Иммунологиялық толеранттылық - арнайы бір антигенге иммундік жауап болмайтын ерекше иммунологиялық құбылыс.Организмнің өз антигендеріне шыдамдылығы болады да,қалыпты жағдайда оларға қарсы жауап бермейді. Толеранттылықтың механизмін организмде тиісті лимфоциттердің клонының болмауымен немесе олардаң тежелуімен түсіндіреді.Иммунологиялық толеранттылық антигеннің организмінен толық ығыстырылғанына дейін сақталады.Оның өрістеу механизмі әлі толық зерттелмеген.Кейінгі деректерге қарағанда,антиген плазматикалық торшалардың белсенділігін тежейтін Т- супрессорларды түзетін сияқты.
Әдебиеттер:
Сидорчук А.А.,Воронин Е.С., Глушков А.А. Общая эпизоотология. М.: Колос, 2004.- стр 11-13,
Бақылау сұрақтары:
1. Инфекция,жұқпалы ауру және инфекциялық процесс ұғымдарын қалай түсінесіз?
2. Макро және микроорганизмдердің арасында қарым-қатынастың қандай түрлері бар?
3. Қандай негізгі факторлармен ауру қоздырғыштары организмге әсер етеді?
4.Организмде зардапты микроорганизмдердің қандай ену және таралу жолдары болады?
5.Қандай инфекция түрлерін білесіз?
6. « Реинфекция », « рецидив », « секунаралық инфекция » ұғымдары нені білдіреді?
7 Иммунологиялық икемділік дегеніміз не? Иммунологиялық икемділік және оның табиғи төзімділік пен иимунитетті құруындағы ролі қандай?
8 Жұқпалы ауруларға қарсы иммунитет ұғымына және жұқпалы ауруларды алдын алудағы маңызына сипаттама беріңіз?
Тақырып. Індет процесі және оның қозғаушы күштері мен заңдылықтарының мәні.
Мақсаты: Індет процесінің анықтамасын зерттеу және мәнін ұғыну.
Жоспар: 1.Індет процесі
2.Індет процесінің қозғаушы күштері
Індет процесі жануарлардың жұқпалы ауруларының пайда болуынан, таралуынан және тоқтауынан туындап, ауру қоздырғышының зардапты микробтардың табиғатта сақталуын қамсыздандырып, үздіксіз індет бұғауы түрінде көрінеді. Індет процесінің алғы шарты болып, биологиялық паразитизм қызмет етеді. Үздіксіз індет бұғауында жұқпалы аурулардың әрбір жаңа факторлардың туындауындағы міндетті шарты болып үш тұрақты элементі қарастырылады. Олар: инфекция қоздырушысының бастауы, қоздырушының берілу тетігі, бейім жануарлар. Осы келтірілген үш фактор індет процесінің негізгі құрамы немесе бастаушы қозғаушы күштері деп аталады.
Індет қоздырушысының бастауы. Бұл жұқпалы аурулардың қоздырғыштары сақталып, өсіп-өніп қана қоймай, сонымен қатар сыртқы ортаға бөлініп шығатын немесе басқа ауруға бейім жануарға тікелей берілетін, микроб жұқтырған организм болып табылады.Инфекция қоздырушысының бастауына ауру, аурудан айыққан, микроб алып жүруші жануарлар жатады. Қоздырғыштардың биологиялық ерекшеліктеріне,организмнің икемділігіне және аурулардың патогенетикалық ерекшеліктеріне байланысты, жануар организміне микробтардың ену ұзақтығы әртүрлі болып келеді.Ең күшті, әрі қауіпті қоздырушы бастауы – айқын клиникалық белгілері бар ауру мал.Аурудың өршіген кезінде сыртқы ортаға микроб ең көп мөлшерде шығарылады.Микробтың денеден шығу жолдары: нәжіс, несеп, тері қыртыстары, көз, мұрын және жыныс жолдарынан аққан сора, сілекей, аққан қан мен ірің,түсік тасталған төл,шарана суы, сауылатын малдың сүті, т.б. Ауру әдеттегіден тыс өрбіген жағдайда да ондай жануарлар өте қауіпті инфекция бастауы болып табылады,өйткені ондай малдарды тауып, бөліп алудың өзі қиындыққа соғады.Мұндай бастаулардың қауіптілігінің жоғары болуы, жайлы шаруашылықтарда жұқпалы аурулардың бұрқетпесіне әкеліп соқтыруы мүмкін.Инфекция кезінде ауру жануарлар адам үшін де инфекция қоздырғышысының резервуары болуы мүмкін.Ауру қоздырғышының резервуары деп зардапты агент тіршілігінің табиғи ортасы болып табылатын, белгілі бір жануарлар түрінің жиынтығының организмін айтады.Демек, инфекция қоздырушысының бастауы - жұқпалы аурулардың туындауы мен таралуына мүмкіндік беретін міндетті элемент болып табылады. Дер кезінде анықтау,зарарсыздандыру немесе жою- індетке қарсы шаралардың маңыздыларының бірі болып табылады.
