Әдебиет:
1.Конопаткин А.А.Эпизоотология и инфекционные болезни животных.М.:Колос,1984.-стр 172-180.
Бақылау сұрақтары.
1.Ауруға анықтама беріңіз.
2.Өту кезеңі және дерттенуі.
3.Патологоанатомиялық өзгерістері.
4. Алдын алу шаралары.
11-тақырып. Лейкоз ІҚМ.
Мақсаты: Диагностикалық әдістерін және симптомдарын, эпизоотологиясын,
этилогиясын оқу.ІҚШ
Жоспар: 1.Этиологиясын анықтау.Ауру кезіндегі індеттік ерекшіліктері.
2.Клиникалық белгілері,патологоанатомиялық өзгерістері,Иммунитет.
3.Алдын ала сақтау шаралары және күресу шаралары.
Лейкоз –жетілмеген қан түзу торшаларының көбеюі арқылы білінетіт, қатерлі ісіктің пайда болуымен ерекшеленетін созылмалы жұқпалы ауру.Жас клеткалы түрлердің айрықша қарқынды бұзылуымен, қан түзу торшаларының қатерлі ұлғаюымен, пісіп жетілу процесі бұзылуымен сипатталады.
Этиология. Қоздырушы РНҚ-лы, онтогенді вирус, туыстығы Retrovirdae, тұқымдастығы OncovirusC.
Төзімділігі.Оншама жоғары емес.Лейкоз вирусын 60С-та қыздырғанда 1минутта өледі,
2-3%-ды улы натрий ерітіндісі,формальдегид және басқа да дезинфекциялайтын заттар бірден өлтіреді.
Індеттік ерекшеліктер.Лейкозбен барлық сүтқоректілер ,құстар ,балықтар көбінесе 4-8 жастағы жануарлар бейім келеді.Беріледі азықтар арқылы ,сумен.Сүтқоректілердің лейкозы 2формада өтеді:ерекше лейкоз,ретикулез.
Клиникалық белгілері ұзақ уақыт байқалмайды.Ең мінездемелі белгісі жергілікті немесе лимфа түйіндерінің,көкбауырдың үлкеюі.
3.Патологиялық-анатомиялық өзгерістер – лимфа түйіндері мен көкбауыр үлкейеді.
Зертханалық балау:
1.Гематологиялық зерттеулер – қанда лейкоциттер саны көбейеді, олардың ішінде клеткалардың лимфоидты қатарының көбейгені байқалады.Санауды Горяев камерасында немесе электронды есептегіште жүргізеді, содан кейін лейкоцитарлы формула шығарылады.Дайындаған препаратты атипиялық клеткаларды анықтайды.
2.Гистологиялық зерттеулер – көкбауырдың , лимфа түйіндерінен, төс сүйегінен алынған гистокесінділерде, лимфоидты қатарындағы – инфильтрацияланған клеткалар, ал миелоидты лейкозда гранулоцидті қатарындағы жетілмеген клеткалар көрінеді.
3.Электронды микроскопта – ауру мал қанының лейкоциттер клетка өсіндісінде және дарақабатты клетка өсіндісінде, зараланған лейкоцитті клетка өсіндісімен қосылған өсінділерде вирус бөлшектерін байқауға болады.
4.Синцитий түзілу тесті – клетка өсіндісінде көпядролы клеткалар айқындайды.
5.Биосынама қою – қойлардан құрсақ ішіне ауру малдың қанын жұқтырады, 3-6 аптадан соң тәжірибеге қолданылған қойларда арнамалы антиденелер байқалады.
Ретроспективті балау – ауру малдың қан сарысуын зерттеуге негізделген.ІҚ лейкозы – бұл созылмалы індет, вирустың организмде ұзақ уақыт бойы сақталуымен сипатталады, осының нәтижесңнде пайда болған антиденелерді ұзақ уақыт анықтауға болады.
