Дәріс жоспары:
1. Тоқыма материалдардың жылу өткізгіштігі
2. Тоқыма материалдардың температура өткізгіштігі.
3. Тоқыма материалдардың электрлену қасиеттері.
Дәрістің мақсаты: Тоқыма материалдарының жылу, температура өткізгіштігі және электрлену қасиеті туралы мәліметтермен таныстыру;
1. Тоқыма материалдардың жылу өткізгіштігі Жылу өткізгіштік - матаның белгілі бір мөлшерде жылу өткізу қабілеті. Тоқыма материалдар жылу энергиясының әсерінен бір қатар қасиеттер көрсетеді: жылу өткізу қабілеті (жылуөткізу), жылулық кедергі (температураөткігіштік), жылу жұту (жылусыйымдылық), жоғары және төмен температуралардың әсерінен қасиеттерін сақтау немесе өзгерту қабілеті (жылу, қыздыру және аязға төзімділігі). Тоқыма материалдардың жылулық қасиеттері алдын-ала берілген жылу сақтау көрсеткіштермен киім жобалау, тігін бұйымдарды ылғал-жылумен өңдеу және оларды әртүрлі климаттық, өндірістік жағдайларда тұтыну маңызды болып табылады.
Жылу өткізгіштік - тоқыма материалдардың екі жағында температура айырмашылығынан бұйымның жылу өткізу қабілеті. Жылуөткізгіштік келесі сипаттамалармен бағаланады: жылу өткізу коэффициенті - 10С (К) температура айырмашылықта қалыңдығы 1 м болатын материалдың 1 м2 ауданынан 1 сағатта қанша жылу өтетінін сипаттайды:
I = Ф 5 / [(Т - Т2) 8] , Вт/(м К), мұндағы, Ф - жылу ағынының шамасы, Дж (Вт), 5 - материалдың қалыңдығы, м, Т^ , Т2 -материалдың беттерінің температурасы, 0С, 8 - материалдың ауданы, м2
Тоқыма материалдарының құрылымы күрделі, талшықтармен және
ауамен толтырылған кеуектерден тұрады. Мұндай материалдарда жылуды тасымалдау талшықпен жабық кеуектердегі ауаның жылу өткізгіштігімен, ашық кеуектер арқылы конвекциямен, кеуектердің қабырғаларынан жылу шығарумен өтеді.
Жылу сыйымдылығы - тоқыма материалдардың температураны жоғарлатқандағы жылуды жұту қасиеті. Жылудың кинетикалық теориясына сәйкес, енгізілетін жылу энергиясы дененің атомдарының және молекулаларының ішкі қозғалысының кинетикалық энергиясына ай- налады. Температура төмендегенде атомдардың және молекулалардың қозғалу кинетикалық энергиясы азаяды, яғни материал немесе дене белгілі жағдайда жылу беру қабілетін көрсетеді.
Жылу сыйымдылығының сипаттамаларына мыналар жатады: салыстырмалы жылу сыйымдылығы - С, Дж/(кг-К), салмағы 1 кг матариалдың температурасын 1К-ға көтеру үшін қажетті жылу мөлшері:
136 С = ^/ [т (Тк - Т)] , мұндағы, ^ - жылу мөлшері, Дж, т - материалдың салмағы, кг, Тк - материалдардың қызу температурасы, К; То-материалдың бастапқы температурасы, К.
Киім тігуге арналған материалдардың жылу сыимдылығы:
С = 1,09 103 - 2,18 103 Дж / кгК
Ең жоғарғы жылу сыйымдылығы: табиғи жануар текті талшықтар (жүн, табиғи жібек) және синтетикалық талшықтар (капрон, үшацететтық), ал мақта, зығыр, вискозалық, лавсан талшықтарының жылусыйымдылығы төмен. Жылу сыйымдылығы - материалдардың маңызды жылу физикалық қасиеттеріне жатады. Жылу сыйымдылық көрсеткіші жоғары материалдардың жылу сақтау қасиеті басқа материалдарға қарағанда басым болады.
2. Тоқыма материалдардың температура өткізгіштігі. Тоқыма материалдардың әртүрлі нүктелерде температураны біркелкілеуге, жылуды қатты қызған бөліктерінен аз қыздырылған бөліктерге жеткізуі температура өткізу коэффициентімен сипатталады. Ол коэффициент жылу өткізу коэффициентіне және салыстырмалы жылу сыйымдылығына тәуелді:
а = 1 / С р , м2/г, мұндағы, р-материалдың тығыздығы, кг/м3.