Инфекция қоздырушысының берілу тетігі. Жұқпалы аурудың сау, бірақ ауруға бейім жануарға қоздырушысының бастауынан берілмейінше туындамауы. Берілу тетігі зардапты микробтың бір жануардан екіншісіне ауысуын қамтамасыз етеді.Осындай ауысу арқылы ғана қоздырушы микроб табиғатта сақталады. Өйткені ауруға бейім организмде микробқа қаншама қолайлы жағдай болғанымен инфекциялық процестің нәтижесінде денедегі иммундік тетіктер іске қосылып, микроб үшін жағдай қолайсыз бола бастайды да, иммунитет күшіне енген кезде микробтың тіршілігінің өзі қиындайды. Организмнің иммунитет реакциялары қоздырушы микробты жеңбеген жағдайдың өзінде де аурудың ақыры малдың өлуімен тынса, бұл да микроб үшін қолайсыз болып табылады.Өйткені мал өлсе, оның өлексесі шіриді де, оның нәтижесінде қоздырушы микроб мүлдем қырылады.Сонымен зардапты микробтың табиғатта сақталу үшін иесін ауыстырып отыруы қажет. Жануар организмінен қоздырғыштың бөлінуімен бастылып,содан соң берілу факторы әртүрлі элементтер болатын,сыртқы ортада шоғырланатын, инфекция қоздырғышының берілу тетігі өте әртүрлі.Соңғы сатысында ауру қоздырғышы бейімделген ортасына ,яғни жаңа иесінің организміне енуімен өтеді. Берілу тетігінің сипаттамасы қоздырғыштың органотроптығымен, оның бөліну жолдарымен,инфекция қақпасымен байланысты болып келеді.Ауру кезінде қоздырғыш теріге сыртқы ортаның әртүрлі элементтері арқылы енеді немесе ауру жануарлармен тікелей жанасу арқылы беріледі.
Инфекция қоздырғышының бес көлденең немесе горизонтальді және бір тік немесе вертикальді берілу жолдарын ажыратады.Көлденең немесе горизонтальді берілу - бұл аурудың бір жануардан келесі жануарға жұғуы. Яғни жем-шөп және су арқылы ( алиментарлық ), топырақ арқылы ( топырақтық ), ауа арқылы ( аэрогендік ), тірі тасмалдаушылар арқылы ( жәндіктер,кенелер,тышқандар,құстар ).
Тік немесе вертикальді берілу – бұл ауру қоздырғышының ата-енесінен ұрпағына берілуі. ( планцента,трансвариальді, уыз немесе сүт және т.б.)
Ауруға бейім жануарлар. Жұқпалы аурулардың таралуы үшін қоздырушының бастауы мен оның берілу механизмдерінің болуы жеткіліксіз.Ауру тек қана індет процесінің тағы бір міндетті құрамы, оның үшінші буыны – бейім жануарлар болғанда ғана одан ары тарайды.Індет бұғауының барлық үш буыны түгелденгенде ғана індет процесі тоқтаусыз жалғаса береді.
Жануарлардың ауруға бейімділігі – инфекция процесі организмге түскен микробты мөлшері мен уыттылығына ғана емес,генетикалық бейім жануардың әрқайсысының төзімділігіне де байланысты.Белгілі бір ауруға бейімділік деп әрбір түрдің жұқпалы аурудың қоздырушысымен жанасқанда оны жұқтырып,содан туындайтын ауруға қабілеттілігін айтады.