Ажыратып балау – лейкозды туберкулезден, бруцеллезден, паратуберкулезден, актиномикоздан ажырата білу керек.
Иммунитет және арнамалы дауалау
Вирусқа қарсы антидененің пайда болғанына қарамай, бұл антиденелер клетканың қатерлі трансформациялық процесті басып-жанши алмайды және де ісіктің түзілуінен сақтандыра алмайды.Бірақ бұзаулардың уызбенен енжар иммундеу арқылы індеттен сақтауға болады.Бірқатар елдерде ІҚЛ-ға қарсы вакцина алу зерттеулері жүргізілуде.
Бақылау сұрақтары:
1.Ірі қара лейкозының қоздырушысы?
2.Ірі қара лейкозын қандай аурулардан ажырату керек?
Әдебиет:
1.Конопаткин А.А.Эпизоотология и инфекционные болезни животных.М.:Колос,1984.-стр 172-180.
Бақылау сұрақтары.
1.Ауруға анықтама беріңіз.
2.Өту кезеңі және дерттенуі.
3.Патологоанатомиялық өзгерістері.
4. Алдын алу шаралары.
14 тақырып: Төлдер аурулары
Мақсаты: Жануарлар төлдерінін жұқпалы ауруларын игеру
Жоспары:
1 Ақ тышқақ (колибактериоз)
2 Кылау (сальмонеллез, паратиф)
3 Анаэробты дизентерия (қозы тышқағы)
4 Диплококкты инфекция (сепсисі)
1 Ақ тышқақ (колибактериоз) – бұл тоқтамайтын іш өтуі мен, улану және сузыздану (аз болу) мен сипатталатын төлдердін жіті ауруы.
Ауру қоздырушысы – эшерихия тұқымына жататын ішек таяқшасының зардапты түрлері. Бұл микробтар сау малдардың жуан ішектерінде көп санаулы болып тіршілік жасайды. Олар споролар түзбейді, аэробты және анаэробты жағдайларда жақсы өседі. Пішіні бойынша шеттері дөнгелектенген қысқаша таяқшалар. Құргақ нәжісте – 1 (бір) ай, суда және топырақта – бірнеше ай сақталады. Жоғары температураға төзімсіз келеді: 60°С – 15 минутта жойылады, ал 100°С – сол сәтте.
Эпизоотологиялық мәліметтер. Бұл ауруға барлық ауылшаруашылық малдар төлдері бейімді келеді. әсіресе, төлдер төлдеу кездерінде жиі шалдығады. Мысалы, бұзалар ауруға шалдығуы мүмкін алғашқы тірішілік әрекетінін 7-8 тәулігінде, торайлар жәнеқозылар бірінші күндері, құс балапандары - 1-90 тәулік ішінде. Аурудын шығымдығы өте едәуір (80-90% өлімге ұшырайды).
Ауру қоздырғышының көзі болып саналады – ауруға ұшыраған және аурудан жазылған төлдер, сондай-ақ сыртқы ортаны ауру қоздырғышы мен ластаутын (нәжіс арқылы) ересек малдар. Төлдерге ауру жұғады ластанған азықтар мен су қабылдағанда немесе ластанған заттарды жалау кездерінде. Ауру пайда болуына манызды себепші болады – буаз малдарды және төлдерді күту, азықтандару ережелерді сақтамау (уақытында ақуыз,сүт бермеу және бөтендер).
Патогенез. Ауру таяқшалары ас қорыту мүшелерде көбейіп, кейін у заттарды өндіреді, соның әсерінен ішектердін кілегейлі және бұлшықетті қабаттары қабынуға ұшырайды. Ақырында ауру қоздырушысы және оның улары қанға сініп организмді толық уландырады.