Температура өткізу коэффициенті температураны біркелкілеу жылдамдығын көрсетеді, яғни тоқыма материалдардың жылу инерциялық қасиетін сипаттайды. Тоқыма материалдардың бұл көрсеткіші 7,17 - 16,83 м2/с және материалдардың көлемдік сал- мағына, температурасына және талшық түріне байланысты. Табиғи талшықтардың ішінде ең жоғарғы температура өткізу коэффициенті мақта талшығыныкі, ең төмені жүн талшығыныкі. Қысқы киімдерге арналған материалдардың температура өткізу коэффициенті төмен болады, өйткені жылу сақтау қасиетіне әсерін тигізеді. Сонымен қатар, температура өткізу ылғал - жылумен өңдеу операциясынада себебін тигізеді, өңдеу кезінде материалды қыздыру жылдамдығын анықтайды.
3. Тоқыма материалдардың электрлену қасиеттері. Электрленгіш деп - материалдардың бетіне түрақты электр өрісін жинау қабілетін айтады. Тоқыма материалдарын өндіру және пайдалану барысында жанасу және үйкелесу сияқты әрекеттің салдарынан олардың бетіне электр заряды жиналып торланады. Егер зарядтың жиналуы және торланудың арасындағы тепе-теңдік бүзылса онда материалдың бетіне түрақты электр жинағанда электрлегіштік қасиеті артады. Зарядтың мөлшері, оның таңбасы талшық түсетін заттың химиялық қүрамына байланысты болады. Тоқыма материалдардың электрленгіштігі, әсіресе адам денесіне үйкелістен туған электр өрісі организмге биологиялық әсер етеді. Адам денесінде пайда болған оң зарядты электр өрісі нерв жүйелері мен жүрек - қан тамырларына теріс әсер етеді, ал теріс зарядталған электр өрісі жағымды әсер етеді. Хлориннің жоғары электрленгіш қасиетін емдік киімдер дайындауда пайдаланады. Материалдардың электрленгіштігі оларды өндіруді және олардың тігін бүйымдарын дайындау жөніндегі технологиялық процесті қиындатады, киімнің тек былғануына себепкер болады. Бүйымның іш киімге немесе денеге жабысып қалуы осы электрленгіштіктің салдары. Матаның электрленгіштігін азайту үшін оның бетін антистатикалық белсенді заттармен өңдейді. Электрленгіштікті азайту үшін талшық қоспасының қүрамаларын дүрыстап таңдау арқасында химиялық қүрылымы әртүрлі талшықтарда пайда болған электр зарядтары бір - бірін бейтараптандыратындай жағдайға келтіру керек. Гидрофильдік және гидрофобтық талшықтардың қосындысы электрленгіштік қасиетті төмендетеді. Тоқыма материалдардың электрлену көрсеткіштері 5.5 - кестеде көрсетілген.
Кесте 5.5 - Тоқыма материалдардың электрлену көрсеткіштері
Бақылау сұрақтары:
1. Тоқыма материалдардың жылу өткізгіштігі
2. Тоқыма материалдардың температура өткізгіштігі.
3. Тоқыма материалдардың электрлену қасиеттері.
Дәріс № 17. Маталар тоқыма және бейматалардың ассортименті жайлы жалпы мағлұмат және ассортименттің жіктелуі
Дәріс жоспары:
1. Ассортимент туралы жалпы мағлұмат
2. Ассортименттің жіктелуі
Дәрістің мақсаты: Маталар тоқыма және бейматалардың ассортименті жайлы жалпы мағлұмат және ассортименттің жіктелуімен таныстыру;
1. Ассортимент туралы жалпы мағлұмат
Тоқыма маталардың ассортименті деп - олардың жинақталуы және белгілі бір белгілері бойынша таңдау. Тоқыма материалдарды таңдауды іске асыратын алғашқы белгілері, оларды өндіру тәсілі болып табылады.