Мал үйірінің ауруға бейімділігі жұғымталдық көрсеткіші деген нақтылы шамамен бейнеленеді.Жұғымталдық көрсеткіші деп инфекция қоздырушысының бастауымен жанасқан жануарлардың ауруға шалдығу проценті, яғни жүз басқа шаққандағы ауырған малдың саны.Ауруға бейім мал басының иммунологиялық құрылымы көптеген жағдайларға байланысты. Олар телімді және телімсіз факторларға бөлінеді.Жануар организмінің ауруға табиғи төзімділігін қалыптастыратын ең маңызды телімсіз факторларға малдың тұқымы, жасы мен жынысы, физиологиялық жағдайлары, мал шаруашылығындағы технология, стрестік жағдайлар мен қосалқы аурулар жатады.Ал телімді фактор – жасанды иммундеу,соның нәтижесінде пайда болған нақтылы ауру қоздырушы микробқа қарсы иммунитет.Телімді факторлар иммунитетпен қатар шектен тыс сезімталдық немесе керісінше бейтараптық қалыптастыруы мүмкін.Жалпылай әсер ететін телімсіз факторлар мен арнайы әсер ететін телімді факторлардың жиынтық әсерінің нәижесінде нақтылы мал басында топтық иммунитет қалыптасады.
Індеттенудің қозғаушы күштері арасындағы байланыс індет процесінің пайда болуы мен дамуының ғана емес, сонымен бірге оның тежелуінің, тіпті өршуінің де себепкері болып табылады.Осындай ішкі қайшылықтардың нәтижесінде індет процесі біркелкі дамымайды,ол бірнеше сатыларға бөлінеді.Індеттің өрбу динамикасын алты сатыға бөледі.Олар – індетаралық, індеталды, өршу , шегіне жету, өшу, індет соңы кезеңдері деп аталады.Індет процесі үздіксіз өтетін болғандықтан ол кейде күшейіп, кейде бәсеңдеп отырады.Індеттену қарқынының уақыт өткен сайын өзгеруін маусымдылық және кезеңділік деп ажыратылады.Бұндай ауытқулар індет процесіне табиғи және шаруашылыққа байланысты жағдайлардың әсерінен туындайды сонымен қатар індеттенудің маңызды сапалық көрсеткіштеріне жатады.Оларды індетке қарсы шараларды жоспарлау және орындау барысында ескеріп отырады.
Індет процесінің қарқыны аурудың бір малдан басқа малға жұғуы жағынан немесе оның кеңістікте таралу ауқымы тұрғысынан болсын, әр түрлі ауруды былай қойғанда бір ауру кезінің өзінде барлық жағдайда бірдей болмайды.Бір жағдайда бірен-саран ғана мал ауырса, екінші жағдайда ауруға малдар жаппай шалдығады.Індеттің таралған аймағының ауданы да әртүрлі болады.Сондықтан да қарқыны және жайылу ауқымына байланысты індет процесі үш түрлі болып кездеседі: аурудың бірен-саран білінуі (спорадия), індет ( эпизоотия) және лаң ( панзоотия). Індет процесінің қарқындылығынан басқа энзоотия ұғымы қалыптасқан. Энзоотия - індет қарқынының көрсеткіші емес,оның бір ортаға тұрақтануы, жұқпалы аурудың бір жерде үздіксіз қайталанып, сол аймаққа дөп келуі.
Індет процесінің таралу қарқынына ( интенсивтілік ) салыстырмалы түрде обьективті баға беру үшін әр түрлі статистикалық шамалар пайдаланады: таралу, шығын, басылымдылық және баяулық ( экстенсивтік ) көрсеткіштеріне : аурудың таралуы, жеке аурудың үлес салмағы, індет ахуалының шиеленісі, ошақтану, маусымдылық, ауру жайлаған пункттердің үлесі , індеттілік көрсеткіштері жатады.
Әдебиеттер:
Сидорчук А.А., Воронин Е. С., Глушков А.А. Общая эпизоотология. М.: Колос, 2004.- стр 41-51.
Бақылау сұрақтары:
1.Індет процесі деген не? Індет процесі мен инфекция процесінің айырмашылығы қандай?
2.Індет бұғауының буындарына сипаттама беріңіз?
3.Індет процесінің қозғаушы күштерін сипаттаңыз?
4.Инфекция қоздырушысының бастауы мен инфекция қоздырушысының резервуары деген не? Олардың арасындағы айырмашылық қандай?
5.Ауруға бейім жануарлар деген не? Оның индивидуальді және топтық бейімділігі мен оларға әсер ететін факторларға сипаттама беріңіз?