Ауру көрінісі (белгілері). Аурудын жасырын кезені бірнеше сағаттан 2 тәулікке дейін созылады. Аурудын өте тез (шұғыл), жіті, жітілеу түрлері байқалуы мүмкін. Ауру белгілері өте жылдам байқалып дамиды. Төлдер сүттен бас тартады, дене қызуы шамадан 1-1,5°С көтеріледі, тыныс жиіледі, тұмсығы құрғайды, нәжісі жиі шығарылады. Содан соң іш өтуі байқалады (оның құрамында қорытылмаған сүт, кейде қан). Ауру төлдердін артқы жағы, кұйрығы осы нәжіспен ластанған. Организмнін сусыздану (су аздығы) әсерінен төлдер жүдеп, өлімге ұшырайды.
Ауруды анықтау (диагноз қою). Ауруды анықтау кезінде есепке алынады эпизоотологиялық мәліметтер, клиникалық белгілері және патологиялық материалдардың бактериологиялық зерттеу нәтижесі. Мысалы, талақтан, жұлынан немесе мидан бөліп алынған ауру қоздырушысы зардапты болып есептеледі.
Емдеу. Ауруға шалдыққан төлдерді арнайы сарысулармен емдейді. Сондай-ақ қолдану қажет нитрофуран дәрілерін, антибиотиктерді.
Алдына – ала, сақтау. Буаз малдарға арнайы шығарылған вакцина енгізу (2-2,5 ай төлдеуден бұрын). Төлдерғе бір апта өткен соң вакцина егу. Барлық ветеринарлық-санитарлық, зоогигиеналық ережелерді нақты және толық сақтау.
2 Сальмонеллез (паратиф) – қылау – бұл төлдерде іш өтуі, қызба байқалуы мен, ал ауыр жағдайларда өкпе зақымдалуы мен сипатталатын жұқпалы ауру.
Ауру қоздырушысы – Сальмонелла тұқымынның көптеген бактериялар түрлері. Бұлар қозғалатын, спора түзбейтін, каптаусыз (капсуласы жоқ), аэробты жағдайда өсетін грам теріс таяқшалар. Бұлар қалыпты орталарда 37°С температурада жақсы өседі. Сыртқы ортада сальмонеллар төзімді келеді. Топырақта, нәжісте, суда талай айлар сақталады. Сыртқы ортанын температурасын +2° + 10°С 115 тәулік бойы тіршілік жасайды, ал 70-75°С дейін қыздыруын 15-30 минут шыдайды, сонынай ғана өледі.
Эпизоотологиялық мәліметтер. Ауру қоздырушының көзі болып саналады – ауруға ұшыраған және осы аурудан жазылған төлдер. Сондай-ақ ауру қоздырушысың таратады ересек жануарлар. Олар сыртқы ортаға сүтпен, нәжіспен, іш тастау және жатыр сүйықтықтар арқылы сальмонеллалардар шығарып, ластайды. Қалыпты жағдайда ауру қоздырушысы шартты – зардапты микроорганизмдерге жатады және сау малдардың ішектерінде тіршілік жасайды. Егер малдардың ауруға турақтылығы төмендесе, өзінін зардаптылығын көрсетеді.
Бұл ауруға бейімді келеді 10-15 тәүліктегі бұзаулар және 1,5-4 айлық торайлар. Оған себепті болады – күту, азықтандыру денгейі төмендеу, қораларда санитарлық ережелерді сақтамау.
Ауру көрінісі (белгілері). Аурудың жасырың кезені бұзауларда 5-8 тәүлік, торайларда – 3-30 тәүлік бойы өтеді. Аурудың жіті өтетін түрінде ішектер зақымдалады, ал созылмалы өтүінде – қосымша зақымдалады өкпе. Жіті түрде байқалады-дене қызуы 40-41°С көтерілу, тыныс алу және жүрек қызметтері бұзылу, содан 2-3ші күні іш өту (жарамсыз иісті, шырыш немесе қан аралыс сүйық нәжіс шығады). Өте ауыр жағдайларда төлдер 10ші күні өлімге ұшырайды.