Материалдар осы белгісі бойынша қарай 3 түрге бөлінеді: маталар, тоқыма және бейматалар. Тоқыма маталардың әрбір түрі өндіріс тәсілі бойынша бөлінеді, мысалы, көлденең және негізінен тоқылған, бейматалар, тоқыма- тігін материалдар, желімделген, ине кіретін материалдар. Тоқыма материалдардың ассортиментін ажырататын негізгі белгілері, маталардың талшықты қүрамы болып табылады. Талшықты қүрамы бойынша материалдар мақта-мата, зығыр, жүн және жібек болып бөлінеді. Бүл материалдардың әрқайсысы талшықтың бір түрінен түратын, біртекті немесе қүрамында шығу тегі бойынша әр түрлі талшықтардан түратын біртексіз болып өзара бөлінеді. Мақта-мата материалдарына мақта және мақтаның химиялық талшықтары мен жіптердің қосылысынан түратын бейматалық материалдар, зығыр материалдарға - таза зығыр және жартылай зығыр маталар, жүн материалдарға - таза жүнді және жартылай жүнді маталар, ал жібек материалдарға таза жібек және жартылай жібек маталар жатады. Әр түрлі материалдарды ассортиментке жинау түрлі белгілері бойынша іске асырылады. Маталарды ассортиментке өңдеу тәсілі, қолданысы және жалпы ассортименттегі матаның белгілі бір түрінің үлесті салмағы бойынша таңдалады, тоқыма төсемелер мен беймата материалдар қолданысы бойынша таңдалады.
Сонымен қатар, тоқыма маталар топтарға және топшаларға бөлінеді,топтардың әрқайсысына материалдардың жеке түрі немесе артикулдары қосылады. Материалдардың артикулы дегеніміз - материалдардың белгілі бір техникалық сипаты болып табылатын жалпы санды түрде матаның шартты белгіленуі. Материалдардың әр артикулына мате- риал қанағаттандыратын стандарт-тармен немесе техникалық шарт- тармен түрлі нормалық көрсеткіштер қойылады. Бүл көрсеткіштерге матаның ені, 1 м2 матаның салмағы, жіптердің негізі және арқау бой- ынша тығыздығы, трикотаждың көлденең және бойлық бағыттағы тығыздығы, тоқыма-тігу беймата материалдарының тығыздығы, жіптердің сызықтық тығыздығы, түрлі талшықтардың пайыздық 144 құрамы және материалдардың түрлерінен тәуелді кейбір басқа да көрсеткіштер. Егер осы көрсеткіштердің біреуін өзгертсе, артикул де өзгереді, мысалы, құрылымы бір мата екі ендік болып өндірілсе, онда әр енді маталар үшін жеке артикул қойылады. Жоғарыда аталған маталардың әрбірі төрт, бес, алты санмен белгіленеді, бастапқы бірінші немесе алғашқы екі сан (зығыр ма- таларда) сауда прейскуранты бойынша материал тобының нөмірін белгілейді, зығыр матадағы екінші немесе үшінші сан - маталардың топшаларының нөмірі, ал қалған сандары - топшалардағы маталардың реттік нөмірлері. Артикуляцияның мұндай жүйесі матаның белгілі бір тобының белгілері мен артикуляция жүйесін білген жағдайда, тез әрі нақты түрде матаны сипаттауға мүмкіндік жасайды.
Ассортиментті сипаттағанда оның тоқтаусыз кеңеюін және жаңаруын ескеру қажет. Маталардың, трикотаждың, беймата материалдардың ассортименттері тоқыма материалдардың, жоғары көлемді жіптер мен тоқымалардың, көп компенентті қоспаларды қолданудың, жаңа тоқыма, әрлеу тәсілдерінің, әр түрлі айқаспалы материалдарды өндіруді қолданғанда сәйкес кеңейеді.