Тақырып Індет ошағы (эпизоотикалық ошақ) және жұқпалы аурулардың табиғи ошақтануы. Індеттанулық талдау негіздері
Мақсаты: Індет ошағын зерттеу және Індеттанулық талдау негіздерін мәнін ұғыну.
Жоспар: 1.Індет ошағы
2 Індет ошағының түрлері
3 Шаруашылықта iндеттанулық тексеру және акт жасай білу
Iндеттiк ошақ – деп iндет процесi өтетiн орынның негiзгi үш қозғаушы күштерi: iндет (инфекция) қоздырушысының бастауы, берiлу тетiгi және бейiм жануарлардың өзара бiр-бiрiне әсер ететiн кеңiстiгi.
Басқаша айтқанда iндеттiк ошақ –дегенiмiз ауру қоздырушысының нақты бiр орын тепкен немесе қоздырушының көзі табылған кез-келген қауiптi объект.
Мысалы: микроб не вирус алып жүрушi мал тұрған қора iндет ошағы болып табылады, ал егерде ол жануар, мал қорадан аулаға, жайылымға шықса, онда қорада, аулада тiптi жайылымда iндеттер ошақтары болып есептеледi.
«Iндет ошағы» ұғымын инфекция ошағымен шатастыруға болмайды. Iндет ошағы территорияға тән ұғым болса, ифекция ошағы деп зардапты ауру қоздырушы микроб жайлаған дертке шалдыққан дене мүшесi немесе ұлпаны айтады.
Iндет ошағын жою – жұқпалы аурулармен күресудiң басты мақсаты және негiзгi жолы. Iндет ошағын жоюдың мiндеттi шарттары:инфекция қоздырушысының бастауын құрту және сыртқы орта объектiлерiн түбегейлi зарарсыздандыру.
Iндет ошақтарын пайда болған жерiне, уақытына және белгiлi жануалардың түрiне байланысты төрт түрге бөледi.
Уақытына қарай:
жаңа iндет ошағы-деп жуықта пайда болып, ауруға шалдыққан жануарлардың саны әлi де болса өсiп келе жатқанын, аурудың таралуы жоғары болатынын айтады;
өше бастаған-деп iндеттенудiң бәсендеуiн, қоздырушының белсендi бастауларының азаюымен байланысты аурудың әрi қарай таралу қауiпi төмендегенiн айтады.
Жерiне қарай:
тұрақты iндет ошағы –деп бiр белгiлi жерде аурудың тұтануы оқтын- оқтын байқалып тұратынын, нақтылы бiр себептердiң салдарынан мұндай ошақта аурудың шығуының мүмкүндiгi сақталады ( мысалы: топырақта спораның сақталуы, листерия қоздырушысының сүрлемеде (силоста) сақталуы, жануарлардың арасында микроб алып жүрушiлердiң болуы).
Жануарлардың түрiне қарай:
табиғи iндет ошағы- деп белгiлi бiр территорияда жұқпалы аурудың қоздырушысының жануарлардың арасында айналымда болатынын айтады.
Iндет ошағынан басқа аурудан сау емес жер (пункт) деген ұғым қалыптасқан.
Сау емес жер – деп территориясында iндеттiк ошақ табылған тұрғындық жердi, елдi мекендi, шаруашылықты атайды.
Қатер төнген аймақ – деп iндет ошағын қоршаған ауру тарала алатын, аймақты атаймыз. Оның ауданы табиғи- географиялық, экономикалық жағдайларға, қатынас жолдарының орналасуына және олардағы қозғалыстың деңгейiне т.б. байланысты анықталады. Бұл жердi жергілікті ветеринарлық мүшелер анықтайды. Қатер төнген аймақта жүргiзiлетiн шаралар негiзiнде шектеу шараларымен тақылеттес болады. Кейбiр аса қауiптi iндеттер кезiнде (аусыл, классикалық және африкандық шошқа обасы, ньюкасл ауруы және т.б.) бұл шаралардың талабы карантиннiң шарттарына сәйкес келедi.