Аурудың созылмалы түрінде ішектер зақымдалу белгілері әлсірейді, бірак өкпе қабынуы (бронхопневмония), бұындар қабынуы (артроздар), және төлдер жүдеуі (арықтауы) байқалады. Емдеу қолданбағанда төлдерін 50% өлімге ұшырайды.
Ауруды анықтау (диагноз қою). Ауруды эпизоотологиялық мәліметтер, клиникалық белгілері және бактериологиялық зертеулер арқылы анықтайды. Лабораториялық зерттеулерге жана өлекселерді немесе олардың бауыры, бүйректері, талағы жіберіледі.
Емдеу. Ауруды емдеу барысында өте тиімді келеді тетрациклин тобының антибиотиктері (биомицин, террамицин, левомицитин және басқалары). Сондай-ақ қолданылады арнайы, өзіне тән сарысуды.
Алдына – ала, сақтау. Аурдан таза емес фермаларда гипериммунды сарысулар және вакциналар қолданылады. Мысалы, мал шаруашылығында жиі қоладнылады сүйытылған формолашудасты вакцина. Оны буаз сиырларға, мегежіндерге қолданып туатын төлдердін ауруға тұрақтылығын күшейтеді.
3 Дизентерия – (қозы және торай тышқағы) – бұл ішектер қан кұйылу қабынуы мен және организмнін улануы мен сипатталатын жіті өтетін жұқпалы ауру.
Ауру қоздырушысы – клостридиум тобының В-түрінін микробы. Бұл спора түщетін, ауасыз (өттегісіз – анаэробты) жағдайда тіршілік жасайтын, у шығаратын таяқша. Сондай-ақ ауру қоздырушысы табиғатта кеннен таралған және сау малдардың ішектерінде мекендейді. Микробтын вегетативті түрі топырақта 10 күнге дейін, нәжісте 3-5 тәүлікке дейін сақталады, ал споралары топырақты 10 жылға дейін сақталады, ал жоғары температура оны 5 минутта жояды.
Эпизоотологиялық мәліметтер. Ауру қоздырушысына бейімді келеді алғашқы 5-тәүлікті қозылар және 1-3 тәүліктеге торайлар, ал бұзаулар, балапандар сирек. Ауру энзоотия (бір аймақта тіркелу) түрінде байқалады. Ауру буаз малдар төлдеу кезінде, қыс-көктемді айларда жиі байқалады және оған күтк-азықтар жағдайлары төмендеуі себепкер болады. Ауру қоздырғышының көзі болып ауруға ұшыраған төлдер және бактериялар-тасымалдаушы ересек малдар келеді. Қозылар мен торайлар ас қорыту жолдары арқылы шалдығады.
Патогенез. Ішектерге барған ауру қоздырушылары көбейіп, у заттар өндіреді, соның әсерінен қабыну құбылыс дамиды, содан соң жаралар және өлиеттену ошақтары пайда болады. Улар және қабыну құбылысының өнімдері ұлпалармен және мүшелерге сініп организмді толық уландырады.
Ауру көрінісі (белгілері). Жасырынды кезен бірнеше сағат байқалады, содан соң қызба және шырыш немесе қан аралас іш өтуі дамиды. Бұндай төлдер тез зорығады, көбіне жатады, азықтан бас тартады (сүтті қабылдамайды). Ауру 1-3 тәүлік өтеді, ақырында іш өтүден малдар жүдеп олімге ұшырайды.
Ауруды анықтау (диагноз қою). Ауруды анықтау кезінде назар аударылады эпизоотологиялық мәліметтерге, клиникалық белгілеріне және патологоанатомиялық өзгерістерге. Зерттеуханаларда паренхиматозды мүшелерді және ішектерді бактериологиялық әдістермен зерттейді.
Емдеу. Ауруға ұшыраған малдарды оқшаулайды және антибиотиктермен және арнайлы сарысуларменемдейді. Малдар тұратын қораларды толық зарарсыздандырады.