2. Ассортименттің жіктелуі
Тұрмыстық жағдайда қолданылатын тоқыма материалдар ассортименті материалдардың түрі, өңделуі және қолданысы жөнінде анық түсінік беретін белгілері қатарымен жіктеледі. Қарастырылатын тоқыма маталардың әрқайсысы (трикотаж маталар және бейматалар) ал- дымен талшық құрамы бойынша жіктеледі. Талшық құрамынан тәуелді материалдар төрт түрге бөлінеді: мақта-мата, зығыр, жібек және жүн. Олар біртекті және біртекті емес болуы мүмкін. Бірінші жағдайда мата құрылымында талшықтың бір түрі ғана болады, ал егер бұл беймата немесе желімделетін материалдар болса, байланыстырушы табиғаты қарастырылмайды. Біртексіз материалдардың құрылымында әр түрлі талшықтардың қоспасынан, түрлі талшықтардан тұратын жіптер мен тоқымалардан тұрады. Құрылымында тоқылу алдында аралас, қосылған немесе талшықты кенепте әр түрлі талшықтар қоспасы бар материал- дарды аралас деп атайды. Бұл материалдарды аса бағалы компоненті бойынша немесе оларды өндіретін өнеркәсіп саласы бойынша атайды, бірақ көп жағдайда олар жартылай деген сөзбен тіркеседі (мысалы, жартылай жібек маталар, жартылай жүнді трикотаж). Мақтаның басқа талшықтар қоспасымен алынған мақтақағазды материалдарды әдетте, вискозалы штапельді талшықты мақта-мата, вискозалы жібекті мақта- мата, синтетикалық штапельді талшықты мақта-мата деп атайды. 10-6313
Мата ассортименті шикізат құрамы, әрлеу түрі және құрылымы бойынша әр түрлі болады. Олардың қолданысы да әр түрлі. Осы белгілері бойынша маталарды топтайды: белгілерінің бірі бойынша топтарға (мысалы, қолданысы бойынша), содан кейін келесі белгілері бойынша топшаларға (шикізат құрамы бойынша), одан әрі - түрлерге бөлінеді. Қолданысы бойынша тұрмыстық маталар ішкиімге, көйлекке, костюмге, костюмдік-көйлекке, пальтоға, іштік төсемге, жиһаздық-сәндік арналған болып бөлінеді.
Шикізаттық құрамына қарай маталар мақтақағазды, зығырлы, жібекті және жүнді деп, сондай-ақ олардың әрқайсысы аралас болып бөлінеді. Жеке бағасы прейскуранттармен қабылданған маталардың саудалық топтастырылуы бар, онда өңдеудің спецификалық ерекшеліктерін ескеріле отырып және мақта қағазды, зығырлы, жүнді және жібекті маталарының құрылымы әр түрлі белгілері бойынша топтарға және топшаларға бөлінеді. Маталарды топтарға бөлу кезінде мақтақағазды және зығырлы маталарды топтарға құрылымының ортақтығымен немесе өндірістік белгілері бойынша (шыттар, сатин, кенептер, тегіс, кең және жіңішке сүлгілер), жүнді маталар тоқыма алу тәсіліне қарай (мауытты, мауыты қалың және жұқа мауытты) және шикізат құрамына қарай (таза және жартылай жүнді); жібекті маталар шикізат құрамына қарай және мата жіптен не тоқымадан жасалғанына байланысты топтастырады. Мата- ларды топшаларға бөлген кезде ортақ жіктелулік белгілері болмайды. Осылайша мақтақағазды маталардың кейбір топтарын топшаларға түрлі белгілер бойынша, зығыр маталарды шикізат құрамы бойынша (таза және жартылай зығыр), жүн маталарын қолданысы бойынша (көйлектік, костюмдік, пальтолық), жібекті маталардың құрылымы бойынша (кездемеден істелген, үтіктелетін) топшаларға бөледі. Тоқыма материалдар, оларды өндіру тәсіліне тәуелді маталарға. трикотаж төсемеге (бұйымдар) және беймата маталарға бөлу қабылданған. Тұрмыстық қолданыстағы маталар және беймата төсемелер келесі кластардан тұрады: мақта маталар, зығыр маталар, жүн маталар, жүн тәріздес маталар, жібек маталар және бейматалық төсемелер.
Маталар ассортиментінің әр класы топтарға бөлінеді. Мысалы, топтар:
кенепті, бөзді, сатинді, ішкиімдік, көйлектік, киімдік, түкті, жиһазды- сәндік, астарлық, тикті, сүлгілік, орамалдық, қатты, тарлы, орауышты, дәкелік, техникалық. Әрбір топ топшаларға бөлінеді: кенеп; бөз; сатин; бөзді ішкиімдік; сұрыпты ішкиімдік; арнайы ішкиімдік; маусымдық көйлектер; жазғы көйлектер, жейделер; қысқы көйлектер. Мысалы, мата ассортименті өндіру тәсілі, безендірілуі, қосымша өңдеуіне тәуелді жіктеледі: таңбаланған, таңбаланған мерсеризделген, тегіс боялған. Тоқыма материалдардың әр түрі жеке белгілеріне қарай да бөлінеді.