Синантроптық жануарлар. Инфекциялық ауруының таралуында ауылшаруашылық жануарлар ішінде ерекше рөлді с и н а н т р о п т ы кеміргіштер ойнайды. Одан аз қауіпті құстар төндіреді. Синантропты жануарлар жұғуы мүмкін және инфекция қоздырушысының көзі бола алады. Өлексенің бөліктерін немесе мал шикізатын өндіретін кәсіпорындарының зарарсыздандырылмаған қалдықтарын тасыған кезде, кейбіреулері жиі қоздырушысының механикалық тасымалдаушысы болады. Кеміргіштер жануарлардың көптеген инфекциялық аурулардың қоздырушысының резервуары бола алады. Кеміргіштермен таралатын аса қауіпті ауруларға түйенің обасы (антропоноздық оба), туляремия, лептоспироз, псевдотуберкулез, листериоз, ботулизм, Ауески ауруы, шошқа тiлмесi, құтырық, сальмонеллездер, диплококкалық инфекция, трихофития, микроспория, парша, содоку ауруларын кіргізеді. Егеуқұйрықтардың бруцеллезбен жұғуы бекітілген. Соңғы кездері тышқан тәрізді егеуқұйрықтардың сібір жарасы бойынша ошақтардың стационарлығын қамтамасыз етуі туралы мәліметтер түскен. Кеміргіштердің аусыл, шошқа тілмесі сияқты аса қауіпті вирустық аурулардың таралуына тигізетін әсері дәлелденген.
Сондықтан індеттік зерттеулер жүргізген кезде, осы пункттерде өмір сүретін кеміргіштердің түрлерін және санын білу қажет, онсыз ешбір шаралар жүйесі қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді.
Синантропты кеміргіштерге сарғыш (сұр) және қара егеуқұйрықтарды, үй тышқандарын, су және кәдімгі сұртышқандарды кіргізеді.
Қансорғыш жәндіктер. Инфекциялық ауру қоздырушысын таралуында қансорғыш жәндіктер үлкен рөл ойнайды. Кейбір инфекциялық аурулардың қоздырушылары жәндіктің ағзасында даму сатысын өтіп, сонда олар өзінің уыттылығын артады. Мұндай қоздырушыларға риккетсиоздар жатады. Көп жағдайда жәндіктер инфекциялық ауру қоздырушысының тасымалдаушысы болып, көп уақыт оларды өз ағзасында сақтауы мүмкін.
Қоздырушылары қансорғыш жәндіктермен тасымалданатын инфекциялық ауруларды т р а н с м и с с и в т і деп атайды. Тек жәндіктермен қоздырушысы тасымалданатын аурулар бар. Мұндай аурулар облигатты-трансмиссивті деп аталады. Оларға риккетсиоздар (Ку-қызбасы), қан паразитті аурулар, сібір жарасы жатады. Егер ауру қоздырушысы басқа да жолдармен таралатын болса, мысалы алиментарлы, онда мұндай ауруларды факультативті-трансмиссивті деп атайды.
Инфекциялық ауру қоздырушыларының тасымалдаушыларына кенелер, қансорғыш шыбындар, масалар, шiркейлер, соналар, қосқанатты жәндiктер, бөкене шыбындар жатады.
Жәндіктермен қоздырушылардың тасымалдануы спецификалық емес (механикалық) және спецификалық (биологиялық) болады. Механикалық тасымалдану ауру қоздырушысының жәндік ағзасында көбеюі мен сақталуымен өтпейді. Ауру қоздырушысы жәндіктің асқорту мүшелеріне немесе дене бетіне түседі де онда қысқа уақыт болады. Ауру қоздырушысының биологиялық тасымалдануы жәндік ағзасында биологиялық дамуы өтеді және көбеюімен мінезделеді. Бұл жағдайда ауру қоздырушысы эпизоотиялық тізбеге қосылады және онсыз бұл процесс болмайды.
Инфекция қоздырушысының тасымалдану механизіміне сәйкес эпизоотиялық процестің мінезі де өзгереді. Ол көбінесе эпизоотия ағымының жітілігін, сонымен қатар эпизоотиялық ошақтың типін анықтайды. Жаңа инфекциялық аурулардың пайда болу механизімі ауру қоздырушысының көзінің болуына және оның таралу факторларына тәуелді).
Шаруашылықта iндеттанулық тексеру және акт жасау.