Алдына – ала, сақтау. Буаз малдарды және төлдерді күту және азықтандыру ережелерді нақты сақтау. Буаз малдарды төлдеуден 1-1,5 ай бұрын ауруға қарсы иммундау (вакцина енгізу).
4 Диплококкты инфекция (сепсисі) – бұл бұындар, өкпе және ішектер қабынуы және сепсис «қанның қағынуы) даму мен сипатталатын жұқпалы ауру.
Ауру қоздырушысы – ланцетке ұқсас диплококтар (қосарланған кокқтар), сыртынаң қапталған. Сыртқы ортада төзімділігі нашар. Бөлмелер температурасында микроб 2-айға дейін сақталады, 70-80°С температурада белсінділігі 20 минутта жойылса, ал қайнату кезінде сол сәтте өледі.
Эпизоотологиялық мәліметтер. Ауруға бейімді келеді жана тұған бұзаулар, қозылар, 2-3 айлық торайлар. Аурудың таралуының негізгі көзі болып саналады-ауруға шалдыққан төлдер. Олар сыртқы ортаға микробтарды сілекей мен, нәжіс, несеп арқылы таратады. Сондай-ақ желінсауға ұшыраған, жатыры және қынабы қабынған сиырлар да микробты сүтпен, жыныстық ағындылары мен сыртқы ортаға шығарып отырады, сөйтіп ауру ересек малдардан төлдерге жұғуы мүмкін. Енгізінде ауру ауа арқылы жұғады, ал азықтар арқылы сирек. Сондай-ақ ауру көздін кілегейлі қабықшалары, тері және құрсак (жатыр) арқылы жұғуы мүмкін. Соған байланысты ауру, буаз малдар төлдеулерінде жиі тіркеледі.
Патогенез. Зардапты диплококктар организмне енген соң, жылдам қанға өніп фагоцитоз (сінеру) құбылысты тоқтатады, сепсисті (қанның қағынуың) шақырады. Микробтар өндіретін эндотоксиндері (ішкі улары) қан тамырларын зақымдап, соның нәтижесінде кілегейлі және сірілі қабықшаларда көптеген қан кұйюлары байқалады. Әр түрлі мүшелерде қабыну құбылыстар дамуы және микробтардың өнімдері мен улану аурудың өте киын өтіне және паренхиматозды мүшелердін ақзаттық, майлы дегенерацияларына (өзгеруіне) әкеледі, соның ақырында өліммен аяқталады.
Ауру көрінісі (белгілері). Аурудын жасырынды кезені 1-5 тәүлік бойы өтеді. Бұзауларда және қозыларда ауру жіті, әжітілеу және созылмалы байқалады. Аурудын жіті түрінде – дене қызуы 40-42°С көтеріліп, көзінен жас ағады, коньюнктивит (ноғала) дамиды, тәбеті нашарлайды. Бірте-бірте жүрек қызметі әлсірейді, соның әсерінен төлдер 1-2 тәүлік ішінде өлімге ұшырайды.
Жітілеу түрде жоғары температурадан басқа бұындар қабынуы, немесе өкпе және ішектер қабынулары дамиды.
Аурудың созылмалы түрі ересек төлдерде байқалады және тыныс мүшелері зақымдалып, әлсін-әлсін жөтел, тұмсығынаң тым артық (әуелі кілегейлі-шырышты, кейін ірінді) сұйықтық ағады, іш өтуі, құбылмалы қызба пайда болады, ақырында төлдер жүдейіді.
Ауруды анықтау (диагноз қою). Бұл ауруды анықтауы негізделеді эпизоотологиялық мәліметтерге, клиникалық белгілеріне және патологиялық өзгерістерге, сондай-ақ паренхиматозды мүшелерді лабораториялық зерттеулерге.
Емдеу. Ауруға шалдыққан және күдікті деп саналған малдарды оқшаулайды және антибиотиктер мен сульфаниламидті дәрімен, сондай-ақ арнайы сарысулар мен емдейді.