Ресейлік өнеркәсіптік өнім классификаторымен бойынша стандарт- ты (мемлекеттік стандарттар бойынша) және прейскуранттық (саудалық прейскуранттар бойынша) топтастырулары бар. Стандарттық жіктелуі негізіне (өнімнің сапа көрсеткіші стандарттары) маталардың қолдану белгілері жатады. Түрмыста қолданылатын маталардың жалпы сипаттамалары, қолданылуы, негізгі түрлері келесі стандарттарда келтірілген: МЕМСТ 21790-93, МЕМСТ 29298-92, МЕМСТ 17504-80, МЕМСТ 9009-93, МЕМСТ 10138-93, МЕМСТ 15968-87, МЕМСТ 11518-88, МЕМСТ 29223-91, МЕМСТ 29222-91, МЕМСТ 28486-90, МЕМСТ 28253-89, МЕМСТ 7081-93, МЕМСТ 20723-89, МЕМСТ 28000-88, МЕМСТ 20272-96.
Стандартты маталар келесі топтарға бөлінеді: мақта-матасы - шикізат түрі бойынша мақта және аралас болып, қолданысына қарай - ішкиімдік (ішкиім және төсек орын, корсеттік өнімдер үшін), көйлектік (көйлек, жейде,халат үшін), киімдік (костюм, пальто, плащ үшін), сүлгілік, орамалдық, жамылғылық, іштік және астарлық, жиһазды- сәндік болып бөлінеді. зыгыр - қолданысына қарай ас жабдығына (дастархан, майлық үшін), ішкиімдік (төсек орын жабдығы үшін), сүлгілік, киімдік (көйлек, жейде, жамылғы, костюм, шалбар үшін), сәндік, қолданбалы болып бөлінеді. Жүн маталар шикізат түрі бойынша таза жүнді және жартылай жүнді, қолданысы бойынша - көйлек, костюм, пальто, жамылғы, ора- мал, палантин және бөкебай, дастархан жабдығы болып бөлінеді.
Тұрмыстық цолданыстагы жібек маталар:
- шикізат түрі бойынша табиғи жіп, иірілген жіптен жасалған, басқа талшықтармен тоқу арқылы және табиғи жібек жіптерден, синтетикалық жіптерден, талшықтар қосылған синтетикалық жіптермен жасалынған маталарға бөлінеді;
- қолданысы бойынша - көйлекке, жейдеге, костюмге, көйлек-костюмге, ішкиімдік, корсеттік, жейделік, жиһаздық және портьерлік, астарлық, түкті (көйлектік барқыттар, киімдік қыжым, ойыншықтарға арналған қыжым, аяқ киімдік барқыт), киімдік жасанды үлбір (соның ішінде аяқ-киімге, ойыншықтарға арналған астарлық), плащтық және күртешелік;
- өндіру тәсілі мен негізгі өңдеу түрі бойынша - тегіс боялған, таңбаланған, шүбарлы, меланжды, қайнатылған немесе ағартылған маталарға;
- қосымша өңдеу түріне қарай - отырмайтын, қыртысталмайтын, үлпекті немесе су өткізбейтін қабатпен арнайы өңделген. тұрмыстық қолданыстагы химиялық талшықтар шикізат түрі бойынша бір түрдегі химиялық талшықтан түратын, химиялық талшықтар қосылысынан түратын, мақта талшықтарының (50%) қосылысымен алынған химиялық талшықты маталарға; қолданысына қарай - жейделік, көйлектік, көйлек-костюмдік, костюмдік, джинсалық, плащтық, жиһаздық, портьерлік маталарға бөледі. Осы топқа даналық бұйымдар да жатады: түксіз кілемдер, жамылғылар, дастархан жабдығы, бас орамал және бөкебайлар.
Тоқыма маталар қолданысы бойынша, ол ішкиім бұйымдарын жа- сау үшін пайдаланылатын ішкиімдік тоқымаға және үстіңгі бұйымдар үшін (костюм, пальто, көйлек, жейде) қолданылатын үстіңгі тоқыма болып бөлінеді. Бейматалық материалдардың ассортименті қолданысы бойынша төрт топқа бөлінеді: өнеркәсіптік қолданыс, киім-кеше, аяқ-киімге арналған, гигиеналық, үйге арналған, ал олар нақты қолданысына қарай өзара топшалар мен беймата түрлеріне бөлінеді.
