иммунитет тұқым қуалайды.
Туынды иммунитет - жұқпалы аурудан айыққыннан соң пайда болып, ауруға байланысты бірнеше айға немесе өмір бойы сақталуы мүмкін.
Активті жасанды иммунитет - бірнеше айдан 2 жылға дейін созылады.( көптеген вакциналарды қолдану кезінде), пассивті иммунитет ( қан сөлдері немесе колостральді) шамамен 15.....30 күнге спецификалық қорғанысты қалыптастырады ).
Достарыңызбен бөлісу: |