Алдына – ала, сақтау. Аурудың сақтау үшін манызды болып келеді жануарларды құнарлы азықтандыру, мал қораларында ветеринарлық-санитарлық ережелерді жүзеге асыру, жоспар бойынша зарарсыздандыру жасау. Иммундық сарысулар мен вакциналар қолдану.
Әдебиет:
1.Конопаткин А.А.Эпизоотология и инфекционные болезни животных.М.:Колос,1984.-стр 172-180.
Бақылау сұрақтары:
1 Бұзаулардың ақ тышқағы
2 Ауылшаруашылық жануарлар төлдердін қылауы
3 Жана тұған төлдердін дизентериясы
4 Төлдердін диплококкты инфекциясы (сепсисі)
15- тақырып Жылқы тұмауы.
Мақсаты: Диагностикалық әдістерін және симптомдарын, эпизоотологиясын,
этилогиясын оқу.ІҚШ
Жоспар: 1.Этиологиясын анықтау.Ауру кезіндегі індеттік ерекшіліктері.
2.Клиникалық белгілері,патологоанатомиялық өзгерістері,Иммунитет.
3.Алдын ала сақтау шаралары және күресу шаралары.
Жылқы тұмауы-(Grippus eguorum) тыныс ағзаларының зақымдануымен және дененің оқтын-оқтын қызынуымен ерекшеленетін,жіті өтетін, аса жұғымтал ауру.
Этиология.Қоздырушысы ортамиксовирустар туыстастығының инфлуэнцавирус тұқымдастығына жатады.Вириондардың фрагменттерге бөлініп липопротеин қабығымен оралған екі спиральді РНҚ-дан тұрады.Электрондық микроскопта дөңгелек немесе жіпше тәрізді бөлшек түрінде көрінеді.Жеке вирионы жеті құрылымдық бөліктердентұрады, оның үшеуі белок (нуклеокапсид белогі, гемагглютинин және нейраминидаза). Олар серологиялық реакцияларда ажыратылады.
Індеттік ерекшеліктері.Табиғи жағдайда тұмаумен жылқы жасына, жынысына қарамай ауырады. Сүйтсе де құлын бұл ауруға осал келеді. Жұмыртұяқтылардан жылқыдан басқа есек ауырады,ал басқа жануарлар ауырмайды. Шошқа мен сиырға тек қана қолдан жұқтыруға болады.Адамның қанында жылқы тұмауының антиденелерінің табылуы және де жылқылардың ауруы тұмау эпидемиясы кезінде немесе одан кейін байқалуы адам мен жылқы тұмауының арасындағы байланыстың қосымша дәлелі ретінде қарастыруға болады.
Ауру қоздырушысының бастауы- тұмауға шалдыққан жылқы. Вирус ауру мал мен сау малды бірге ұстағанда ауаның тамшы тозаңы арқылы беріледі, ал жанасу, жем-су арқылы жұғудың маңызы анша емес.
Өтуі мен симптомдары.Жасырын кезеңі 1-3 күн, кейде 5-7 күнге созылады. Ауырған жылқы алғашында пысқырынып,күйзеліп,көзі мен танауының кілегейлі қабықтарын қан кернеп, жұтқыншақ сөл түйіндері ұлғайып, жөтеледі.Денесінің ыстығы көтеріліп 40-41С –қа жетіп,3 күндей сақталады.Әдетте дененің ыстығы екі рет көтеріледі.Дененің ыстығының қайтпай тұрып алуы негізінен тұмаудың асқынып, оған бактериялық инфекцияның қабаттасуынан болады.Ыстық көтерілген сәтте құрғақ жөтел пайда болады, жылқы жүрген шақта жөтел ұлғая түседі. Ауырған мал жүдеп, жемшөпке қарамайды.Тамырдың соғуы минутына 65-75 болады. Көзі қызарып, жас ағып қабақтары ісініп,жарықтан жасқанады.