Маталарды қолдану тәжірибесінде маталардың түрлеріне сәйкес прейскурантта бағалары көрсетілген топтастырылу жиі қолданылады. Мұндай топтастырылу маталардың артикул жүйесімен үздіксіз байланысқан және маталар ассортиментімен тәжірибелік жұмыс жасау үшін қолдануға өте ыңғайлы. Стандартты жіктелу, өз артықшылықтарына қарамастан бұйым үшін материалдарды таңдау кең тарау алмады және негізінен маталардың сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын орнатуда ғана қолданылады. Прейскуранттық топтастыру кеңірек тараған. Ол тігін өнеркәсібінде бұйымдарға мата таңдағанда, маталарды жеткізіп салуға байланысты тапсырыстарды жасағанда кеңінен қолданылады. Сондықтан қазіргі маталар ассортименті прейскуранттық (саудалық) жіктелуге сәйкес қарастырылған.
Прейскурант дегеніміз - ресми құжат, онда маталардың саудалық жіктелуі көрсетіледі. Жыл сайын көрсетілген прейскуранттарға қосымшалар жасалып отырады, онда маталардың жаңа артикулдары туралы мәліметтер келтіріледі.
Артикул дегеніміз - мемлекеттік стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес өңделген матаның жеке түрі. Артикулдың санды түрде белгіленуі прейскурант бойынша маталардың шартты реттік нөмірі болып табылады. Жылдар бойы өзгеріссіз шығарылып келе жатқан, кең қолданыстағы белгілі бір маталар классикалық маталар деп аталады. Олар: бөз, сатин, шыт, драп, шұға, крепдешін, крепжоржет.
Қолданысы бойынша тоқыма материалдар әр түрлі топталады. Тұрмыстық маталардың қолданысы бойынша топталуы 6.1-кестеде көрсетілген. Бұл топтастырылу бойынша маталар ассортименттері өздеріне сәйкес белгілері бойынша топтар мен топшаларғаөлінеді, бұл әрбір жеке топтар мен топшалар маталарының қасиеттерін және құрылымын ортақтастырып, ассортиментті оңай зерттеуге мүмкіндік жасайды. Прейскуранттық жіктелуде маталар талшықтарының әр түрлілігі бойынша бөлудің ортақ ұстанымы жоқ. Әр талшықты құрамдағы маталар топтастырылуында бірнеше топ бар, ал әрбір топтарда әртүрлі ұстанымды топшалары бар. Бұл - маталардың әр түрлі талшықты құрамы бойынша құрылымының ерекшеліктерімен түсіндіріледі, сондықтан маталар жіктелуін ортақ қарастыруға болмайды.
Кесте 6.1 - Тұрмыстық маталардың қолданысы бойынша топталуы
Берілген 6.2-кестеде талшықты құрамы әр түрлі маталардың топтастырылуы жүн, жібек және зығыр маталар топтары мен топшалар нөмірлері артикулдің сәйкес сандарын анықтайды. Мысалы, екінші топтағы және үшінші топшадағы жүнді матаның нөмірі артикулдың бастапқы екі саны болады - 23, бесінші топ пен екінші топшадағы жібек мата - 52. Бірақ матаға артикул бойынша сипаттама берудің алдында, матаның талшықты құрамын білу қажет, себебі жүнді және жібек маталар артикуляциясында құрылымы әр түрлі маталар бірдей сандармен белгіленуі мүмкін. Прейскуранттық жіктелуде маталар талшықтарының әр түрлілігі бойынша бөлудің ортақ ұстанымы жоқ. Әр талшықты құрамдағы маталар топтастырылуында бірнеше топ бар, ал әрбір топтарда әртүрлі ұстанымды топшалары бар. Бұл - маталардың әр түрлі талшықты қүрамы бойынша қүрылымының ерекшеліктерімен түсіндіріледі, сондықтан маталар жіктелуін ортақ қарастыруға болмайды.
Кесте 6.2 - Тұрмыстық қолданыстағы маталарды прейскурант бойынша топтастыру
Бақылау сұрақтары:
1. Ассортимент туралы жалпы мағлұмат
2. Ассортименттің жіктелуі
Дәріс № 18. Мақта және зығыр маталардың ассортименті
Дәріс жоспары:
1. Мақта матасының ассортименті
2. Зығыр матасының ассортименті
Достарыңызбен бөлісу: |