Iндеттанулық зерттеу – эпизоотияға қарсы іс-шаралардың кешендік iндеттанулық балау әдісінің бірі. Оның мақсаттары:
- iндет ошақтардың пайда болу себептерін зерттеу;
- белгілі бір шаруашылықта, белгілі инфекциялық аурулардың таралуына ықпал ететін немесе кедергі жасайтын жағдайларды анықтау;
- балау, болжамды нақтылау;
-iндет қоздырушысының көзін немесе кіру жолын, оның берілу механизiмін анықтау;
- қолайсыз жерлерде, қауіпті аумақтағы эпизоотологиялық ошақтың шегін анықтау;
- пайда болған аурудың жайылуын тоқтату және жою шараларын ұйымдастыру;
- iндетке қарсы іс-шаралар жүйесінің кемшіліктерін болдырмау.
Iндеттанулық зерттеулерді жүйелі түрде, белгілі бір мерзімде, ал ауруға күдікті кезде – жылдам өткізеді.
Iндеттанулық зерттеу жоспарына мыналар жатады: шаруашылықтың ветеринарлық-санитарлық жағдайымен танысу, өткенде және болашақта оның iндеттанулық жағдайларын анықтау, жануарлардың өлуі мен ауруының себептерінің анализі, эпизоотологияға қарсы шаралар жүйесі.
Ветеринарлық-санитарлық зерттеу, шаруашылықтың жалпы мінезде-месінен басталады: шаруашылықтың мамандануы және экономикалық көрсеткіштері, бір күнде тексерілетін, жас және түр топтарына қарай жануарлардың саны, шаруашылықты малмен кешендіру жағдайы, соңғы жыл бойында мал басының өсу динамикасы, жұмыс істейтін қызметкерлердің және зооветеринариялық мамандардың саны, азықтандыру базасының беріктігі (азықпен қамтылған, олардың түрлері, сапасы, түсі көзі), рацион және азықтандыру мерзімі, жайылымдардың, суару жерінің, жазғы лагерлерінің бар-жоқтығы және олардың күйі, жеке секторларда түр бойынша жануарлардың саны, берілген пунктің басқа шаруашылықтарымен байланысы.
Ветеринариялық-санитариялық пунктердің күйін мінездемей отыра, жануарлар күтімінің зоогигиеналық жағдайларына көңіл аударады: орынның жабдықталуы, олардың санитарлық жағдайы, сонымен қатар ферма территориясы (соның ішінде оның қоршалғаны мен жасылдандыруы), сан өткізгіштердің, тұрмыстық бөлмелердің, ветеринарлық объектілердің, изоляторлардың, карантинді мекемелер мен профилакторилердің, мал соятын жерлердің болуы, қызметкерлерді арнайы киімдер мен аяқ киімдермен, дезинфекциялайтын заттармен қамтамасыз ету.
Пунктің эпизоотологиялық жағдайын анықтау үшін, эпизоотологияға қарсы шаралардың жоспарын білу қажет, туғаннан өлгенге дейін ветеринариялық байқаудың тәртібі мен жүйесін және жануарларды домдау, жалпы және спецификалық ауасын, дезинфекция, дератизация, дезинсекция сызбасын, диагностикалық жұмыстың күйін (балаудың iндеттiк, клиникалық, паталого-анатомиялық және зертханалық әдістерді тәжірибелік қолдану), балаудың дәлдігін (кім және қандай балау қойғанын анықтап) зерттейді. Өлген жануардың санын және өлудің себептері туралы ақпараттарды талқылау керек. Зертханалық сараптамалармен, домдау актілерімен бүкіл дауа әрекеттері тіркелген ветеринариялық журналдармен танысу қажет. Шаруашылықта тіркелген, нақты балау қойылмаған малдардың ауруына назар аудару керек.
Iндеттанулық зерттеудің нәтижелерін эпизоотиялық ошақта және iндеттен сау емес жерде сияқты келесі кесте бойынша арнайы акт түрінде толтырылады.
Акт толтыру мерзімі; шаруашылықтың аты және оның мекен-жайы; кім, қандай уақытта және қандай мақсатпен шаруашылықты зерттеді; шаруашылықтың географиялық жағдайы, топографиялық ерекшеліктері мен жалпы мінездемесі.
Ағзаның жалпы резистенттілігін арттыруға бағытталған шаралар.
Жануарларды өсіру және қолдану технологиясы, шаруашылықта изоляторлардың, карантинді жерлердің болуы; өлекселерді жою тәртібі.
Дауалау шараларының жүйесі (шаруашылыққа қайта түскен жануарларды алдын-алу карантиннің ережелерін сақтау, алдын-алу карантиннің түрі және мерзімі, иммундеу және қолданылатын вакцинаның кестесi, егудiң қойылуын дәлелдейтін акт, дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық шаралар).