Тұмаудың клиникалық белгілері малдың күтіміне, иммунитеттің деңгейіне, қоздырушының биологиялық қасиеттеріне байланысты әртүрлі байқалады. Ауа райы суық, ылғалды болса ауру шиелінісіп, бактериялық инфекциялармен асқынады.Вирустың бірнеше штамы қоздырған ауру жеңіл , ал екінші штамы кезінде зілді өтеді. Жеңіл өткенде негізінен ларинготрахеит, бронхит, ал зілді өткенде пневмония байқалады.
Ауру зілді өткенде жылқының жөтелі құрғақ, оқтын –оқтын ауырсынып жөтеледі.Жөтелгенде жылқы мойнын созып, басын төмен салады, танауынан қоймалжың сора ағады.Аускультация кезіне бронхалық тынысқа ауысатын везикулярлық тыныс естіледі. Жүректі тыңдағанда аритмия,жүрек ырғағының бұзылып, дыбыстың қосарлануы сезіледі.Жазылған жылқының жүрек ырғағы мен дыбысының өзгеруі бірнеше ай бойы қалпына түспейді. Ауырған жылқыны жұмысқа пайдалану миокардта дистрофиялық өзгерістердің нәтижесінде өлімге әкеп соғуы мүмкін.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері.Өлген жылқының жоғарғы тыныс жолдары мен көздері катаральды қабынады.Кілегейлі қабықтары ісініп, домбығады. Тері асты шелі домбығып, кейде қанталайды. Өкпесі домбығып, әр жерінде қабынған қызғылт-күрең телімдер кездеседі. Олар әртүрлі болып кейде өкпенің бір бөлігін тұтас қамтиды. Тіліп қарағанда қабынған телімдер түсі сұрғылт, ішінде кілегейлі-іріңді бөліндісі болады.
Балау.Клиникалық-індеттанулық деректерді талдау арқылы тұмауға алдын-ала диагноз қоюға болады.Патологиялық-анатомиялық белгілерінің қосымша ғана маңызы бар. Түпкілікті диагноз зертханалық зерттеулерге негізделеді.
Иммунитет. Тұмаумен ауырған жылқыда бір жылға дейін иммунитет қалыптасады.Иммунитет вирустың ауру қоздырған подтипінен ғана қорғайды.Қандағы антидененің деңгейін иммунитеттің көрсеткіші деп есептейді. Тұмауға қарсы өлтірілген адьювантты вакцина қолданылады. Ол вирустың екі подтипінен даярланады.Вакцинаны дауалық мақсатпен ересек жылқы мен құлынға арасы 4-6 аптадан екі рет жібереді. Соңғы рет еккен соң 14 күннен кейін иммунитет пайда болып, 6 айға дейін сақталады.
Дауалау және күресу шаралары.Сау шаруашылыққа тұмауды әкелмеу үшін сырттан келген жылқыны 30 күн бойы сақтық карантинде ұстайды. Малдың күтіміне үнемі мұқият көңіл бөлу қажет.Жылқы қораны үнемі таза ұстап, уақтылы дезинфекциялап тұру керек. Тұмау шығу қаупі байқалғанда жылқыларды жаппай бұл ауруға қарсы егеді. Тұмау байқалған шаруашылықта карантин енгізіліп, аурудың тарап кетпеуіне бағытталған шаралар жүргізіледі. Сау емес шаруашылықтан мал алуға және мал әкелуге тиым салынады. Ауру жылқыларды жедел оқшаулап,емдейді. Басқа жануарларды қатаң бақылап, олардың мінуі мен жегілуіне шектеу қойылады.Қораны әрбір 10 күн сайын мұқият тазалап, дезинфекциялайды. Карантинді ең соңғы ауырған жылқы жазылғаннан кейіе, қораға қортынды дезинфекция жасап барып алады.
Әдебиет:
1.Конопаткин А.А.Эпизоотология и инфекционные болезни животных.М.:Колос,1984.-стр 421-425.