Шаруашылықтың iндеттiк аурулардан сау болуы, олармен экономикалық және шаруашылық байланыстың болуы.
Пайда болған аурудың толық эпизоотологиялық, клиникалық, паталогоанатомиялық мінездемесі, оның ажыратып балауы. Ауруға шалдығу динамикасы; кім және қандай әдіспен балау қойды, бұл ауру осы жерде бұрын байқалды ма: індеттің кезеңдiлiгiн көрсететін белгілердің болу-болмауы; індет пайда болғаннан бастап, індетке қарсы шаралардың қолданылуы туралы мәлiметтер.
Iндет қоздырушысының жорамалданатын көзі (өршу себептері, iндеттiң шығуы, таралуының жолдары, оның таралуына қолайлы жағдай жасайтын, шаралары туралы өзінің қорытындысын беру).
Індеттің өтуiнiң ауырлығы: ауруға шалдыққыштық, өлімге ұшырау, өлім көрсеткіші.
Эпизоотия (iндеттiң, жұқпалы аурудың кеңiнен таралуы) динамикасы (бөлек қоралардың, фермалардың және т.б. жерлерде індеттің өршуі көрсетілген шаруашылықтың жоспарын беру) індетке қарсы шаралардың нәтижесі.
Қорытындыда инфекция қоздырушысының көзі және оның таралу жолдары көрсетілген нақты диагноз; жүргізілген емдеу және алдын алу шаралар нәтижесінің бағасы болу керек.
Ұсыныстарды толықтыруларда берілген шараларға қоса не берілген індетке қолданылатын емделу шараларының жаңа жоспарын құрастырады.
Бақылау сұрақтары:
1 Iндеттанулық зерттеулердiң негiзгi мақсаттары .
2 Iндеттанулық зерттеу жоспарына не жатады?
3 Ветеринарлық-санитарлық зерттеу неден басталады?
4 Пунктің эпизоотологиялық жағдайын анықтау үшiн не бiлу қажет ?
5 Індеттік ошақ деген не және оның шекарасын анықтау үшін қандай критериялар бар?
6 Таза емес пункт деген не және оның шекарасын қалай анықтайды?
7 Инфекция ошақтарының түрлері (табиғи, антропургиялық және т.б.) және індеттануда олардың маңызы.
8 Транссмисивті инфекциялар деген не? Қандай жәндіктер жиі тасымал-даушысы және қоздырушы иесі болып табылады.
9 Инфекциялық ауру қоздырушысын тасымалдауында кеміргіштердің рөлі.
10. Инфекция қоздырушысының резервуары және эпизоотияның пайда болуындағы рөлі.
11 Табиғи iндет ошағы, аурулардың табиғи ошақтылығы?
12. Қатер төнген деген аймақты қалай түсiнесiз ?
тақырып. Жұқпалы ауруларға қарсы вет-сан шаралар. Спецификалық заттар және иммунопрофилактика шаралары. Биологиялық препараттар және олардың қолдану әдістері.
Мақсаты: Биологиялық препараттарды профилактикада қолдану, малдардың ауруларын болжауда, емдеуде қолдану.
Жоспар: 1. Биопрепараттар. Вакциналар.
2. Алу әдісіне қарай вакцина классификациясы.
Биопрепараттардың жалпы мінездемесі және классификациясы. Спецификалық иммунопрофилактиканың негізгі әдісінде иммуннитеттің негізі жатыр. Бұл организмнің бөгде заттарды айыру қасиеті. Індеттік ауруларға қарсы иммунитетті қалыптастыру үшін ветеринарлық биологиялық препараттар қолданады.
Биопрепараттар- жануарлар мен адамдардың індеттік аурулардың алдын алу және емдеу арналған, биологиялық әдіспен өндірілген заттар.
Биопрепараттар классификациясы:
Профилактикалық: вакциналар, сарысу-глобулин, интерферон;
Емдік: сарысу - глобулині, бактериофагтер, антибиотик, пробиотиктер;
Балау (диагноз): сарысу, антигендер, аллергендер, бактериофагтер;
Стимулдейтіндер: иммуностимуляторлар, азықтық антибиотиктер, гормондар, витаминдер.
Достарыңызбен бөлісу: |