Бақылау сұрақтары:
1.Ауруға анықтама беріңіз.
2.Қоздырғыштардың ерекшеліктері қандай.
3.Жұқпалы ауру кезіндегі клиникалық белгілер.
4.Алдын алу шаралары
Тәжірибелік сабақтың жоспары:
1 Тақырып Бруцеллез кезіндегі сауықтыру шаралары.
Сабақ мақсаты: Бруцеллез кезіндегі аурудың індеттін және балау әдістерін зерттеу. Бруцеллез кезінде сақтандыру шаралары.
Жоспар: 1 «Баланы сиыр бруцеллезымен жұқтырған» кино суреттін көрсету.
2 «Халық әртісі бруцеллез ауруынан қайтыс болған». кино суреттін көрсету.
3 Бруцеллез індеттін, белгілерін анықтау.
4 Профилактика и меры борьбы.
Әдебиеттер тізімі:
Байқадамова Г.А. Індеттану және індетті аурулар. Алматы, 2011.-214 бет
Урбан В.П., Сафин М.А., Сидорчук А.А. Практикум по эпизоотологии и инфекционным болезням с ветеринарной санитарией.- М.:«Колос», 2003. Стр.
2 Тақырып Листериоз кезіндегі сауықтыру шаралары.
Сабақ мақсаты: Листериоз кезіндегі аурудың індеттін және балау әдістерін зерттеу. Листериоз кезінде сақтандыру шаралары.
Жоспар: 1 « Листериоз туралы» кино суреттін көрсету.
2 Листериоз індетін, белгілерін анықтау.
3 Сауықтандыру шаралары.
4 Күресу шаралары.
Әдебиеттер тізімі:
Байқадамова Г.А. Жануарлар мен құстарда сирек кездесетін індеттік аурулар. Оқулық. (дәріс жиынтығы) А.Байтурсынов атындағы ҚМУ. Қостанай, 2010.-134 бет.
Урбан В.П. Практикум по эпизоотологии и инфекционным болезням с ветеринарной санитарией.- Ленинград ВО «Агропромиздат» Ленинградское отделение 1987.- стр
3 Тақырып Жануарлардың шешек ауруы кезіндегі сауықтыру шаралары.
Сабақ мақсаты:Жануарлардың шешегі кезіндегі аурудың індеттін және балау әдістерін зерттеу. Жануарлар оспасы кезіндегі сақтандыру шаралары.
Жоспар: 1 Індеттін анықтау
2 Аурудың клиникалық белгілері, патанатомиялық өзгерістерін байқау.
3 Сақтандыру және күресу шаралары.
Әдебиеттер тізімі:
Байқадамова Г.А. Жануарлар мен құстарда сирек кездесетін індеттік аурулар. Оқулық. (дәріс жиынтығы) А.Байтурсынов атындағы ҚМУ. Қостанай, 2010.-134 бет.
Урбан В.П. Практикум по эпизоотологии и инфекционным болезням с ветеринарной санитарией.- Ленинград ВО «Агропромиздат» Ленинградское отделение 1987.- стр
4 Тақырып Кампилобактериоз кезіндегі сауықтыру шаралары.
Сабақ мақсаты: Кампилобактериоз кезіндегі індетін,балау әдістерін зерттеу. Күресу шаралары.
Жоспар: 1. Індеттін анықтау.
2 . Кампилобактериоз кезіндегі сақтандыру шаралары.
3 Сауықтыру шаралары.
. Әдебиеттер тізімі:
Байқадамова Г.А. Жануарлар мен құстарда сирек кездесетін індеттік аурулар. Оқулық. (дәріс жиынтығы) А.Байтурсынов атындағы ҚМУ. Қостанай, 2010.-134 бет.
Урбан В.П. Практикум по эпизоотологии и инфекционным болезням с ветеринарной санитарией.- Ленинград ВО «Агропромиздат» Ленинградское отделение 1987.- стр
Достарыңызбен бөлісу: |